Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет182/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   222
Жинак республ docx

Саралау тәсілінің нәтижелері: 
- Оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады
- Нашар оқитын оқушылардың қателіктерін болдырмауға мүмкіндік береді; 
- Білім сапасының кӛрсеткіші артады; 
- Оқушының бойында жеке қабілет пен сенімділік дамытады; 
Ендеше, мұғалім ӛзінің сабақ беруін ғана емес, оқушыны дамытуға 
күш салғаны жӛн. Сабақ барысын «қажеттіліктен» «ӛте қызықты» деген 
деңгейге жеткізу. Бұл сӛз оқушының сабақты, білімді, ақпаратты толық 
қабылдағанын байқатады. Осы талдауға негіз болған мақаланың идеясы білім 
мен түсінікті оқушы ӛзі құрады, ал мұғалім- оқу үдерісінде кӛмек беруші 
(кӛпірше) жан.
 Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (III деңгей) 
2. Үлестірме материал. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Педагогикалық шеберлік орталығы» 2016 ж 
3. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарға арналған «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге 
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
4. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер «Педагогикалық шеберлік 
орталығы» 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Астана 2014ж
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: « ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН
ҤЙРЕНУ» МОДУЛІН ӚЗ САБАҒЫМДА ҚОЛДАНУ 
 
Калиева Назекет Мадиевна 
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік 
мекемесі, Шымкент қаласы 
 
Оқушылардың білімді болуы, қазіргі заман талабына сай білім алуы, 
мұғалімдердің білімді болуын және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Әр ұстаз 


ӛзінің жұмысын шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай сабақты 
түрлендіріп, сабақта әр-түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланып, топтық,жұптық 
жұмыстар жүргізу арқылы сабақты бірлесіп оқу арқылы, нәтижеге жетеді.
Мен орыс сыныптарына қазақ тілінен беретін болғандықтан, оқушылардың 
ойлау, сӛйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, танымдық қабілетін 
дамытумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру басты 
мақсатым болды. Бұл орайда мен «қалай оқу керектігін үйрену» модулін 
таңдағанды жӛн кӛрдім. Ӛзге ұлт ӛкілдері қазақ тілінде ӛз ойын жеткізе алмай 
қиналып жатады. Сол себептен ӛз тәжірибемде оқушылардың ӛзіндік ойлау, 
сұрақ қойып, жауап беру, сӛйлем құрастыру, сӛйлеу қабілеттерін 
қалыптастырғым келді. «Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «ӛзін-
ӛзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы 
түсіну, бақылау және оқу тәжирибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін 
дамытады. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын 
ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. Метатануға 
танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді 
қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып 
білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге болады. Ӛз жұмысының 
нәтижесінде Флейвелл (1976) метатану ӛлшеудің үш құрылымын сипаттай 
отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін 
анықтады: 

білім алушы тұлға ӛзі туралы білімі; 

мақсаттар мен тапсырмалларды білу, түсіну және бағалау; 

тапсырманы орындатуға қажетті стратегияларды білу және оларды 
бақылау. 
Бірінші ӛлшем жеке білімге қатысты; ӛзін оқушы ретінде тани отырып, бала 
мысалы, ӛзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не 
ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті 
туындайды. Флевелл оқушылардың ӛзінің оқуын саналы түрде сезіну дамыған 
сайын балалардың басқа оқушылардың да ӛз оқуына қатысты таңдауы, күшті 
және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метатанымдық түсінігінің де 
кеңейтетіндігін анықтады. 
Флейвелдің екінші ӛлшемі тапсырмаға бағытталған, ол оқушының ӛз мақсаты 
мен тапсырмаларын білу,түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл 
аспектісі оқушының тапсырманы қалай таңдайтынын және бағалайтынын 
немесе күрделілік деңгейін қалай салыстыратынын кӛрсетеді. 
Сондай-ақ үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы 
орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды. 
Ӛздігінен реттелетін оқудың үш елементі аса маңызды болып табылады. Перри 
2002 

Тапсырмамен жұмыс барысында ӛздігімен бағыталушылығы. 

Оқушының проблемалар мен мақсаттарды ӛздігінен айқындауы. 

Проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді 
ӛздігінен таңдауы. 


Таңдалып алынған тапсырмалар ӛзін-ӛзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға 
ықпал етуі қажет.Ӛздігінен реттеу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым 
жоғары деңгейіне ӛтуге ықпал етеді. 
Оқудың әлеуметтік - мәдени теориясын дамыту барысында Выготский 
оқушының ӛз бетінше қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе 
«маңызды» адамның кӛмегімен қамтамасыз етудегі ролі туралы жазады; 
мұндай оқудың әлеуметтік кӛлемі «Жақын арадағы даму аймағы» - ЖАДА 
ретінде анықталды. 
Мен үшін ең басты міндет жеті модулді ӛз сабағыма ендіру. Кӛкейімде қалай 
сабағымды түрлендіріп, одан әрі оқушыларды ынталандырсам деген сұрақ 
пайда болды? Мерсер мен Литатон ӛз еңбектерінде диолог сабақта 
оқушылардың қызығушылықтарымен қатар, олардың білім деңгейінің ӛсуіне 
үлес қосатынын атап кӛрсетеді. Қазірдің ӛзінде сыныптағы оқушылардың 
бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін кӛрсететін дәлелдер жеткілікті. 
Олар: 

Оқушылардың тақырып бойынша ӛз ойларын білдіруіне мүмкіндік 
береді. 

Оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын 
түсінуіне кӛмектеседі. 

Оқушылардың ӛз идеяларын дәлелдеуге кӛмектеседі. 
Диалог арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасы, сӛздік қоры, ойлау 
қабілеті дамиды. Диалогті оқыту баланың қабілеті мен талантын ашуға 
кӛметеседі. Оқушының бойында еркін пікір айтуға деген құлшынысын 
арттырады. Белсенділігін арттырады. Сабақ кезінде ең қиын кездесетін жағдай 
ол – оқушылардың ойларын еркін жеткізе алмауы, сӛздік қорының жоқтығы, 
сӛйлем құрай алмауы. Диалогты оқытудың ӛзі осы мақсатыма, осы мәселені 
шешуге кӛп септігін тигізді. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытудын 
Мерсердің (2000) зерттеуі бойынша 3 түрі бар. 

Әңгіме- дебат; 

Кумулятивтік әңгіме; 

Зерттеушілік әңгіме.
Мен ӛз сабақтарымда диалогтік әңгімелесудің 3 түрін қолдандым десем де 
болады. «Наурыз – түркі халықтарының дәстүрлі мейрамы» тақырыбындағы 
сабақты бастамас бұрын «Ой сергіту» сәтін ұйымдастырдым. Оқушылармен 
бірге шеңберде тұрып қолдарын жоғары кӛтеріп,беліне қойып, шеңберде 
айналып киіз үйді бейнеледім. Киіз үйдің құрлысы туралы шағын видео 
кӛрсетіп.
«Егер сіздер бүгінгі сабаққа әдемі кӛңіл-күймен келген болсаңыздар, оң 
қолдарыңызды кӛтеріңіздер... 
Егер сіздер ӛз білімдеріңізге сенімді болсаңыздар сол қолдарыңызды 
кӛтеріңіздер... 
Егер сіздер бүгінгі сабаққа дайынмын десек, қолымызды алға созамыз... 
Ал, ендеше сабағымызды бастаймыз десек, қол соғамыз» - дей келе жағымды 
орта қалыптастырдым. 


Оқушыларды «мазайка» әдісі арқылы Қызғалдақ, Раушан, Бәйшешек қима 
қағаздары арқылы 3 топқа біріктірдім. Топқа біріктіргеннен кейін оқушыларда 
келіспеушіліктер кездесті, мен оларға мадақтау сӛздерімді айтып, ескерту 
айтып бір жүйеге келтірдім. Оқушылар шеңбер құрып «доп лақтыру» әдісі 
бойынша ӛткен тақырыптардағы сӛздерді қайталады. «Үштік одақ» құру 
арқылы ӛткен тақырыпты пысықтады. Берілген сӛздерге сұрақ-жауап 
ұйымдастырды. Оқушылар бірін-бірі Жапондық әдісі арқылы бағалады. О-О-О 
тамаша керемет! М-М-М ойлану керек.Дұрыс келісемін! Басқа кӛзқарасым бар! 
Толықтырамын! 
Миға шабуыл. Сурет арқылы сабақ тақырыбын болжады. Сабақтың 
мақсатымен таныстырдым. Мағынаны тани отырып мәтінмен жұмыс 
тапсырамалары берілді. Мәтінді түсініп оқып, таныс емес сӛздерді түртіп алу 
еді. Сабақ барысында топтағы оқушылардың іс-әрекетін кӛруге болады. Топ 
ішіндегі оқушылардың берілген тапсырмаға белсене қатысып отыруын ӛз 
беттерімен жаңа материалды меңгерулерін, жұпта және топ ішінде талқылауын 
бақыладым. Топтағы әрбір оқушы мәтінді түсініп оқып, дәптерге таныс емес 
сӛзді түртіп алды. Содан кейін ӛз ойларын, пікірлерін бӛлісе отырып, «Суретті 
сӛйлет» әдісі бойынша. Сұрақтарға жауап бере отырып, суреттер бойынша 
оқиға желісін баяндады.Осы тұрғыда топтық жұмыс жасау оң нәтижесін 
берді.Әңгіме-дебат барысында оқушылардың ой пікірлерінде үлкен алшақтық 
болды және әркім ӛз шешімдерінде қалды. Ресурстарды біріктіруге аздаған 
талпыныс жасалды. Қарым –қатынас кӛбіне « Иә бұл солай», «Жоқ олай емес» 
деген бағытта жүзеге асты. 
Орта бірлесуден гӛрі, кӛбіне бәсекелестікке бағытталды. Оқушыларға деңгейлік 
тапсырмалар беріп отырдым. Таратпа материалдар, кеспе қағаздар беру арқылы 
оқуға қызығушылығын арттырдым. Оқушыларға кӛбіне «Семантикалық карта» 
бойынша мәтінді талдау ұнады. Ӛйткені олар Семантикалық карта ішіндегі 
сұрақтардың жауабын ӛздері таңдап алды. Ӛзі таңдаған сұрақтың қиын болуы 
да, оңай болдуы да ӛз таңдауларында болды. Оқушылар «Ұяшықтағы ұпайлар» 
ойыны бойынша сабақты пысықтау мақсатында сұрақты топпен талқылап 
жауап берді. 
Кері байланыс алынып, ішкі уәждерін ескере отырып, ертеңгі сабақта нені? 
қалай? қайтіп? оқыту керектегін түсіндім. Менің түсінгенім: оқушылардың 
пікірлерінің құндылығы, топта жұмыс жасағанда бір-бірімен тығыз қарым 
қатынаста диалог орнайтындығы. Мен сабағымда «қалай оқу керектігін 
үйрену» модулін соның ішінде жаңа тәсілдердің кӛрініс тапқанын білдім. 
Әйтседе уақыт тапшылығана байланысты оқушылардың ашылмай қалған 
қырларын зерттеу менің алдағы мақсатым болды. Үздіксіз білім алудың басты 
қағидасы осы жеті модулмен тығыз байланысты екендігіне кӛз жеткіздім. Жеті 
модулдің бірі «қалай оқу керектігін үйрену» жұмыс жүргізгендегі 
жетістіктерім: сұрақ қойып, жауап беруге машықтанды. Ӛз ойларын еркін 
айтуға дағдыланды. Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері және сын 
тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланды.
Сыныпта достық қарым-қатынас орнады. Пәнге деген қызығушылықтары 
артты. Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің ӛздігінен меңгеріп, таныта 
білген білім дағдылары мен амал кӛзқарастарына зейін қойып, зерделей білген 


білім модулдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында 
оқушылар не біледі? Оларда қандай қате ой түйіндері бар және бұны түзету 
үшін әр тапсырма орындалған сайын кері байланыс алып, оқушыларды іштей 
ӛзін-ӛзі реттеуге бағыттап отырдым. Егер мұғалім мен оқушының білім 
игерудегі бастау нүктесі ӛзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету 
күмәнді болады. Онда тіпті ең жақсы оқушылардың ӛздерінде де алған 
білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан ӛткеннен 
кейін мүлдем ұмытып қалады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу 
үдерісінің барлық аспектісіне белсене қатысу керек; олар ӛздерінің 
болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, ӛз 
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен 
эксперимент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бӛлігі екенін түсіне 
отырып, тәуекелге барады. Оқушылардың алған ақпаратты есте сақтауының 
орташа пайызы; дәріс 0%, оқу 10%, аудио-визуалды қабылдау 20%, кӛрсетілім 
30%, талқылау 50%, Тәжірибеде жасау 75%, ӛзгелерді оқыту 90%. (Бефель). 
Уақытты тиымды жеткізу үшін, оқушыларға берілетін тапсырмаларды азайтып, 
олардың сапасын кӛтеру керек.
Әр сабақта Блум таксономиясының алты деңгейіне сәйкес келетін алты 
тапсырма берудің орнына алты деңгейді қамтитын бір тапсырма бердім. Олай 
болу үшін тапсырмалардың барлығы да жоғары Талдау, Жинақтау, Қолдану 
немесе Бағалау деңгейлерінде болды. Тайм менджментті жақсы қолдану керек: 
сабақ жоспарын әр минутына дейін нақтылап, соны міндетті түрде 
қадағаладым. Оқушыларды да уақытқа бағынуды үйреттім. Әр топта уақытты 
қадағалаушы болды. Тапсырманы аяқтауға берілген уақыт болған жұмысты 
тоқтатпау керек. Сонда ғана уақытты тиімді пайдалануға болады. Осындай 
талап қойып, оқушылар бірден жұмыс істеуге, тапсырманы уақытылы дұрыс 
орындауға, белсенділік танытуға дағдыланды. Осылайша оқушыларды ӛзін-ӛзі 
басқаруға, ӛздігімен жұмыс жасауға, бірін-бірі үйретуге, тексеруге үйреттім. 
Оларға еркіндік бердім, топтық жұмыс пен жұптық жұмыста ӛз пікірлерін 
білдіріп,ӛзара ақылдасып,сабақты бірлесе оқыды.
Мысалы менің екінші cабағымның тақырыбым: "Қазақы наурызнама" сабақты 
бастамас бұрын бірінші оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын 
арттырдым.Мен сабағымды ребус шешуден бастадым. Тәтті кәмпиттерді тарату 
арқылы оқушыларды топқа біріктірдім. Әр топқа бӛлек тапсырма беріп, 
оқушылар оны топ ішінде игеріп болғаннан кейін топ құрамдарын ӛзгертіп, 
оларға екінші топқа ӛз тақырыбында үйретуді ұйымдастырдым.(жигсо тәсілін 
қолдану арқылы). Оқушыларға «Даналық сӛзден дән ізде» ойынын ойнаттым. 
Бірінші топ мақал-мәтелдің екінші жартысын жоғалтушылар. Екінші топ мақал-
мәтелдің жалғасын табушылар. «Сӛз асылы мақал» Ұсынылған мәтінді топ 
ішінде оқып, аударып, мәтін мазмұнына мақал-мәтел жазды. Оқушыларға топ 
ішінде суреттер берілді.Сол суретке қарап мақал-мәтел тапты. Оқушылар топ 
ішінде «Веен» диограммасы арқылы, «Наурыз» сӛзінің шығу тарихы мен 
«Наурыз» мерекесінің айырмашылығын салыстырып,түсіндірді. «3*3» тәсілі 
арқылы оқушылар бүгінгі сабақта үйренген Наурыз мерекесінің шығу тарихын 
үш оқушыға айтып берді. Оқушылар Наурыз - бірліктің мерекесі екенін топпен 
оқу арқылы, бірлік бар жерде тірлік бар екенін түсініп. «Наурыз - бірліктің 


мерекесі» деген тақырыпта эссе жазды. Әр тапсырма орындалған сайын 
оқушыларға кері байланыс беріп,мақтау сӛздер айтып, оқушыларды 
жігерлендіріп отырдым. Зерттеушілік әңгіме үстінде әркім ақылға қонымды 
мәлімет ұсынды. Әркімнің идеясы бағалы деп саналғанымен, мұқият 
бағаланды. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, айтқандарын дәлелдеді, 
осылайша әңгімеде дәлелдеме кӛрінді. Менің ӛз сабақтарымда кемшіліктер де 
кездесті. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, тәжірибелі әріптестерім 
сабақтарыма талдау жасап, кемшіліктерімді айтып, түсіндірді. Әрине, ол мен 
үшін қуаныш. Алайда, сабақтарымда кемшіліктер мен қатар жетістіктерге де 
қол жеткіздім. Алға қойған мақсатым кемшіліктерді жою, кедергіден шығу 
жолдарын іздей бастадым. Мен нені ӛзгерте аламын? Ӛз сабағымда дәстүрлі 
білім беруді, сындарлы оқытумен алмастырамын. Осы ӛзгерісті енгізу 
барысында ӛзіме мынындай мақсат қойдым. 
Ӛткізілген сабақтар оқушылар үшін ӛте қызықты сабақтардың біріне айналды. 
Алғашқы сабақтар қарапайым тапсырмалардан басталды.
«Мұғалім ретінде бұл талапқа сай болу үшін ізденіп, шығармашылықпен 
жұмыс жасап, ӛмірдегі болып жатқан ӛзгерістерді тез ұғынып, тынбай еңбек 
ету керектігін түсіндім. Үшінші сабағымның тақырыбы: «Наурыз - уыз 
мерекесі». Сабақта «Алты қалпақ» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни 
қабілеттерін байқағанды жӛн кӛрдім. Оқушылар қалпақ түсіне қарай түрлі – 
түсті топқа бірігіп,түрлі-түсті конверттегі жұмбақтың шешуін тапты. Әр 
тапсырма сайын оқушылар бірін-бірі жетон арқылы, фишкалар арқылы бағалап 
отырды. Логикалық ойындар ойнады. «Ойлы болсаң ойлап кӛр» әдісі арқылы 
жұптасып сұрақ құрастырып, ӛздері құрастырған сұрақтың шешуін,келесі жұп 
шешті. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалған жайлар. Айтылған 
пікірлермен тыңдаушылардың әр қайысысы механикалық түрде келісе берді. 
Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгендіктен оған қатысушылардың 
ӛзгелер ұсынған қандайда бір болсын идеяларды тӛзімділікпен тыңдады.Сабақ 
оқушыларға қызықты,кӛңілді ӛтті.
Мектептерде «Оқушы үніне» кӛңіл бӛлуге баса назар аударылып келеді.Джин 
Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жаратушысы ретінде «Оқушылармен 
пікірлесудің мақсаты – оқушының кӛзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін 
түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін 
жазды. «Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу 
барысында Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы 
бойынша жұмысқа тартылды. Ол жобаның мақсаттары ; 

Оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру; 

Оқушылардан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша, мұғалімдерге 
арналған нұсқаулық әзірлеу. 

Мектепте ашық және қауыпсыз диолог құрудың проблемалары мен 
мүмкіндіктерін анықтау болатын. 
Мен сабақ соңында стикерлерге оқушы үнін жаздырып, оқушының пікірін 
тыңдап,оқушының да пікірі маңызды екенін ескеріп, оқушылардың ӛзіне 
сенімділігін қалыптастырып, келесі сабағымды жоспарладым. 


Қорыта келгенде, оқуға үйрету оқушылардың қалай ойлайтынын әрі қарай 
қадағалау, бағалау, бақылау және ӛзгерту, қабілетін дамытудан тұрады.Олар 
ӛздері оқудың әр-түрлі әдістерін түсіну арқылы, сұрақ қоя отырып, қателесе 
отырып ӛздігінен білім алуға үйренеді.Кері байланыс алу арқылы, қате 
пікірлерді іштей түсінуіне әр –түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып нәтижеге 
жеттім. Мен сабағымның барысынды осыған кӛз жеткіздім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет