Сот дәлелдемелер теориясы пәнінен дәріс


Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы



бет7/8
Дата26.10.2022
өлшемі60.96 Kb.
#463426
1   2   3   4   5   6   7   8
sdt daris 4

10.Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы.
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме ұғымымен» жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргіздің «дәлелдеме» ұғымының мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан «тар мағынадағы дәлелдеме» ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналылықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің «дәлелдеу» ұғымына барабар ретінде «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің» философиялық ұғымын қолданамыз.
Кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме—қандай да бір пайымдаудың шынайылығын анықтаудың кез келген процедурасы (осы дәлелдеменін тезисі немесе қорытындысы деп аталады), бұл кейбір логикалық пайымдаулардың көмегімен, сондай-ақ кейбір табиғи заттар мен кұбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесін құқыктық түсіндіру қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігімен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен толықты.
М. М. Гродзинский дәлелдеу процесін "дәлелдемелерді жинау, бекіту және бағалау жөніндегі тергеу-сот және прокурорлық органдардың қызметі" деп белгіледі./5.61/
А. М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу "қылмыстық сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатнында жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң белгілеген нысандарда жүзеге асырылатын тергеушінің,прокурордың, соттың, сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін баска да қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі"./17.60/
М. С. Строгович "Дәлелдеу — қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстыңжасалғандығын немесе жасалмағандығын, белгілі бір адамның қылмыс жасаудан кінәлілігін немесе кінәсіздігін және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау".
Әрі қарай М. С. Строгович мынаған назар аударады, дәлелдеу ұғымы "құзіретті органдар жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұксас". М. М. Гродзинскийдің позициясына В. Д. Арсеньев жақын тұр, соңғысы былай деп есептейді: "Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы бағыттайтын және реттейтін, кылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған жағдайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі ретіңде қарау керек./9.59/
Р. С. Белкин дәлелдеудің танымдық (гносеологиялық) сипатына тоқталады, ол дәлелдеу дегеніміз "осы кұбылыстың, фактінің және оларды баска да фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасыңдағы байланыстарды анықтау. Бұл байланыстардың объективті түрдегі сипаты бар: олар танылғанына немесе танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын адамның еркіне қарамастан болады. Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді". Әрі қарай ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және бағалаудан көрінеді деп атап өтеді.
Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А. Р. Ратиновқа тиесілі: "Оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында тексеру мен бағалау — қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын құрайды".
Өзара диалектикалық іс-қимылға түсетін ойлау және практикалық тұрғыдағы тең екі жақтың үилесімін дәлелдеудің мәнісін айқындай келіп Ф. Н. Фаткуллин былай деп жазады: "...Кеңестік кылмыстық процестегі дәлелдеу дегеніміз — заңда көрсетілген органдар мен адамдардың іс жүргізу қызметі, олар ықтимал тергеу жорамалдарын анықтаудан осы жорамалдар бойынша, сол сияқты іс бойынша сенімді түрдегі қорытындыларды негіздеу бойынша дәлелдемелер мен олардың көздерін жинаудан, тексеруден және дәлелдеуден көрінеді".
Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы заманғы түсінік таным мен дәлелдеу мазмұны бойынша түрлі ұғымдар деген пайымдауға негізделген.
Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеудің мәнісі туралы мәселені зерттеуде осы заманғы ғылыми үрдістерді анықтау үшін А. А. Давлетовтың көзқарасы қызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: "Қылмыстық іс жүргізу танымы құрылымында дәлелдеуді ажырата білу кажет. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы дегеніміз — заңда көзделген тәртіппен жүргізілетін сот ісін жүргізу органдарының тергелетін қылмыс және онымен байланысты өзге де өмір құбылыстары туралы білім алу жөніндегі қызметі. Қылмыстық іс жүргізу танымы -дәлелдемелерді зерттеу және мән-жайларды дәлелдеу сияқты екі бөліктен тұрады".
Доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу процесін мынадай негізгі сипаттарға бөлуге мүмкіндік береді:
1) гносеологиялық дәлелдеу — бұл таным процесінің бір түрі, логикалық дегеніміз — бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекетті адамның жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;
2) дәлелдеу мен таным сәйкес келмейді: олар тегі (таным) және түрі (дәлелдеу) ретінде өзара арақатынаста болады;
3) дәлелдеу процесі — құқықтың және гносеологогиялық екі аспектінің үйлесімін білдіреді.
Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді қамтиды:
а)дәлелдеу-тану;
ә)дәледдеу-көзжеткізу;
б) дәлелдеу-негіздеу.
Дәлелдеудің әрбір келесі кезеңі —оның алдындағы кезеңге байланысты және содан логикалық түрде туындайды.
Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден тұрады:
а) ақпараттық дәлелдеу;
ә) логикалық дәлелдеу;
4) тергеу жене сот қызметінде орын алатын дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық сипаты болады;
5) дәлелдеу процесінде тергеу жэне сот талкылауының тақырыбы туралы шынайы және сенімді білімге қол жеткізіледі;
6) қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу адресаты тар мағынасында таным субъектісі (мәселен істі қараушы сот), кен,ауқымды мағынасында тұтас қоғам болып табылады;
7) дәлелдеу тәртібі қатаң түрде қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелген;
8) дәлелдеу процесі ҚІЖК-нің 124-бабы төмендегілер бойынша дәйекті қызметті қамтиды:/2.59/
а)дәлелдемелерді жинаудан;
ә) зерттеуден;
б) дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан.
Бұл қызмет әдебиетте дәлелдеудің кезеңдері немесе элементері деп аталады.Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудін мақсаты объективтік шындықка қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің негізіне логикалық зандар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және қарама-қайшы нәрселерді алып тастанды. Іс бойынша мәні бір фактілер мен мән-жайларды табудың, бекітудің, зерттеудің және анықтаудың нақгы әдістерінен көрінетінтанымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлерімен ерекшеленеді:
а) негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
б) суретке түсіру, киноға түсіру, видео жазба арқылы арнайы химиялық технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің ғылыми-техникалық әдістері;
в) зерттеу объектісінің сандық сипатын алу үшін арнайы құрылғылардың көмегімен немесе оларды қолданбастан өлшеу мен есептеудің математикалық әдістері;
г) іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін колданылатын акпаратты (талдау, жинактау,тендестіру) өндеудің логикалық әдістері;
д) сот-медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдеудің, өндеудің және қайта құрудың әдістері;
е) белгілі бір материалдық объектілердің және олардың бейнеленуінің ұқсастығы туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік тендестіру әдістері;
ж) қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға мүмкіндік беретін экспериментальдық әдістер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет