«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты



жүктеу 0.88 Mb.
бет1/5
Дата22.02.2016
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 27 шілдедегі

981 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Спорт құрылыстарына санаттар беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Спорт құрылыстарына санаттар беру мемлекеттік қызметін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы ұсынады.



Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

Бірінші, екінші және үшінші санаттарды беру мемлекеттік қызметін осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы ұсынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 17) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/59 бұйрығының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:



1) уәкілетті органның www.mts.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz  интернет-ресурсында;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берілуі мүмкін.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес спорт ғимаратына паспорттың үлгілік нысанында көрсетілген санатты беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет спорт құрылыстарының басшыларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:



1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа жүгінген сәттен бастап 7 жұмыс күнінен аспайды (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жол берілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда ұсынады);

2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушыға жүгінген күнінде қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша оның жұмысы қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.

Жергілікті атқарушы органдарда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес оның жұмысы қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.

Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанға дейін, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күту үшін арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стенділер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшiн орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1) спорттық құрылысқа санат беру туралы еркін нысандағы өтініш;

2) спорт құрылысы паспортының толтырылған үлгілік нысаны;

3) спорт құрылысының пайдалануға беріктігі, құрылыс конструкцияларының орнықтылығы және қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін қамтамасыз ету бөлігінде техникалық тексеру актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

12. Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.

13. Орталықта құжаттар қабылдауды операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:



1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, және олардың байланыс телефондары.

15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.



Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға береді.

16. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган аталған мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:



1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;

2) ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса.

Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:



1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;

3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;

5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңдігі;

9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды алу үшін оларды сақтау;

12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

13) тиімділік;

14) сыпайылық.

 

 



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтармен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу және шағым дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады.



Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, алушы осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жоғары тұрған инстанцияға жүгіне алады.



Орталықтың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі.

22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс кестесі мен мекенжайлары осы стандарттың 26-тармағында және 1, 2, 3, 6-қосымшаларында көрсетілген уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, әкімдіктердің, орталықтардың және «Орталық» РМК кеңселерінде қолма-қол қабылданады.

23. Уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, әкімдіктің, орталықтың және «Орталық» РМК өтініштің қабылданғанын растау кеңсесінде оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.

24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.



Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

25. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

26. «Орталық» РМК мекенжайы:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

 

«Спорт құрылыстарына



санаттар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мекенжайы мен жұмыс кестесі

 


Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңсесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304-кабинет

8(7172)753427

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

2.

Бұқаралық спортты дамыту басқармасы

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1605-кабинет

8(7172)753290, 751028

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

3.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының қабылдау бөлмесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001-кабинет

8(7172)753010, факс 753480

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет