- Плазма қанның сұйық бөлігі. Оның қүрамында 90% шамасындай су, 6- 8% белок, 2% шамасындай төменгі молекулалы заттар болады. Тығыздығы 1,025-1,029, түтқырлығы 1,9-2,5, осмостық қысымы 7,3 атм. Ca²+ Плазама құрамындағы төменгі молекулалы заттарға жататындар: Na", K',сиякты катиондар және баска да микроэлементтер, ст. HCO3, H2PO, SO сияқты аниондар, органикалық қышқылдар (сүт қышқылы, лимон қышқылы, пирожүзім қышқылы, қымыздық кышкылы), амин қышқылдары, сонымен қатар витаминдер, пигменттер, глицерол және әр түрлі метаболиттер.
- Жоғарыда айтылғандай, плазманың қан сарысуынан айырмасы плазмакурамында фибриноген белогы болады. Ол екеуінің басқа курамдас бөліктері іс жүзінде бірдей. Плазмадағы фибриноген белогының мөлшері 0,4%. Фибриноген жөнінде төменде, қаннын ую процесін қарастырған кезде баяндалады. Қазір қан сарысуьшың негізгі белоктарын қарастырамыз. Өйткені қанды зерттеу кезінденегізінен сол белоктар ескеріледі.
- Қан сарысуының белоктары. Қан сарысуындағы белоктардың мөлшері 7% шамасындай және белоктык заттардың саны 70-тен асады. Олардың бәрі дееріген күйде және өздері алуан түрлі биологиялық қызмет атқарады. Қан сарысуының негізгі белоктары альбуминдер мен глобулиндер,оларға аммоний сульфаты тұзын немесе натрий сульфаты тұзын қосқан кезде түнбаға түседі. Егер осындай түздардың біреуін біртіндеп қан сарысуына қосса, жартылай қаныққан кезде глобулин бірінші болып түнбаға түседі, тұз ерітіндісі
Қолданылған әдебиеттер - З.С.Сейтов – Биохимия 2012ж
Достарыңызбен бөлісу: |