инфекцияның тиімділігі бағаланады. Зерттеуге алынған тест-нысана түріне
және инфекцияның байқалу формасына байланысты 50%-ды тиімді доза (ТД
50
)
ретінде 6-кестедегі көрсеткіштердің бірі қабылданады.
1 ЛД
50
– зертханалық жануарлардың (ақ тышқандар) 50%-ын өлімге
ұшырата алатын вирустың дозасы;
1 ИД50 – жұқтырылған зертханалық жануарлардың 50%-ын ауруға
шалдықтыратын, аурудың клиникалық белгілерінің байқалатын немесе
олардың организмін патологиялық-анатомиялық өзгеріске ұшырататын
вирустың дозасы;
1 ЭЛД
50
– тауық эмбриондарының 50%-ын
өлімге ұшырататын вирустың
дозасы;
1 ЭИД
50
– жұқтырылған тауық эмбриондарының 50%-ын патологиялық-
анатомиялық өзгеріске ұшырататын вирустың дозасы;
1 ЦПӘ
50
– жұқтырылған жасуша өсінділерінің (жасуша өсінділері бар
шыны түтіктер) 50%-ында цитопатикалық әсер тудыратын вирустың дозасы.
6-кесте. 50%-инфекциялық белсенділік бойынша вирустардың сандық
бірліктерінің түрлерін анықтау
Тест-
нысандары
Вирустың инфекциялық
әсерінің түрлері
Вирустың мөлшерлік бірлігі
бірліктер атауы
ТД
50
Зертханалық
жануарлар
Өлімге ұшырауы
50%-летальды доза
ЛД
50
Клиникалық белгілер
(патологиялық-анатомиялық
өзгерістер)
50%-инфекциялық
доза
ИД
50
Тауық
эмбриондары
Өлімге әкелу жағдайы
50%-эмбрионалды
летальды доза
ЭЛД
50
Патологиялық-анатомиялық
өзгерістер
50%-эмбрионалды
инфекциялық доза
ЭИД
50
Жасуша
өсінділері
Цитопатикалық әсер (ЦПӘ)
50%-цитопатиялық
доза
ЦПӘ
50
Құрамында вирусы бар материалдың бірлік көлеміндегі вирустың ТД
50
(ЛД
50
, ИД
50
, ЭЛД
50
, ЭИД
50
немесе ЦПӘ
50
) мөлшері осы материалдағы вирус
титр (Т) көрсеткіші болып табылады. Мысалы, Т=10
3,48
ЦПӘ
50
/0,1 мл әрбір 0,1
мл вирусы бар материалдың құрамында 10
3,48
дозада
вирустың бар екенін
білдіреді, олардың әрқайсысы шыны түтіктердегі жасуша өсінділерінің 50%-
ында цитопатикалық әсер тудыруа алады.
Вирустың 50% инфекциялық әсер ету (ЛД
50
, ИД
50
, ЭЛД
50
, ЭИД
50
, ЦПӘ
50
)
бірлігінің атауы жұқтырылған вирустардың летальдық әсерін, клиникалық
белгілерінің байқалуын, патологиялық-анатомиялық өзгеріске ұшыратуын
немесе цитопатикалық әсерін статистикалық бағалауда қолданылады.
Вирустарды 50% инфекциялық әсері бойынша титрлеу, оған сезімтал тірі
жүйе (тест-нысана) дұрыс таңдалған жағдайда, кез келген вирусты титрлеуге
жарамды ең әмбебап әдіс болып табылады. Алайда вирустарды титрлеудің бұл
әдісі
біршама еңбекті, ұзақ уақытты және статистикалық есептеулерді қажет
етеді.
Вирустардың титрін 50% инфекциялық әсер ету (ЛД
50
, ИД
50
, ЭЛД
50
, ЭИД
50
,
ЦПӘ
50
) бірлігі бойынша анықтаудың басты міндеті – инфекциялық дозаның
көлемі 1 ТД
50
-ге тең болатын зерттеуге алынған вирустық материалдың
сұйылтымын тауып алу, содан кейін сондай мөлшердегі вирустық материалдың
құрамында қанша вирус бірлігінің бар екендігі есептеледі. Осы материалдың
құрамындағы вирус титрінің көрсеткіші болып саналады. Бұл міндетті орындау
үшін алдымен зерттеуге алынған құрамында вирусы бар материалдан 10
еселенген сұйылтымдарының сериялары дайындалады. Құрамында вирусы бар
материалдың 10 еселенген сұйылтымдарының әрбірімен аталмыш вирусқа
сезімтал тірі тест-нысаналар (ақ тышқандар,
тауық эмбриондары, жасуша
өсінділері) жұқтырылады. Әрбір топта кем дегенде 4-6 тест-нысанадан болуы
қажет, өйткені олар аз болған жағдайда вирус титрінің статистикалық
есептелген шамасының ауытқуы тым үлкен қателікке ие болады.
Жұқтырылғаннан кейін вирустың тест-нысандарға әсер ету нәтижесі
(өлімге
ұшырауы,
клиникалық
белгілері,
патологиялық-анатомиялық
өзгерістері, ЦПӘ) есепке алынады және қандай сұйылтымдағы вирус сезімтал
тест-нысандардың 50%-на әсерін көрсеткендігі анықталады. Сезімтал тест-
нысандардың 50%-на әсерін көрсеткен вирустың дозасы сәйкесінше 1 ТД
50
тең
болады.
Вирустық материал жұқтырылған жануарлар (ақ тышқандар) үнемі
бақылауда болады және өлімге ұшырағандары журналға тіркеліп отырады.
Жұқтырылғаннан кейінгі алғашқы 48 сағатында
жануардың өлімге ұшырауын
вирустың әсерінен деп тану қиын, сондықтан ол телімсіз деп саналып, есепке
алынбайды. Жұқтырылған жануарлардың өлімге ұшырауы толық тоқтаған
кезде, яғни 2-3 тәулік ішінде жаңа өлім тіркелмеген жағдайда, есепке алу
аяқталды деп саналады. Эксперимент нәтижелері журналда тіркеледі.
Жұқтырылған жануарлардың 50%-ын өлімге
ұшырататын вирустың дозасын
(сұйылтымын) анықтауда Рид пен Менч немесе Кербер әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: