Сорғылық-компрессорлық құбырларды және құбыр өткізгіштерді парафин қабаттарынан тазалау бойынша әдістемелік ұсынымдар



Дата09.06.2016
өлшемі96 Kb.
#124724




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «22» қазандағы

№ 35 бұйрығымен келісілген



Сорғылық-компрессорлық құбырларды және құбыр өткізгіштерді парафин қабаттарынан тазалау бойынша әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы ұсынымдар
1. Осы әдістемелік ұсыным сорғылық-компрессорлық құбырларды (бұдан әрі - СКҚ) және құбыр өткізгіштерді (лақтыру желілерінің) парафин қабатынан булы жылжымалы қондырғылар (бұдан әрі - БЖҚ) көмегімен, сағалық жылытқыштарды, парафиннен ажыратуға арналған агрегаттарды (бұдан әрі -ПАА), құбырларды түйрегіштермен парафиннен ажырату қондырғыларын (бұдан әрі - ҚТПҚ), шарлы-парафиннен ажыратуларды (бұдан әрі - шарлар) тазалауға қолданылады.

2. Парафин қабатынан тазалау бойынша жылжымалы және стационарлы қондырғылар технологиялық регламентке сәйкес өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

3. Рұқсат берілмейді:

жарықтандыру, қарау және жабдықты, құбыр өткізгіштерді, арматураны жылыту үшін ашық отты пайдалануға;

өрт сөндіру құралдарын тікелей тағайындалуына байланысты емес қажеттіліктерге пайдалануға;

жылжымалы қондырғыларды қараусыз қалдыруға;

электр берілістердің әуелік желісінің күзету аумағы шегінде парафин қабатын тазалау бойынша қондырғыларды (стационарлы және жылжымалы) орналастыруға.

4. Жылжымалы қондырғыларда жергілікті жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған кернеуі 12 В артық емес шамдар пайдаланылады.

5. Жабдықты, СКҚ және құбыр өткізгіштерді тазалау өнімдері (парафин, мұнай және сол секілділер) ыдысқа бағытталады.

2-тарау. Дайындық жұмыстарын орындау
6. БЖҚ, ПАА ұңғымаға шығу алдында қондырғыны дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес қарайды және дайындайды.

7. Қондырғыларда орнатылған алынбалы жабдықтар мен аспаптар сенімді орналастырылған және бекітілген.

8. Мұнай кәсіпшілігі аумағы бойынша объектілерге жер бетінде төселген мұнай құбырлары, газ құбырлары және басқа коммуникациялар арқылы БЖҚ, ПАА жылжуына рұқсат берілмейді.

9. ПАА, БЖҚ және ҚТПҚ ұңғыма сағасынан кемінде 25 м қашықтықта алдын ала дайындалған, тегістелген және тазаланған алаңда жел жағынан орналасады. БЖҚ, ПАА дөңгелектері астынан тіреулер орнатылады.

10. Парафин қалдықтарынан тазалау бойынша жұмыстар басталар алдында құбыр өткізгіштерге (бу өткізгіштерге) 1,25 жұмыс қысымына тең сынама қысыммен гидравликалық сынау жүргізіледі. Сынау жүргізу алдында шарнирлі иіндерді, құбыр өткізгіштердің ернемектік қосылыстары мен жылжымалы және стационарлы қондырғыларды ұңғыма сағасымен бекітудің сенімділігі тексеріледі.

11. Құбыр өткізгіштердің бұрандалы қосылыстарын тарту үшін қондырғыны ұңғымамен орау кезінде соққы кезінде ұшқын шығармайтын металлдан жасалған аспап пайдаланылады.

12. Құбыр өткізгіштерде ағу пайда болған кезде қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі, ағулар түзетіледі және құбыр өткізгіш қайтадан сыналады.

Булы жылжымалы қондырғыларды пайдалану кезінде (БЖҚ)
13. Жұмыс жүргізер алдында қозғалтқыштың тұншықтырғыш құбырында және булы генератордың түтін құбырында ұшқын сөндіргіштің болуы, бу өткізгіште кері клапанның ақаусыздығы тексеріледі.

14. БЖҚ ішіндегі құбыр өткізгіштер су үшін - жасыл, бу үшін – күміс, ауа үшін – көгілдір түске боялады.

15. БЖҚ авариялық дабылдамамен және бақылау-өлшеу аспаптарымен (бұдан әрі – БӨА) жарақталады, олар:

қазанға берілетін су қысымын;

бүріккі алдындағы отын қысымын;

қазаннан шығатын бу қысымы мен температурасын көрсетеді.

16. Манометр шкаласында булы генератордың барынша көп жұмыс қысымына сәйкес болатын бөлу бойынша қызыл сызық жүргізіледі.

Қондырғыны, егер:

булы генераторды куәландыру мерзімі өтсе;

техникалық жағдайы пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес болмаса іске қосуға рұқсат берілмейді.



Сағалық жылытқышты пайдалану кезінде
17. Сағалық жылытқыш көлденең алаңда (бұрылу бұрышы 1 º артық емес) орналастырылады. Алаң сумен толтырылған ыдыс салмағын, жылумен оқшаулауды және оның топыраққа рұқсат берілетін үлесті салмағын есепке алумен жарақталады.

Сағалық жылытқыштан ұңғыма сағасына дейінгі қашықтық 25 м кем емес.

18. Сағалық жылытқыштан ұңғыма сағасына дейінгі аумақ жоспарланған және қоршалған.

19. Сағалық қондырғы сақтандырғыш клапанмен, газ қысымын реттегішпен, температураны реттегішпен, қысымды жану алдында және ыдыста дейін және кейін реттегіш манометрлермен жиынтықталған.

20. Сағалық қондырғының сақтандырғыш клапаны сағалық жылытқыштан кемінде 10 м қашықтықта орға бұрумен оралады.

21. Дренажды келтеқұбыр өнеркәсіптік кәріз желісімен оралады, соңғысы болмаған кезде дренажды келтеқұбыр мұнай ұстағышқа немесе ыдысқа бағытталады.

22. Жағу және түтін құбыры ернемектері арасында асбесті төсем пайдаланылады. Түтін құбыры жылумен оқшауланады немесе қоршалады.

23. Сағалық жылытқыштың найзағайдан қорғағышы пайдалану орнында сағалық жылытқышты орау жобасына сәйкес болады.

Орау жобасында статикалық электрден және найзағайдың қайтадан пайда болуынан қорғау қарастырылады.

24. Сағалық жылытқышты монтаждау алдында және одан кейін бақылау және автоматты реттегіш аспаптарын, арматураны, құбыр өткізгіштік орау түйіндерін, жану камераларын, жабдықтарды, жалын сөндіргіштерді сырттай қарау жүргізіледі.

25. Сағалық жылытқышта орнатылған щитте мұнай және газ желісін орау схемасы көрсетіледі.

26. Сағалық жылытқышты, егер ол автоматтандырылмаған болса мүйіздеу алдында:

сыртқы қараумен жабдықтың ақаусыздығын тексеру;

пеште мұнай айналысын құру;

газды үрлеу шамы арқылы 5 минут бойы үрлеу;

жағуды 10 минут бойы желдету, тартудың болуына көз жеткізу.

Тарту болмаған кезде жанарғының немесе от алғыштың жануына рұқсат берілмейді.
Құбырларды түйрегіштермен парафиннен ажырату қондырғыларын пайдалану кезінде (ҚТПҚ)
27. СКҚ ҚТПҚ көмегімен таазалау үшін төсемі және қатты жабыны бар жұмыс алаңы дайындалады.

28. Жоғарыдағы жұмыстар үшін (түйрегіштерді ауыстыру, тығыздымаларды, түйрегіш сымдарын және басқаларды тарту) алаң жарақталады.

29. Оған баратын алаңдар мен сатылар үнемі қардан, мұздан және ластанудан тазартылады.

30. Лубрикаторды ернемекке немесе превенторға орнату алдында буфер ысырмасын тығыз жабу және буфердегі қысымды буфер манометрінің краны арқылы зарядтау қажет.

31. Лубрикаторды орнатқаннан кейін оны қысымды ұңғымадан лубрикаторға біртіндеп шығару жолымен герметикалыққа тексеру қажет.

Парафиннен ажыратуға арналған агрегаттарды пайдалану кезінде

(ПАА)
32. ПАА авариялық жағдайда іске қосылатын дыбыстық және жарықтық дабылдамамен:

мұнайдың жылытқышқа дейінгі және кейінгі температурасын;

жылытқыш бүріккісі алдындағы отын қысымын;

жылытқышқа дейінгі және кейінгі мұнай қысымын көрсететін бақылау өлшеу-аспаптарымен жарақталады.

33. ПАА екі жағынан биіктігі 1,25 м биіктікте құбырлы қоршау түрінде орындалған қоршау орнатылады.

34. Жұмыс алдында күнделікті ұшқын сөндіргіштің, от сөндіргіштің болуы және иректүтік жарылған жағдайда жылытқыштағы жалынды сөндіруге арналған инертті газды беру жүйесінің ақаусыздығы тексеріледі.

35. Агрегат статикалық электрден бұру үшін жерге тоғыту шынжырымен қамтамасыз етіледі. Агрегаттың жылжуы кезінде шынжыр жерге тоғытылады.

36. Ұңғымамен агрегатты орауды осы қондырғы жиынтығында қарастырылған қосымша құбыр өткізгіштермен және шарнирлі иіндермен жүзеге асыру керек.

Айдау құбыр өткізгіштері кері сақтандырғыш клапандармен жарақталады.

37. Сору құбыр өткізгіштері 5398-76 МЕМСТ бойынша сүзгі соңдарымен аяқталатын, агрегаттың автоцистернамен жылдам қосылуын қамтамасыз ететін резеңке жеңдерден дайындалады.

38. Құбыр өткізгіштерде қажетті бекіту-реттегіш арматура орнатылады және бақылау-өлшеу аспаптарын орнатуға арналған орындар қарастырылады.

Жоғары ағынды құбыр өткізгіштерде орнатылған барлық арматура 300 ºС тең температура кезінде Р раб.=16,0 МПа (160 кгс/см²) есептелген.

39. СКҚ тазалау бойынша жұмыстар басталар алдында ұңғыманың құбыр арты кеңістігінен газды штуцер арқылы қысымның түсуін бір минут бойына 0,3 – 0,4 МПа (3-4 кгс/см²) дейін арттырмай өшіру және агрегатты пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес іске қосуға дайындау қажет.

Шарлы-парафиннен ажыратуларды пайдалану кезінде
40. Лақтыру желілерін (мұнай өткізгіштерді) парафин қабатынан тазалау бойынша жұмыстарды бастар алдында ұңғыманы түсіру камерасымен орау жүргізіледі және топтық мұнай жинау пункттерінде ұстап алу камералары (ұңғыма тобына бір камера) орнатылады.

41. Шарлармен тазалауға жататын мұнай өткізгіштер тармақталудан бітеуішпен ажыратылады, мұнай жинау пунктінің орауына шектегіштер (торлар және басқалар) орнатылады.

42. Қабылдау және іске қосу камералары манометрлермен және түсіру вентильдерімен (немесе кранмен) жабдықталады, герметизацияланған жылдам алынатын ұштары болады.

43. Шардың қабылдау камерасына түсу сәтінде гидравликалық соққыны болдырмау үшін оны қосымша қайта іске қосу камерасымен жабдықтайды.



3 - тарау. Технологиялық операцияларды орындау
44. СКҚ мен құбыр өткізгіштерді тазалау кезінде қондырғыны (стационарлы және жылжымалы) іске қосу жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Қондырғыны ақаулы бекіту-реттегіш арматурамен, қауіпсіздік автоматикасымен, өрт сөндіру құралдарымен және дабылдамамен іске қосуға жол берілмейді.

45. Жылжымалы қондырғы механизмдерінің жұмысы кезінде:

олардың жөндеуін жүргізуге, кез келген бөлшектерін бекітуге;

қоршауды немесе оның жеке бөліктерін алуға;

механизмнің жылжитын бөліктерін тазалауға, майлауға;

қысым астындағы бу өткізгіштерге, мұнай өткізгіштерге жөндеу жүргізуге;

механизмдердің жылжымалы бөліктерін (трансмиссия және басқалар) кез келген затпен немесе қолмен тежеуге;

қосылыстардың тығыздалмауларынан мұнай немесе отын ағуы табылған кезде жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.



Булы жылжымалы қондырғыларды пайдалану кезінде (БЖҚ)
46. БЖҚ жұмысы кезінде:

қосылыстар мен арматураны, оларда ағуды болдырмай;

щиттегі аспаптар көрсеткіштерін;

лақтыру желісіндегі қысымды;

бу мен су беру температурасы мен қысымын. БЖҚ пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген бу қысымы мен температурасының артуына жол берілмейді;

ашық сұр немесе ашық қоңыр болуы тиіс жалын түсімен анықталатын отынның толық жануын қадағалау қажет.

47. Қондырғының жұмысы кезінде бүріккіге отынның үздіксіз берілуі қамтамасыз етіледі.

Отында судың және механикалық қоспалардың болуына, отының жетімсіз жылытылуына, бүріккілердің механикалық қоспалармен ластануына жол берілмейді.

48. СКҚ булау кезінде ұңғыма сағасы стеллаждарында БЖҚ машинист буды стеллаждағы жұмыскер белгісі бойынша бере алатындай болып орнатылады.

49. СКҚ булау кезінде булау құбырының ашық жағында стеллажда болуға рұқсат берілмейді.

Құбырдың ашық жағында аумақтың ластануын болдырмау үшін ерітілген парафинді жинауға арналған ыдыс орнатылады.

50. Булау құбырына бу беруді шұғыл ауытқусыз, будың құбырдың қарама-қарсы жағынан шыққанына дейін қысымды баяу арттырумен беру керек.

51. Сорғылық-компрессорлық құбырларды булау кезінде оларды ұңғымадан көтерусіз бу өткізгіште кері калапан орнатылады.

Сағалық жылытқыштарды пайдалану кезінде
52. Сағалық жылытқыштың жұмыс тәртібін орнату үшін газдың бүріккіге берілуін реттеу, мұнай қысымы мен температурасын қадағалау керек. Жылыту температурасын 90 ºС артық асыруға жол берілмейді.

53. Бүріккіні мүйіздеуден кейін жанудың қарқындылығы қадағаланады. Жалын көгілдір немесе ақшыл сарғыш түсті және негізден ашылмайды.

Жануды отынның берілуімен қадағалау керек.

54. Сағалық жылытқышты іске қосуға рұқсат берілмейді:

жағуда тарту болмаған кезде;

газ коллекторын үрлеусіз;

жануды желдетусіз;

ыдыс сыртында сұйық болмаған кезде (жоғарғы клапанның деңгейінен төмен).

55. Сағалық жылытқыш сағалық жылытқыштың иректүтігіне мұнайдың түсуі тоқтатылған жағдайда иректүтіктің жарылуын болдырмау үшін газды тоқтатқышпен жабдықталған (электр энергиясының болмауы, сорғының істен шығуы және басқалар).

56. Сағалық жылытқыштың жұмысы кезінде жылытқыштың жұмысын, бақылау, реттеу аспаптарының және сақтандырғыш клапанның ақаусыздығын күн сайын тексеру, конденсат жинағышты бұру арқылы орға үрлеу керек.

57. Сағалық жылытқыш келесі жағдайларда тоқтатылады:

ыдыс сыртының негізгі элементтерінде өтулер, сызат анықталғанда;

ыдыс корпусы манометрінің ақаулығында және қысымды басқа аспаппен анықтау мүмкін болмағанда;

сақтандырғыш клапандардың ақаулығында;

ыдыста сұйық деңгейінің рұқсат берілгеннен төмендегенінде;

ыдыста сұйық қысымының 1,0 МПа (10 кгс/см²) артық артуында;

электр энергиясы ажыратылғанда.

58. Сағалық жылытқыштың мүйізделуі мен жануына жол берілмейді:

ұңғыманы игеру кезінде;

ұңғыманы газконденсатпен өңдеу және басқа да алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде (ыстық және суық сумен айдау және басқа).



Құбырларды түйрегіштермен парафиннен ажырату қондырғыларын пайдалану кезінде (ҚТПҚ)
59. Жұмыс істейтін атқымалы немесе компрессорлы ұңғымаға түйрегіш атқымалы арматурада орнатылған лубрикатор арқылы түсіріледі немесе көтеріледі.

60. Лубрикатор үш жүрісті кранмен бұрумен, өзінен өзі жазатын манометрмен жабдықталады.

61. Түйрегіш түсірілетін сым лубрикаторға бекітілген тарту доңғалағы арқылы өткізіледі.

62. Лубрикаторды монтаждау мен қайта монтаждау процессінде түйістіргі толық жабылған буферлі ысырмаға орнатылады.

63. Іске қосу құрылғысы алдындағы басқару станцияда (қолмен басқаруда) диэлектрлі төсеніш болады.

64. Әр ҚТПҚ жеке ажыратқышы болады.

65. СКҚ парафиннен тазалау кезінде қарпылған түйістіргіні босату бақылаушы тұлға басшылығымен жүргізіледі.

66. ҚТПҚ барабанының храпты құрылғысының бекіту бұрандаларын босатуға жол берілмейді.

67. Қосымша тарту күштері кезінде түйістіргі сымдарына жапсарланған СКҚ ұңғыма сағасы мен жүкшығыр арасындағы екі қашықтыққа тең радиус аумақты алып жатқан ұңғыма аймағында адамдардың болуына жол берілмейді.

68. Егер қарпығышты әрлі-берлі тартумен тарату мүмкін болмаса, сым кесіндісін тек қана троскескішпен жүргізу керек.



Парафиннен ажыратуға арналған агрегаттарды пайдалану кезінде
69. Жылытқышты тек осы ұңғыма үшін рұқсат берілетін деңгейде қысымды айдауды орнатқаннан кейін тұтату керек.

70. Агрегат жұмысының оңтайлы тәртібін анықтау үшін жылытқышқа ауа мен отынның берілуі реттеледі.

71. Отынның жылытқыш бүріккісіне берілуін басқару үшін, мұнайды жылыту температурасына байланысты термореттегіш құрылғы орнатылады.

Термореттегіш құрылғыны мұнай температурасы 150 ºС артық болған кезде іске қосылуда реттеуге рұқсат берілмейді.

72. Инертті газды беру жүйесі жылытқыш иректүтігінің жарылуы жағдайында жалынды сөндіруді қамтамасыз етеді. Инертті газ қысымы 0,8-0,1 МПа (8-10 кгс/см²) шамасында реттеледі.

73. Агрегат электр жүйесіне қорек автомобиль электр жүйесінен беріледі.

74. Агрегат жұмысы кезінде:

мұнайды жылыту температурасы осы ұңғыманы өңдеуге нарядта көрсетілгеннен аспауы және барлық жағдайда 150 ºС артық болмауын;

сорғыны майлау жүйесіндегі қысым 0,5 МПа (5 кгс/см²) төменге рұқсат берілмеуін;

мойынтіректер мен редуктор және сорғы сыртының температурасы қоршаған ортадан 40 ºС артық аспайтындай жылытуын;

жанудың тиімді тәртібімен жылытқыш жағуында, түтін шығу және ұшқын сөндіргіш құбырынан ұшқынның пайда болуына жол бермеуді;

құбыр өткізгіштер мен арматура қосылыстарының герметикалығы – сұйықтың ағуына жол бермеуді қадағалау керек.

75. Агрегат бірден тоқтатылады:

агрегатта өрт туындағанда;

технологиялық құбыр өткізгіштер жарылғанда;

жабдық жетегі трансмиссиясында ақаулар табылғанда (қайыстың үзілуі, сорғыда немесе редукторда ұрылудың болуы және сол секілділер);

қызмет көрсетуші персоналдың жарақаттануына соқтыруы мүмкін агрегат жүйесі мен электр жабдық жүйесінің, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың, агрегаттың жылу жүйесінің, инертті газды беру жүйесінің және басқалардың қалыпты жұмысының басқа бұзылуларына.

76. Агрегаттың авариялық тоқтауы үшін жылытқыш жануына инертті газ беріледі.

77. Қараңғы уақыттағы жұмыс кезінде агрегатты жарықтандыру үшін автомобиль кабинасында бұру фазасы орнатылады.

Шарлы-парафиннен ажыратуларды пайдалану кезінде
78. Шарлы парафиннен ажыратуларды іске қосу камерасына қосу алдында оны зарядтау керек. Камераларды зарядтау кезінде жел жағынан тұру керек.

79. Мұнай өткізгіштердің шарлармен тығындалуын болдырмау үшін технологиялық регламент сақталады.

80. Құбыр өткізгіште ол шарлармен және парафин қабаттарымен тығындалған кезінде қысымды көтеруге жол берілмейді.

81. Парафин мен шар қабаттары қабылдау камерасынан кейін орнатылған ыдысқа шығарылады.

Парафин мен шар қабаттарын желілі арматура арқылы шығаруға рұқсат берілмейді.

4-тарау. Қорытынды жұмыстарды орындау

Булы жылжымалы қондырғыларды пайдалану кезінде (БЖҚ)
82. Қондырғы жұмысы аяқталған соң:

отынның бүріккіге берілуін тоқтату;

отын сорғысын ажырату;

бу қысымын 4-5 МПа (40-50 кгс/см²) дейін төмендету;

қоректендіру сорғысының жетегін булы генераторда су температурасы 50 ºС жеткен кезде іске қосу;

барлық құбыр өткізгіш жүйесінде қалған суды төгу.

Қысқы уақытта су төгілгеннен кейін қазан сығылған ауамен үрленеді.

83. Бу өткізгіш құбырлар бу атмосфералыққа дейін төмендетілгеннен, суытылғаннан және онда қалған суды шығарылғаннан кейін ғана жөнделеді.

84. Құбырларды БЖҚ-да олар арналған орындарға орнату және қысқыш планкамен бекіту керек.

Қондырғыға көтеру үшін қызмет ететін саты ол арналған орынға орналастырылады және бекітіледі.



Сағалық жылытқыштарды пайдалану кезінде
85. Сағалық жылытқыш келесі кезеңділікпен тоқтатылады:

ауаның, одан кейін газдың жануға берілуін бекіту;

газды коллекторда бекіту құрылғысын жабу, үрлеу «шамының» кранын ашу;

технологиялық құбыр өткізгіштерде ысырмаларды жабу.

86. Иректүтіктерді мұнайдан босатқаннан кейін:

иректүтіктерді сумен жуу және оларды үрлеу;

жануды жану өнімдерінен босата отырып үрлеу.

Құбырларды түйрегіштермен парафиннен ажырату қондырғыларын пайдалану кезінде
87. Лубрикаторды түсіру алдында қысым атмосфералыққа дейін вентильмен бұру арқылы төмендетіледі. Лубрикаторды жабық буферлі және орталық ысырмада алу керек.

88. Түйрегішті алу алдында оператор қолының қысылуын болдырмау үшін онымен индикациондық орауыш арасында жартылай автоматтандырылған жұмысқа ҚТПҚ жүргізіледі.

89. Түйрегішті ұңғымадан жүкшығырмен қол жетекпен көтеру кезінде храпты құрылғыны іске қосу керек.

Парафиннен ажыратуға арналған агрегаттарды пайдалану кезінде
90. ПАА жұмыс аяқталған соң:

отынның жылытқышқа берілуін жабу;

орнатылған тәртіпті шығардағы температура 40 ºС дейін төмендетілмейінше ұстау;

агрегатты қорғау жүйесін іске қосу;

агрегатты тоқтату;

инертті газ баллонында вентильді жабу;

ұңғыма орауында ысырманы жабу;

жылытқыш құбыры мен мұнай өткізгіштерде қысымды төмендету.

91. Жылдың суық маусымдарында жылытқыштар мен мұнай өткізгіштердің дренажы жүргізіледі. Мұнайды бұру үшін шарнирлі иіндерді және қосымша құбыр өткізгіштерді пайдалану керек.

92. Мұнай өткізгіштерді мұнайдан босатқаннан кейін шарнирлі иіндерді, құбыр өткізгіштерді, сору жеңдерін, лақтыру және тасымалдау сатыларын арнайы орындарға орналастыру керек.



Шарлы-депарафинизаторларды пайдалану кезінде
93. Шарды алу алдында қабылдау камерасын зарядтау жүргізіледі. Камераны зарядтау кезінде шардың лақтырылу бағытынан бір жақта тұру керек.

94. Желіні парафин және шарлар қабатынан босатқаннан кейін ұңғыма сағасындағы іске қосу камерасы, қабылдау коллекторы және мұнай жинау пунктіндегі қабылдау камерасы жөнделеді.



____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет