Спорт психологиясы


Іс-әрекетке психологиялық дайындық



бет2/2
Дата03.01.2024
өлшемі18.85 Kb.
#488420
1   2
Дене және тактикалық даярлықтың ерекшеліктері

Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын болдандықтан, онша көріне бермейді. Адамнан ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз.
Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық.
Бұл процестің негізгі мақсаты-спортшының психологиялық дайындығын Жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы пстхологиялық дайындық деп аталады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады.
2-сұрақ: Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері.
Спортшының тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.
Тәсілдік дайындықтың психологиялық ерекшеліктері мен мәнін түсіну үшін мынадай ұғымдарға түсінік беру керек: тәсіл, мақсатқа жету;
Тәсіл-бұл жарыс жағдайына орай әдістік амалдарды қолдану құралдарының жиынтығы. Қызу жарыс кезінде спортшы немесе бүкіл команда тәсілінде белгілі бір өзгермелі қимыл сызығы көрінеді. Мысалы, семсерлесуші қарсыласының финттеріне назар аудармастан тұрған жерінде қатып қалуы мүмкін. Бұл оның жарысты жалғастырус үшін өз ойлары туралы қарсыласында қате пікірлер тудыру тәсілі.
Сонымен, тәсілдік іс-әрекет жарыс басында спортшы алдындағы шешімдер жиынтығынан құралады. Бұдан келіп тәсілдік дайындықтың белгілі бір жағдайларда алға қойылған мақсаттарды білдіретіндігін көреміз. Екі жағдайда да спортшының мақсаттары әр түрлі. Мысалы, ойын кезінде өз қарсыласынан құтылу, оған тосқауыл жасау шабылдаушы позицияға шығу керек болады. Осы мақсаттарға орай, ол жеке өзі, арнайы шешімдер қабылдауы керек. Жарыс кезіндегі спортшы қимылы мақсаттарды шешудің үзіліссіз шешімдер-күрделі реакциялар арасындағы спортшының тәсілдік ойлауының бірден-бір ерекшелігі.
Тәсілдік ойлау барысында спортшы мақсаты мен шешу құралы арасында байланысты орнатуға тырысады. Бұл жерде оқиғалар барысын алдын-ала түсіне білуі жағдайлардың мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала байқау ерекше орын алады. Қандай да бір шешім қабылдау кезінде спортшы қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын тез анықтап, ескерттуді, жарыс өтіп жатқан жағдайларды, сыртқы факторларды тез анықтауды үйрену тиіс.
3-сұрақ: Психологияда ойлау тапсымаларын шешу, ақпаратты өңдеу, оны түсіну (ақпаратты макроқұрылымдау, адамның оперативті есте сақтау көлеміне сәйкес тығыздау) ретінде қарастырылады /4/. Спортта тактикалық тапсырмаларды шешу және тактикалық ойлау туралы айтуға болады.
Тактикалық ойлауды үстел теннисі мысалында түсіндірейік. Қазақстандық авторлар – үстел теннисі бойынша КСРО спорт шебері З.П. Ананьева мен М.Г. Рыбинцева, «Психологическая подготовка спортсмена по настольному теннису» қолжазбасының авторлары теннисші көретін ауырлықтарды толық бағалауға көмектесетін салыстыру келтіреді /2/. Олар былай деп жазған:
«Салыстыру үшін қарсыластың он бір метрлік айып добын соғуға дайындығын байқайтын және оған жауап беруге дайындалуға уақыты бар футболдағы голкиперді алайық. Оның міндеті –допты кез келген жаққа тойтару». Ал теннис үстеліндегі ойыншы әр секунд сайын үш-төрт метр қашықтықтан келетін соққыларды қайтарады. Сондықтан ол үнемі жоғары дайындық жағдайында болып, допты жәй ғана тойтармайды, жауап доп қайтарады. Басқаша айтқанда, қарсыластар әр секунд сайын кезектесіп, голкипер болады.
Әр ойында қағылған доп, яғни гол қарқынды эмоцияларды туындатады. Үстел теннисінде «голдар» әр 15-20 секунда сайын болады. Бір партияда ғана 30-50 «гол» болуы мүмкін. Жарыс барысында спортшы мыңдаған эмоцияларды бастан кешіреді: ұпай жеңіп алса – жағымды импульс, жеңілсе –жағымсыз. Спорттың ешбір басқа түрінде адам сонша психологиялық ауырлықты сезінбейді. Алайда, тактикалық қателер болмай қалмайды және оларды талдауды спортшы ойын барысында одан әрі болдырмау үшін жүргізіп отыруы қажет. Тактикалық ойлаудың кеңістігі кең байтақ, бірақ оның полюстерін сызуға болады. Бір полюсында – қалыптаспаған тактикалық ойлау. З.П. Ананьева және М.Р. Рыбинцева көрсеткендей, үстел теннисінде тактикалық ойлаудың қалыптаспауының салдарынан спортшы талдаудың орнына күйгелектенеді, бұл жарыс кезінде жетекші теннисшілерде де кездесуі мүмкін екен.
Тактикалық ойлаудың даму деңгейін іс жүзінде тексеру үшін бұл авторлар мынадай сұрақтарды ұсынады:
1) Допты соғуға дайындық кезінде өзіңе бір міндет қоясың ба?
- ешқашан – 10 ұпай
- кейде – 20 ұпай
- әрдайым – 30 ұпай
2) Барлық қарсыластарыңмен сен бірдей ойнайсың ба?
- иә 10 ұпай
- кейде – 20 ұпай
- жоқ – 30 ұпай
Спортшының тактикалық ойлауының басқа полюсінде – спортшы өз әрекеттерін ойлауға үлгермейді, көбінесе интуицияға сүйене отырып, «алдын ала болжау, шамалау, сезу арқылы жауап қайтарады, бұл жарысқа ерекше сән береді».
Тактикалық ойлау кестелері бапкерден жаттығуларда және жарыстарда беретін ақпарат негізінде қалыптасатынын байқауға болады. Бірақ тактикалық шешімдер өзіндік бақылау мен талдаудың, ойын үстінде өзіндік интеллектуалды жұмыстың негізінде пайда болуы да мүмкін.

Әйгілі ресейлік үстел теннисшісі Максим Шмырев тізесінен қатты жарақат алды, бірақ жарысқа қатысуға бел буды. Ол түнімен жарақатталған тізеге қарамай белгілі қарсыласпен тиімді әрекет атқаруға көмектесетін ойын нұсқаларын ойлап шықты. Барлық болуы мүмкін жағдайларды, әрекет кестелерін ескерді – нәтижесінде командаға қажет ұпай алды.


Спортшы неғұрлым жеке даралық, өзіндік ойы бар адам ретінде дамыған болса, солғұрлы ол спорттық күресте өзіндік тактикасын таңдай алады (кейде өзі жаңа тактика ойлап табады). Егер спортшы тактикалық шешімді қабылдауда толығымен бапкерге сүйенетін болса, ол – тұлға, бірақ жеке даралық болды деп айта алмаймыз. Жаттығуда жақсы орындалатын әрекеттер кейде жарыста жарамайды, бапкер әрдайым дұрыс тактикалық шешім бере алмайды.
Дара спортшы өз басымен ойлауды таңдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет