Аралас типтегі құрама есептер
1. Дүкенде 6 данадан 4 буда фломастер және тағы 16 бөлек фломастер бар.
Дүкенде барлығы қанша фломастер бар?
2. Шелекте - 7 литр сүт. Сүттің жетіден бірін ботқа дайындауға алды.
Шелекте қанша сүт қалды?
3. 35 оқушының жетіден бір бөлігі концертке қатысты. Қанша оқушы
концертке қатыспады?
4. Қарындаш 12 теңге тұрады, бұл Айдостың әмиянындағы бар ақшаның
бестен бір бөлігін құрайды. Егер ол қарындаш сатып алса, онда қанша ақша
қалады?
5. Әке таңертең 3 шелек су әкелді, ал кешке 2 шелектен бақшаны суаруға
бірнеше рет әкелді. Барлығы ол 15 литр су әкелді. Әке 2 шелекпен қанша
рет су әкелді?
126
6. Салушы қорапқа 100 қасықтан бір топ салды. Әрбір қорапқа 6 қасықтан
салды. Бірнеше қорап салынған кезде, әлі 16 қасық қалды. Салушы қанша
қорап салды?
7. 6 бірдей орындық пен бағасы 5 мың тұратын креслоның құны 65 мың. Бір
орындық қанша тұрады?
8. Тігіншіде 15 метр жиектеме болды. Бірнеше метрді ол бірдей екі жейдені
әшекейлеуге жүмсады. Осыдан кейін онда 9 метр жиектеме қалды. Әрбір
жейдені әшекейлеуге қанша жиектеме кетті?
9. Еңбек сабағына 84 теңгеге 12 бет жасыл қағаз және сондай бағаға 10
қызыл қағаз сатып алды. Қыыл қағазға қанша төледі?
10. Оқушылар сапарда алдымен 6 километрден 3 өткел жасады, ал сосын
тағы 5 км жүрді. Егер барлық жол 25 км кұраса, оларға әлі қанша километр
жүру қалды?
11. Қыз 27 теңгеден 4 дәптерше және 65 теңгеге кеңжол дәптер сатып алды.
Кассаға ол 200 теңге берді. Оған қанша қайырым беру керек?
12. Бала кітап оқып жатты. 3 күннің әр күнінде 30 беттен оқыды, ал сосын
тағы 40 бет оқып шықты. Егер кітапта 200 бет болса, оған оқуға қанша бет
қалды?
13. Хайуанаттар бағының қызметкері 4 кішкентай маймылға 3 бананнан, ал
үлкен маймылға 8 банан берді. Себетте болғаны барлығы 40 банан. Қанша
банан қалды?
14. Дүкенге әрбіреуінде 50 килограмнан 6 қап картоп әкелді. Егер пакетке 3
кг картоптан салса, бұл картоптарды бөлшектеп өлшеу үшін қанша қағаз
пакет қажет болады?
15. Егер әрбір кішкентай жәшікке қызанақтарды 6 килограмнан салса, онда
5 жәшік қажет болады. Егер оларды үлкен жәшікке 10 кг-нан салса,
қызанақгарға қанша жәшік қажет болады?
16. Бала әрбіреуінде 12 маркадан 3 пакет марка сатып алды. Маркалардың
барлығын ол әрбір бетке 9 маркадан келетіндей альбомға жабыстырды. Ол
қанша бетті алды?
127
17. Мата бөлігінен әрбір жамылғыға 3 метр матадан жұмсай отырып, 10
жамылғы тігуге болады. Егер кеудешеге 2 метр мата кетсе, ойл мата
бөлігінен қанша кеудеше тігуге болады?
18. Хайуанаттар бағында 48 маймыл бар. Үлкен 3 тордың әрбіреуінде 7
маймылдан, ал бірнеше кіпшентай тордың әрбіреуінде 3 маймылдан отыр.
Маймылдары бар кішкентай тор қанша?
19. Топ 43 км жүріп өтті. Бірінші үш сағатта ол сағатына 5 км
жылдамдықпен жүрді. Қалған жолды топ 7 сағатта жүріп өтті. Қалған
жолды топ қандай жылдамдықпен жүрді?
20. Даниярдың топтамасында 750 марка бар. Үлкен 3 альбомда 150
маркадан, ал бірнеше кішкентайда 50 маркадан. Даниярда маркалары бар
кішкентай альбом қанша?
21. Оқушылар кітапханадан 95 кітап алды. Бірнеше кішкентай оқушы 2
кітаптан алды, ал жоғарғы сыныптың 15 оқушысы 3 кітаптан алды. Сонда
қанша оқушы 2 кітаптан алды?
22. Шаңғышы 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп, жолда 3 сағат болды.
Осындай арақашықтықты жүріп өту үшін, 6 км/сағ жылдамдықпен келе
жатқан жаяу жүргіншіге қанша уақыт қажет болады?
23. Үш тәулікте бамбук ағашы 90 см өсті. Егер бамбук осындай
жылдамдықпен өссе, алты тәулікте қанша өседі?
24. Метрода 4 сағатта бір бағытта 160 пойыз өтті. Әрбір сағатта бірдей
көлемде пойыз өтсе, қанша уақытта осы жолмен екінші бағытта 320 пойыз
өтеді?
25. Шеберханада 5 күнде 200 қалпақ тікті; Егер әрбір күнде бірдей қалпақ
тіксе, 400 қалпақты тігу үшін шеберханаға қанша күн қажет болады?
26. Наубайшы әрбіреуінде 9 данадан 3 қаңылтыр таба тоқаш және жұқа нан
пісірді. Жұқа нан 3 1 данаға аз болды. Наубайшы қанша жұқа нан пісірді?
27. Наубайшы әрбіреуінде 9 данадан 3 қаңылтыр таба тоқаш және жұқа нан
пісірді. Жұқа нан 3 данаға аз болды. Наубайшы барлығы қанша тоқаш және
жұқа нан пісірді?
128
28. Наубайшы әрбіреуінде 9 данадан 3 қаңылтыр таба тоқаш және жұқа нан
пісірді. Жұқа нан 3 данаға аз болып шықты. Жұқа нанды ол тәрелкеге бөліп
салды. Жұқа нанға қанша тәрелке қажет болды?
29. Дүкеннің кондитер сататын бөлімінде 15 кг кәмпит болды. Сатушы
кәмпиттерді пакеттерге 3 кг-нан бөліп салды. Екі пакетті сатып жіберді.
Қанша пакет тағы сатуға қалды?
30. Хрестоматияда - 21 ертегі, повестер - 3 есе аз, ал әңгімелер повесть пен
ертегіні бірге алып қарағанда, 12 әңгімеге көп. Хрестоматияда қанша әңгіме
бар?
31. Спортзалда 9 үлкен доп бар, ал кішкентайлары - 5 есе көп. Үлкенге
қарағанда кішкентай доптар қаншаға көп?
32. Театрдың кіші залына ересектерге - 72, ал бапаларға 9 есе аз билет
сатылды. Кішкене залға барлығы қанша билет сатылды?
33. Жинақта 15 соната және 3 есе аз этюд бар, ал көрініс этюдқа қарағанда
12-ге көп. Жинақта қанша көрініс бар? Жинақта барлығы қанша музыкалық
туынды бар?
34. Окушылар мектеп бақшасынан 24 кг қырыққабат, сәбізді қырыққабатқа
қарағанда 10 есе артық, ал картопты сәбізге қарағанда 10 кг артык жинады.
Балалар барлығы қанша көкөніс жинады?
35. Бірінші күні 60 кг апма, екіншіде - біріншіге қарағанда 3 есе артық, ал
үшіншіде - еқіншіге карағанда 20 кг-ға артық алма жинады. Үшінші күні
қанша килограмм алма жинады?
36. Көкөніс өсіруші 5 центнер қияр жинап алды. Бесінші бөлігін әрбіреуіне
10 килограмнан жәшіктерге салды. Қанша килограмм қияр жәшікке
салынған жоқ?
37. Дүкенге әрбіреуінде 200 данадан 4 буда торкөз дәптер әкелді, ал кеңжол
дәптерді 400-ге аз. Кеңжол дәптер будасына 100 данадан буып- гүйілген
болатын. Кеңжол дәптерден қанша буда келінді?
38. Су қоймасында 210 литр су бар, ал бакта - 40 л аз. Бакқа қарағанда, су
қоймасында қанша сеге су көп?
129
39. Әмиянда 200 теңгеден 3 қағаз ақша және 100 теңгеден 5 күміс болды.
Жанар 300 теңгеден 2 орап «Рахат» кәмпитін және 170 теңгеге «Қазақстан»
шоколадын сатып алды. Жанарда қанша ақша қалды?
40. Әкесі баласына 400 теңге берді. Баласы 50 еңгеден 2 бөлке нан сатып
алды. Бгер бір балмұздақ 100 теңге тұрса, ол қалған ақшаға қанша
балмұздақ сатып ала алады?
41. Асыранды тиінге күніне 30 г азық қажет. Зрбіреуіне 150 г үш буда азық
қанша күнге жетеді (сол мөлшерде күніне)?
42. Анасы қалалық саябақтағы аттракциоиға баруға қызы мен ұлына 1000
теңге берді. Олар 200 теңгеге әткеншек, 100 теңгеге батут, 150 теңгеге
автодром таңдап алды және 50 теңгеге балмұздақ алуды шешті. Оларға осы
ақша жете ме?
43. Анасы қалалық саябақтагы аттракционға баруға қызы мен ұлына 1000
теңге берді. Олар 250 теңгеге «қызықты төбешіктер», 150 теңгеге әткеншек,
150 теңгеге ұшақ таңдап алды және 57 теңгеге балмұздақ алуды шешті.
Оларға осы ақша жете ме? Қанша ақша жетпейді?
44. 32 теңгеден екі қалың дәптерге және 6 қарындашқа 100 теңге төледі. 1
қарындаш қанша тұрады?
45. Бақшадан 185 килограмм картоп жинады. 25 килограмын қапқа салды,
ал қалған картопты әрбір жәшікке 20 кг-нан салды. Қанша жәшік кажет
болды?
46. Әрбір 5 сөреде 18 кітаптан тұрды. 32 кітапты шкафқа ауыстырды.
Сөреде қанша кітап қалды?
47. Үш күнде саяхатшылар 75 км жүрді. Бірінші күні олар барлық жолдың
үштен бірін жүрді, екінші күні - бестен бірін, ал қалган жолды олар үшінші
күні жүріп өтті. Үшінші күні саяхатшылар қанша километр жол жүрді?
48. 1 метрі 220 теңгеден 3 мегр жібек және 2 метр мақта матасын сатьш
алды. Барлық сатып алынғанға 1000 теңге теледі. 1 метр мақта матасы
қанша тұрады?
49. 15 касыкка 5 шыныаяққа төлегендей төледі. Егер бір қасық 50 теңге
тұрса, 1 шыныаяқ қанша тұрады?
130
50. 14 үстелге 6 фужерден қойғаннан кейін, тағы 12 фужерді орнына қою
қалды. Қанша фужерді орын-орнына қою керек еді?
51. 5 килограмм сарымсақты сатып алу үшін 400 теңге төлеу керек. 880
теңгеге қанша килограмм сарымсақ сатьш алуға болады?
52. Асханаға 475 кг ұн әкелді: әрбіреуінде 25 кг-нан 3 қап, ал қалған ұнды
әрбіреуі 50 кг-дық үлкен қаппен әкелді. Асханаға ұны бар канша үлкен қап
әкелді?
53. Анам 4 буда печенье сатып алды: қаймақ косылған, жержанғақты және
2 буда қүрғақ. Барлық сатып алынған зат 1 кг тартады. Егер жержаңғақ
печеньесінің 460 г тартатыны белгілі болса, ал қаймақ қосылған печенье
будасы 120 г жеңіл екендігі беягілі болса, құрғақ печенье будасы қанша
салмақ тартады?
54.
Дүкенде 684 бейнетаспа бар. Оның 162 таспасы әуенді,
мультфильмдшері - 2 есеге көп, ал қалғаны - жауынгерлік таспалар.
Жауынгерлік таспалар қанша?
55. Мектеп асханасына 3 килограмдық құтыға 240 кг қияр және 2
килограмдық құтыға белгісіз кипограмм қызанақ тұздады. Қияр мен
қызанақ құтылары саны бірдей болып шықты. Қанша кг қызанақ тұздады?
56. Анам 3 балмұздақ және 3 буда шырын сатып алды. Барлық сатып
алынған затқа ол 780 тең- ге төледі. Егер бір балмұздақ 60 теңге тұрса, буда
шырын қанша тұрады?
57. 146 метр ақ мата сатып алынған болатын. Ақ матаға қарағанда, сары
мата - 2 есе көп. Егер барлығы 750 метр мата сатып алынса, қанша қызыл
мата сатьш алынды?
58. Асханада 57 оқушы түскі ас ішіп отыр. Үлкен үстелде 12 оқушы отыр,
ал қалғандары 9 кішкентай үстелге орналасты. Әрбір кішкентай үстелге
қанша адамнан отырады?
59. Спортзалда 16 үлкен дрп бар, ал кішкентай доптар одан 8 есеге аз.
Кішкентай доптарға қарағанда, үлкен доптар қанша есеге көп? (8, 3,4, 2
есеге)
60. ©Бір күнде саяхатшылар 100 км жол жүрді. Олар жолдың 84 км-ін
автобуспен, ал калғанын 4 сағат жаяу жүрді. Саяхатшылар 1 сағатта қанша
км жол жүрді? (б,20,4,21 км)
131
61. Бір бөлік сымның салмағы 575 г болады, бұл басқа бөліктің салмағынан
5 есеге көп. Екі бөліктің салмағы неге тең? (800,691,690,885 г)
62. Оқушылар 4т 1ц 76 кг қызанақ жинап алды. Қызанактардың үшінші
бөлігін әрбір себетке 24 килограмнан салды. Қызанақтарды буып- түюге
қанша себет қажет болды? (58, 87, 29, 870 себет)
63. Оқушы 11 теңгеден 5 дәптер жане 55 теңгеден 1 қалам сатып алды.
Барлық сатып алынған зат қанша тұрады? (120, 110, 130,90 теңге) ,
оларды балаларға теңдей етіп таратты. Балалар 20- дан көп, бірақ 40-тан аз.
Сыныпта канша бала бар?
64. Мұғалім сыныпқа 111 дәптер әкеліп, оларды балаларға теңдей етіп
таратты. Балалар 20-дан көп, ал 40- тан аз. Сыныпта қанша бала бар?
65. © Егер шәуілдекті ызаландырса, ол ызаландырғанға бір мазақ қылғаны
үшін 3 рет үреді, ал егер де күлсе, шәуілдек 1 күлгені үшін бір рет тістеп
алуы мүмкін. Бірде Созбак бірнеше рет мазақ қылып, тіпті күліп жібергені
үшін шәуілдек оған 27 рет үріп, шалбарынын екі жағын жыртты. Шәуілдек
канша реніш сөз бен қанша күлкі естіді?
Достарыңызбен бөлісу: |