алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: «Мүмкін былай
жасау керек шығар?»
Ынталандыруға ұмтылу.
Кері байланыстың бір мақсаты - адамды шығармашылық жұмысқа
ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта ӛз жұмысына
игі ӛзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.
Сыпайы болу.
Адамды жекімей, ұрыспай, дӛрекі сӛйлемей, ренжітпеуге тырысу керек,
ӛйтпеген жағдайда оның кері байланысты
ризашылықпен қабылдап, ӛз
әрекеттеріне соны ӛзгерістер енгізетіндігі екіталай.
Кӛмектесу, жәрдем беру.
Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымыз-ды дәлелдеп бағу
керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша кӛмектесе аламын деп ойлайсыз?»
деген секілді сұрақтар арқылы ӛзіміздің қол ұшын беруге дайын екендігімізді
білдірген жӛн.
Тең ұстау.
Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны ақылдасу, кеңесу болғандықтан
мұндай әңгімеде екі жақ та бір-біріне пара-пар болуы керек. Біреудің екіншіден
жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.
Сәттілікке бағыттау.
Тыңдаушының кӛкейіне «Кері байланыс - игі әрекет» деген оймен қатар оның
нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен ӛсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек.
Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жӛн.
Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп
жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер
алып отырады.
Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
Ризашылық білдіру.
Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын кӛңілмен кӛмек кӛрсету екендігін
ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау
керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді
ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.
Тыңдай білу.
Кері байланыс берушінің сӛзін бӛлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс
(бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда
оған ойын нақтылайтын
сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша ӛзіңіздің келісетіндігіңізді және
хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені ӛзіңізге қажетті бағытқа бұрып
отырыңыз.
Мадақтай білу.
Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да
ұмытпаған жӛн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген
ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен
ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл ӛте тиімді ұсыныс (идея,
ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Біздің ойымша, Сіздің сӛздеріңізде терең мағына бар!
Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!»
секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.
Интербелсенді оқу/оқыту практикасында «бағалау» термині келесідей мағынада
қолданылады: Бағалау - оқушылардың оқу процесінде қаншалықты табысты
(немесе, керісінше) болғандығын, білім игерудегі
олардың жетістіктерін, ӛсуі
мен дамуын анықтау. Бағалау - оқушылардың қолынан не келетіндігін (білім,
білік, дағды, машық, құзырлылық, құндылықтар) айқындау. Бағалау - білім
игеру процесіне қатысушылардың (оқытушы және оқушылардың) әрекеттері
қандай деңгейде екендігін, олардың сапасын анықтау. Бағалау - оқушылардың
білімін қалайша әрі қарай дамытып, олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің
деңгейін қалайша жақсартуға болатындығын білу, жоспарлау және
оқушылардың соған ынталандыру.
Бағалау - оқу процесінің (оқушылардың әрекеттерінің, сабақтың, пәннің,
курстың) қаншалықты
нәтижелі екендігін анықтап, мақсаттардың қандай
дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын анықтау.
Кері байланыс - белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір
білдіру. Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының
ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда
кӛп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана
оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде ӛзінің білімі мен
дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы
сезінген кезде ғана тиімді болады (QCA, 2001).
Кері байланысты мұғалімнің
ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе
құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және ӛзін-ӛзі
бағалаудың оларды оқыту үшін ӛзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының
ӛзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай
ынталандыру, жетілдіруді кӛрсету мақсаттарын нақтылаудың ӛте күшті
тәсілдері болып табылады.
Ӛзін-ӛзі бағалау «ӛткен тәжірибені пайымдаудың үдерісі, оқылғаны және қол
жеткізілгені туралы нақтылы түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және
түсінуге ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (Мунби және қосалқы авт.,
1989) .
Кері байланыс ауызша және жазбаша да беріледі, бірақ нақты болуы керек.
Оқушы тарапынан мұғалімге және мұғалім тарапынан оқушыға, оқушыдан
оқушыға да жүргізіледі. Әсіресе ауызша берілгенде тиімдірек.
Сабақтың
соңында ғана емес сабақ барысында да кері байланыс жүреді. Жүйелі
түсіндірмелер жақсыға қарай ӛзгеруге мүмкіндік береді, қателер оқуды
жақсарту үшін қолданылады. Оқушының жетістігі атап ӛтілсе, оның ӛз күшіне
деген сенімділігі нығая түседі. Кейде оқушыдан алған сұрақтың ӛзі кері
байланыс болып келеді. Сұрақ-жауап, ұсыныс білдіру, оқушы кеңесі, нақты
жұмысты бағалау т.б ауызша жасалатын кері байланыстар. Стикерге жазу,
смайликтер арқылы, ашық хат, күнделік жазу сияқты тәсілдер жазбаша кері
байланыс. Оқушы электрондық почтадан мұғалімге
белгілі бір материалды
жіберіп, мұғалім оған жауап жазса ол да кері байланыс. Мұғалім оқушыдан
алған кері байланыс негізінде ӛзінің келесі қадамында ескеріп отыру керек.
Оқушы соның негізінде ӛз жұмысын жақсартып, нәтижеге бағытталады.
Сабақта жүргізілетін кері байланыстың әдіс-тәсілдерін, формаларын
түрлендіріп отырса оқушының қызығушылығы да арта түседі. Кері байланысқа
баға қойылмайды. Кері байланыс:
− Бағалаушы тұрғысында емес, сипаттамалық түрде
болуы тиіс. Біз адамның
әсерін жай сипаттағанда, ол осы ақпаратты оған керек болатындай етіп
пайдалануға ерікті болуы тиіс. Бағалау
санаттарынан аулақ болып, біз
адамның ұмтылысын қолдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: