Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет49/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
 
34. Жүк пойызы 8 сағатта 256 км жүрді. Жүйрік пойыз жүк пойызына 
қарағанда сағатына 22 км артық жүрді. 5 сағатта жүйрік пойыз қанша жол 
жүреді? (270,160,278, 66 км) 
 
35Екі пойыз бір станциядан қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. Олардың 
біреуі 170 км жүрді, екіншісі 60 км-ге кем. Осы уақытта пойыздардың біреуі 
екіншісінен қанша қашықтықта болды? (110,280, 170,230 км) 


154 
36. ! Бір аэродромнан қарама-қарсы бағытта с км/сағ және а км/сағ 
жылдамдықпен екі ұшақ ұшып шықты. N сағаттан кейін олардың аралары 
қандай болады? 
37. ! Екі бала мектептен шығып, қарама-қарсы бағытта үйлеріне кетті. 
Бірінші бала һ м/мин жылдамдықпен а минут жүрді. Еғер екінші бала 
осындай қашықтықты х минутта жүріп өтсе, онда ол қандай жылдамдықпен 
жүргені? 
38. ! Екі велосипедші қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші 
велосипедші б  км/сағ жылдамдықпен п сағат жүрді, ал екіншісі с км/сағ 
жылдамдықпен ол да п сағат жүрді. Екіншісіне қарағанда, бірінші 
велосипедші қаншаға артық
жүрді? Екі сағаттан кейін олардың 
арақашықтығы қанша болды? 
39. © Екі дос - Айдар мен Молдаш жүгіруден жарысты. Мектептен бастап 
олар әртүрлі бағытта жүгіруге кетті. 450 метр шеңберді айналып, олар 
қайтадан мектепке қайтуы керекте. Жолдың бірінші жартысында Айдардың 
жүгіру жылдамдығы досының жылдамдығынан кем болды. Кенеттен 
бұталардың арасынан күшік шығып, Айдардын артынан шәуілдеп қуа 
жөнелді. Айдар мәреге бірінші болып жүгіріп келді! Егер уақыт 1 мин 30 с 
болса, оның жылдамдығы қандай болды? 
40. © Ұлу мен тасбақа қызыл жалаушадан әртүрлі бағытта жорғалады. Егер 
ұлудың жылдамдығы 3 есе аз және ол 1 метрді 30 минутта жорғаласа, 
тасбақаның жылдамдығы қандай? 
41. Американдық вапитй бұғысы мен барибал аюы бір орманнан қарама-
қарсы бағытта шықты. Вапитидің жылдамдығы 55 км/сағ, ал барибалдікі - 
22 км/сағ. 3 сағаттан кейін екеуінің арақашықтығы қандай болады? 
 
42. Ең кішкентай колибри құсы мен оңтүстікамерикалық арасы тәтті 
балшырынын қарама-қарсы бағытта іздей ұшып кетті. 16 км қашықтықты 4 
сағатта өтіп, әр гүлге қонып, шыққан орнына қайта оралды. Колибридің 
жылдамдығы ара жылдамдығына қарағанда, 3 есе артық екені белгілі болса, 
олардың екеуі бөлек-бөлек қанша ұшты? 
 
43. Тау бүркіті мен Қазақстандағы ең сирек кездесетін, Тянь-ПІаньнің 
таулы өзендерінің бастауында мекендейтін орақтұмсық қарама-қарсы 
бағытта ұшып, 600 км өтті. Орақтұмсықтың жылдамдығы 50 км/сағ, ал тау 
бүркітінікі - 3 есе артық. Сонда әр құс қанша қашықгыққа ұшты? 


155 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет