Эритроцитарлық антигендік диагностикумды қолдана отыра ЖГАР-
да антиденелердің титрін анықтау әдісі. ЖГАР иммунологиялық
реакцияларға арналған 96 шұңқыршалы планшеттерде микроәдіспен
жүргізіледі.
1. Зерттеуге алынған қан сарысуларының (ЗҚС) екі еселенген сериялық
сұйылтымдарын дайындайды. Ол үшін планшет шұңқыршаларына 0,05 мл
физиологиялық ерітіндіні (рН 7,2) енгізеді. №1 шұңқыршаға 0,05 мл зерттеуге
алынған қан сарысуын енгізіп (1:2), араластырғаннан кейін 0,05 мл-ін алып №2
шұңқыршаға енгізеді (1:4), араластырғаннан кейін оның 0,05 мл-ін №3 және №4
шұңқыршаға (1:8, 1:16), солай №5 шұңқыршаға дейін сұйылтады (1:32). Сосын
№5 шұңқыршадағы сұйықтықты араластырғаннан кейін 0,05 мл алып төгіп
тастайды.
2. Бір уақытта №6, 7, 8, 9 шұңқыршаларға келесі бақылау сынамалары
қойылады: №6 шұңқыршаға 0,05 мл физиологиялық ерітінді мен 0,05 мл
сұйылтылмаған қан сарысуын енгізеді (зерттелетін қан сарысуларының
құрамында гемагглютининдердің болуын анықтауға арналған бақылауы); №7
шұңқыршаға 0,05 мл физиологиялық ерітінді енгізеді (эритроцитарлық
диагностикумның
өздігінен
агглютинациялануының
бақылауы);
№8
шұңқыршаға 0,05 мл физиологиялық ерітінді мен 0,05 мл телімді қан
сарысуларын (ҚС
+
) енгізеді (эритроцитарлық диагностикумның белсенділігінің
бақылауы); №9 шұңқыршаға 0,05 мл физиологиялық ерітінді және 0,05 мл сау
мал қан сарысуы (ҚС
–
) енгізіледі (эритроцитарлық диагностикумның
телімділігінің бақылауы).
3. Барлық шұңқыршаларға (№6 шұңқыршадан басқасына) 0,05 мл
эритроцитарлық антигендік диагностикумды (ЭАгД), ал №6 шұңқыршаға 0,05
мл сенсибилизацияланбаған эритроциттерді енгізеді.
4. бөлме температурасында 1 сағат инкубациялайды.
5. ЖГАР нәтижелерін гемагглютинация бойынша есепке алады.
6. Зерттеуге алынған қан сарысуларының құрамындағы антиденелердің
титрін
анықтайды.
ЖГАР-дағы
антиденелердің
титрі
ретінде
сенсибилизацияланған эритроциттермен кем дегенде екі «крестке» (++)
агглютинациялана алатын ең жоғарғы сұйылтымы алынады.
ЖГАР-дағы антиденелердің титрін анықтау схемасы 9-кестеде көрсетілген.
9-кесте. ЖГАР-дағы антиденелердің титрін анықтау схемасы
Шұңқырша №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Реакция компоненттері
ЗҚС сұйылтымдары
Бақылаулар
1:2 1:4
1:8
1:16 1:32 ЗҚС
ЭАгД
1. Физ. ерітінді (мл)
0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 0,05
2. Зерттеуге алынған қан сарысуы
0,05
0,05-тен ауыстыру
0,05 –
–
–
3. Телімді қан сарысуы
–
–
–
–
–
–
– 0,05 –
4. Сау мал қан сарысуы
–
–
–
–
–
–
–
– 0,05
5. ЭАгД
0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 – 0,05 0,05 0,05
6.Сенсибилизацияланбаған эритроцит –
–
–
–
– 0,05 –
–
–
Нәтижелерді есептеу
+++ ++
++
–
–
–
– +++ –
ЖГАР экспресс-әдістер қатарына жатады, бұл әдіс сезімталдығы мен
телімділігінің жоғарылығыменен сипатталады, ауруды ертерек балауға
мүмкіндік береді, сонымен қатар қойылым жолдарының қарапайымдылығымен
ерекшеленеді және стерильді жағдайларлды қажет етпейді.
Алайда, эритроцитарлық диагностикумдардың сапасы мен тұрақтылығы
антигендерді тазарту дәрежесіне, сондай-ақ әрбір вирус антигені үшін жеке
таңдалған эритроциттерді фиксациялау, танизациялау және сенсибилизациялау
жағдайларына тікелей байланысты екенін атап өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |