Сөздiң тура және келтiрiндi (ауыспалы) мағынасы



Дата01.07.2016
өлшемі27.5 Kb.
#171260

www.testent.ru

Сөздiң тура және келтiрiндi (ауыспалы) мағынасы
Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым, түсініктердің атауы болады да, негізінде, сол бастапқы атауы мағынасында айтылады. Кейде сөйлем ішінде сөз бастапқы, тура мағынасында қолданылмай, өзге бір түсінік ретінде ауыспалы мағынада да қолданылады. Мысалы, Құрман ұстаның сегіз сиыры бар. Апай майлы төстікті отқа үйте бастады деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарында қолданылған. Ал Семіздің аяғы сегіз («М. М.»), Ол үйдің дастарқаны майлы деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарында айтылмай, ол сөздерге жаңа келтірінді, ауыспалы мағыналар жүктелген. Мұндағы сегіз деген сөз санды білдірмей, көп деген ұғымды білдіріп тұр, яғни мал семіз болса, еті көп болады деген ұғымды береді. Дастарқаны майлы дегендегі майлы деген сөз дастарқанға май жұққан, кірлеген деген ұғымды бермей, ол үйдің дастарқанының үстінде асы мол болады, яғни ол үй асты мол береді деген ұғымда айтылып тұр.

Сөйтіп, сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал-әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын тypaмaғынa дейді. Ал сөз мағынасы ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылса, оны сөздің кeлтipiндi немесе ayыcпaлымaғынасы дейді.



Сөздің көп мағыналылығы

Тілдегі бір сөз, негізінде, бір мағынаға ие болады. Әр сөзді сөйлемде өз орнына, өз мағынасында дұрыс қолдану үшін сөздің негізгі мағынасын білу өте қажет. Сөздердің мағынасы сөйлем ішінде белгілі контексте ғана айқындалады. Тілдегі сөздердің барлығы бірдей дербес ұғымды, бір мағыналы болып келмейді. Кейде бір сөздің әр сөйлемде әр түрлі сөздердің тіркесіне қарай беретін мағыналары құбылып, көп мағыналы болып та келеді. Мысалы, Жер бір тәулікте өзінің осін бір айналып шығады. Колхозшылар жер жыртуға кірісті. Олар екеуі екі жерде тұрады. Шырағым, қай жерің ауырады деген сөйлемдердегі жер сөзінің мағынасы әр сөйлемде әр түрлі болып құбылылып тұр. Бірінші сөйлемде планета ұғымында, екіншіде егіс ұғымында, үшіншіде орын деген мағынада, тертіншіде apa деген ұғымда қолданылып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет