Справочник-путеводитель студента дистанционного обучения Қызылорда 2014 ж



Дата08.07.2016
өлшемі329.02 Kb.
#185683
түріСправочник



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ




Қашықтан оқыту жүйесі

студентінің анықтама-бағыттаушысы

Справочник-путеводитель студента

дистанционного обучения

Қызылорда – 2014 ж

Қашықтан оқыту жүйесі студентінің анықтама – бағыттаушысы «Болашақ» университетінің Ғылыми Кеңесінің отырысында мақұлданды.

«___»_____ 2014 ж №___ хаттама.

Құрастырған: Досмамбетова Айсұлу Ажарбекқызы - қашықтықтан оқыту орталығының директоры

Жүгініс Венера Cарбайқызы - қашықтықтан оқыту орталығының жетекшісі

Қанатбаева Айнұр Русланқызы – қашықтықтан оқыту орталығының жетекшісі

Құрметті студенттер!

«Болашақ» университетіне оқуға түсіп, сіз дұрыс таңдау жасадыңыз.
«Болашақ» университеті – Сапалы білім беретін аймақтағы ірі ғылыми-білім беру және мәдени орталықтарының бірі.

Болашақ Университеті бұл:

• мемлекеттік емес жоғары оқу орны;

• мамандарды даярлауда 20 жылға жуық тәжірибесі бар;

Сіз, «Болашақ» университетіне (әрі қарай БУ) оқуға түсіп, білімге қашықтан оқыту технологиялары көмегімен қол жеткізесіз.

Қашықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқу үрдісіне қатысты негізгі талаптар 01.09.2009 жылдың ҚР МЖМБС 5.03.004-2009 «Оқу үрдісін қашықтан оқыту технологиялар арқылы ұйымдастыру. Негізгі ережелері» және № 169 2011 жылғы 13 сәуірінің ҚР білім және ғылым Министрінің «Оқу үрдісін қашықтан оқыту технологиялар көмегімен ұйымдастыру ережелерінде» берілген.


Осы басылымның мақсаты студенттерді өз міндеттері және ЖОО-ғы қашықтан оқыту технологиялары (әрі қарай ҚОТ) бойынша оқу үрдісіне қатысты жалпы талаптарымен ақпараттандыру. ҚОТ қатысты әр-түрлі сұрақтарымен Сіз Қашықтан оқыту бөліміне хабарласып, сонымен қатар www.bolashak-edu.kz.сайтынан ала аласыз.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ (арақашықтан білім алу)

• ақпараттық және педагогикалық технологиялардың жиынтығы, білім беруші мен білім алушының өзара және білім беру құралдары, орналасуы және кеңістіктегі уақыт арқылы келісумен мақсатты ұйымдасқан үрдістің синхронды және асинхронды интерактивті түрдегі өзара байланысы. Қашықтан оқыту білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолы арқылы байланыс сағатын қысқартады. Негізінен БУ-де қашықтықтан оқытудың кейстік және желілік технологиялары пайдаланылады.


Қашықтан оқыту жүйесінің МАҚСАТЫ сырттай оқу түрі студенттерінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жоғары деңгейлі білімге қол жеткізуі, БУ түлектерінің еңбек нарығында бәсекелестіктерін арттыру болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін:

• кредиттік оқыту жүйесі технологиясының принциптерін пайдалануы;

• қашықтықтан оқыту жүйесінде кейстік және желілік технологияларды пайдалануы;

• білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен жетекшілік етуге;

• білім алушылардың оқыту ресурстарына жеңіл қол жеткізуі;

• оқуға жеке түрде амал пайдалануға;

• білім сапасын бағалауды ұйымдастыру мен оқу жоспарын орындауы қажет.


КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯ - білім беру үшін негізгі қажетті ақпарат пен білім беруде пайдаланатын әдістердің сипаттамасы пәннің оқу-әдістемелік кешендерінде (ПОӘК) - «кейстарда» берілген, оның дәстүрлі оқыту түрінен айырмашылығы - білім алушы үшін білім беру бұлағы оқытушы болып табылады. Нақты құрылымдалған және толықтырылған оқу-әдістемелік материалдары студенттерге өз беттерімен танысу мен оқу үшін және соңынан оқытушыдан кеңес алуға қажет болады.
«Болашақ» университетінде кейстік технология негізінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру.

• Оқу үрдісі білім беру мекемесінің жетекшісімен бекітілген қашықтан оқыту технологиялары бойынша жұмыс оқу жоспары негізінде ұйымдастырылады. Жұмыс оқу жоспары МЖМБС сәйкес типтік оқу жоспары негізінде құрастырылады. БҚМУ оқу үрдісінде таңдалған қашықтан оқыту технологияларына сай келетін оқу сабақтарының түрлерін пайдаланады.

• Жеке оқу жоспарды білім алушы эдвайзердің көмегімен құрастырып, кафедра меңгерушісі және қашықтан оқыту бөлімінің жетекшісімен келісіліп, факультет деканымен бекітіледі.

• Қашықтан оқыту технологиялары бойынша білім алып жатқан студенттер үшін оқу сабақтары басталмас бұрын қашықтан оқыту технологиялары және жүйесі бойынша кіріспе оқыту сабақтары өткізіледі.

• Оқу жылы екі сессиядан тұрады, бірінші курста ұйымдастыру сессиясы енгізіледі. Ұйымдастыру сессиясы теориялық қана болады, қалғандары теориялық және емтихандық болып келеді. Студенттің өзіндік жұмысы сессияаралық кезенде орындалады. ОЖСӨЖ, аралық бақылау және қорытынды бақылау (емтихан) келесі семестрде өткізіледі.

• Білім алушылардың өзіндік жұмысы пәннің оқу-әдістемелік кешендеріндегі әдістемелік нұсқаулар және оқу материалдар негізінде ұйымдастырылады. Осы мақсатта студенттер ПОӘК әр түрлі жабдықтарда қамтамасыздардырылады.

• Сессия аралығында қашықтан оқыту технологиясы бойынша студент теориялық материалдарды өз бетінше оқып, тьюторлардан кеңес алып отырады. Оқытушының/тьютордың жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы барлық оқу пәндері бойынша интерактивті кеңестен тұрады (чат, форум арқылы).
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯ - Интернет желісін пәннің оқу-әдістемелік кешеңдерімен білім алушыларды қамтамасыз етуге және оқытушы мен студент арасындағы интерактивті байланысты қамтуға пайдалану. Желілік технология арнайы бағдарламалар көмегімен оқу материалдарына жеңіл қол жеткізу және оқытушыдан on-лайн мен off-лайн режимінде кеңес алу үшін іске асырылады.
Студент мамандықтың ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ бойынша толық 5 жылдық оқыту түрінің бағдарламасымен 128 кредиттен кем орындамауы тиіс. Орта арнаулы білімі бар және 3 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша оқитын студенттер 96 кредиттен кем орындамауы тиіс. Жоғары білімі бар және 2 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша оқитын студенттер 64 кредиттен кем жинамауы тиіс.

Оқытылатын пәндердің сағаты мен көлемі кредитпен саналады, бір кредит 45 оқу сағатқа тең. Бір кредитті оқу үшін 6 ұйымдастыру (аудиториялық) сабақ, (4 сағат дәріс, 2 сағат практикалық сабақ), 4 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ), 35 сағат студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) жоспарланады.


ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КЕСТЕСІ МЖМБС мен оқу және семестрлік жұмыс жоспары негізінде жасалады. Оқу жылы 2 теориялық және емтихан сессиясынан тұрады, бірінші курсқа тұрақтандыру сессиясы енгізіледі. Тұрақтандыру сессиясы тек қана теориялық түрде, ал келесі сессиялары теориялық және емтихандық түрде болады. Кейстік технология бойынша теориялық сессияның ұзақтығы тұрақтандыру сабақтарының саны мен сол семестрдегі пәннің оқу жұмыс бағдарламасы бойынша жоспарланған ОЖөСӨЖ-ге байланысты. 1 аудиториялық сағат пен ОЖСӨЖ-дің 1 сағаты 50 минутқа тең. Студенттің өзіндік жұмысы сессияаралық кезеңде орындалады. Аталған пәнді оқу үшін ұйымдастыру сабақтарынан кейін ОЖөСӨЖ, аралық және қорытынды бақылау (емтихан сессиясы) келесі семестр кезінде өткізіледі.
Теориялық сессия кезіндегі ҰЙЫМДАСТЫРУ САБАҚТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ студенттерді курстың мақсаты, міндеттері және құрылымымен таныстыру, ПОӘК (электронды нұсқасын); теориялық материалдарды өз бетімен оқу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар; практикалық тапсырмаларды орындау туралы әдістемелік нұсқаулар; бақылау жұмыстарын орындау туралы талаптар мен әдістемелік нұсқаулар; қорытынды бақылауға (компьютерлік тестілеу) дайындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды тарату.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ пәннің оқу-әдістемелік кешендеріндегі (ПОӘК) әдістемелік нұсқаулар оқу материалдарының негізінде ұйымдастырылады. Осы мақсатта студенттер ПОӘК электронды ңұсқаларымен қамтамасыз етіледі.
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕҢДЕРІ (кейстік технологияға арналған) келесі тараулардан тұрады:

1. Пәннің типтік оқу жоспары.

2. Пән бойынша SYLLABUS - оқыту бағдарламасы.

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.

4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.

5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік және таратылу материалдары, қажетті әдебиеттер тізімі).

6. Семинар (практикалық) сабақтар жоспары.

7. Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар.

8. Типтік есептеу, есеп графикалық, лабораторлық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыс) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

9. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіндерін теру, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат және уақыт көлемімен әдебиет тізімі көрсетілген т.б. үй тапсырмалары.

10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар, есеп құжаттарының түрі (егер пәннің ерекшелігі қажет ететін болса).

11. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша түрдегі бақылау тапсырмалары, тестілікк тапсырмалар, өзін-өзі даярлауға арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.)

12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандырылуы (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтері және кітапхана, кафедра, т.б. мекенжайы көрсетілу қажет.

13. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі (файл 1).

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін:

1. ҚО ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (файл 2).

2. ҚО арналған оқу материалдары (файл 3).
СТУДЕНТТЕР БІЛІМІНІҢ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУЫ оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) кезінде топ сабақтары немесе жеке кеңес кестелеріне сәйкес өткізіледі. Студенттердің білімін аралық бақылау типтік оқу бағдарламасының барлық тарауларын менгеруін, теориялық білім деңгейін тексеру жолымен, практикалық тапсырмаларды орындау, бақылау жұмыстары немесе оқытушының өзінің белгіліген тапсырма түрлерін өткізумен қарастырылады.

Білімнің аралық және қорытынды бақылауы баллдық-рейтингілік жүйе бойынша іске асырылады.



БАЛЛДЫҚ-РЕЙТИНГІЛІК ЖҮЙЕ бойынша білімнің бірінші және екінші аралық бақылауы мен қорытынды бақылауын қарастырады.

Бағалар жүйесі

Университетте студенттің білім деңгейін анықтайтын әріптік символдары бар көп балды жүйе пайдаланылады.



Білімнің әріптік бағалау жүйесі

Балдардың сандық эквиваленті

% -дық көрсеткіші

Білімді бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Білімді бағалауға ұсынылған саясаты:

р/н




Бағалау критерийлері

Бағалау түрі

Орындалған тапсырма үшін максималды бал

Орындалған тапсырма саны

1

Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтарындағы белсенділік

100

Мысалы:1 кредит – 2 аудиториялық сағат

2

Семинар (практикалық, лабораториялық тапсырмаларды орындау (сессия аралық мезгілде)

100

1 кредит – 15 тақырып

3

ОЖСӨЖ сабақтарындағы белсенділігі (тақырыптар бойынша есеп тапсыру)

100

Мысалы: 1 кредит – 4 аудиториялық сағат

4

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау (сессия аралық мезгілде)

100

1 кредит ОЖСӨЖ 15 тақырыбы

5

СӨЖ тапсырмаларын орындау (сессия аралық мезгілде)

100

1 кредит СӨЖ 15 тақырыбы

6

Проект жұмыстары

100

N

7

Жазба жұмыстары (эссе, баяндама, реферат, шығарма және т.б.)

100

N

...

Бақылаудың басқа түрлері

100

N




Аралық бақылау

100

2




Аралық аттестация

(Р1, Р2)


100

Барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы




Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2







Жіберілу рейтингі

Ағымдағы бақылау *0,6







Қорытынды бақылау (емтихан)

100*0,4







Барлығы

Жіберілу рейтингі+ Қорытынды бақылау (емтихан)





Курсты қайталау (F бағасын алған кезде)

1. Қанағаттанарлықсыз бағасын алған кезде және апелляциядан бас тарту жағдайында, студент қосымша оқыту/жазғы семестрде ақылы негізінде пәнді кері оқуына мүмндік бар

2. Егер студент қанағаттанарлықсыз бағасын екі рет алған болса, осы курсқа тағы оқуға өтініш жазуға құқылы немесе оқудан шығарылады.
БІЛІМНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. БУ-де оқыту үрдісінің білім беру сапалығы және объективтілігін арттыру мақсатында студенттер білімдерінің қорытынды бақылауы бөлінеді. Білімді қорытынды бақылануы (емтихан) компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі,
Компьютерлік тестілеудің жетістіктері:

Әрбір студент арнайы сұрақтар жинағына ие болады. Ол келесіден шығады: тест сұрақтары ішінен (мысалы, 850 тест ішінен құралған) студенттке тек бірнешесі ғана беріледі (мысалы, 25). Және де сұрақтар әдейі тандалмайды.

Нұсқа жауаптары араласады. Мысалы, студенттерге бірдей сұрақтар түскенімен (реттік нөмірі әр-түрлі болғанымен) дұрыс жауаптардың реттік нөмірі әртүрлі болады.

Әр бір студенттің нәтижесін қарауға болады.Оқытушыларға нақты ақпарат алуға болады: тестілеудің күні және уақыты, қойылған сұрақтардың саны, дұрыс жауаптар саны, жинаған балл саны және дұрыс жауаптардың пайызы.

Топ немесе студенттер топтары бойынша есеп жасау. Есеп бойынша студенттердің тестіленуі нәтижесінің кестелік түрде қарауға көмек болады.

Тестіленудің жылдамдылығы мен нақтылығы. Бағдарлама күніне 200-ден – 800-ге дейін студенттердің тестілеуден өткізіледі және нәтижесін өңдеп шығарады (ЖОО-ның компьютерлік класстар санына байланысты). Осы жағдайда оқытушылар студенттер жауаптарын талдаудан босатылады – олардың міндеті бағаларын біліп, емтихан ведомостісін толтыру.


Компьютерлік тестілеу барысындағы студенттерге арналған ережелер

Студент құқылы:

• калькулятор, қалам және бір бет қағазды пайдалануға (есептеу немесе аппеляциялық сұрақты жазу үшін);

• емтиханның басталуына 15 минут уақытқа дейін тестіленіп отырған пән бойынша ақпаратпен танысу.

Студент міндетті:

• емтиханға басталуына 15 минут бұрын келуі тиіс;

• тестілеуге келгенде сынақ кітапшасы (қаржылай қарызы жоқ және сессияға жіберілді деген мөрлерімен) және тұлғаны растайтын құжат болуы тиіс;

• тәртіп сақтаға тиіс;



Студентке тиым салынады:

• тестілеу аяқталған соң «Platonus» бағдарламасын жабуға;

• тестілеудің аяғына дейін компьютерлік сыныптан шығуға;

• ұялы байланыс құралдарын, дәріс конспектілерін, оқу және т.б. анықтама материалдарын пайдалануға;

• тестілеу бағдарламасын жабу және тестілеуге қатысты емес басқа да іс-әкетек жасауға;

Тестілеу Ережесін бұзу барысында акт жасалады.



• Бузушылық жасаған студенттің емтихан нәтижесі жойылып (0), апелляцияға берілмейді.

• Бұзушылық жасаған студент жөнінде мәлімет факультет деканаттарына беріледі.
АПЕЛЛЯЦИЯ – студенттердің білімдерін бағалау кезінде жіберілген қателіктерді немесе объективті емес бағалаған кездегі пайда болған факторларды анықтау және оларды жою процедурасы. Аппеляция студенттің қосынды рейтингіне әсер етіп, оның бағасын көтеретін жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Аппеляция студент өтініші бойынша келесі жағдайда:

• Тестілік тапсырмалар мазмұны дұрыс құрастырылмағанда;

• Тестілік тапсырмалардың дұрыс жауаптары болмаған кезде;

• Тестілік тапсырмалардың бірнеше дұрыс жауаптары болған кезде;

• Тестілік тапсырмалар ПОӘК оқу материалдарынан тыс болған кезде рұқсат етіледі.

Студент ББжА бөліміне емтихан нәтижесі белгілі болған күні комиссияның қарастыруын талап ете отырып, пәннің атауын және сұрақтың нөмірін көрсетіп аппеляция жөнінде өтініш жазады. Бекітілген регламент бойынша аппеляция емтиханнан кейін келесі күні өткізіледі.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде емтиханды кері тапсыруға рұқсат етілмейді.

Егер білім алушы емтиханға себепті жағдайларға байланысты қатыспаған болса, онда емтихан парағы бойынша кері тапсыруға рұқсат етіледі. Емтихан парағында рейтингілік бақылау баллы көрсетіліп, емтиханды алғашқы тапсыруы жөнінде белгі жазылуы тиіс.

Білім алушы «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған болса, пән бойынша сабақты ақылы түрде жазғы семестр кезінде оқуға құқығы бар (кеңес алу, оқу-әдістемелік материалдарын алу (кейс), білімнің аралық бақылауын жүргізу).
ҚОСЫМША ОҚЫТУ/ЖАЗҒЫ СЕМЕСТР

• Қосымша оқыту/жазғы семестр аралық аттестация (сынақ – емтихан сессиясы) нәтижесі бойынша академиялық қарыздары бар білім алушыларға, бір жоо-нан екінші жоо-на ауысу барысындағы оқу бағдарламаларындағы пайда болған пәндердің академиялық айырмашылығын жою үшін, бір мамандықтан екінші мамандыққа және бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысу үшін ұйымдастырылады.

• Білім алушыға қосымша оқыту/жазғы семестр академиялық қарызды жою және мамандықтың оқу бағдарламасымен жоспарланған пәндерді игеру мақсатында кеңес алу үшін ұйымдастырылады.


              1. • Қосымша оқыту/жазғы семестр күндізгі оқу түрі бойынша білім алушыларға ағымдағы аралық аттестацияның (емтихан сессиясы) соңғы күнінен кейінгі келесі жұмыс күні және сырттай оқу түрінің білім алушыларына сессияаралық кезенде ұйымдастырылады. Қосымша оқыту/жазғы семестрдің ұзақтығы 6 аптадан аспауға тиіс.

              2. Қосымша оқыту/жазғы семестр жөніндегі ақпаратты Офис Тіркеуші бөлімінен (әрі қарай ОТ), факультет деканаттарынан алуға болады.

        1. • Қосымша оқыту/жазғы семестр келесі кестеге сай іске асырылады:

1) ОТ бөлімі аралық аттестация (емтихан сессиясы) нәтижесі бойынша кредиттік технологиямен білім алудағы және академиялық қарыздары бар студенттер жөнінде мәліметті дайындайды. Бұл мәліметтер ОТ бөліміне ұсынылады.

2) Факультет декандары қосымша оқыту/жазғы семестрге академиялық қарыздары бар студенттердің ПОҚ және пәнге тіркелуін қамтамасыз етеді. Тіркелу орны: ОТ.

3) Кафедра меңгерушілері академиялық қарыздары бар студенттермен жұмыстану үшін ОТ қосымша оқыту/жазғы семестрдің бірінші аптасында негізгі курсты жүргізетін ПОҚ тізімін беру керек, яғни ақакадемиялық қарыз пәндері бойынша тьюторлардың бос уақытын ескере отырып.

4) Күндізгі оқу түрі бойынша білім алатын студент ағымдағы емтихан сессиясы аяқталғаннан бастап 3 жұмыс күні ішінде факультет деканаттарына қосымша оқыту/жазғы семестрге қатысу жөнінде өтініш жазады; қосымша оқыту/жазғы семестрге тиесілі оқу ақысын төлеп, түбіртекпен дәлелдейді. Егер күндізгі бөлімнің студенті көрсетілген мерзімде, ал сырттай оқу түрі бойынша білім алатын студент келесі оқу семестрі басталғанға дейін осы шараларды іске асырмаса, факультет деканаттарының қызметтік жазбалары негізінде оқудан шығарылады.

5) ОТ 3 жұмыс күні ішінде берілген өтініштерді қарастырып, ақысы төленген соң қосымша оқыту/жазғы семестрге жіберу жөніндегі шешім қабылдайды;

6) ОТ мәліметтерді ұсынып отырады:



  • орталық диспетчерлік қызметке - қосымша оқыту/жазғы семестр бойынша кестені жасау және сабақтын өту барысын қадағалау үшін (оқытушының аты-жөні, пән атауы, сағат саны көрсетілуі керек) және ол кесте оқу ісі жөніндегі проректормен бекітілуі тиіс;

  • бухгалтерияның қосымша оқыту/жазғы семестрдің оқу ақысын төлемі жөнінен қадағалау секторына (білім алушының аты-жөні, кредит саны, төлем ақысы) кредит-сағаттын құнын анықтау және ПОҚ қосымша жалақысын төлеу үшін. Бір кредит сағаттың құны ҚР БжҒМ бекітіледі және оқу ақысы және кредит санына қатысты есептеледі.

  • 7) Кеңес алу немесе білім алушының пән курсы бойынша кері оқуы, рейтингілік ведомостіге қойылатын білімнің аралық бақылауын жүргізу, қосымша оқыту/жазғы семестрге жіберілгеннен бастап 3 апта (2-4 апта) аралығында іске асады;

8) Қосымша оқыту/жазғы семестр аяқталғаннан соң, білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) өтуге тиіс, нәтижесі рейтингілік – емтихандық ведомостіге толтырылып факультет деканаттарына үлгерім базасын жүргізу үшін тапсырылады;

9) Қосымша оқыту/жазғы семестрдің нәтижесі бойынша факультет деканаты білім алушыны курстан курсқа немес оқудан шығарылуы жөнінде шешім қабылдайды.

• Академиялық қарызы бар білім алушы қосымша оқыту/жазғы семестрді таңдау мүмкіндігісіз негізгі курсты жүргізген оқытушыдан өтеді. Қосымша оқыту/жазғы семестрдің кестесін жасау барысында университет тьюторларының уақыттарын ескере отырып жасайды.

• Оқытушы сабақты уақытылы және сапалы өткізуге міндетті, рейтинг бағасын қойып, емтихан ведомостісін жатуға тиісті.

10) Студенттердің білім деңгейін бағалау баллдық-рейтингілік жүйеге сай жасалады және білім алушының білім деңгейін тәуелсіз бақылау принципі арқылы іске асады, мамандықтың оқу бағдарламасынан тыс берілген пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейінің бағасын қосымша оқыту/жазғы семестрді жүргізетін дәріскер (тьютор) жүргізе алады.

• Қосымша оқыту/жазғы семестр кезінде меңгерген мамандықтың оқу бағдарламасының пәндері бойынша емтихандардың нәтижесі келесі оқу жылының GPA көрсеткішін құрайды.

• Бір кредиттің құны оқу жылына бекітілген оқу ақысы және берілген кезенде игерілген кредит саны арасындағы есептеліп шығарылған көрсеткіш. Оқу жылының оқу акысы жоғары білім беру мекемесінің білім беру іс-әрекетінің барлық шығындардын ескере отырып анықталады. (БҚМУ жыл сайын ережеге қосымша ретінде пәндер тізімін және бір кредиттің ақысын бекітіп отырады).

•Егер білім алушы қосымша оқыту/жазғы семестр нәтижесі бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған болса, онда тағы бір жылға осы курста кері білім алуға өтініш ұсына алады.

Ал өтініш бермеген немесе кері оқуды қаламаған білім алушыны факультет деканаттарының қызметтік жазбалары негізінде оқудан шығарылады.
БУ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯСЫ. Оқу бағдарламасының барлық талаптарын жақсы орындап шыққан студент қорытынды аттестациядан өтуге рұқсат алады. Қорытынды аттестациядан өткен студент жоғары білім туралы қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом алады және бакалавр академиялық дәрижесі тағайындалады.

БҚМУ білім алушыларының қорытынды аттестациясы қорытынды кешенді (пәнаралық) емтихан түрінде өткізіледі, сонымен қатар дипломдық жұмысты қорғау түрі де болады. Студент ұсынылған тізімнің ішінен дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға құқылы немесе өзінің тақырыбын ұсына алады. ҚР МЖМБМ сәйкес дипломдық жұмысты дайындау және қорғау мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал ағылшын тілі базалық саналатын бағдаламаларда ағылшын тілінде жүргізіледі. ҚР БжҒМ талаптарына сәйкес аттестацияның өткізілу түрі мен шарттары студенттерге аттестацияның басталуына 4 ай мерзім уақыт қалғанда айтылуы тиіс. Қорытынды аттестация академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.

Соңғы курста өткізілетін қорытынды мемлекеттік аттестацияға нақты кредиттер санын (GPA) жинаған және мамандықтың оқу бағдарламасын толық орындаған студент қана жіберіледі.
АУЫСУ БАЛЛЫНЫҢ (GPA) ДЕҢГЕЙІ. Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) – келесі формуламен анықталатын білім алушылардың орташа есептелген бағалау деңгейі:
бұл жерде:

, ,…— пән бойынша сандық эквиваленттегі қорытынды бағалар;

           , ,…— оқытылған пәндердің кредитпен берілген көлемі;

           п –оқу кезеңдерінде барлық оқытылған пәндер саны.

Жазғы сынақ-емтихан сессиясы ауыспалы саналады, және келесі курсқа көшу үшін сессияны тек жағымды бағаға тапсыру шарт емес. Студенттерді курстан курсқа көшірудің орташа ауысу балы жоғары оқу орнымен өз бетінше бекітіледі. Егер білім алушы бекітілген деңгейден төмен жинаса, онда ол кері оқуға қалдырылып, келесі оқу жылында бұрын таңдалган жеке оқу жоспар бойынша білімін жалғастырады немесе көрсетілген бағытта жаңадан жеке оқу жоспар құрастырады.


ОҚУДАН ШЫҒАРУ, АУЫСУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ. БУ студенттерінің оқудан шығарылуы және қайта қабылдануы ҚР БжҒМ бекіткен 2008 жыл 9 желтоқсандағы №638 бұйрығымен «Білім ұйымдарындағы ауысу және қайта қабылдану ережесі», жоғарғы оқу орнының ішкі ережесі, университеттің Жарғысы, БУ студенттерінің Абырой кодексіне сай жүзеге асырылады.
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӨЛЕМ АҚЫ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

  • Мемлекеттік стандарт көлемінде көрсетілетін білім беру қызметіне төленетін валюта - тенге.

  • Оқудың ақшасын төлеу мен түбіртек келісімшарты оқудан шығу жөніндегі бұйрықтағы күнге дейін сақталады.

  • Оқу ақысын төлеу қолма-қолсыз төлемдер амалымен университеттің есеп шотына аудару немесе тікелей жолмен іске асырылады.

  • Оқу ақысын төлеу шығындары келісімшартқа отырғаннан бастап барлық аралықта бір уақытта жасалады, төлем ақы көлемі оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертілмейді.

  • Көрсетілген ережеге сай ақша айналымына байланысты шығындардың есебі көбейген жағдайда ғана, төлем ақы көлемі жылына бір рет өзгертілуі мүмкін.

Төлем ақы есебі өзгерген жағдайда немесе келісімшарттың басқа да жағдайларында 1 ай бұрын университеттің құрылымдық бөлімдері және жауапты тұлғалар жазбаша түрде оқу жылы басталғанға дейін ескерту керек.

  • Оқу ақысы төленген бастап, студенттердің университеттен шығарылуы, қайта қабылдануы немесе ауысуы, сонымен қатар академиялық демалысқа шығарда, көрсетілген қызметке сай міндетті түрде университетпен келісім шартқа отырады.

  • Келісімшартты орындамаған жағдайда, университеттің келісімшартты бұзып оны біржақты жағдайда іске асыруға құқығы бар. Студенттердің себепсіз сабақтан қалуы немесе ескертусіз сабақтан шеттетілуі (өтініші және растайтын анықтама болмаса), оқудан шығарылғанға дейін бұйрыққа сәйкес оқу ақысын төлеуден босатылмайды.


Оқуға қабылданудағы төлем ақы шарттары

  • Университетке қабылдануы бастапқы емтихандарды жақсы тапсыруына және есеп шотқа ақшаның түсуіне байланысты, күндізгі оқу түрінде жылдық құнының 30 % және сырттай оқу түрінде жылдық құнының 50 %-і төленуі керек.

  • Күндізгі оқу түрінде алғашқы төлем ақысы оқу жылының басталуына дейін 30% төмен болмау керек және жыл сайын 1 қазанға дейін төленеді. Кей жағдайда оқудың төлем ақысы келесі кестені сақтай отырып ай сайын, тоқсан сайын төленеді:

Қысқы емтихан сессиясы басталғанға дейін, 1 ай бұрын оқудың төлем ақысының 50 % төлеу керек; 1 сәуірге дейін жылдық құнының 75 %, жазғы сессия басталғанға дейін жылдық құнының 100 %-ін төлеу керек.

Сырттай оқу түрінде кейінгі аралыққа алғашқы төлем жылдық құнының 50 %-і, ағымдағы әрбір сынақ-емтихан сессиясы басталғанға дейін, не ай сайын әрбір емтихан сессиясы басталғанға дейін төлеу керек.


Қайта қабылданудағы төлем ақы шарттары

  • Қайта қабылдануға өтініш жазар алдында, алдын ала пәндердің академиялық айырмашылығын, сонымен қоса оқудың төлем ақысын тарифтік есепке байланысты төлейді:

- Күндізгі оқу бөлімінде – жылдық құнының 30 %;

- Сырттай оқу бөлімінде – төмендегі жағдайларды есепке алғанда, жылдық құнының 50 % төлейді;

а) егер студент жоғарғы оқу орнынан себепті жағдаймен шығарылса (өз еркімен), немесе академиялық демалыста болса, онда оқудың төлем ақысы қайта қабылданып жатырған курстың бағасымен төленеді.

б) егер студент жоғарғы оқу орнынан себепсіз жағдаймен шығарылса (төлем ақы жөніндегі келісімшартты орындамай), академиялық демалыстан кешіксе, институтпен байланысты үзгенде және т.б., онда оқудың төлем ақысы 1 курстың бағасымен төленеді.



БУ –не ауысқандағы төлем ақы шарттары

  • Ауысу жөнінде өтініш жазғанда (оқитындардың ауысуы жөніндегі типтік ережеге сай), алдын ала пәндердің академиялық айырмашылығын, сонымен қоса оқудың төлем ақысын тарифтік есепке байланысты, ауысып жатқан курсының бағасымен төлейді:

Күндізгі оқу бөлімінде – жылдық құнының 30 %;

Сырттай оқу бөлімінде –жылдық құнының 50 %.


Оқудан шығарылғандағы төлем ақы шарттары

  • Өз еркімен оқудан шығуға өтініш берген жағдайда келесі шарттарды орындайды:

а) оқуына байланысты, оқудан шығару жөнінде бұйрыққа дейінгі барлық шығындарын төлейді

б) қайтыс болғанда тізімнен шығарылады, өлгендігі туралы куәлік болғанда ғана.



Академиялық демалыстан шыққандағы төлем ақы шарттарын рәсімдеу

  • Академиялық демалысқа шығуға өтініш жазар алдында, студент барлық шығындарын төлеу керек.

  • Академиялық демалыстан келгендігі жөнінде өтініш толтырғанда, білім беру қызметіне байланысты жаңа келісімшартқа отырады, оқудың төлем ақысы жалғыстыратын курстың бағасымен есептеледі.

Академиялық демалыстан келгеннен кейін академиялық айырмашылықты жою ақылы түрде жүргізіледі.
Қосымша оқыту/жазғы семестр, университетке ауысу және қайта қабылдануы кезіндегі оқу бағдарламасындағы академиялық айырмашылық және академиялық қарызды жоюға қатысты төлем ақы шарттары.

  • Пәндердің академиялық айырмашылығында және/немесе ауысқанда, қайта қабылданудың ақылы негізінде кредит саны (дәстүрлі жүйедегі пәндер айырмашылығы) және берілген өтініш негізінде оқудың төлем ақысы сол тарифпен калады.

  • Білім грантында оқитындардың академиялық қарызы бар болса, пәндердің академиялық айырмашылығы ақылы негіздегідей болады.



Мемлекеттік емтихандарды тапсырмаған және дипломдық жұмысты қорғамаған, бірақ оқу жоспарын орындаған білім алушылардың академиялық қарыздарын төлеудегі төлем ақы шарттары (жоғарғы оқу орнына қайта қабылдануы үшін).

  • Қайта қабылданған студент мемлекеттік емтиханды тапсырып, дипломдық жұмысты қорғауға (диссертация), тарифке сай пәндер арасындағы академиялық айырмашылықты төлейді.


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БӨЛІМІНІҢ МІНДЕТІ

Қашықтан оқыту бөліміақпараттық және телекоммуникациялық құралдар көмегі негізінде қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру жөніндегі құрылымдық бөлімше. ҚОБ басты міндеттері:

• БУ қашықтан оқыту технологиясы жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету;

• ПОҚ-ты қашықтан оқыту технологиялары бойынша әдістемелік тұрғыда дайындау;

• «Платон» қашықтан оқыту жүйесінің қызметін ұйымдастыру;

• қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру.

• әрбір білім алушыға ҚОТ шеңберінде білім контентіне тікелей немесе қосымша түрде қол жеткізу;

• жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім алушылардың білім алуы, дамуы және шығармашылық даралығын көрсету үшін жағымды жағдай жасау;

• қашықтан оқыту технологиялары арқылы іске асып жатқан оқу пәндері үшін электронды оқу-әдістемелік кешендерін жасау және БУ білім порталына орналастыру;



• қашықтан оқытудың желілік технологиялар бойынша оқу үрдісінің ұйымдасуын қамтамасыз ету.
Студенттердің университеттегі этикалық нормасы мен іс-әрекет ережесі:

  • Өзара құрметтеу. Студент әдептілік сақтап және профессорлық-оқытушылар құрамына, кызметкерлерге, басқа студенттерге құрмет көрсету керек.

  • Ұқыптылық. Оқу үрдісіндегі тәртіпті мүлтіксіз сақтап, сабаққа қатысып, білім беру бағдарламасында және оқу жоспарында қаралған барлық тапсырмаларды өз уақытында орындау керек. Білім алуда жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін студент өзінің бар мүмкіндігін пайдалану керек.

  • Тәртіптілік. Студент тәртіпті болып, мұқият, дұрыс киіну керек. Оқу ғимаратында сыртқы киіммен жүруге тиым салынады. Университетте студенттердің ұрлық жасауына, спирттік ішімдіктер пайдалануына, мас күйінде жүруіне, шылым шегуге тиым салынады. Оқу ғимаратында сабақ үрдісіне кедергі келтіріп қатты сөйлеуге, айқайлап-шулауға тиым салынады. Сабақ арасындағы үзілістерде студенттер демалуға арналған орындарда демалады.

  • Пунктуалдылық. Студенттің сабақ басталғаннан кейін аудиторияға кіруіне және сабақ үстінде кіріп-шығып жүруіне тиым салынады.

  • Белсенділік. Студент университеттің оқу, қоғамдық және спорттық өміріне белсенді араласу керек.

  • Үнемділік. Материалдық заттарды үнемді және ұқыпты пайдалану керек: ғимаратқа зиян келтірмеу, оқу ғимаратындағы мебел мен баска да жабдықтарға, зертхана, жатақхана, парта, столдарга жазбау керек; студент Университеттің кітапхана қорына ұқыпты қарауға міндетті.

  • Жауапкершілік. Университеттің Жарғысына сәйкес студенттің құқықтары мен міндеттері бар және студенттер осы Кодекстің сақталуына жауапты.


Студенттердің оқытушылар және Университет басышылғымен қарым-қатынасы.

  • Студент, белгіленген тәртіппен, оқуға және қоғамдық іс-әрекетке байланысты сұрақтармен басшылыққа байланыса алады.



Университет студенттерінің өзара қарым-қатынасы.

  • Университет студенттерінің қарым-қатынасы мынадай негіздермен құрылады; араласу, сенім, ынтымақтастық, өзара түсіністік және көмектесуден.

  • Студент өзге студенттермен қатынаста әдепті болып, өзара әңгімелескенде бұқараны, кәсіптік немесе адамдық қасиеттерді сынға алмау керек.



Қорытынды

  • Осы Кодекс Республикамыздың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне араласуға қабілетті, жоғары білікті мамандардың қалыптасуына негізделген, сондықтан да оның ережелерін, оқу түріне қарамастан университеттің барлық студенттері қолданып, сақтау керек.

  • Принципке сәйкес университет басшылығы жеке жауапкершілікке байланысты осы Кодекстің ережесін бұзған студентке төмендегідей жаза қолдануға құқы бар:

  1. ескерту;

  2. сөгіс беру;

  3. жеке іс қағазына жазылатын қатаң сөгіс;

  4. университеттен шығару;


ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер

• ғылыми кітапхана, негізгі оқырмандары: БУ студенттерінің, магистранттардың, профессорлық-оқытушылар және БУ қызметкерлер құрамының қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті болу керек:

• ғылыми кітапхана оқу бағдарламасы аясында БУ-дің барлық бөлімдерін тиімді, бәсекеге қабілетті кадр дайындау мақсатында оқытуға қабілетті;

• осы ереже БУ-нің әкімшілігінде қаралып, өзгертіле алады.


Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру:

• оқырмандарға қызмет көрсететін оқу залы, абонемент, электрондық оқу залынан құралған;

• оқырмандарға кітапхананы пайдалануға құқық беретін негізгі құжат студенттік билет болып саналады;


Оқырмандар, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.

Оқырман ережесі:

• кітапхана ұсынған кітапханалық-ақпараттық қызметтің барлық негізгі түрін тегін пайдалана алады;

• ғылыми кітапхананың барлық абонементтері мен оқу залдарынан кітап алуға және әртүрлі ақпараттық материалдарды уақытша пайдалануға болады;

• кітапхана қорының құрамы, карточка, кітапханалық ақпараттандырудың басқа да түрлері жөнінде каталогтар жүйесінен толық ақпарат алуа алады;

• ақпарат материалдарын іздеп, таңдауда консультациялық көмек алуға, соның ішінде Интернет желісі, CD-ROM және т.б. болады.

Оқырмандардың міндеттері:

• ғылыми кітапхана қызметкерлерімен әдепті және сыпайы қатынаста болу; негізі ережені сақтау;

• әдебиет алар кезде «Студенттік билет» немесе «Сынақ кітапшасын» көрсетеді, өзіне керек басылымның талаптарын толтырып, кітап формулярына алғандығы жөнінде қолын қояды;

• кітапхана қорынан алған құжаттарға ұқыпты қарау керек;

• алған құжатты белгіленген уақытта тапсыру керек, кітапханадан алып кетуге, белгілеуге, астын сызуға, беттерін жыртуға болмайды;

• құжаттарды немесе басқа да материалдарды алғанда оқырман мұқият қарап және қандай да бір ақау тапқан кезде, кітапханашыға айтып, көрсету керек, әйтпесе кітаптың бүлінгеніне құжат арқылы пайдаланған соңғы оқырман жауапты болады;

• барлық оқу түрілерінің студенттері-дипломниктары кітапханамен диплом алғанға дейін есептесуі керек;

• сыртқы киімдерін гардеробқа тапсыру керек.



Оқырмандардың жауапкершілігі:

• кітапханада тәртіпті және тыныштықты бұзуға қатаң тиым салынады;

• оқырман әдебиетті алу үшін студенттік билетін беріп жібере алмайды;

• құжатты уақытынан артық пайдаланғаны үшін (қайтару уақытын бұзғаны немесе ұзартқаны), оқырмандар «Ақылы қызмет тізіміне» сәйкес ақы төлейді.

• каталогтан және мәліметтер тіркелген жинақтан карточкаларды шығарып алуға қатаң тиым салынады;

• қызмет көрсету ғимараты және кітаптар сақталатын жерге оқырмандарға рұқсатсыз кіруге тиым салынады;

• 1 мөр басылған басылымды жоғалтып алса немесе байқаусызда бүлдіріп алса, кітапхана бағасын тең деп тапқан жағдайда, оны дәл сондай басылыммен ауыстыруға міндетті, ал ауыстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда бес есе көлемде басылымның коммерциялық құнының шығынын төлеуге оқырман жауапты болады;

• егер пайдалану Ережесін бірнеше рет бұзса, оқырман 6 айға дейін ғылыми кітапхананы пайдалана алмайды;

• басылымды әдейі бүлдірген жағдайда оқырман кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

Кітапхананың құқықтары мен міндеттері.

Ғылыми кітапхана міндетті:

• оқырмандарға кітапхананың барлық ақпараттық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз етуге;

• кызмет көрсетудің барлық түрімен оқырмандарды таныстыруға;

• өзінің кітапханалық қоры мен қызметін көпшілікке таратуға;

• оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруге, компьютерленген және жаңа ақпараттық технология енгізуге;

• керекті құжаттарын тауып беруге, оқырмандарға көмектесуге, кітапханалық-библиографиялық білім негізінде сабақ өткізуге, каталогты қолдануға мүмкіндік беруге, деректердің қорын, Интернет желісін, CD-ROM, кітапхана көрмесін ұйымдастыруға және басқа да шаралар өткізуге;

• кредиттік және қашықтан оқуға материал бөлуге көмектесуге;

• көрсетілген ережеге сәйкес кітапхана қорында сақталған, пайдаланған, мөр басылған және басқа да материалдарды есепке алуды жүзеге асыруға;

• көрсетілген ережеге сәйкес қордың, оның бір бөлігі болып саналатын ұлттық мәдени игіліктердің сақталуына жауапты;

• Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қордың, оның бір бөлігі болып саналатын ұлттық мәдени игіліктердің сақталуына жауапты;

• Кітапхана Жарғысына және көрсетілген ережеге сай, өзінің іс-әрекеті жөнінде оқырмандарға есеп беруге;

• көрсетілген ережеге сәйкес кітапхана қорында сақталған, пайдалануға арналған құжаттар мен құралдарды есепке алуды жүзеге асыру;

• оқырмандардың жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай туғызып, қолдауға;

• пайдалану Ережесін бұзған оқырманға айыппұл салуға.



Оқырмандардың кітапханаға жазылу тәртібі:

  • студенттік билет кітапхананы пайдалануға құқық беретін негізгі құжат болып саналады;

  • кітапханаға жазылар алдында оқырман пайдалану Ережесімен танысып және оқу абонементінен бірдей тіркеу нөмірін алу керек;


Оқу залын пайдалану тәртібі:

  • оқырман залында оқырмандарға қатаң түрде студенттік билетке карап қызмет көрсетіледі, кітап формулярын толтырып, сонымен қатар оқырман формулярына қолын қояды;

  • оқырман залында берілетін құжаттар саны шектетелмейді. Бір мезетте көп алуға сұраныс болған жағдайда, берілетін материалдың данасын шектеу мүмкін (кітапхана әкімшілігінің шешімімен).

  • оқырман залында берілетін құжаттар негізгі кітап сақтау қорында белгілі бір мерзімге дейін сақталуы мүмкін;

  • энциклопедия, анықтамалар, сирек кездесетін құнды басылымдар, жарияланбаған материалдар, соңғы немесе жалғыз дана кітаптар тек оқырман залында ғана беріледі;

  • оқырман залынан құжатты алып шығуға қатаң тиым салынады. Бұл ереже бұзылған жағдайда оқырман 1 ай уақыт мерзімінде кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады;

  • кетер кезде оқырман оқу залынан алған құжаттарын тапсыруы керек.

Электрондық залды пайдалану тәртібі:

  • электрондық залда оқырмандарға қатаң түрде студенттік билетке карап қызмет көрсетіледі;

  • CD-ROM, электрондық оқулықтарды, дыбыс және бейне материалдарды залдан рұқсатсыз алып кетуге қатаң тиым салынады;

  • Компьютер және басқа да оргтехникалармен жұмыс жасағанда оқырман қауіпсіздік ережесімен танысу керек.


Абонементті пайдалану ережесі:

  • Абонементке тапсырыс берген кезде оқырман «Студенттік билетін» көрсетіп, оқырман талаптарын толтырып, кітап формулярына қол қояды;

  • әдебиет беру тек білгілі бір уақыт аралығына ғана шектеледі;

  • оқу әдебиеті тек бір семестрге ғана беріледі;

  • аз кездесетін және құнды басылым, жалғыз не соңғы дана кітаптар үйге берілмейді;

  • егер басқа оқырмандардан сұраныс болмаған жағдайда, оқырмандар үйге алған кітаптардың уақытын соза алады;

  • құжатты тапсыру уақытынан артық ұстаған жағдайда, оқырман қарыз болып, айыппұл төлейді.

Кітапханада көрсетілетін негізгі қызмет тізімі:

  • ғылыми кітапхананың қорында сақтаулы тұрған құжаттырдың көшіремін жасау;

  • тақырыпқа сай библиографиялық тізім жасау;

  • әдебиет таңдауда оқырмандарға көмек көрсету;

  • БД сұранысы бойынша іздеп, іріктеуге және дискетке жазуға;

  • Интернет желісіне шығуға мүмкіндік беруге;

  • мөр басылған материалдарды сканерлеуге;

  • лазерлік принтермен материалдарды басып шығаруға;



НОРМАТИВТІ БАЗА
• 2010 жылғы 13 сәуіріндегі ҚР білім және ғылым Министрінің «Оқу үрдісін қашықтан оқыту технологиялары бойынша ұйымдастыру ережісі» № 169 бұйрығы.

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС). «Қашақтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ережелер». ҚР МЖМБС 5.03.004-2009.

• 2011 жылғы 20 сәуіріндегі ҚР білім және ғылым Министрінің «Оқу үрдісін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру ережесі» № 152 бұйрығы.

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС). «Жоғары білім беру. Бакалавриат. Негізгі ережелер». ҚР МЖМБС 5.04.019-2011

• «Болашақ» Университетінің «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі. 27.08.2012 жыл №1 хаттама

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРАТЫН «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ




Құрылымдық бөлімше

Жетекшінің аты-жөні

Телефон

Офис

Ректорат

1

Ғылыми жетекші

Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы-

экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик 








301А, басты ғимарат

2

Ректор

Кәленов Ғалымжан -

техника ғылымдарының кандидаты



23-45-15




3

Оқу-ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор

Снасапова Гүлжахан Жұмашқызы -

филология ғылымдарының кандидаты



23-45-11







Тәрбие ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Насимов Мұрат Өрленбайұлы

саяси ғылымдарының кандидаты










Факультет декандары мен әдіскерлер

7

«Педагогика» факультетінің деканаты

Аккутанова Меруерт Мырзаханқызы – Декан орынбасары

20-22-80




8

«Құқық, бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканаты

Сейсекеев Алмат Оразғалиұлы-экономика ғылымдарының кандидаты


23-43-93







«Мұнай-газ және жаратылыстану» факультетінің деканаты

Бурханов Бақытжан Жамбылұлы-







Құрылымдық бөлімшелер жетекшілері

16

Оқу –әдістемелік бөлімінің басшысы

Мырзанова Алия Калдыбаевна

 




17

Офис Тіркеуші

Бегалиева Қаламқас Балтабековна

20-22-80




18

Студенттік бөлім бастығы

Баядилова Дина Жүнісқызы

20-22-82




19

Қашықтықтан Оқыту бөлімінің директоры


Досмамбетова Айсулу Ажарбайқызы

23-40-93








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет