Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты кӛрсеткіш болып табылады.
Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін
азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету - мұғалімнің
басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез
деген қасиеттерімен озады", - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар
адамдар заманның, қоғамның дамуына, ӛзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай
қоғамдық әлеуметтік мәдени ӛзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне
әсер ететіні сӛзсіз. Кез-келген оқыту белгілі мӛлшерде адамды дамытады.
Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай
жоғары болсын, мұғалім мен оқушының ӛз белсенділігін туғыза алмаса, берген
білім күткен нәтиже бермейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі ӛзінің іс-әрекетін
тиімді жоспарлай алатын,
танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі
нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас
диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.Сапалы
білім алған, танымдылығы жоғары, құзыреттілік, бәсекелестіктің қайсыбір
мықты тегеурініне тӛтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша
алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы
рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм түрiнде
емес, оқушының жеке тұлға ретiнде танымға, ойлауға қатысын,
әрекетке,
белгiлi бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн
талдауға, ұтымды тұрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген
iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен кӛрiнедi.
Сонымен қатар оқушылар бойын тәртіпті, кӛпшіл болуға, мінез-құлық
мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің ӛзге де белгілеріне
тәрбиелейді, оқушылар бойында күш, ептілік, тӛзімділік секілді моральдық-ерік
сапаларын қалыптастырады. Олардың
бойындағы патриоттық сезім, яғни ӛз
халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға тӛзбеу, намысшыл болу, салт-
дәстүрді қастерлеу, оны білуге құштарлану, ӛз достарына, ұстазына, мектебіне
деген сүйіспеншілікте болуы, еңбекқорлық, т.б.
Мұғалімдерге алғашында пән бойынша оқуды ұйымдастыруда оқу ресурстарын
таңдау және ӛзінің сыныбының қажеттілігіне сәйкес бейімдеу оңай болмады.
Оқулықты ресурс ретінде қолданудың орнына оқулықпен оқыта берген
жағдайлар кездесті. Ол жағдайда оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалардың
берілмеуі әбден мүмкін. Сондықтан, бүгінгі мақаламда ресурстарға тоқталғым
келеді. Ресурс деген не? Ғаламторда оған тӛмендегіше түсініктеме беріп,
түрлеріне тоқталады. Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық,
мүмкіндік), қосалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар
мен олардың кӛздері. Негізгі түрлері: ақпараттық ресурстар, банк ресурстары,
бюджет ресурстары, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары,
материалдық
ресурстар, табиғат ресурстары, экономикалық ресурстар, энергетикалық
ресурстар т.б.
Оқытуда қолданатын ресурстардың бұл ресурстардан айырмашылығы
қандай?
Оқыту мен оқуды жоспарлауда оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің
қолданатын ақпараттық ресурстары. Ақпараттық ресурстар - әлеуметтік мәні
бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың
(ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық
ақпараттың жиынтығы.
Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық
аспектілеріне ақпараттық-
коммуникациялық желіліер мәселері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар
енгізу жӛніндегі заң жобасына қол қойылды. Заңға сәйкес, Қазақстандағы
интернет- ресурстары атап айтқанда портал, форум, блог, чат, WAP портал,
интернет телевидение, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары теңестірілді. Біз
ақпараттық ресурстардың электронды және қағаз түрін қолдануымыз мүмкін.
Оқытуда қолданылатын анықтамалық ресурстар:
•
Сӛздіктер;
•
Пән бойынша ұсынылған кітаптар;
•
Әдістеме туралы кітаптар, газет-журналдар;
•
Оқулықпен бірге ұсынылған мұғалім нұсқаулығы;
•
Әдістеме, пән бойынша білім негіздері туралы ақпарат беретін ғаламтор
сайттары;
•
Энциклопедиялар.
Анықтамалық ресурстарды қолданудың артықшылығына тоқталатын болсам:
1) Пән бойынша тілдік бірлікті (сӛздің мағынасы, терминдер) жӛнінде оқушыға
лайықталған
мәлімет ұсыну;
2) Сӛздердің дұрыс қолданылуын, басқа сӛздермен бірлікте айтылуы және
жазылуын тексеру үшін;
3) Сабақтағы тілдік мақсатты жүзеге асыру үшін (функционалдық грамматика,
коммуникативтік дағды үшін, т.б.);
4) Жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығуларды сабаққа қосу үшін (мұғалім
нұсқаулығы, әртүрлі сабақ үлгілері, тапсырма түрлерін пайдалану);
6) Мұғалім нұсқаулығы (сабақ жүргізу туралы кӛп ақпарат береді, алайда
белгілі бір сыныптағы жағдайға сай келе бермейді, сол себепті бейімдеп,
толықтыру керек);
7) Сабақ немесе оқу материалдары жӛнінде әріптестерден кӛмек сұрау.
8) Әдістеме, сӛздіктердегі мәліметтер ескіруі мүмкін, сол себепті соңғы кезде
шыққан материалдарды пайдалану (ғаламтор сайттарын пайдаланған ӛте
қолайлы, іздеу ұзақ уақытты алмайды).
Мұғалімдер жиі қолданатын әдістемелік материалдар (http://www.smk.edu.kz/,
https://bilimland.kz/ru) сайтында орналасқан. http://www.smk.edu.kz/
сайтында
мұғалімге кӛмек кӛрсетумен қатар, сұрақтарына жауап ала алатын диалогтік
алаң-форум бар. Кӛп жағдайда сұрақтарымызға нақты жауап алып отырдық.
Сонымен
бірге
сабақта
қолдануға
тиімді
интернет
ресурстар
қатарына:Географиялық
ақпараттық
жүйелер
(ГАЖ),
Сӛздіктер
(http://www.lugat.kz/,
https://kitap.kz/
әмбебап
сӛздік)
Кітапханалар
(http://kazneb.kz/, https://nlrk.kz/page.php)
Әдеби
кітаптар
(http://adebiportal.kz/kz,
https://kitap.kz/
http://www.madenimura.kz/) сайтын қосуға болады.
Еліміздің барлық орта мектептеріне тегін қолдануға берілген www.Twig-
BilimLand.kz сайтындағы видеоресурстар, аудиоресурстар сапалы болып отыр.
Қазіргі таңда шалғай ауылдағы мектеп мұғалімдері үшін негізгі оқыту
ресурстары оқулықтар болып табылады. Оқулықтағы тиімді тапсырмаларды да
жиі қолданамыз. «Атамұра», «Мектеп» және «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ баспаларынан шыққан оқулықтардың тапсырмалары оқушы
мотивациясын оятып, белсенді оқуға әкеледі. Әдетте, оқулық бірнеше
компоненттен тұрады: оқулық, мұғалімге арналған нұсқаулық, оқушының
жұмыс дәптері (әр баспа әртүрлі дайындауы мүмкін); Мұғалімге арналған
нұсқаулықтарда ұзақ мерзімді жоспардың бағдарламадағы ұзақ мерзімді
жоспармен сәйкес келмеуі орын алған тұстар кездесті. Мұғалім ең алдымен, оқу
бағдарламасының 3-тарауындағы қосымша
ұсынылған ұзақ мерзімді
жоспармен сәйкестігін анықтауы тиіс. Оқулықтағы материал ӛте тиімді
ұсынылса да, ол әрдайым сынып деңгейіне сай келе бермеуі мүмкін. Бұл
жағдайда мұғалім берілген ресурсты, тапсырманы сынып деңгейіне сай етіп
күрделендіріп немесе жеңілдетуі тиіс. Сондықтан сыныптың тілдік деңгейін
анықтап алу қажет. Ол үшін мұғалім алдымен диагностикалық тест, сауалнама,
сұқбат, т.б. жүргізеді. Кейде біздің оқулықты таңдау мүмкіндігіміз де болмауы
мүмкін, бірақ оқулықта ұсынылған материалды тиімді пайдалана білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: