Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы № қаулысымен



Дата11.07.2016
өлшемі195.59 Kb.
#190380

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы

__ _______ № ___ қаулысымен

бекітілген


«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы

ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға)

шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті





  1. Жалпы ережелер

1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тізбесі осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) тізбесі осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме мыналар болып табылады:

осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру бір қабат жоғары (төмен) орналасқан өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету көзі болып табылатын халықтың тіршілік етуінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын төмендететін болса, меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);



болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар).

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ілгеріде тіркей отыра және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бере отырып, ХҚКО инспекторынан немесе көрсетілетін қызметті алушыдан осы регламенттің 4-тармақшасында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды.

Нәтижесі – көрсетілген қызметті берушінің тіркеу мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, бұрыштама қояды, жауапты орындаушыны айқындайды – 1 (бір) сағат.

Нәтижесі – жауапты орындаушыны айқындау;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және түпнұсқалығының сәйкестігін тексереді, ресімдейді және шешім жобасын дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні.

Нәтижесі – шешім жобасын дайындау;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім жобасын қарайды және бекітеді – күнтізбелік 1 (бір) күн.

Нәтижесі – шешім жобасын бекіту;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ілгеріде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін шешімді көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚКО инспекторына береді – 1 (бір) жұмыс күні.

Нәтижесі – қол қойылған шешім.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау


6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ілгеріде тіркей отырып және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бере отыра, көрсетілетін қызметті берушіден немесе ХҚКО инспекторынан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, бұрыштама қояды және жауапты орындаушыны айқындайды - 1 (бір) сағат;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және түпнұсқалығының сәйкестігін тексереді, ресімдейді және шешім жобасын дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім жобасын қарайды және бекітеді – 1 (бір) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ілгеріде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚКО-ның инспекторына шешімді береді – 1 (бір) жұмыс күні;



8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігін сипаттау «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процестерінің анықтамалығында осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес келтіріледі.
4. ХҚКО-мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі осы регламенттің 4-тармағында көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратып алуға жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

ХҚКО қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

10. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы регламенттің 4-қосымшасында көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында, ХҚКО көрсетілетін қызметті берушіге сұрау жолдайды.

12. Көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

13. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс—қимылдарының реттілігін сипаттау «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процестерінің анықтамалығында осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушілер тізбесі



Ауданның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Труд көшесі, 16

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71532)-

2-28-65



«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі,1

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71537)-

2-15-48


«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 9

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71543)-

2-14-87


«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 44

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71533)-

2-05-61


«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ақжар ауданы Талшық ауылы, Целинный көшесі, 13

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71546)-

2-10-09


«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жамбыл ауданы Пресновка ауылы Шайкин көшесі, 30

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71544)-

2-27-56


«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мағжан Жұмабаев ауданы,

Булаев қаласы, Юбилейный көшесі, 56



Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71531)-

2-01-19


«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71538)-

2-19-86


«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71541)-

2-24-48


«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71535)-

2-15-79


«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 26

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71536)-

2-20-56


«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты

» мемлекеттік мекемесі



Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 85

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71542)-

2-25-05


«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71534)-

2-03-89


«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-14.30, демалыс – сенбі және жексенбі

8(7152)-

46-74-76


«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі



Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Петропавл қ. № 1 бөлімі

Петропавл қаласы, Мұхтар Әуезов атындағы көше, 157

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (7152)

33-12-57



«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Петропавл қ. №2 бөлімі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (7152)

33-02-29


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Айыртау ауданының бөлімі

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы,

Д. Сыздықов көшесі, 4



Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71533)

2-01-84


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ақжар ауданының бөлімі

Ақжар ауданы, Талшық

ауылы,


Победа көшесі, 67

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71546)

2-21-08


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Аққайың ауданының бөлімі

Аққайың ауданы, Смирново ауылы,

Труд көшесі, 11



Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71532)

2-25-86


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының

Есіл ауданының бөлімі



Есіл ауданы, Явленка ауылы,

Ленин көшесі, 6



Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71543)

2-20-03


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Жамбыл ауданының бөлімі

Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Горький т. көшесі,10 «Г»

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71544)

2-29-10


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бөлімі

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишимское ауылы, Ленин көшесі, 7

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71535)

2-22-19


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Қызылжар ауданының бөлімі

Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1 «В»

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71538)

2-17-46


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Мағжан Жұмабаев ауданының бөлімі

Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы,

Юбилейный көшесі, 62



Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71531)

2-14-13


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Мамлют ауданының бөлімі

Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 11

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71541)

2-27-48


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Тайынша ауданының бөлімі

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан

Конституциясы

көшесі, 208


Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71536)

2-36-89


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Тимирязев ауданының бөлімі

Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 17

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71537)

2-03-02


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Уалиханов ауданының бөлімі

Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 80

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71542)

2-28-11


«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының

Шал ақын ауданының бөлімі



Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Желтоқсан көшесі, 31

Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі

8 (71534)

2-73-90


«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша
Нысан





Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың

Бас сәулетшісіне ____________________

кімнен_____________________________

(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенімхат)

___________________________________

(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

мекенжайы________________________ (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)

байланыстар________________________

(электрондық мекенжайы, телефон)

Өтініш
Cізден ____________________________________________________________________

(объектінің толық атауы)

___________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

(үй-жайлары (жекелеген бөліктері) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын объектінің орналасқан жері)

________________________________________________________________________________________________________________________________________ рұқсат беруді сұраймын.


Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы «___» _________

__________________________

(Қолы)

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



4-қосымша

нысан
_____________________________________________

(Тегі, аты, болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

_____________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:



Жоқ құжаттардың атауы:

  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ....

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

Телефон _____________



Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет