Геометриялық фигуралардың қабырғалары мен периметрін табу
1. Қабырғасы 4 см, 5 см, 6 см, 12 см, І4 см шаршының периметрін тап.
2. Қабырғалары 5 см және 3 см, 12 см және б см, 24 см және 10 см және 13
см, 19 см және 9 см, 32 см жэне 15 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін
тап.
3. Қабырғалары 5 см 2 мм және 2. ем 6 мм болатын тіктөртбұрыш сызып,
оның периметрін тап.
4. Периметрі 16 см, ал бір қабырғасы 2 см тең тіктөртбұрыштың екінші
қабырғасы неге тең?
5. Егер периметрі 36 см, ал бір қабырғасы 12 см тең болса, тіктөртбұрыштың
екінші қабырғасы неге тең?
132
6. Егер периметрі 56 см, ал бір қабырғасы 8 см тең болса, тіктөртбұрыштың
екінші қабырғасы неге тең?
7. Периметрі 28 см тең, ал бір қабыргасы 3 см тең тіктөртбұрыштың екінші
қабырғасы неге тең?
8. Периметрі 16 см 8 мм, ал бір қабырғасы 2 см 2 мм ,тең тіктөртбұрышгың
екінші қабырғасы неге тең?
9. Егер тіктөртбұрыштың периметрі 36 см 4 мм, ал бір қабырғасы 15 см 1
мм тең болса, оның екінші қабырғасы неге тең?
10. Егер тіктөртбұрыштың периметрі 57 см 2 мм, ал бір қабырғасы 22 см
тең болса, оның екінші қабырғасы неге тең?
11. Пішіні тіктөртбұрышты мектеп ауласының ұзындығы 40 метр, ені 30
метр. Мектеп ауласының периметрін тап.
12. Қабырғасы 3 см 4 мм (5 см 2 мм, 6 см 1 мм) болатын шаршының
периметрін тап.
13. Ауданы 21 ш.см, ал қабыргаларыньің біреуі 7 см тең болатын
тіктөртбұрыштың периметгрін тап.
14. Ұзындығы 9 м, ал ауданы 72 ш. м тең бақшаны қоршау үшін жұмыскерге
қанша метр шарбақ қажет болады?
15. Ауданы 28 ш. см тең, ал қабырғаларының бірі 4 см тең тіктөртбұрыштың
периметріи тап.
16. Тіктөртбұрыштың ауданы 36 ш. см тең, ал қабырғапарының бірі 4 см-ге
тең. Периметрін тап.
17. Қабырғаларының бірі 7 см-ге тең, ал ауданы 14 ш. см тең
тіктөртбұрыштың периметрін тап.
18. Тіктөртбұрыштың периметрін тап, егер оның ауданы 40 ш. см тең, ал
қабырғаларының бірі 8 см-ге тең екені белгілі болса.
19. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 50 ш. см, ал қабырғаларының бірі 5 см-
ге тең болса, оның периметрі қанша?
133
20. Тіктөртбұрыштың ұзындығын тап, егер оның периметрі 20 см-ге тең, ал
ені 4 см; 10 см және 2 см; 14 м және 3 м; 64 м және 15 м-ге тең болса.
21. Тіктөртбұрыш пішіндес аумақтың ауданы 72 ш. м тең. Бір
қабырғасының ұзындығы - 9 м. Осы аумақтың периметрін тап.
22.
Қабырғасы 6 см шаршының периметрі қабырғасы 4 см
тіктөртбұрыштың периметріндей. Тіктөртбұрыштың екінші қабырғасын
тап.
23. Ауданы 72 ш.см, ал ұзындығы 12 см тең болатын тіктөртбұрыш
қабырғасы мен периметрін тап.
24. Ұшбұрыштың периметрі 124 см-ге тең. Бірінші қабырғасының
ұзындығы 46 см, екінші қабырғасы одан 17 см қысқа. Үшінші
қабырғасының ұзындығы қандай?
25. * Ұзындығы 48 см, ені ұзындығының алтыдан бес бөлігін құрайтын
тіктөртбұрыш жақтау жасауға ұзындығы қандай сым қажет?
26. *Бөлменің ұзындығы 8 м, ал ені ұзындығының төрттен үшін құрайды.
Бұл бөлмені жөндеу кезінде қандай үзындықтағы жиек қажет болады?
27. Тіктөртбұрыш пішіндес бақшаны дуалмен қоршау қажет. Бақшанын
ұзындығы 800 м, ал ені ұзындығының сегізден бесін құрайды. Дуалдың
ұзындығы қандай болу керек?
28. Тіктөртбұрыш кілемнің ұзындығы 6 м, ал ені ұзындығының үштен екісін
кұрайды. Кілемнің жиектерін көмкеру үшін ұзындығы қандай жиектеме алу
керек?
29. Теңқабырғалы үшбұрыштың (үш қабырғасы бірдей) қабырғасы 4 см-ге
тең. Периметрі үшбұрыш периметріне тең тіктөртбұрыш қабырғаларының
ұзындығын тап.
30. Тіктөртбұрыштың ауданы 96 см
2
, оның бір қабырғасы 12 см. Оның
периметрі неге тең? (96 см, 20 см, 40 см, 36 см)
31. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені бірге 20 см құрайды. Оның ені мен
ұзындығы қанша, егер ұзындығы енінен 6 см ұзын екені белгілі болса? (15
және 9 см, 10 және 4 см, 14 және 6 см, 13 және 7 см)
134
32. Шаршы пішінді бөлме еденінің периметрі 24 метрге тең. Бұл бөлме
қабырғасыныц ұзындығы неге тең? (5,3,12, 5, 6 метрге)
33. ©Қабырғасы 6 см шаршының периметрі.... тең (12,18,6,24 см)
34. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ал ені 3 см қысқа. Оның периметрін
тап. (5, 26, 13,22 см)
35. Бір қабырғасы 28 м, ал екіншісі 14 м тіктөртбұрыштың периметрін тап.
(42, 56, 84, 88 м)
36. ©Қабырғасы 7 см шаршының периметрі... тең. (14,21, 7,28 см)
37. Тіктөртбұрыштың үзындығы 7 см, ені 2 см қысқа. Периметрін тап. (5,
24, 18, 9 см).
38. Қабырғасы 18 см тең болатын шаршының периметрін тап. (36, 52, 72, 74
см).
39. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені бірге 15 см қүрайды. Егер ені оның
ұзындығына қарағанда 2 есе қысқа болса, ұзындығы мен ені қанша? (5 және
10, 3 және 12, 7 және 8, 6 және 9 см)
40. Оқушылар 7 т 4 ц 24 кг қызанақ жинады. Осы қызанақтардың төртінші
бөлігін әрбір себетке 32 кг-нан салды. Қызанақтарды буып-түюге барлығы
қанша себет қажет болды? (58, 87, 29, 870 себет)
41. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 5 см 2 мм, ені 11 см 8 мм.
Тіктөртбұрыштың периметрін тап. (24,32,34,28 см)
42. ! Қандай сан артық: 50, 500, 555,5000?
43. ! Қосындысы: 15, 21, 30 тең тізбектелген үш санды тап.
44. © Айдаһар бойжеткен қызды ұрлап алып кетіп, туыстарына егер олар
әрбіреуінде 100 кг алтыннан 333333 сандық төлеу өтесе, қызды қайтаруына
уәде береді. Егер туысқандары жылына 333333 кг алтын қазып алатын
болса, 18 жасар қыздарын үйге неше жылдан кейін алып кете ала- ды?
Қыздың жасы нешеде болады?
45. © Айша шетел тілдерін үйреніп, көп сөздерді білетін болды: 6 -
жапонша, 12 - ағылшынша, 13 - французша, 14 - өзбекше, 15 - орысша.
Қалған тілдерге қарағанда, ол орыс тілін қанша есеге нашар білді?
135
46. Мысыр - көне өркениет елі. Африка мен Азияда орналасады, жер көлемі
қабырғалары 1030 км және 1200 км төртбұрыш түрінде. Шекарасының
шамамен алғандағы ұзындығын (периметрін) және жерінің ауданын
анықта.
47. Егер оқушы 60 кг макулатура жинап, тапсырса, ол биіктігі 10 метрдей
бір ағашты шауып тастаудан құтқарады. Оқушылар 3600 кг макулатура
жинапты. Олар неше ағашты қутқарды? Осы есептегі берілгендері мен
жауабын қолдана отырып, қандай геометриялық фигураны (қандай сандық
көрсеткінггермен) құрастыруға болады?
48. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда 20 мыңға жуық жасыл шыршалар
шауып алынады. Олардың барлығы мейрамдар өтісімен қоқыспен бірге
шығарылады. Әр шырша ағашы 2 ш. м ауданда орналасады. Егер тірі
шыршаларды жасанды шыршалармен алмастырса, шырша орманының
қандай ауданы сақталар еді? Ауданы осындай шаршының қабырғасы
қандай болады?
Достарыңызбен бөлісу: |