мен сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалар, электрондық коммуникация
құралдары, компьютерлік баспа жүйелері, автоматты аудару жүйелері, білім
берудің әр алуан салаларының сараптамалық жүйелері және т.б. бӛлініп
шығады. «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар білім беру және оқу
ӛнімі болып табылмаса да, оқыту құралдары жүйесінің құрамына кіреді. Оларға
мыналар жатады: Интернеттің қолданбалы электрондық ресурстары
(анықтамалық-ақпараттық, ақпараттық-білім беру және мәдени), Интернеттің
білім
беретін
электрондық
ресурстары,
инструменталдық
құралдар
(электрондық оқу материалын жасауға болатын бағдарламалар), Интернеттің
коммуникациялық қызметтері (e-mail, форум, чат)» .
Оқытудың ақпараттық (компьютерлік)технологиясы түсінігінің
астарында
білім алушыға компьютердің кӛмегімен ақпаратты дайындау және беру үдерісі
жатыр. Компьютерлік технологияға оқытудың әр түрлі әдістері кіреді:
бағдарламаланған
оқыту,
интеллектуалдық
(проблемалық)
оқыту,
сараптамалық жүйелер, оқу коммуникациясы жүйелері және т.б. оқытудың
ақпараттық технологиясының маңызды сипаттамалары мыналар:
-
компьютерлік жүйелерді меңгерудің теориялық негіздері (бағдарламалау,
проблемалық оқыту, тестілеу);
-
қолданыстағы оқыту құралдары (гипермәтін, мультимедиа, байланыстың
компьютерлік құралдары);
-
инструменталдық жүйелер (бағдарламалау тілі, авторлық жүйелер,
мәліметтер базасы, мәтіндік редакторлар, электрондық пошта және чаттар,
мультимедиа, бейнеконференциялар).
Оқу үдерісінде компьютерді қолданудың негізгі бағыттары мыналар:
модельдеу, тілдік, тілдесімдік, әлеуметтік-мәдени құбылыстарды немесе
үдерістерді кӛрнекті кӛрсету жолдары арқылы оқыту мақсатында қолдану;
-
оқу
материалын
қолдануда
дайындықты
(іскерлікті,
дағдыны
қалыптастыру) ұйымдастыру;
-
дағдыны, іскерлікті, білімді бақылау және бағалау;
-
статикалық ақпаратты жинақтау, ӛңдеу және сақтау;
-
оқу үдерісін ұйымдастыру үшін ақпаратты автоматтандырылған түрде
іздеу;
-
оқытушымен, оқыту орталығымен диалогты және компьютерлік желілер
арқылы коммуникацияны қамтамасыз ету.
Компьютерлік технологиялар негізінде оқытуды ұйымдастыру үшін, үш
негізгі
компонент қажет, олар: аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету,
дайындығы бар педагогикалық кадрлар және электрондық оқу материалдары
(мысалы, желілік ресурстар, мультимедиа, тренингтік компьютерлік курстар,
тесттік жүйелер және т.б.). Бұл компоненттердің барлығының маңызы бірдей.
Компьютерлік технологиялардың оқытудағы ерекше қыры оқытуда әр алуан
қолданбалы бағдарламалардың - мәтіндік редакторлардың,
орфографияны
тексеру бағдарламаларының, кестелердің, мәліметтер базасының, электрондық
энциклопедиялардың және кітапханалардың, электрондық баспа жүйелерінің,
ойын бағдарламаларының және т.б. қолданылуында болып табылады. Арнайы
дайындалған оқу материалдары білім беру үдерісінде сирек қолданылады.
Тілдерді оқытуда қолданылатын дербес электронды-есептеуіш машина
(ДЭЕМ) қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын бӛліп кӛрсетуге болады:
Бірінші бағыт ақпаратты жылдам ӛңдеуге, жадының үлкен кӛлеміне
негізделген, оқыту үдерісін ақпараттық қолдауға есептелген (электрондық
сӛздіктер, мәліметтер базасы, электрондық кітапханалар).
Екінші бағыт тілдерді меңгерумен және оқытумен байланысты әр алуан
интеллектуалдық үдерістерді модельдеуді кӛрсетеді. Мысалы, оқу материалын
түсіндіру және тұсаукесер жасау, тіл иелерімен қарым-қатынасты модельдеу,
тілдік ортаны модельдеу, тілді меңгеру деңгейін
бақылау және бағалау және
т.б. (электрондық оқулықтар, компьютерлік жаттығулар, тесттер).
Үшінші бағыт байланыстың компьютерлік сызықтары арқылы оқытушымен
немесе оқу орталығымен оқу ісі бойынша ӛзара әрекеттің ұйымдастырылуын
кӛрсетеді (форумдар, чаттар, бейнеконференциялар).
Тілдерді оқытатын қашықтық курстарында бұл бағыттардың барлығы қандай да
бір дәрежеде іске асырыла алады.
Қазақ тілін оқытуда компьютерлік оқу бағдарламаларын жасау және қолдану
бірқатар мәселелерді қарастыруды және шешуді қажет етеді.
Соның ішінде:
-
педагогикалық мәселелер (педагогикалық үдерістегі, оқытушы және білім
алушы қызметіндегі, тұсаукесер формаларындағы және оқу материалын
дайындаудағы ӛзгерістер);
-
әдістемелік
мәселелер
(компьютердің
қазақ
тілі
сабағындағы
функциялары, бағдарламалардың және жаттығулардың типтері, компьютерлік
бағдарламалардың басқа оқу құралдарымен ӛзара әрекеті және қатынасы,
оқытуды компьютерлік қолдаудың тиімділігі және т.б.);
-
білім
алушылардың, оқытушылардың компьютерлік бағдарламалармен,
бір-бірімен байланыстың компьютерлік сызықтары арқылы ӛзара қатынас
жасаудың психологиялық мәселелері;
-
кәдімгі тілде компьютермен диалогты ұйымдастырудың лингвистикалық
мәселелері;
-
ұйымдастырушылық мәселелер (компьютерлік зертханада сабақты
ұйымдастыру, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру) және т.б.
Компьютерлік жүйемен ӛзара әрекет етудің қандай да бір аспектілері бірінші
орынға шығуы мүмкін:
ақпаратты алу;
коммуникацияны ұйымдастыру;
бақылауды ұйымдастыру;
оқу үдерісін ұйымдастыру.
Бұл мәселелердің барлығы компьютерлік технологиялар тұрғысынан оларды
шешудің ерекше тәсілдерін, жолдарын және кезеңдерін кӛрсетеді.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана,
шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сӛзі ізденімпаз,
жаңаша ұстаздарға
арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Қорытынды жасай келе айтарымыз, ӛз іс тәжірибемізден жаңа
технологияларды қолданып ӛткізген дәрістердің, оқушының бойына білімнің
нәрі болып сіңетініне және оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын,
ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына
септігін тигізетініне сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: