СоөЖ №12 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары



Дата22.05.2023
өлшемі25.12 Kb.
#474083
соөж 12


СОӨЖ №12 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары
Тапсырмалар:
1.

Жетістіктері

Кемшіліктері

Білікті жұмысшылардың осындай ауқымды көші-қоны қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді. тың егістігінде 50-жылдардың басынан бастап бес есе көп трактор жұмыс істеді, ал комбайндар мен жүк машиналары – 6 есе көп еді. Тың жерлерді игерудің бірінші бесжылдығында ауылшаруашылық өндірісінің көрсеткіштері күрт өсті. 1954 жылы КСРО 85,5 миллион тонна астық жинады, оның 27,1 миллион тоннасы тыңайған жерлерден алынды. Ал 1960 жылы астық көлемі 125 миллион тонна болса, оның 59 миллионы тың игерудің жемісі еді. Жалпы алты жыл ішінде республикада бұрын тыңайтылмаған 20 миллион гектарға жуық жер игерілді. Қыруар жұмыстың нәтижесінде ондаған жаңа қоныстар мен қалалар пайда болды. 750-ге жуық мектеп, 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Және ең бастысы, жаңа баспана ауылдық жерлерде бой көтерді.

Тың игеру жұмыстарының басында қолданылған топырақты өңдеу әдістері (оның ішінде соқа пайдалану) жел эрозиясының пайда болуына әкелді. Қарапайым тілмен айтқанда, топырақтың құнарлы қабатын сәл көтерілген желдің өзі ұшырып әкетіп тұрды. Жел мен химиялық топырақ эрозиясының нәтижесінде пайда болған шаңды дауылдар экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына себепкер ғана болмай, нағыз экологиялық апаттың көрінісіне айналды. Ғалымдардың пікірінше, егістіктерді өңдеу тиімділігі 65% -ға төмендеген. Кейіннен тың жерлерді игеруге бағытталған орасан көп техникалық құралдарға, жұмыс күші мен ақша көлеміне қарамастан, алғашқы жылдардағыдай табысқа жету мүмкін болмаған екен. Куәгерлердің естеліктері бойынша, тың игеру науқанының соңғы жылдары елде тіпті егіс қоры да жиналмай қалған. Тың игеру науқанының дұрыс ойластырылмауы табиғат пен өнімділікке ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей көшпелі шаруашылыққа да кері әсерін тигізді. Еліміздегі мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жайылымдардың басым бөлігі жойылып кетті. Тың игеру науқанының дұрыс ойластырылмауы табиғат пен өнімділікке ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей көшпелі шаруашылыққа да кері әсерін тигізді. Еліміздегі мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жайылымдардың басым бөлігі жойылып кетті.

2.
Брежнев Л.И.  1955-1956- 1-хатшысы болып сайланды
Шаяхметов Ж. 1946-1954-бірінші хатшысы болып сайланды
Яковлев И.Д. 1956-1957-1-хатшысы болды
Пономаренко П.К. 1954-1955- 1-хатшысы болды
Қонаев Д.А.  1960-1962, 1964-1986-Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Юсупов И.Ю. 1962-1964-бірінші хатшысы,
Беляев Н.И. 1957-1960-1-хатшысы болып істеді.
3.

Уақыты

Оқиға

1965-1966
1965
1966


1970 
1975


1985



Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді
Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті.
 Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті.
еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді.
жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді.


4.
Теміртаудағы толқылар. Сталиннің өлімінен кейінгі алғашқы жылдары үкіметтің ішкі саясатында адамдардың кажеттіліктеріне карай бет бұру сарыны байқалды. Бүл Сталин қайтыс болғаннан кейінгі төртінші күні Мавзолей мінбесінен Г. М. Маленковтың сейлеген сезінен айқын көрінді, ол жүмысшылардың, колхозшылар мен зиялылардың материалдық хал-ахуалын үнемі жақсартып отыруға қол жеткізу - партия мен үкімет үшін заң болып есептелінетінін жариялады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1953 жылғы тамыздағы мәжілісі мен КОКП ОК- нің қыркүйектегі (1953) Пленумында қуатталып, одан әрі дамытылған бұл міндетті жүзеге асыру еңбекшілердің экономикалық мүдделерін барынша есепке алуға, шаруашылық жүргізудің қолайлы экономикалық, әдістерін қолдануға бағытталды. Бірақ болашағы зор жаңа саяси шешімдер жүзеге асырылмады.

Әкімшілік жүйенің әрекет етуі жағдайында басқаша болуы мүмкін емес еді. Экономиканы экстенсивті сипатта дамыту бағыты республиканы шикі зат шылауы ретінде пайдалануға әкеп сокты. Республика аумағында жаңа өнеркәсіп алыптарын сала отырып орталық ведомстволар, одақтық министрліктер оның әлеуметтік базасының дамуы мен экологиялық тепе -теңдікті сақтауға көңіл белмеді. Әлеуметтік проблемаларга осындай селқос көзқарас өз ізін қалдырды. Үлкен наразылықтың бұрқ етуі 1959 жылы жазда болып өтті. Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинат екпінді комсомол құрылысы деп жарияланып, 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Келесі жылы бүған тағы 70 мың адам қосылды. Жаңадан келгендерге арналып үйлер салынды, бірак олар жетіспегендіктен жұмысшыларды палаткаларға орналастыруға тура келді. Ауа райына бейімделудегі қиындықтар, ауыз судың жетіспеупшілігі, нашар ұйымдастырылған тамақтандыру адамдардың занды наразылығын туғызды. Жұмыссыз тұрып калу да жиі қайталанды. Әлеуметтік жарылыс үшін қандай да бір сылтау керек болды. Теміртаудағы толқулардың басталуы үшін сылтау 1 тамыздағы жастар тобының коғамдық тамақтандыру нысандарына шабуыл жасауы болды.

Алғашқы заңсыз әрекеттер біртіндеп тәртіпсіздіктерге ұласты. Өкінішке карай жүмысшылардың наразылығын кылмыстық элементтер пайдаланып кетті. Толық дүкендерді, базарды, өмбебап дүкенді, асханаларды тонады, қалалық милиция бөлімін қоршады. Тәртіпсіздіктер үш күндей жалғасты. Шектен шығудық алдын алу үшін әскер әкелініп, қару қолданылды. Төртіпсіздікке қатысқандардың ішінде қаза тапқандар, әскери қызметшілер мен милицияның арасында жараланғандар болды. Тәртіпсіздіктерге мұрындық болғандар сотталды. Алайда Новочеркасскіде, Теміртауда, тағы баска да жерлерде болған оқиғалар республика мен ел басшылығының коғамның одан әрі дамуына деген көзкарастарың қайта қарастыруға мәжбүр етпеді.

Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.

Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кеінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп тұрған жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.

Жас, талант тарихшы Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР- тарихын” даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П. Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылар кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты.

“Правданың мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951ж. 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және “Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. 1951ж. маусымда Қазақстан Компартиясының орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақалаға қайта оралып, 1951 ж. 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет