Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет124/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   222
Жинак республ docx

Дағды дегеніміз не? 
Дағды 
дегеніміз әрекеттің адам 
бойында
орнығуы. 
Әрекетке 
ең 
алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық кӛптеген қимыл-қозғалыстар 
жасайды. Мысалы, жоғарыда кӛрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене 
бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. 
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жӛнінде айта келіп: «Білім - бүкіл 
оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны»,-дейді. Бұл сақталып 
қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет - міне, нағыз білім - 
осылар! «Дағды, - деп кӛрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, -саналы түрде 
автоматталған 
қимыл-әрекет 
түрінде 
кӛрінеді, 
ал 
сонан 
соң 
әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады». 
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен карым-қатынас жасау 
барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін кӛріп бақылап, оған 
еліктейді, кейін оны ӛзі істей бастайды.
Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі кӛрсетеді, 
түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды.Осы процесс, сыртқы 
әрекеттің 
адамның 
бойына 
сіңуі, 
ішкі 
психикалыққа 
айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, 
санаға ӛтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру 
саласында психолог П. Я. Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл 
зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны 
дәлелдейді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның 
нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жи-нақтылығы т. б.) ақыл-ой әрекетін 
қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені кӛрсетіледі. Ендеше 
мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін 
ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап ӛтелік: 
1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын 
дағдыны қалыптастырудың ӛзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. 
Оқушы осы бағытпен ӛздігінен орындауға кіріседі; 
2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. 
Оқушы кӛргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада; 


3) әрекеттің сыртқы сӛйлеу ретінде кӛрінуі (балалар дауыстап сӛйлеп 
отырады). Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бӛліп-бӛліп орындалады ; 
4) әрекетті ішінен сӛйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке 
саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын 
біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 
5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі. 
Оқыту әдіс-тәсілдері: құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар 
жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары 
арқылы тұлғаның ӛзін-ӛзі танытуы үшін алғышарттар құруды кӛздейді. Орта 
білім беру құндылықтар қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық 
жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; 
ашықтық; ӛмір бойы білім алу. Жүйелік-әрекетті тәсіл- оқу-тәрбие үдерісінде 
оқушының ӛз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің 
тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын кӛздейді. Коммуникативтік 
тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сӛйлеу дағдыларын 
дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын 
түсініп, 
туындаған 
жағдаятқа 
сәйкес 
тілді 
қолданып 
үйренуге 
бағытталған. Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және ӛткізу кезінде әр 
түрлі оқу пәндерінің мазмұнын ӛзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас 
бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ 
тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол 
арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік 
береді. Зерттеу әдісі - зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми 
таным 
әдістерімен 
танысуға 
жәрдемдеседі, 
оқушыларда 
танымдық 
қызығушылық қалыптастырады. 
Интербелсенді әдіс - үйретуші мен үйренушілердің ӛзара әрекеттесуін 
оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. 
(inter - аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi)
Ӛзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi 
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы 
арасында ӛзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi‖ 
деп атаймыз. Интерактивтi сӛзi - ағылшын тiлiнен аударғанда туралы 
әңгiмелесу, талқылау түрiнде ӛтедi. Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi 
жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң 
мақсаты-тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды ӛз бетiнше 
табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. 
Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу емес, үйрене бiлуӛзiне деген сенiмге 
тәрбиелейдi шешендiк ӛнерiн жетiлдiредiтанымның мәнiн түсiнуге кӛмектеседi 
(яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын 
дамытадыӛз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады. 
Интербелсенді оқыту-әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен 
нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында 
бірінші кезекте ӛзінің әрекеттері мен ӛз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде 
кӛне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып 
берсең - ұмытып қаламын, кӛрсетсең - есте сақтармын, ал ӛзіме жасатсаң – 
үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту 


оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі 
құралдары ән тәсілдері ретінде танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет