Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет86/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   222
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Сыздықова Р., Б. Шалабаев, Кӛркем тексті лингвистикалық талдау, А., 
«Мектеп», Исабекова А.К. «Деңгейлік курстарда қолданылатын психологиялық 
тренингтер жинағы» Кӛкшетау,2014 
2.Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті 
проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б. 
3.Мектептегі кітапхана «Кітап-білім бұлағы» 2011ж.№5.10-11б 
4.Нұрғалиева. Г.Қ Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы,- Алматы, 
1996. 
5.Нұржанова А.Т. «Формирование коммуникативных умений в контексте 
уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов» АОО НИШ 
ЦПМ, Астана, 2015 
КЕРІ БАЙЛАНЫС ҚАҒИДАТТАРЫН ҦСТАНАЙЫҚ! 
Бекмурзаева Салтанат Нуржигитовна 
№58 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Рефлексия адамның ӛз білімі мен әрекеттерін талдау, сол туралы ӛзіне есеп 
беру болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын 


орны ерекше, ӛйткені ӛзіне сырт кӛзбен қараған адам басқа адамдардың ӛзі 
туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Ӛзі туралы сырт 
пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста ӛзі туралы 
пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атайды. Сырт пікірлер адамға ӛзінің 
қайда және қандай екендігін білуге кӛмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету 
енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс - 
келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық 
негізі.
Американдық психолог Д.Дьюи бірлескен әрекет жағдайында басқа 
адамның сезімі мен абыройын құрметтеу, «менің пікірімнен басқа да пікір бар, 
ол да жария етілуі тиіс, ол пікірдің де ӛмір сүруге құқысы бар деген. 
Қазақтың ақыны О.Сүлейменов «Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ 
сауалдың аясына сияды: 1) не біле аламын, 2) не істеуім керек, 3) үміт артарым 
не?» - яғни, адамның ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше 
тоқталады. Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, мәдениеті 
жоғары адам, ӛз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең 
меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, 
ӛзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани ӛсуге деген қажеттілігі мол болуы 
тиіс.
Бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты оқушының жан-жақты 
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі педагогикада «Сӛз арқылы емес, 
әрекет арқылы үйрету қажет!» деген ұстанымға негізделіп отыр. 
Мұғалімдердің белсенді белгілі бір бӛлігін ӛз тәжрибелерін сыни тұрғыдан 
қайта қарап, ӛзі айналысып жүрген істерінің нәтижесінің мақсатқа сай 
орындалуын оймен зерттей білуге, ӛз кәсіби ӛмірбаянындағы салмақты 
жүктерді саналылықпен алмастыра алуға ынталандырады. «Бұл әрекеттегі 
менің мақсатым не?» - «Не жасауым керек?» - «Қалай?» - «Бұдан не шығады?» 
сұрақтарын ӛзіне үнемі қоя және оларға дұрыс жауап бере алатын мұғалімде 
кәсіби шығармашылық болатындығы сӛзсіз.
«Рефлексия» деген сӛздің ӛзі «артқа қарау, кӛрсету» дегенді білдіретін 
«reflexio» деген кӛне латын сӛзінен шыққан. Шет тілдер сӛздігінде рефлексия 
ой електен ӛткізу, ӛзін - ӛзі тану, ӛз - ӛзіне есеп беру деген сӛз.Бұл адамның ӛз 
іс-әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы.
Сондықтанда бүгінде білім алуда, адамның дамуының басқа да әрекет 
салаларында кеңінен қолданылып жүрген «рефлексия» ұғымы бізге ӛте 
маңызды. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның 
әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор.
Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз ӛзіміз туралы ӛзгелердің пікірін 
естігіміз келіп тұрады. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан 
«Қалай болды? Мен сырт кӛзге қалай болып кӛріндім? Қалай сӛйледім 
(жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)?» деп 
ӛзіміз туралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам ӛз пікірін айтады, 
бағасын береді. Оның пікірі ӛзіміздің оймен сәйкес келуі немесе келмеуі де 
мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, ӛзгерту, 
жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс 


болады. Осылайша ӛзгелердің ӛзіміз туралы пікірлері бізге ӛзімізді тануға, ішкі 
«Мен»-нің қалыптасуына кӛмектеседі. 
Ал енді осыған қарама-қарсы жағдаятты кӛз алдыңызға елестетіп кӛріңіз: 
Сіздің әрекетіңізден кейін бір де бір адам ләм-мим деп жұмған аузын ашпады, 
ӛз ойын айтпады делік. Осындайда ӛзіңізді қалай сезінер едіңіз? Әрине, мұндай 
жағдаяттың қуаныш және қанағат әкелуі екіталай, ӛйткені біз ӛз әрекетімізді 
басқалардың талдағанын және бағалауын қалаймыз. 
Кері байланыс (ағылш. feedback) - адамның ӛзі куә болған оқиғаға немесе 
басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт кӛз сыншы» 
дегендей, мұндай сырт пікірдің ӛз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін 
септігі ӛте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу 
жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын 
мәліметтер әсіресе ӛз біліміне түзету мен ӛзгертулер енгізу ісінде ӛте құнды 
болып табылады. 
Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы 
келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның 
жағымды және тиімді жақтарын атап кӛрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай 
жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз. 
2013 жылдың наурыз айында Амстердамда ӛткен «Ұстаз сапасы» атты 
оқытушылық қызметтің Халықаралық Саммитінде оқу мен оқытудың сапасы 
кӛп жағдайда кері байланысқа тәуелді екендігі аталды. Ұстаздардың оқушылар 
тәрбиесіне жасайтын ықпалын бағалау ӛте қиын, алайда ата-ана, оқушылар мен 
қоғам мүшелерінің кері байланысы осы мәселені айқындауға қолғабыс болады. 
Саммит мұғалімдерге ӛздерінің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін кері 
байланыстың ӛте қажет екендігін және біраз жетістіктерге бастайтындығын 
кеңінен атап кӛрсетті. 
Әлемнің ең бай адамы Билл Гейтстің «Мұғалімдерге шынайы кері 
байланыс керек!» деп баса айтып, АҚШ білім беру жүйесі алдында осындай 
мақсат қойғандығы бекерден бекер жәйт емес. 
 Оның ойынша, АҚШ білім беру жүйесі Шанхай мектептерінен үлгі алуы 
керек: Қытайдың бұл мегаполисінде әрбір мұғалім - мейлі ол тәжірибелі 
болсын, мейлі жас болсын - ӛз сабақтары мен әрекеттеріне кері байланыс 
алуға және ӛзгелерге беруге құқылы екен: мұнда кері байланыс мұғалім 
кәсібінің ең маңызды бӛлігі деп есептелінеді. 
Кері байланысты қолданғанда мынандай жәйттерді есте ұстаған дұрыс: 
- Кері байланыстың үйренудің ең тиімді әдісі екендігін ұмытпаңыз, ӛзіңізге 
қажетті екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты 
жұмысымызды жақсартудың, ӛз олқылықтарымызды түзетудің ең тиімді 
нысаны деп қабылдау керек. Сол себепті кері байланысты сабырлықпен және 
іштей болса да ризашылықпен қабылдау керек. Бұл жерде «Ал егер кері 
байланыс атаулының бәрі де ақшаға жасалынып, ақылы болса, не болар еді?» 
деп ӛзімізден сұраған орынды болар.
- Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, ӛйткені ол біреудің ӛзіндік 
пікірі. Осы тұрғыдан алғанда кері байланысты ақиқат деңгейіне шығарудың 
қисыны жоқ шығар. Оны басқа адамның бағасы деп қабылдап, оның еш 
міндетті емес екендігін естен шығармаған абзал. Бізге қандай да кері байланыс 


берілсе де оның тиімді/тиімсіздігін, пайдалы/пайдасыздығын ӛзіміз ӛлшейміз 
және бағалаймыз, оны қабылдау не қабылдамауды ӛзіміз шешеміз.
- Мүмкін кері байланыстың ең құнды жағы бізге ұнамайтын бӛлігі болатын 
шығар: айтылған сын мен ескертпелер, айқындалған кемшіліктеріміз бен 
қателеріміз. Алайда мен сіздерге кері байланыс бергенде тым қатал сыншы 
болмауды ұсынамын, ӛйткені «Суық-суық сӛйлесе, мұсылман діннен таяды», 
«Адамның кӛңілі бір шӛкім насыбайдан қалады», «Итің жаман!» дегенде, ой, 
ӛлгенім-ай!» дегендерді ұмытпайық! Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке 
баспай, оларды жанамалай жеткізген жӛн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар 
арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, 
т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай 
ӛзгертулер енгізсе, не болар еді?» 
- Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: 
әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, ӛзін ӛзі тану 
құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері 
байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман 
жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін кӛрсету. 
Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп 
жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс 
арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға 
болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді 
түзету әрекеттерін іске қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет