Спорт сергектіктің серігі С. Сейфуллин атындағы Қазату-да «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиада мәресіне жетті



Дата25.02.2016
өлшемі5.82 Kb.
#24434
Нұр Астана.- 2012.- № 25.- 21 маусым
Спорт сергектіктің серігі

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиада мәресіне жетті.

ҚазАТУ мен ЖОО жанындағы колледждің оқытушылары арасында ұйымдастырылған шара биыл баскетбол (әйелдер арасында), шағын футбол (ерлер арасында), волейбол (әйелдер, ерлер), шахмат,үстел теннисі және шаңғы жарысы бойынша өтті. Спартакиадаға барлығы 505 адам қатысты.

Спорттың сегіз түрінен өткізілген спартакиада нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынды әкімшілік-шаруашылық бөлімінің командасы жеңіп алса, екіншісі компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің, ал үшінші орын экономикалық факультет оқытушыларына бұйырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет