Сотталушының жағдайын ауырлатуға бағытталған қадағалау наразылығын келтіру уақыты 6 айлық мерзіммен шектеледі. Осы мерзім ішінде берілмеген наразылық қабылданбайды



Дата26.02.2016
өлшемі37.64 Kb.
#26622
Сотталушының жағдайын ауырлатуға бағытталған қадағалау наразылығын келтіру уақыты 6 айлық мерзіммен шектеледі. Осы мерзім ішінде берілмеген наразылық қабылданбайды

(істен үзінді)

Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының 2004 жылғы 24-желтоқсандағы үкімімен А., бұрын сотталмаған, ҚК-нің 105-бабымен, 308-бабының, 1-бөлігі, 346-бабының 1-бөлігімен әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан ақталған.

Ұ., бұрын сотталмаған, ҚК-нің 308-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған, жазасын түзеу колониясының жалпы режимін өтеу белгіленген.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысымен және Жамбыл облыстық сотының қадағалау алқасының қаулысымен бұл үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Үкім бойынша Тәтті станциясындағы Желілік ішкі істер бөлімшесінің кезекшісі, лауазымды адам Ұ. өзінің қызметтік құқықтары мен құзыры шегінен көрінеу асып кетіп, билікті асыра пайдаланған, яки жеке басын анықтау үшін бөлімшеге әкелінген Ө-ні азаматтарды тіркеу кітапшасына тіркемей, ешбір құжатсыз, кешкі сағат 21-ден таңғы сағат 4-ке дейін әуелі кезекші бөлмеде, кейін темір торда заңсыз ұстағандығы. Осыдан кейін Ө-ні босатуды сұрап келген нағашысы М-ны да шамамен сағат 23-тен таңғы сағат 4-ке дейін Ө-нің қасына, темір торға себепсіз отырғызып, заңсыз ұстағандығы үшін ҚК-нің 308-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, сотталған. Және ҚК-нің 105-бабымен, 311-бабы 4-бөлігінің “а” тармағымен тағылған айыптардан ақталған.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қадағалау наразылығында іс біржақты қаралып, заңсыз үкім қабылданғандықтан А. мен Ұ. жөніндегі сот қаулыларын бұзуды сұраған.

Судьяның іс жөніндегі баяндамасын, адвокаттың наразылықты қанағаттандыруды сұраған сөзін, прокурордың наразылықты қолдаған пікірін тыңдап, іс құжаттарымен танысып, Жоғарғы Сот алқасы төмендегі тоқтамға келді.

Наразылық заңды мерзім ішінде келтірілмей, ҚІЖК-нің 461- бабының 2-тармағының талабы сақталмағандықтан қанағаттандырусыз қалдырылып, іс негізінен қарауға жатпайды.

Атап айтқанда, А. мен Ұ. жөніндегі Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының 2004 жылы 24 желтоқсанда шығарған үкімі заңды күшіне 2005 жылғы 24 ақпанда, яки іс апелляциялық тәртіппен облыстық соттың қылмыстық алқасында қаралып, үкім өзгеріссіз қалдырылғаннан бастап енген.

Қадағалау тәртібімен сотталушылардың жағдайын ауырлатуға бағытталған негіздермен үкімге келтірілген облыстық прокурордың наразылығы заң бойынша тиісті мерзім ішінде қаралып, Жамбыл облыстық сотының қадағалау алқасында қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасына келтірген наразылығында, прокурордың, істі Жамбыл облыстық сотында қадағалау тәртібімен қарауға жұмсалған уақыт ҚІЖК-нің 461-бабының 2-тармағында көрсетілген алты айлық мерзімге кіргізілмей алып тасталуға жатады, сол себепті соңғы наразылықты заңда көзделген уақыт ішінде келтірілді деп табу керек деген дәлелі орынсыз. Себебі, жоғарыда аталғандай, іс облыстық соттың қадағалау алқасында сотталушылардың жағдайын ауырлатуға бағытталған наразылыққа сәйкес, заңды 6 айлық мерзім ішінде, оның аяқталуына 1 ай 12 күн қалғанда, 12 шілдеде қаралған. Бірақ, прокурор кезекті наразылық келтіру үшін 1 ай 12 күндік мүмкіншілікті пайдаланбай, 24 тамызда аяқталатын 6 айлық мерзімді өткізіп алып, наразылықты 6 қыркүйекте ғана келтірген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 2 қаулысының 20-тармағындағы қағидаға сәйкес, ҚІЖК-нің 461-бабының 2-бөлігінде көрсетілген 6 айлық мерзіммен сотталушының жағдайын ауырлатуға бағытталған шағымды, наразылықты беру уақыты шектеледі, яғни аталған мерзім ішінде берілмеген шағым мен наразылық қабылдануға жатпайды және бұл мерзім қандай себеп болмасын қалпына келтірілуі мүмкін емес.

Сонымен қатар, қаулыда көрсетілгендей, мерзімінде берілген шағымдар мен наразылықтар бойынша істі қадағалау сатысында қарау уақыты осы 6 айлық мерзімге кірмейді, басқаша айтқанда, уақытында берілген шағымдар мен наразылықтар 6 айлық мерзімнен кейінгі уақытта да бақылау сатысында негізінен қаралуы тиіс.

Сондықтан, прокурордың істің облыстық сотта қадағалау тәртібімен қаралу уақыты 6 айлық мерзімге кірмеуі тиіс деген уәжі ҚІЖК-нің 461-бабының 2-тармағына қайшы.



Осы айтылғандардың негізінде және ҚІЖК-нің 467-бабы 6-бөлігінің 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Жоғарғы Сот алқасы Қазақстан Республикасы Бас прокуроры орынбасарының А. мен Ұ. жөніндегі қылмыстық ісі бойынша келтірген наразылығын қанағаттандырусыз қалдырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет