Соөж тақырыбы



бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі56.9 Kb.
#457226
1   2
Соөж 2 Ногай Ұ

қ, к, п дыбыстарының біріне біткен сөздерге жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы дауысты болса, бұл үшеуі ұяңдап кетеді. Мұндай сөздер естілуінше жазылады. Мысалы: тарақ + ы = тарағы, жүрек + ім = жүрегім, кітап + ы = кітабы, тақ + у = тағу, шап + а + ды = шабады, т.с.

  • Алғашқы сөздің соңы қ, к, п дыбыстарының бірі болып, одан кейінгі сөз ұяң немесе дауысты, үнді дыбыстардан басталса, сөз соңындағы қ, к, п ұяңданып, ғ, г, б дыбыстарына айналады. Бірақ сөздің түбірі сақталып жазылады. Мысалы: көк дөнен (көгдөнен), ақ жауын (ағжауын), бекзада (бегзада), көп жер (көбжер), ақ ешкі (ағешкі), көп әкел (көбәкел).

    б) Тоғыспалы ассимиляция
    Сөз бен сөздің аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын (өзгеріп, басқа дыбысқа айналуын) тоғыспалы ықпал дейді. Мұндай тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимиляцияға бірдей ұшырайды. Бұл екі түрлі жағдайда ғана кездеседі:

    1. Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к дыбыстарынан басталса, н дыбысы өзгеріп ң; қ дыбысы өзгеріп ғ; к дыбысы өзгеріп г дыбысына алмасады. Мысалы: ортаңғолдай (ортан қолдай), күңгөрді (күн көрді), оңғап (он қап), амангелді (аман келді), алтыңгірпік (алтын кірпік), қайраңғалды (қайран қалды).

    2. Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де өзгеріп ш болады: ташжол (тас жол), башшолде ( бас жүлде), бешшыл (бес жыл), ешшоқ (ес жоқ), Ешшан (Есжан), Құшшолұ (Құс жолы).

    Көркем мәтінге буын және дыбыс үндестігі тұрғысынан талдау жасаңыз.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет