Сөз асылын тізілдірген



Дата25.02.2016
өлшемі97.73 Kb.
Сөз асылын тізілдірген
Семей облысынан суырылып шыққан саңлақ ақындардың жасы үлкен ағалары болған атақты ақын Төлеу Көбдіков, ертеректе бір өлеңінде:

Семейде менен басқа тоғыз ақын,

Бәрі де тілінен май тамызатын.

Інжудей сөз асылын тізілдіріп,

Бұлақтай мөлдіретіп ағызатын,-- деген еді.

Төлеудің мақтан етіп жырлаған тоғыз серігінің бірі, «Інжудей сөз асылан тізілдіріп, бұлақтай мөлдіретіп », асыл жыр төгетін, желқабыз жуйріктің бірі де , бүгін жетпістің бесеуіне шығып отырған өзіміздің Тәңірберген Әміренов ақын.

Тегінде халық ақындарының ел көзіне ерекше түсіп, табиғи талантын танытып, халыққа аты болатын сәтті бір шақтары бар. Ол шақ- ақындық айтыс майданы.

Біз Тәңірбергеннің әлденеше дарынды ақындармен айтысының куәсі болдық.

Солардың ішінде ұмытылмайтын, ерекше есте қалатын және Тәңірбергеннің ақындық өнерін республика жұртшылығына айқын танытқан, 1943 жылы декабрь айында Алматыда өткізілгенҚазақстан халық ақындарының республикалық тұңғыш айтысы болды.

Ұлы Отан соғысының кезінде өткізілген үлкен айтысқа Қазақстанның белгілі халық ақындары түгел дерлік қатысты.

Семей облысының ақындары Қарағанды Облысының ақындарымен айтысқа түсті.

Семей облысының Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Нұрлыбек Баймұратов, Тәңірберген Әміренов тағы басқа ақындарыф, Қарағанды облысынан Шашубай Қошқарбай, Майасар Жапақов, Жолдыкей Нұрмамбетов бастатқан бір топ белгілі халық ақындарыастанада болатын айтысқа келді.

Айтыс болардың алдында Қарағанды ақындары Семейге келіп, Семей ақындары Қарағандыға барып, екі облыстың өндіріс, ауыл шаруашылығы, мәдениет саласындағы табыстарымен және кемшілік жақтарымен, сол сияқты жауды жедел жеңу күресіне қосып жатқан үлестерімен танысып, айтысқа қажетті мағлұматтар жинап, зерттеп, үлкен дайындықпен айтысқа аттанысқан болатын.

Қазақстанның екі үлкен облысының қыруар табыстарын, облыс адамдарының соғыс майданындағы, жауға қарсы қаһармандық күресін, тылдағы ерлік еңбегін көркем сөзбен кемеліне келтіріп, ақындық өнер қуатымен келістіріп, жырлап беру, олқылық, кемшіліктерді өткір тілімен әділ де әсерлі сынай айтуекі облыстың да ақындарына бірдей жауаптыда, абыройлы міндет, үлкен сын болатын.

Алматының Академиялық опера және балет театрының кең залында ине шанышар жер қалмастай, лықа толып жиналған, талғамы мен талабы зор, мәдениетті жұртшылықтың алдында айтысқа түсу оңай емес еді.

Көңілге тоқыған көркем жырды тыңдаушының ақылына қонымды, жүрегіне жылы, сезіміне әсерлі етіп жеткізу үшін асқақ дауыс, шалқыған ақындық шабыт, өлең мазмұнына сай өзгеріп отыратын сарын, орынды қимыл-қозғалыс, бет құбылысы сияқты сахна өнеріне тән жайлар да қажет болатын.

Нағыз айтыс ақыны, шынында әрі ақын, әрі әнші, әрі музыкант болмақ қой.

Біз де осының бәрін ойластырып, мәслихаттаса келіп, Қарағандының атақты ақындарымен айтыс майданына түсуге семей ақындары атынан Тәңірберген мен Нұрлыбекті ұйғарған едік.

Және де сол 1943 жылы Қарағанды облысының өндіріс, шаруашылық саласындағы көрсеткіштері Семей облысынан әлде қайда озық болатын. Көрсеткішті салыстырып, айтыста жеңіске жету Семей үшінмүмкін емес-ті, барды ақын тілімен көрсетіп, жеріне жеткізе айту, ақындық өнер бәйгесінің дәстүрін берік сақтап, сайысқа түсу Семей ақындарының ең басты мақсат- мұраты болды.

Біздің Тәңірберген ақын жоғарыда айтылған шартарды мүлтіксіз орындап, топ алдында ақындық рухы көтеріліп, шабыттана жырлап, ерекше көзге түсіп, үлкен абыройға ие болды. Қарағанды ақындарымен айтыста Тәңірберген Семей облысының шаруашылық, өндіріс саласында алатын орнын, маңызын көрнекті дәлелдерменайқындап атай отырып, ақын тілімен сипаттап берді. Мысылы М.И. Калинин атындағы ет комбинатының соғыс жылдарында жауға қарсы күреске қосып жатқан үлкен үлесін сөз еткенде:

Ежелгі атышулы әлемге ақын,

Жарқырап жасыл тартып жатқан жайқын,

Тарихқа таңба басқан ертегідей

Ел білген ертеден – ақ Ертіс даңқын.

Суреті аз сөзбенен айтсам сыймас,

Семейдің атақты ет комбинаты,

Күніне мал сояды тоғыз мың бас.

Бір күнгі даярлаған піскен асы,

Еті бар, шұжығы бар, консервасы,

Бірнеше дивизия жауынгерді

Тойдырып аттандырды жауға қарсы.

Қалмайды сойған малдың жалғыз қылы,

Мүйізі, тұяқ, безі, қан мен жыны,

Қалатын пайдаға асқан өзім білген-

Демі мен жан берерде ақтық үні.

Қаннан да қанға зәру жасап дәрі,

Сан түрлі порошоктар жасақтады.

Мүйізі - тарақ, түйме жыны-отын боп.

Бір грамм босқа шығын босатпады,-

деп суреттеді.

Айтыстың төреші комиссия мүшелері арасында да бір түнге созылған пікір таласы болып, Қарағанды облысының озық көрсеткіштері, ақындарының өнері әділ бағаланып, Семей ақындарының, әсіресе ақындық айтыс өнеріндегі ерекше жақсы қасиеттері жоғары бағаланып, Семей ақындарының, әсіресе ақындық айтыс өнеріндегі ерекше жақсы қасиеттері жоғары бағаланып, екі облыс ақындарына да бірдей бірінші бәйге беруді ұйғарды.

Тұңғыш рет ең үлкен айтыс бәйгесіне түсіп, ақындық өнер бәсекесінде Тәңірбергеннің бәйгеден келгені де осы 1943 жылғы республикалық халық ақындар айтысы.

Оған қазір 40 жыл болып қалды. Тәңірберген ол кездегі 36 жастағы жалындап тұрған жас жігіт еді.

Республикалық айтыстағы Тәңірбергеннің өлеңі 1943 жылы ақындар айтысының жинағында басылып шықты.

1945 жылы март айындағы облыстық айтыста Т. Әміреновтың Рахымбай Дүйсекеев ақын мен айтысы, 1957 жылы Қалихан Алтынбаев ақынмен, 1961 жылыТөлеу ақынның баласы Қаске ақынмен айтыстары, тағы басқа ақындармен айтыстары облыстық, республикалық газеттерде және жеке кітаптарда басылды.

Айтысқа түсудегі негізгі мұрат- мақсат жеке бастың атақ- абырой үшін емес, ақындар айтысы халықтық, партиялық болуы басты қағида екенін ақын терең түсініп жырлайды. Шәкер ақынмен айтысында Тәңірберген былай дейді:

Біз емес құрғақ сөзбен таласатын,

Кім жеңіп, кім қалды деп санасатын.

Қызметкер біз халықтың ақынымыз,

Жырлаушы партияның санасатын.

Халықтың жыршысы, партия саясатының жалынды жыршысы болудан үлкен атақ, зор абырой жоқ ақынға. Ақынның бойына сарқылмас күш – қуат беріп, қиялын қанаттандырып, шарықтатып, талантын тасқындатып, қиялын қанаттандырып шарықтатып, талантын тасқындатып, шалқытатын Коммунистік партия.

Сондықтан да Тәңірберген ақын:

Партия десем бойды қуат кернеп,

Жүректен ел шаттығы шығад тербеп.

Шарықтап шалқып- тасып бір кетейін,

Қырандай қияға ұшқан қанат сермеп.-

Деп айтысқа түскенде аруақтанып, асқақтай жырлайды.

Айтыс Тәңірбергеннің ақындық өнерінің бір қыры ғана. Тәңірберген ақындық сапарға домбырамен қатар қаламын ұстап шыққан ақын. Оның ақындық өнерде үлгі- өнеге алып өскен екі үлкен мектебі бар. Біріншісі, қазақ халқының Ұлы Октиябрь ревалюциясына дейін ауыр азап кешіп жүріп, ғасырлар бойы сақтап келе жатқан рухани мәдениет, қазақ халық творчествосының асыл мұралары, еңбекші халықтың бай фольклоры, екіншісі, әдебиеттегі Абай дәстүрі. Абай мұрасын оқып,

«Өнер өнер үшін емес, өнеге үшін » деген қағиданы ұқты.

Халық мүддесі үшінеңбек ету ақынның азаматтық борышы.

Халықтық қасиет қарапайымдылық, шыншылдық, биік идея, терең мазмұн, көркем образдылық – Абайдың нағыз халық ақынына қоятын шарттары.

Тәңірберген ақындыққа талпынғанда оның алдында адастырмас Темірқазық – Абай тұлғасы тұрды. Абай арқылы орыстың ұлы ақындарымен танысты. Шығыс әдебиетінің үлгілерін таныды. Ақын 70 жасқа толған мерекесі кезінде ұлы ұстазы Абайды еске алып:


Жетпіске мен еркімді бергем де жоқ.

Еш қандай тарихтарда із қалмаған,

Ескі аңыз ертегіні тергемде жоқ.

Абайдан басқа ешбір ақындардың,

Еліктеп бір сөзіне ергем де жоқ.- дейді.

Ақын жеті жасында әкесінен жетім қалыпты. Ол 1914 жылы.

Балалық шағы ескі ауылда өткен Тәңірберген тұрмыстың бірталай ауыртпалығын бастан кешкен. Болашақ ақынның өмір тәжірбиесі де аз емес.

Ұлы Октябрь ревалюциясы жеңісінің, Ленин партиясының ұлт саясатының салтанат құруының арқасында қазақ халқы ерікті ел, іргелі мемлекет болды. Кешегі келмеске кеткен кер заманның қыспағында зар мен шер жырын шерткен Тәңірберген сияқты ақындардың есіне келмейтін есеге қолы жетті. Советтік нұрлы заманда шаттық жырын шалқытты. Октябрь, Ленин ақынның құлағына алғашқы тиген құдіретті қасиетті, ең аталы сөздер еді. Ақын жырының бас тақырыбы Октябрь, Ленин, Партия.

Таң болып атты Октябрь,

Құлдықтың түріп түңдігін.

Теңдікті қолға әперді,

Кемеңгер көсем Ленин- деп,

Тәңірберген терең тебірене, масаттана жырлайды.

Мен тәңірбергенді 1938 жылы көріп, таныстым.

Сол жылы 18 -19 майда Алматыда Жамбылдың әдеби қызметіне 75 жыл толуына арналған халық ақындарының слеті болды, 20 – 22 майда Қазақстан жазушылары Одағы мен Алматы қалалық Советінің Жамбылдың 75 жылдық мерекесіне арналған пленумына да қатысып, өлең оқыдық, 21 майда ақынның туған ауылы, Жамбыл ауданы «Ерназар » колхозында болдық. Содан былай Тәңірбергенмен дос болып кеттік.

Тәңірбергеннің жеке басқа халық ақындарының Қазақ совет әдебиетіне мол араласып, кең құлаш сермегені 1936 – 1938 жылдары еді.

Сол кезден бастап баспасөз жүзінде ақынның советтік ұлы заманымызды жырлаған өлеңдері үздіксіз басылып, келеді. Оның ұлы көсем Ленинге, Коммунистік партияға арнаған шабытты көркем жырлары, халықтар достығына, өндіріс, колхоз, совхоз, отан – Ана, тақырыбына жазған көптеген өлеңдері елге мәдім.

Ұлы Отан соғысы жылдары ақын эстрада бригадасын басқарып, колхозды, ауылды үздіксіз аралап, отаншылдық өлең – жырымен еңбек адамдарына рух беріп, концерттер қойып, қажымай – талмай еңбек етті.

Тәңірберген әрі сатирик ақын. Адал еңбектен қашып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен журетін, жатып ішер жалқауларды, өтірікші, өсекші монтаныларды, екі жүзді арамзалардыәшкерелейтін сайқы мазақ, өткір сатиралы өлең – жырларын ел сүйсініп оқиды.

Оған тән ақындық өнердің басты бір қасиеті табиғат суретін көркем бейнелеуге шеберлігі. Ол табиғаттың тілін жақсы біледі, табиғаттың сыр – сипатын терең түсініп, тебірене жырлайды. Соның өзінде табиғатты жалаң суреттемейді. Ел тарихына адам өмірімен қабыстыра сипаттайды.Ақын өнерінің бұндай қасиетін басқа шығармаларын тізіп жатпай – ақ оның «Қанды қанжар » поэмасының кіріспесінен айқын аңғаруға болады.


Арқаны төстабандай көлбей шөккен,

Қар жауып қабағынан мұнар төккен,

Зәулім құз шыңдарының жотасына,

Шоңқайып бұлт қонақтар келіп көктен.

Нар өркеш, піл қабырға, биік Шыңғыс,

Такаппар өзге таудан тұрады өктем.

Күрілдеп құздан аққан бұлақтары,

Көмейлеп тасқынымен тауды сөккен.

Қойнауы қалың, орман дүлей жыныс,

Шашақтап көмкергендей шалғын шөппен.

Қарақат, бүлдіргеннен алқа тағып,

Етегін ақ қайыңмен әдіптеткен.

Құлпырған қызыл – жасыл гүлдің түрі,

Кестедей әшекейлеп, зергер шеккен.

Ән шырқап гүл бақшаның арасында,

Сайраңдап сандуғаштар күйін шерткен.

Бұғы, марал, түлкі мен арқар. киік,

Масайрап саясында мекен еткен.

Абайдай асқан дана ұл туғызып,

Құзының құшағында еркелеткен. Арқаны төстабандай көлбей шөккен,

Қар

Тәңірберген кең құлашты ұшқыр қиялды әрі эпик ақын. Ол уақиғалы аоэмалардың авторы. Оның баспадан шыққан поэма – дастандары еңбекші қазақ халқының басынан кешкен өмір кезеңдерін, социалистік құрылыс жолындағы күресін шыншылдықпен көркем суреттеуге арналған.



Советтік Қазақстанның жалынды халық жыршысы, лениндік халықтар достығының жаршысы, Тәңірберген Әміренов 75 жасқа толып, кемеліне келіп отыр. Қарт тарлан қазірде зор бабында, жасы келіп қалса да, жаны жас ақын заманымыздың ұлылығын шабыттана жырлаудан танбайды.

Қайым Мұқаметқанов

// Семей таңы.- 1982.- 25 ноябрь.

№ 225 (14377)

Сегіз қырлы ғалым

1933 жылдан Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, 1946 жылдан филология ғылымының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1958 жылдан Қазақ ССР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор - Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 1979 жылы 10 май күні75 жыл толады. Әлкей марғұлан ғылым әлеміндеҚазақстан ғалымдарының ғана емес, бүкіл Орта Азия ғалымдарының ішінде ерекше орын алатын, ғылым тарихында сирек кездесетін қайраткерлердің бірі. Әдетте ғылыми зерттеу ісінде ғалымдардың көпшілігі, өздерінің табиғи бейімділігіне қарай, ғылымның бір ғана саласына маман болады. Әлкей Марғұлан ғылымның сан алуан саласында жан-жақты терең зерттеу ісімен шұғылданып, жемісті еңбекетіп келеді. Ол әрі этнограф, әрі археолог,әрі тарихшы, әрі әдебиетші -филолог және фольклорист. Орталық Қазақстан даласын археологиялық зертеу ісіне30 жыл еңбек етіп,отыздан астам ғылыми мақала жариялап және сол зерттеудің қорытындысы – «Орталық Қазақстанның көне замандағы мәдениеті » атты үлкен кітап жазды. Ғалымның бұл еңбегі жоғары бағаланып, оған және оның шәкірттеріне Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық берілді.



Тарихшы ғалымның «Қазақ ССР тарихын » жазу жұмысына сіңірген еңбегі де зор. Марғұлан « Қазақ ССР тарихының » 1 томының : «Қазақстан халықтары мен тайпаларының »
Каталог: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТАҒдырлы тұЛҒА (Қабдеш Жұмаділ)
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Қаржаубай Сартқожаұлы туралы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Бұл түсініктен біз Қондыбай, Қанай кедей ауылдың адамдары екен, Семейден онша қашық тұрмайтын ауыл екен, жерін мал жаюға жалдап күн көретін адамдар екен деп ұғар едік дейді
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Халық пікірі немесе шәКӘрім мұрасы қалай ақталды? Тұрсын ЖҰртбай
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> КӨркемдік шындық ЖӘне тарихи тұЛҒА
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> «рухани ұстазым қазақ халқы және абай »
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Мағауяның бәйтерегі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет