Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №355 қаулысына қосымша



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4



Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2009 жылғы 25 желтоқсандағы

355 қаулысына



қосымша

2010-2014 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты» ММ дамуының стратегиялық жоспары

Петропавл қаласы, 2009 ж.ыл



Үкіметінің Жоба № 1222 қаулысымен бекітілген

Мазмұны

1. Миссия және пайымдау

3

2. Ағымдағы ахуалды талдау



3

3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері




8

4. Облыс әкімі аппаратының функционалдық мүмкіндіктері


10

5. Негізінде Стратегиялық жоспар әзірленген бағдарламалық құжаттардың және өзге нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

15

6. Қосымшалар



16

1. Миссия және пайымдау
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының миссиясы (әрі қарай облыс әкімінің аппараты): - облыс әкімінің, әкімдігінің қызметін сапалы және дер уақытта ақпараттық-талдаулық қолдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Пайымдау: әкім қызметін қамтамасыз ету мәселелерін жүйелі және сапалы реттеу және электрондық әкімдіктің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету.
2. Ағымдағы ахуалды талдау

Кадрлық саясат

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауында «Әкімшілік реформаның негізгі элементтерінің бірі елдегі жаңа кадр саясаты болуға тиіс. Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылады. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсіби ұйытқысын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттарды әзірлеу қажет.

2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жаңа Қазақстан халқына жолдауында Елбасы

2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты жаңа Жолдауында Ел Басы барлық мемлекеттік қызметшлеріге «біз қызмет көрсететін халық алдындағы әр басқарушының жауапкершілігін» арттыру туралы өтінішін айтты.

Осыған байланысты экономиканы, толығымен қоғамды және мемлекетті басқаруда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың стратегиялық функцияларын орындауда мемлекеттік қызметшлердің рөлі артуда. Сондықтан мемлекеттік органды дамыту стратегиясының негізгі бағыттарының бірі кадр саясатын жетілдіру болып табылады.

Қазіргі кезде облыс әкімі аппаратының штаттық саны 70 бірлікті құрайды, нақты мемлекеттік қызметшілер саны 68 адамды құрайды, олардың ішінде әйелдер саны 47% құрайды.

Аппарат қызметкерлерінің 90% жоғары білімді, 40% - жоғары білімі бір және одан жоғары.

Мемлекеттік қызметшінің орта жасы 37 жасты құрайды.

Мемлекеттік қызметшінің орта өтілі 11 жылды құрайды, істеп жатқан қызметінде – 2,6 жыл.

2008 жылдың 12 айында облыс әкімінің аппаратымен 8 бос әкімшілік лауазым орнына конкурс жарияланды.

Конкурстық рәміздердің тиімділігі 88% құрайды.

2008 жылы 5 әкімшілік мемлекеттік қызметші аттестациядан өтті.

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейін арттыру және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын орындау мақсатында 2008 жылы аппараттың 9 қызметкері оқу оқыды, олардың 5-еуі ҚР ПРезиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, 2-еуі – СҚО әкімдігі мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында, 2 қызметкер шетелде оқып келді.

Сондай-ақ өткен жылы аппараттың 2 қызметкері облыс әкімінің алғыс хатымен көтермеленді, ол облыс басшылығының олардың жұмысына жоғары баға бергенін көрсетеді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жұмысын әрі қарай дамыту және жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізу, аппараттың тиімділігі мен икемділігін арттыруға жағдай жасайтын басқарудың заманауи нысандары мен әдістерін енгізу қажет.
Құжаттамалық қамтамасыз ету

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жалпы құжат айналымы 2008 жылы 6 927 құжатты құрды (кіріс корреспонденциясы – 3 957, шығыс – 2 970):

кіріс үкіметтік құжаттар (ҚРПӘ, ҚРПМК, ҚР Министрліктер мен Агенттіктер) 2 340 құжатты құрайды;

жоғарыда аталған жоғары органдарға шығыс корреспонденциялар – 1782 құжат;

2009 жылғы 18.03. жағдай бойынша облыс әкімінің аппаратына 874 құжат түсті (2008 жылдың 1 тоқсаны – 776), олардың ішінде мемлекеттік тілде 2009 жылы – 336 құжат, 2008 жылы – 271 құжат;

қабылданған нормативтік-құқықтық актілер:

2008 жылы – 2007 жылғы деңгейден 23,5% өсумен 840;

2009 ж.18.03. – 139 (2008 жылдың 1 тоқсанында – 145).




Құқықтық қамтамасыз ету
Мемлекеттік саясатты іске асырудың шешуші құралдары нормалық шығармашылық қызмет, құқықтық ақпараттандырылуды және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен арттыру болып табылады.

Облыс әкімі мен әкімдігі қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндет әкімдік қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің әзірленетін жобаларының сапасы болып табылады.

Бұл құқықтық қатынастың заңдылық пысықталғандыққа ғана қатысты емес, сондай-ақ мәселені әлеуметтік, экономикалық, қаржылық құрамда шешу, статистикалық мәліметтерді зерделеу, құқық қолданатын тәжірибені талдау, басқа өңірлердің оң тәжірибесін қолдану және т.б.

Нормалық шығармашылық қызмет сапасын арттыруға байланысты облыс әкімдігі мен әкімінің әзірленетін жобаларының заңды негізіне талапты арттыруға стратегиялық бағыттар айқындалатын болады.

Жұмысты жетілдіруді келесі шараларды іске асыру жолымен жүргізу қажет:

заңнамалықты сақтау, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негізделген заңға бағынысты нормативтік құқықтық актілер нормаларын сақтау және тиісті қолдану;

адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандығы ережелерінің басымдылығын білдіретін адамдар құқы мен бостандығының басымдылығы;

сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықты жасау үшін алғышарттарды, тікелей немесе жанама жағдай жасауды анықтау мақсатында облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері жобаларына ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптау жүргізуге бағыттау;

азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты, жалпыға міндетті маңызы бар, жергілікті мемлекеттік органдардың тіндетті тіркелетін актілері туралы заңнамалар нормаларын іске асыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдау.

Мемлекеттің құқықтық мәдениеті жағдайы оның құқықтық жүйесінің бір көрсеткіші болып табылады.

Облыс халқының құқықтық ақпараттандырылу және құқықтық мәдени деңгейін әрі қарай арттыру үшін 2009-2011 жылдарға арналған тиісті өңірлік бағдарлама іске асырылатын болады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу құқықты түсіндіру жұмысы саласындағы келесі міндеттерді шешуге жәрдемдеседі:

Қазақстанның заңнамаларын түсіндіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға;

мемлекеттік қызметшілердің және жалпы барлық халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыруға;

бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті, құқықты түсіндіру жұмыстарында «ИНТЕРНЕТ» әлемдік жүйесін қоса ала отырып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға;

құқықтық түсіндіру жұмыстарын және құқықтық жалпы оқытуды жүргізудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді белсендіру.

Құқытық мәдениет мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың күнделікті қызметіне қатыстырылуы қажет.

Оның негізгі қағидаттары ретінде заңдылығы толық түрде бекітілуі тиіс, яғни Конституция мен заңдар, оларға негізделген заңға бағынысты нормативтік құқықтық актілер нормаларын сақтау және тиісті қолдану, адамдардың құқықтары мен бостандығы басымдылықтары, мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін және қабылданатын шешімнің жауапкершілігін арттыру.

Азаматтардың құқытық сауаттылығының жоғары деңгейі құқықтық реттеу саласында көпшілік және жеке мүдделердің ымырасына қол жеткізуге, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның құқықтық мүдделері тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, тұлғаның құқықтары мен бостандығын кепілдендіруге, осы құқықтар мен бостандықтарды құқыққа қарсы озбырлықтан қорғауға жол береді.
Электронды әкімдік

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2006-2008 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін» құру бағдарламасы әзірленді.



Е-үкіметінің базалық және тұрпаттық мнфрақұрылымдарының компоненттерін пайдалану

Қазақстан Республикасында «Электрондық үкіметті» қалыптастыру Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Мекенжайлық тізілім» ақпараттық жүйесі» мәліметтерінің мемлекеттік базасын құру жөніндегі қазіргі кезде аудан орталықтары мен Петропавл қаласында МТ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі жұмыстар аяқталды, ұйымдастыру мәселелері шешілді. Мәліметтер базасын өзекті ақпараттармен толтыру жүргізілуде. Басқа мәліметтердің мемлекеттік базаларын пайдалану кезінде эталон болып табылатын мекенжайлық ақпараттардың 70% астымы енгізілді.

ҚР «Электрондық үкіметті» қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында е-қызметке қоғамдық қол жетімділік пункттерінің желісі құрылды, ол халықтың барынша кең жігіне ақпараттық-коммуналдық технологияларды пайдалануға қатыстыруға жол ашты. Қоғамдық қол жетімділік пункттерін құруға, бірінші кезекте «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, сондай-ақ ХҚО, кітапханалар, демалу орталықтары, «Интернет-кафе» желісі құрылымдарын қамтиды.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні аудан орталықтары мен Петропавл қаласында орналасқан 64 қоғамдық қол жетімділік пункті қызмет атқарады. Олардың 49 ҚҚП 1 тұрпатты (инфрадүңгіршіктері), 15- 2 тұрпатты (2 компьютер, сканер және принтер).

Қазіргі кезде облыста сондай-ақ мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы электрондық ақпараттық қызметтер көрсетілуде. Облыстың барлық аудандары, департаменттері мен басқармаларысайттары ашық және қызмет атқарады. Солтүстік Қазақстан облысының ресми сайтында облыс әкімінің виртуалды қабылдауы жұмыс істейді.

2007 жылдан облыста «2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында аудандарда 37, Петропавл қаласында 35 компьютер сыныбы, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында 6 компьютер сыныбы ашылды, халықтың түрлі жігін ақысыз оқыту ұйымдастырылды: мемлекеттік қызметшілер, балалар үйі, мектеп-интернаты және жасөспірімдер тәрбиеленушілері мен қызметкерлері; бюджеттік ұйымдар қызметкерлері және бюджеттен тыс салалар; жұмыссыз халық және азаматтардың басқа да санаттары. Мектептер, кәсіби лицейлер, колледждер және ЖОО түлектерін тестілеу жүргізілді. Бағдарлама қызметінің басынан 41599 адам оқытылды.



Әкімдіктің ақпараттық ресурстарын, жүйелерін және е-қызметін қалыптастыру

«Электрондық әкімдік» құру Бағдарламасын іске асыру нәтижесі бойынша келесі ақпараттық жүйе әзірленді:

-«СҚО нормативтік құқықтық актілер» - СҚО әкімі аппараты шығарған, нормативтік-құқықтық актілер бойынша сақтауды және жедел іздестіруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

-«СҚО сайлаушылар» - Солтүстік Қазақстан облысы аумағында сайлау жасына жеткен, тұлғалар жөніндегі мәліметтер базасы;

-«СҚО марапатталғандар» - мемлекеттік наградалармен және облыс әкімінің грамотасымен марапатталған, тұлғалар бойынша сақтауды және жедел іздестіруді қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйе.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында электрондық құжат айналымының жүйесі қызмет етеді. Қазіргі сәтте облыста мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын (БКО), сондай-ақ көліктік орта базасында электрондық құжат айналымының жүйесін енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде. БКО-ға қосылу үшін аппараттық және бағдарламалық құралдарды, соңғы ақпараттық технологиялық жетістіктерді (Үзіліссіз Интернет, IP-телефония және т.б.) ескере отырып, әкімдіктерде және жергілікті мемлекеттік органдарда пайдаланылатын локальді есептеуіш желілерді жаңарту жүргізілуде. Облыстық басқармаларда электрондық құжат айналым жүйесін сатып алуға қаражат бөлінді, орталықтандырылған мемлекеттік органдардың Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен әкімдіктің ЭҚЖ біріктіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, қолда бар ақпараттық жүйелерді бірегейлендіру және біріктіру жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік органдарын ақпараттандыру жөнінде облыстық ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

-«электрондық әкімдік» ақпараттық құрылымын қалыптастыру саласында негізгі ережені әзірлеу;

-мәліметтерді ақпараттық алмастыру және мемлекеттік органдардың халықаралық стандарттарын енгізу;

-бірыңғай ақпараттық кеңістікті және мемлекеттік мекемелерде ақпараттық жүйені құру және енгізу үдерісін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру.



3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Жоспарлық кезең

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

1. Стратегиялық бағыттар. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

1.1. Мақсат. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету

Мақсатты индикатор: Мемлекеттік орган қызметінің рейтингтік бағасы

1.1.1. Міндет. Облыс әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, облыс әкімі аппараты ғимаратынның конструкциясы мен элементтерін сәулеттік-құрылыстық нормаларға сәйкес келтіру

1. Әкімдік мәжілістерін, жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру және ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

2. Үй жайды, ғимаратты және құрылымдарды күрделі жөндеу

Мың теңге

18975



















2. Стратегиялық бағыттар. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын әрі қарай дамыту және жетілдіру

2.1. Мақсат. Жұмыс сапасын және қызметкерлердің кәсібилігін арттыру

Мақсатты индикатор: 2009 жылы аппараттың мемлекеттік қызметшілері жұмыс сапасының баға рейтингін арттыру

2.1.1. Міндет. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау тетігін, ынталандыру әдістерін жетілдіру

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Жоспарлық кезең

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1. Біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлер саны

адам

9

5

5

5

5







2. ӨОО базасында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару реформасының негізгі аспектілерін оқыту жөніндегі оқу модулін әзірлеу

сағат

(ағымдардың саны)



1360

(34 ағым)



1520

(38 ағым)



1520

(38 ағым)



1520

(38 ағым)



1520

(38 ағым)









2.1.2. Міндет. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру

1. Тәртіптік комиссиясы отырысын өткізу

Саны

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

2. Заңнама талаптарын сақтау жөніндегі талдау материалдарын дайындау

Саны

2

2

2

2

2







3. мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы енгізілген өзгерістер туралы ақпараттық хабарламалар

Қорытынды есеп

4

4

4

4

4







3 Стратегиялық бағыттар. Күнделікте өмірде ақпараттық-коммуналдық технологияны кеңінен пайдалануға азаматтардың ауысуына жәрдемдесу

3.1 Мақсат. Бірыңғай стандарттар мен әдістер негізінде түрлі мемлекеттік басқару органдар арасындағы сияқты мемлекеттік басқару органдары мен азаматтар арасында тиімді ақпараттық алмасуды ұйымдастыру үшін алғышарттар құру

1. Мақсатты индикатор: Барлық облыстық мемлекеттік органдар мен аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктеріне электрондық құжат айналымының жүйесін енгізу

3.1.1 Міндет. Электрондық құжат айналымының жүйесін сапалы пайдалану, мәліметтерді қауіпсіз корпоративтік-көліктік орта арқылы алмасу және жіберу. Меморгандарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетілдіру.

2.Мақсатты индикатор: Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру. Интернет жүйесін пайдаланушылар санын арттыру.

3.1.2 Міндет. Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы және Қоғамдық қол жетімді пункттерді пайдалану бойынша оқыту алғышарттарымен халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру

1. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілген облыстық мемлекеттік органдар саны

саны

1

1

21

37

37







2. Бірыңғай көліктік орта базасында мемлекеттік органдардың интернет-порталының қызмет етуі

%

0

50

100

100

100







3. Мемлекеттік органдардың локальді-есептеу желілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, бірыңғай шлюз арқылы Интернет жүйесіне қол жетімділікті жүзеге асыру

%

35

50

100

100

100







4. Компьютерді пайдалану машығы барлар санын халықтың жалпы санының 20 % дейін арттыру

%

13

16

20

20

20







5. Бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және орнату

тыс.тенге

99 585

42 837

76 480

82 599

88 793






  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет