Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту ӛте маңызды ӛзгерістердің
сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа
негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі
және оқу-тәрбиелік
үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазіргі таңда білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында
мұғалімдердің тәжірибесінде кӛптеген ӛзгерістер орын алуда. Бұл ӛзгерістер
мұғалім тәжірибесін дамытуға бағытталған. Осылайша жоспарлау және
оқытуда саралаудың маңыздылығы артуда. Саралап оқыту (дифференциация)
латын тіліндегі «difference» сӛзінен бастау алған және біртұтас затты түрлі
бӛліктерге, нұсқаларға, сатыларға бӛліп жіктеуді, саралауды білдіреді, ал
француз тілінде «differentiation» айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді.
Саралап оқыту - бұл білімалуға бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше,
әрмұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап
оқытудың теориялық негізін Л.Выготский, А.Леонтьев, Б.Ананьев,
С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған.
Кеңестік кезеңде білім беру саласын әр баланың
дамуына қарай реттеу
Л.В.Занков (1963 ж.) жетекшілігімен қабылданған болатын. Бұл ғылыми
мектепте оқуды саралаудың және баламен жекелей жұмыс жасау тәсілінің
басты ӛлшемі оқу материалын игеру деңгейінің жетістігі.
Жалпы саралап оқыту дегеніміз не?
Саралап оқыту тәсілі- әр түрлі оқушылар
тобының оқу әрекетін
ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерін саралау
тәсілдерін қамтиды.
Оқушыларға тапсырма жеңілден күрделіге қарай, қабілеттерін,
дағдыларын, қызығушылықтарын ескере отырып сараланып беріледі.
Қабілетті оқушылар оқу мақсаты негізінде алынған тапсырмаларды орындауда
белсенділік танытып, ой тұжырымдай алды. Тапсырманы жеке орындау кезде
қиындық келтірген оқушыларға жұптық жұмыс
кезінде жұбының қолдау
кӛрсетуі оқушының даму, жетілуіне тиімді әсеретеді.
Саралап оқыту дегеніміз:
- мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ортақ
ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен (гомогенді
топ) жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі;
- оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік
беретіндей етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бӛлігі.
- оқушылардың оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеу;
- оқушылардың тиімді оқуына мүмкіндік беретін кішкентайдан үлкенге
дейін ӛзгерістер енгізу;
- оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізу. Дағды, білім, түсінік және
сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен келетінін кӛрсету;
- оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және оған сәйкес жоспарлау;
- оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке
тұлғалардың не оқушы
топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру.
Сараланған тапсырмалар - бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау
негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді,
қажетті дағдылары
қалыптасады. Сараланған тапсырмалар тақтада, слайдтарда, таблицаларда
жазылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: