НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Адам психикасы.
Адам психикасы өз тіршілігіне арқау болған қоғамдық әдіс-тәсілдер негізінде туындаған ерекше құбылыс сана формасына енеді. Дегенмен, сана психиканың барша мән-мағынасын қамти алмайды. Онымен қатар адамда табиғаттан берілген тума құрылымдар (тума-бейсана іс-әрекеттері аймағы), сондай-ақ өмір барысында қабылданып, автоматтасқан дағдылар (астар сана аймағы) бар.
Психиканың негізгі көріністері: саналық (психикалық) бейнелер қалыптасуына байланысты психикалық үдерістер және іс-әрекетті психикалық тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.
Адам психикасының қалыптасу үдерісінде оның заттасқан нысандармен болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне ауысады. Осыдан, яғни ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі қатынастар жобасын құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері барластыруға үйренеді. Бұдан көзіміз жететіні - психика мазмұны жалпыланған қатынастар, мән және мағыналарды, яғни бейнелік қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды. Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш етеді:
психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар ағзасының туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың икемдесу, бейімделу әрекет- қылығының бейнелеу реттеу тетігіне айналды. Жануарлардың эволюциялық даму барысында олардың психикасы жетіліп барды. Өз қалыптасу жолында психика екі: инстинкттік қалыптасу және даралықты дағдылану кезеңдерін басып өтті.
Адам психикасы, сана психика дамуының ең жоғары сатысы; оның пайда болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы еңбектік ісәрекеттерімен тікелей байланысты.
Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында қалыптасады. Психика заңдылықтары сырттай заттармен болған өзара ықпалды қатынастардың алғашқыда психикалық бейнелерге ауысуы және кейін сол психикалық бейнелердің өз реттеуімен басқарымды әрекеттерге өтуі заңдылықтары.
Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, яғни әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық құбылыс.
Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу жүйесіне ие. Психика - тәнсіз, татериялсыз негіздердің - " обсолютті рухтың", "идеяның" көрініс беруі,- дейді идеалистер.
Тарихи жағдайларға байлансты қазақша рефераттар идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей өз қалпында қалады.
Психиканы материалистік тұрғыдан түсінудің идеализмге қарама қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал қазақша рефераттар материяның бірінші кезекті, субстрат, психиканың иесі ретінде қаралатындығында.
Материяның бірінші және психиканың екінші кезекті екендігін психиканың материяның дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда болатындығымен нанмды дәлелдеуге болады.
2.2.Сана психиканың жоғары формасы.
Сана - ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл өз жағдайыңды түсіну, өз қимылыңды басқара білу, сондай- ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау.
Сонан соң, сана жайын сөз еткенімізде біз В. И. Лениннің: материяның өзінде санамен принцип жағынан тектес және өз дамуында сананы туғызатын қасиет бар деген сөздерін еске алмай қоймаймыз. Бұл — белгілі бір заттың бейнеленуі, шағылуы, яғни, сыртқы әсерді сезінуі, сол арқылы заттың ішкі жағдайын өзгертуі.Сана дегеніміз де — шағылу, бейнелену.
Айналадағы дүниенің мида шағылып көрінуі. Бірақ кез-келген шағылуды, бейнеленуді біз сана дей алмаймыз.
Егер шағылудың табиғаттағы барлық түрлерін күрделі мән алуына қарай бірінен соң бірін тізбектеп қоятын болсақ, онда біз өзінше бір саты жасаймыз оның төменгі баспалдағы өлі табиғатпен ұштасады да, ал ең жоғары баспалдағы дүниенің адам санасында бейнеленуін көрсетеді.
Шындықты бейнелеудің айрықша сипаты бар ерекше түрі ретінде сана қандайда бір аралық сатыларда пайда болады. Бұл сатыны іздегенде ғалымдар болмыстың психикалық шағылу, бейнелену түріне айрықша назар аударады, ал психика тек жоғары сатыдағы тіршілік иелеріне ғана тән. Ол адамға да тән нәрсе. Олай болса, психика бізді түйсікті жануарлармен біріктіреді ғой. Алайда біз олардың психикасын сана дей аламыз ба? Істің басты түйіні осы мәселеде, оның дұрыс шешімін айту үшін біз санаға не жататынын анықтап алуымыз керек. Алдымен мынаны дәл ұғынғанымыз жөн: психика ұғымының ауқымы сана ұғымынан кеңірек. Психикаға енетіннің бәрі бірдей санаға ене бермейді.
Кейбір психикалық құбылыстардың санадан тысқары қалатыны мәлім.
Сана - пәлсапалық санат. Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке өлшем бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана - бейнеге сүйене қоғаммен қарым- қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді. І-кезең. Қарапайым сезімталдық - бұл сатыда тек өкілдерінің инс- тинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады.
ІІ-кезең. Заттап қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі - дағдылар, яғни тек өкілінің жекедара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар формасы.
III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллектуалды әрекет-қылық заттар арасындағы байланыс - қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы. Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы тума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты келеді. Заттай қабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара әрекет- қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.
Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байланыстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың жаңа жолдарын ойластыру дәрежесіне көтеріледі. Бірақ ақыл-ес әрекеті бұл кезеңде биологиялык қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.
Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens - ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойы қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен бірте-бірте қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, рухани мәдениеті — барша адамдардың психикалық дамуымен байланысты жүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы.
Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет- қылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен қызметтерін аса жоғары психикалың қызметтерге ауыстырады. Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет - бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құралжабдықтарды таңдай білу қабілеті. Тулға өз іс- әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады. Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануы болжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.
Сананың жіктелісі өңдеу
Сананың модалды моделі. Сенсорлы енгізу (Sensory input) - Сенсорлы жады (Sensory memory) - [ниеттену арқылы] және [жаттығу арқылы] - жұмыс жадысы, яғни мезеттік жады (Working memory) - шығару (output) - немесе [жаттығу арқылы] - ұзақ мерзімді жады - [кодталу қайталанысы].
Сана қабілеттері тудыратын менталды феномендер түрлі ерекшеліктер бойынша жіктеледі. Негізгі жіктелу менталды феномендерді олардың сезімдік, сапалық, болжамдық, ниеттік, саналылық, ұғымдық, кездейсоқтық, немесе ақылдық болуына қарай анықтау. Кейбір менталды феномендер, мысалы, сезіну, немесе денелік аңғару әдетте сезімдік, яғни түйсікке (sense) негізделген. Бұл феномендер тәжірибешіл эмпириктерді айырықша қызықтырады, олар сыртқы әлем туралы біздің жалғыз білім көзіміз сол деп есептейді. They are contrasted with non-sensory phenomena like thoughts or beliefs, which do not involve sense impressions. Сезімдік әсерлерді қамтымайтын ойлау немесе сену секілді бейсезімдік құбылыстармен салыстырылады. Сезімдік күйлер сапалық күйлермен де тығыз байланысты болады, олар квалияға ие, яғни сезімдік күйде болу қандай болатыны субъективті елестетіледі. Сананың мазмұны, яғни көкейдегі менталды мазмұндар сананың "ішінде" деп есептелетін, ментал процестер мен қабілеттер арқылы қалыптасқан және басқарылатын элементтер. Мысалы түрлі ойлар, түсініктер, естеліктер, ұғымдар, эмоциялар, сезінулер, түйсінулер және ниеттер - адамның өзіне айқын болу сипатымен менталды мазмұндар болып табылады. Менталды мазмұндарға қатысты философиялық теориялардан интернализм, экстернализм, репрезентизм және интенционалдық қатарлыларды атап көрсетуге болады.
Меметика – дарвиндік эволюциямен белгілі бір ұқсастыққа негізделген менталды мазмұн теориясы болып, оны 1980 жылдары Ричард Докинз пен Дуглас Хофштадтер ұсынған болатын. Ол мәдени ақпарат тасымалдаудың эволюциялық моделі. Мем дегеніміз бейне генге ұқсас, мәлім бір немесе көптеген даралықтар санасында "орналасқан" идея, сенім, қылық үлгісі, тб. болып, ол өзін бір санадан екінші санада қайталап, жаңа көшірме жасай алады. Осылайша, әуелде бір даралықтың келесінің сенім қалыптастыруына әсері ретінде танылған нәрсе, меметикада өз-өзін жаңғыртушы мем ретінде қарастырылады.
Ми мен сананың өзара байланысын түсіну – аталмыш "сана-дене проблемасы" – философия тарихындағы қиын және өзекті мәселелердің бірі есептеледі. Осынау мәселеге берілген жауапқа қатысты үш негізгі философиялық мектеп қалыптасқан: дуализм, материализм және идеализм. Дуализм сананың мидан тәуелсіз өмір сүретінін, онымен қатар, пареллель екенін дәріптесе, ал материализм менталды феномендердің нейронды феномендермен бірдей екенін, яғни сана дегеніміз нейрондар белсенділігі екенін дәріптейді; ал, идеализм тек менталды феномендер ғана шын екенін, ал физикалық шындықтар сананың арқасында расталып қана қоймай, сана негізінде рас бар болатынын айтады.
Тарихтар бойы талай философтар таным мидың ұлпасы (яғни нейрондар мен синапстер) секілді физикалық субстанция арқылы жүзеге асуы мүлде мүмкін емес деп есептеп келді. Сана-ми қатынасы туралы жінтікті ойлаған Декарт рефлекстер мен басқа да қарапайым қылықтарды механикалық тұрғыдан түсіндіру мүмкін деп есептесе де, бірақ күрделі ойлауды, әсіресе тілді тек физикалық миға сілтеме жасау арқылы түсіндіруге болатынына сенбеді.
Физикалық ми материясы мен сана арасындағы негізгі байланыстың ең тіке ғылыми дәлелі ретінде мидағы физикалық өзгерістердің санаға тигізетін әсерін айтуға болады, мысалы, травмалық ми жарақаты, немесе есірткі секілді психоактивті дәрілер қолдану секілділер. Философ Патрисия Черчлендтің айтуынша, дәрі мен сананың әсерлесуі ми мен сана арасындағы тығыз байланысты әйгілейді.
Философиялық сұрақтардан басқа, сана мен мидың қатынасы бірқатар ғылыми сауалдар туғызады, олардың арасында сана әрекеті мен ми қызметі арасындағы нақты байланысты түсіну, дәрілердің танымға әсер етуінің нақты механизмдерін ұғыну, сондай-ақ Зерде-нейрон сәйкесімі (ЗНС, Neural correlates of consciousness) мәселесі.
Сананың, немесе ділдің (mentality) нақты табиғаты жайында әртүрлі бәсекелес анықтамалар ұсынылған.Таным негізіндегі анықтама, немесе Епистемологиялық анықтама - сананың сыртқы объекттің мидағы елесін ғана емес, субъектке тән түрлі ішкі көңіл күйлерді де танымдық қабылдау екендігі сынды ерекшелігіне назар аударады; Танымдық қабылдау "Тікелей", "Жекелік" және "Мүлтіксіз" деп сипатталады. "Тікелей қабылдау" сананың бейтұжырымдық тану екеніне қаратылады. Егер біреу ауырса, ол өзінің ауыру сезімін тікелей сезе алады, осы үшін ол дене мүшесіндегі өзгерістерден тұжырымдап шығарып жүрмейді. Дегенмен адам сезіну арқылы ағаш, немесе мысық секілді сыртқы объектілер туралы да бейтұжырымдық білім қалыптастыра алады, ол ағашты, не мысықты бірден көреді, ешқашан оны көруін тұжырымдап шығармайды, демек бұл критерийді тәптіштеп қарау керек. Сананың түрлі әлеуметтік сыртқы фактілерден тағы бір маңызды айырмашылығы, оның "Жекелік қабылдау" болуы. Мысалы, құлаған ғаш адамның аяғын жаншып кетсе, жәбірленушінің ауырсынуы екінші бір адам үшін мүлде жабық жеке өзілік сезім ғана болады, ауырсынуды ол тек өзі ғана сезіне алады, ал оның қасындағы адамның оны аңғаруы тек жәбірленушінің айғайлауы, түрінің бұзылуы секілді қиналған көріністерден тұжырымдап шығару ғана болады, бірақ ол ешқашан жаны қиналушының тегі қалай қиналғанын тіке сезе алмайды. Дәстүрлі таным бойынша, бізде өз психикалық күйлеріміз туралы "мүлтіксіз білу" бар, яғни олар еш қатесіз, қалай болса дәл солай білінеді.[11] Мысалы, біреудің алақаны қышыса, ол бұл сезімнің шынымен болып жатқаны туралы қателесуі мүмкін емес деген сөз. Адам әдетте тек менталсыз себептер туралы қателесуі мүмкін, мысалы, бұл қышу жәндіктің шағуынан ба, әлде инфекциядан ба, әлде басқа себебі бар ма, зерттеуіне тура келеді. Дегенмен, Мүлтіксіздік туралы мәлімдемелерге әртүрлі қарсы мысалдар да ұсынылды, сондықтан бұл критерий қазіргі заманғы философияда толық қабылданбайды. Эпистемологиялық анықтама, немесе танымдық анықтама негізінен саналы күйлерге көбірек назар аударады, бірақ бейсаналық күйлерді жоққа шығарады. Мысалы репрессияланған аңсарды танымдық тұрғыдан анықтау өте қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |