Созылмалы периодонтиттің хирургиялық емдеу тәсілдері



бет2/3
Дата17.04.2024
өлшемі255.93 Kb.
#499023
1   2   3
ПЕРИОДОНТИТ ХИР ЕМІ

2. Тісті реплантация жасау.
Тісті жұлып өңдегеннен кейін ұясына қайта отырғызу. Бұл ерте кезден қолданып келе жатқан тәсілдердің түріне жатады. Бірінші рет 1794 жылы Амбруаз - Паре ұсынған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда бұл операцияны Гиппократ уақытында қолданған. Тарихи мәліметтерге қарасақ тісті қайта қондыру операциясы басқа органдарды қайта қондыру операциясынан әлдеқұрлым ерте қолданыла бастаған. Соңғы кездерде емдеу мекемелерінің техникалық жаб-дықталуының жақсаруына және антибиотиктерді кеңірек қолдануға байланысты бұл операцияға көзқарас өзгеріп, жиі пайдаланыла бастады.
Реплантация жасау операциясы төменгі жағдайларда қолданылады:
1. Қателікпен сау тісті жұлғанда;
2. Зақымның әсерінен сау тіс ұядан шығып қалғанда;
3. Гранулденген, грануломатозды созылымалы периодонтитте. Бұл операцияны көп жағдайда көптүбірлі тістерге қолданады.

Жансыздандырғаннан кейін тегістегішпен айналасындағы жұмсақ тіндерді көп зақымдамай сыдырып, тіс ұясының қабырғасын, түбірлерін зақымдамай тісті жұлу қажет. Егер де жұлған тіспен бірге гранулема шықса, кюретажды қасықпен қырнап тазалайды, бірақ периодонтқа көп зақым келтірмеу керек. Тістің ұясын антисептикпен жуып стерилді тампонмен жауып, тістің қу-ысын ашып, түбірлерінің өзегін кеңейтіп, тазартып, жуып, қүрғатып пломбылағаннан соң түбірлер ұшын кесіп тастайды. Осыдан кейін тісті антибиотик ерітіндісіне салып қою керек. Ұясындағы қан ұйығын жуып, тісті өз ұясына отырғызады. Реплантация жасалған тісті айналасындағы тістерге тез қататын пластмассадан жасаған қаппа арқылы немесе құрсау яғни шина арқылы бекітеді. Кейбір авторлардың пікірінше, егер тіс өз ұясына мықты отырса оны айналасындағы тістерге бекіту қажет емес. Құрсаулар 3—4 апта бойы тұруы қажет. Операциядан кейін науқасқа ауырғанды басатын, қабынудың алдын алатын дәрі-дәрмектер беру қажет.


В. А. Козловтың (1962) пікірінше өз ұясына отырғызылған тіс пен сүйектің өзара байланысы "периодонтты түрде" болған кезде (операция болғанда периостит пен периодонт көп зақымдалмаған жағдайда) тістің функциясы жақсы сақталып 10—15 жыл өз қызметін атқарады. Реплантация жасаған тістің бітуі „остеоидты" түрде болуы мүмкін, яғни тістің түбірі мен сүйектің байланысы сүйектің бітісуі сияқты болады. Бүл жағдайда тістің функциялық қабілеті өте төмен болады.
Үшінші түрі — аралас немесе фиброзды деп аталады.
Кей кездерде тісті өз ұясына қайта қондыру операциясын жедел ағымды қабыну процестерінде (жедел ағымды остеомиелит, периоститте немесе жедел ағымды периодонтитте) қолдануға болады (И. К. Широков, 1967). Мұндай жағдайда реплантация операциясын екі кезеңде өткізеді, яғни кейінге қалдырылған реплантация.

Бірінші кезеңі: тісті жұлғаннан кейін оның ұясын антибиотик ерітіндісі сіңген тампонмен толтырып қояды. Бірнеше күн бойы жедел ағымды қабыну кезінде болған өзгерістерді қалпына келтіру үшін ем жүргізеді. Осы аралықта жұлынған тісті антибиотик ерітіндісіне салып тоңазытқышта сақтайды. Қабыну процесі басылған соң (15—20 күн аралығында) тіс ұясындағы жетілмеген дәнекер тіндерді кюретажды қасықпен алып тастап, антибиотик ерітіндісімен жуады да тісті пломбылап өз орнына отырғызады. Сонымен қатар операцияның екінші кезеңінде қабыну процесі кері қайтқанда тіс өз ұясына отырғызылады.


Тісті қайта отырғызу операциясының тағы бір түріне трансплантация жатады, яғни тісті өз ұясынан алып басқа ұяға (сол аурудың) отырғызу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет