тұрғыдан ойлау деген –әрбір жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені
ойлап, зерттеп қорытып, ӛз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.
СТО – ӛз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін
табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты ӛз пікірін айту,
оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды
және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлаудың тамырын сонау гректік сократтық дәстүрге
дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден кӛруге болады, сол кездің ӛзінде беделді
негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану
қалыптасқан:
олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың
талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды.
Джон
Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған,
алғашқылардың
бірі
болды.
Ол
оқушылардың
ойлау
дағдысын
қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес,
қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына
бағыттау керек екендігін мойындатты.
Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі
үш элементтен тұратындығын болжап берді:
1.
Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде ӛзінің
тәжірибесін
қалыптастыру ӛрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.
2.
Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу. Сыни тұрғыдан
ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Л.Джинни Стил
Куртис, С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский
теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез -
келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін
таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі
оқытудан басты
айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сӛйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің
ойын тыңдауға, құрметтеуге, ӛзекті мәселені
шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Александердің диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту (2001, 2008)
тәжірибеде зерттеген диологтың бес үлгісін ойлап тапты . Олар:
1.Механикалық сақтау (үнемі қайталап отыру)
2.Декламация (тест)
3.Нұсқаулық/ мазмұндама
4.Талқылау(ақпаратты тарату)
5.Диалог.
1956 жылы Бенджамин Блумның тӛрағалық етуімен білім беру комитеті
әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын
ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып
табылады
Достарыңызбен бөлісу: