«Спорт және Өнер» факультеті «Дене тәрбиесі және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы



бет2/4
Дата14.05.2024
өлшемі74.71 Kb.
#501031
1   2   3   4
псих бөж1

1.2. Психика туралы ұғым.

  1. Психика, бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынас кезінде пайда болған, және де адамның қимыл іс әрекеті мен ойлау процесіне әсер ететін, шынайы құбылысты өзінше қабылдау түрі.

  2. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды;қоғамдық еңбекүдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны — адам санасы.

  3. Адамныңрухани жетілушілігі, оның рухани сапасы,көңіл-күйиірімдерінің жиынтығы.

Психика (гр.psychikosішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғашИ.М.Сеченовдәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика —1) объективті шындықтытүйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;


2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.
Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып,индивидахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады.

Психикалық құбылыстарды идеалисті тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика — тәнсіз, материалсыз негіздің — «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі,— дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады.


Психиканы материалистік тұрғыдан түсінудід идеализмге қарамақарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында.
Материяның бірінші және психиканың екінші кезекті екендігін психиканың материяның дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда.болатындығымен нанымды дәлелдеуге болады. Жер бетінде психикаға ие тіршілік иелері пайда болғанға дейін жасы миллиардтаған.жылдармен есептелетін өлі табиғат болған. Алғашқы тірінілік иелерінің өзі бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрың ғана пайда болған.
«Жер бетінде,— деп жазды В. И. Ленин,— ешқандай адам, жалпы айтқанда, тіпті, ешқандай жан иесі болмаған және болуы мүмкін де емес уақытта жердің осы қалпында бар болға-нын жаратылыс тану ғылымы батыл қуаттап отыр. Организмді материя кейін жаралған нәрсе, ұзақ уақыт дамудың жемісі... Материя — алғашқы нәрсе,— ой, сана, түсінік,— өте жоғары
Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы
Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын қасиеті. Ол – көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материалық дүниенің жетілген бейнесі.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамының дүниеге келуі.
Күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегін төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді. Сана – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидттен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады. Сан жеке адмға тән дара қасиет. Адамның жеке санамен қатар өмір сүретін ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады деген түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды.
Дедерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана түсіндірмейді. Сонымен қатар. Табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет