Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Патологиялық-анатомиялық балау әдісі



Pdf көрінісі
бет26/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   146
вирус

Патологиялық-анатомиялық балау әдісі. Патологоанатомиялық әдістің 
жұқпалы ауруларға диагноз қою үшін
көмегі зор. Жұқпалы ауруды балау үшін үш
түрлі патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескеру қажет. 
1. Инфекция қоздырушысының денеге енген жерінде болатын өзгерістер. 
2. Инфекциялық процестерге тән денедегі жалпы патологиялық-анатомиялық 
өзгерістер. 
3. Жекелеген жұқпалы аурудың өзіне тән өзгерістері. Жұқпалы аурудың 


қоздырушысы денеге енген инфекция қақпасында әдетте бастапқы ошақ немесе 
бастапқы эффект пайда болады. Мысалы, өкпедегі немесе ішектегі туберкулез 
ошағы, аусыл кезіндегі бастапқы орта (күлдіреуік), топалаң кезіндегі терідегі 
карбункул. Бастапқы ошақты толық және толық емес бастапқы кешен деп атайды. 
Бастапқы толық кешен деп тиісті мүше мен оның маңындағы сөл түйіні
бірдей зақымдануын атайды. Егер микроб енген жерде ақау болмай тек қана 
маңындағы сөл түйіні
ғана зақымданса, онда ол толық емес бастапқы кешен 
болып табылады. Егер бастапқы ошақ бір ғана емес бірнеше мүшелерде болса, 
ондай ошақ күрделі бастапқы кешен деп аталады. Мысалы туберкулез кезінде 
өкпе мен ішек қатарынан зақымдануы мүмкін. 
Инфекциялық процестерге тән денедегі жалпы өзгерістерге мыналар жатады: 
- қан және сөл айналымының бұзылуы; 

лимфоидты 
мүшелердің 
зақымданып, 
мононуклеарлы 
фагоцит 
торшаларының көбеюі; 
- ішкі ағзалардағы дистрофиялық өліеттену құбылыстары; 
- кілегейлі қабықтар мен терінің зақымдануы. 
Қан және сөл айналымының бұзылуы – ауру қоздырушысының және оның 
уларының қан тамырына және қан айналу орталығына әсер етуінің және 
аллергиялық реакциялардың нәтижесі. Геморрагия (қанталау) ауруды балағанда 
ескерілетін негізгі бір ерекшелік ретінде барлық жіті өтетін және бірталай 
созылмалы жұқпалы аурулар кезінде кездеседі. Геморрагиямен қатар тері асты 
шелінің домбығуы жиі кездеседі. Аллергиялық процестер кезінде қан 
тамырларының қабырғасында фибринозды өліеттену кездеседі. Жүректің 
қызметінің бұзылуы тоқырау құбылыстарын тудырып, оның нәтижесінде тері 
асты шелі қабынып, сірлі қуыстарда транссудат жиналады. 
Жұқпалы ауруларды балағанда лимфоидты мүшелерде болатын өзгерістерге 
ерекше көңіл бөлінеді. Көкбауыр мен сөл түйіндерінің гиперплазиясы (ұлғаюы) 
жұқпалы ауруларға тән занды құбылыс. Көкбауыр әсіресе жіті өтетін өлі тиген 
жұқпалы аурулар кезінде (мысалы, топалаң) өте зор өзгерістерге ұшырайды. 
Сондықтан да өлітиген көкбауыр деп бұл
ағзаның шектен тыс ұлғайып, оның 
ұлпасының жұмсарып, кескен кезде қоймалжыңдануын айтады. Созылмалы 
аурулар кезінде (мысалы, жұқпалы анемия) көкбауыр аздап қана ұлғайып 
консистенциясы нығыздалып, кескен кезде бозаңқы болады. Жаңа туған және 
көтерем болған жануарларда көкбауыр өзгеріске аз ұшырайды. 
Дистрофиялық өліеттену процестері де ауру қоздырушысы мен оның 
уларының 
әсерінен 
болады. 
Бұлар 
көбінесе 
өлітиген 
инфекциялар, 
токсикоинфекциялар және сенсибилизация (сезімталдану) кезінде байқалады. 
Жұқпалы ауруларды балау үшін
гистологиялық зерттеулердің маңызы зор. 
Оның нәтижесінде төмендегі құбылыстарды анықтауға болады: 
- инфекциялық патологиялық процестердің өршуі; 
- иммунологиялық қорғаныс процестерінің дамуы; 
- әрбір ауруға тән өзгерістердің білінуі, әсіресе вирустық аурулар кезінде 
байқалатын 
жасуша 
ішіндегі 
денешіктер 
(тельца-включения). 
Ішкергі 
денешіктерді табу вирустық ауруларға түпкілікті
диагноз қоюға негіз болады. 
Олар цитоплазмалық және ядролық болып бөлінеді. Цитоплазмада болатын 
денешіктер құтырық (Бабеш-Негри денешіктері), шешек (Болингер денешіктері), 
грипп, парагрипп, сиыр обасы, пситтакоз кезінде кездеседі. Ядрода болатын 
денешіктер Борн ауруы, сиыр ринотрахеиті, жылқы ринопневмониясы, 


везикулярлық стоматит, құс ларинготрахеиті кезінде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет