«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппараты» мм



Дата03.07.2016
өлшемі41.17 Kb.
#174651
18.03.2016 жылы интернет-ресурсында орналастырылды

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппараты» ММ

Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.



1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ халықпен жұмыс істеу жөніндегі бас маманы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-G-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық жұмыстардың қызметін үйлестіру, елді мекендерді когалдандыру және санитарлы тазалығын қадағалау, көліктік, мүліктік, жер, әскери есепке алу үстелі бойынша салық жинау, ЖШС, мектеп, іс жүргізуді жүргізу, елді мекенді есепке алу денсаулық сақтау және спорттық-бұқаралық, жұмыстар, округте сауда және қызмет көрсету, еңбектің әлеуметтік саласы.Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету және тұрғын үй объектілерін салу. Округте өнеркәсіп және құрылыстың жаңа технологиялар мониторингін енгізу. Ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің құқықтық оқытуын ұйымдастыру, ауылдық округ әкімі өкімін және шешімдер жобаларын даярлау, заңды мәселелер бойынша азаматтардың жүгіну мен шағымдарын қарастыру. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер, жастар, ономастика, есірткімен есірткі бизнесімен күресу, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «құқық», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі, халықаралық қатынастар, тарих), немесе «білім», немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, немесе қожалық ісі, немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы), немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе менеджмент, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе мұрағат жүргізу, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету) бейіндері бойынша.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1. Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2. Мемлекеттік қызмет өтілі орталық облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30 – тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ақжар ауданы әкімі аппаратының және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Министрлігінің интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс:

150200, Ақжар ауданы Талшық селосы, Целинная көшесі 15, «Ақжар ауданы әкімі аппараты» ММ немесе GDoszhanova@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(71546) 21632, факс 8(71546) 21102 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет