Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет74/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   222
Жинак республ docx

Нәтиже бойынша саралау:
Нәтиже дегеніміз – сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған 
білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім білімді игерту мақсатында тапсырма 
береді, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да, олардың нәтижелері әр 
түрлі болады. Алайда жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс жасаудан 
гӛрі оқушылар ӛздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және 
жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ойланғандары маңызды. Сабақта 
мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың 
әрқайысының ӛздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне кӛз жеткізулеріне әрекет 
жасайды.
Оқу ортасы бойынша саралау:
Мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ететіндей 
оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар саралаудың айқын және жасырын түрлері де анықталған. 
Айқын саралау балалар ӛздерінің сараланып жатқанын білетін, кӛзге кӛрінетін 
саралау түрі. Мысалы:
 
жеке жұмысқа арналған деңгейлік тапсырмалар;
 
жоғары деңгейдегі оқушылар үшін күрдегенген тапсырмалар;
 
әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар;
 
әр оқушыға жеке тәсіл;
 
жеке шығармашылық жұмыс;
 
сабаққа оқушының қосымша озық материалдар дайындауы;


 
шешімдер үлгілерін, теориялық анықтамаларды, қосалқы мәселелерді 
пайдаланып, тапсырмаларды орындау т.б.
Айқын саралау кезінде қиын балармен жұмыс істеудің, үлгерімі тӛмен 
оқушыларға кӛмектесуге, үлгерімі жоғары оқушыларға кӛңіл бӛлудің 
мүмкіндіктері пайда болады. Сондай-ақ, мықты оқушылар ӛз қабілеттерін 
кӛрсетуіне, үлгерімі тӛмен оқушылар ӛз жетістіктерін сынауына да мүмкіндік 
туады.
Жасырын 
саралау 
дегеніміз 
«оқуды 
жекешелендіру» 
немесе 
оқушыларды деңгейімен «топтастыру» мен «жеке жұмысты» тең деңгейде 
қолдану дегенді білдірмейді. Жасырын саралау бұл оқыту үдерісінде 
оқушылардың жекелеген ерекшеліктерін, оқыту түрлері мен әдіс-тәсілдерін 
есепке алу, қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды таңдау құқығын беру. 
Сабақты жоспарлауда және оқытуда жалпы ортақ қабылданған саралаудың осы 
тәсілдерін барынша орынды қолдануға машықтанған жӛн. Себебі саралаудың 
осындай тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылар арасындағы ауқымды 
ерекшеліктерін ескеруге болады. Психолог Н.А.Менчинская: «Оқыту тиімділігі 
оның мазмұны мен әдістеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, оқушылар 
тұлғасының жеке басының ерекшеліктеріне байланысты», [3] – деген. Демек, 
оқушыларға оқу мақсатына жетуді кӛздейтін тапсырма, жаттығуларды беру 
барысында баланың жеке ерекшелігі және қажеттілігі ескерілуі керек. Бұл 
турасында ұлы ғұлама Аристотельдің ӛзі былай деген: «Оқушылар биіктен 
кӛрінуі үшін алдыңғыларға жетіп, соңғыларды тоспауы керек». Яғни, әр бала ӛз 
ерекшелігіне, қажеттілігіне және мүмкіндігіне қарай тапсырмалар мен 
жаттығуларды орындай отырып, оқу мақсатына жетуі керек.
Жоспарлау және оқыту барысында тапсырманы саралаудың маңыздылығы 
басым. Саралаудың бұл тәсілі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар 
ойластыруды кӛздейді. 
Оқушыларға жекелеп немесе топтарға олардың меңгерген білімдеріне 
негізделген тапсырмалар беріледі. Аса қабілетті оқушыларға айтарлықтай 
жоғары деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін, проблемаларды шешу 
қабілеттері мен зерттеу қабілетін пайдалануды талап ететін күрделі 
тапсырмалар беруге болады. 
Мысалы, 9-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Гендік модификацияланған 
ӛнімдер» тақырыбында ӛткен сабақта саралаудың тӛмендегідей түрлерін 
қолдандым. 
Бұл 
жерде 
оқушылар 
ӛздерінің 
қалаулары 
бойынша 
тапсырмаларды орындай отырып, ӛз білімдерін кӛрсете алу мүмкіндігіне ие 
болады.
1-деңгей. Сабақ тақырыбына байланысты СИНКУЕЙН құрастыру. 
2-деңгей. ГМӚ-нің пайдасы мен зияны туралы Венн диаграммасын жасау.
3-деңгей. Мәтін бойынша сұрақ-жауап түрінде диалог құрастыру.
4-деңгей. Бейнетаспа материалы мен оқылым материалын байланыстыра 
отырып, шағын мәтін құрастыру. 
Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан 
кӛмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану – 
сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады [4]. 


Бүгінде білім беру жүйесінің ерекшелігі – білім алушының қандай да бір 
іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының 
білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзыреттілік қасиетінің 
қалыптасуын бағалауымыз керек, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты 
рӛлде емес, басты орында оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық 
қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, ӛзін-ӛзі 
дамыту, ӛзіндік білімін кӛтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен 
оқытуға деген кӛзқарас ӛзгергендіктен, оқыту нәтижесін бағалау да жаңа 
бағытқа ие болуда.
Қорыта келе, тиімді жоспарлау – мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесін 
жетілдірудің, оқушыны үнемі ойда ұстау арқылы олардың табысты оқуына 
ықпал етуге мүмкіндік берудің, яғни сапалы білім беру негізі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет