Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Жасуша өсінділерін сақтау



Pdf көрінісі
бет98/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   146
вирус

Жасуша өсінділерін сақтау. Вирусологиялық зерттеу жұмыстарында 
қолданылатын алғашқы, диплоидты және тұрақты жасуша өсінділерін ұзақ 
уақыт бойы сақтау үшін жиі консервациялауға тура келеді. Себебі, аталмыш 
жасушаларды in vitro жағдайында үздіксіз өсіру барысында, олардың 
бактериялармен ластануы мен генетикалық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы 
мүмкін. 
Жасуша өсінділерін консервациялаудың ең қарапайым әдісінің бірі, +4ºС 
температурада 1-6 аптаға дейін сақтау болып табылады. Жасуша штамдарын 
құрғақ мұзда (–78ºС) және сұйық азотта (–196ºС) ұзақ уақыт бойы сақтауға 
болады. Ол үшін арнайы ыдыстардағы жасушаларды шайып алады да, олардың 
10
6
мөлшерін құрамында 10-50% қан сарысуы мен 10%-ды диметилсульфоксиді 
(ДМСО) немесе глицерині бар қоректік ортаның 1 мл-не араластырып, 
ампулаларға құйып, бастапқыда 1-3 сағат бойы +4ºС температурада, сосын 
мұздатқышта –70ºС-ге дейін қатырған соң сұйық азотқа ауыстырады. Сұйық 
азоттағы жасушалар өзінің пролиферативті белсенділігі мен вирустарға 
сезімталдығын бірнеше жылдарға дейін сақтай алады.
Консервациядағы жасушаларды жұмысқа дайындау келесі тәртіппен 
орындалады: жасушалар қатырылған ампуланы 1-2 минут бойы су моншасында 
ерітеді, сосын ампуладағы жасушаларды қажетті қоректік орта құйылған 
ыдысқа ауыстырады да, +37ºС температураға реттелген термостатта өсіреді. Бір 
тәуліктен кейін қоректік ортаны ауыстыру арқылы ДМСО немесе глицериннен 


тазартады.
Жасушаларды өсіруге арналған ерітінділер мен қоректік орталар. 
Жасуша өсінділерімен жұмыс жүргізуде тұздардың әртүрлі ерітінділерін, 
ферменттердің, сондай-ақ қоректік орталардың, сүтқоректілердің қан 
сарысуларын және басқа да билогиялық белсенді компоненттер қолданылады. 
Теңдестірілген тұзды ерітінді құрамында негізгі бейорганикалық тұздар 
бар: Ca
+
, K
+
, Mg
+
, Na
+
; Cl

, SO
4

, НPO
4

, HCO
3

және глюкоза. Бұған мысал 
ретінде Хэнкс және Эрл сияқты, т.б. ерітінділерді атай кетуге болады. Аталмыш 
ерітінділерді ұлпаларды бөлшектеуге, шаюға, ұлпаларды қысқа мерзімде 
инкубауиялауға және т.б. арналған қоректік орталарды дайындау 
жұмыстарында қолданады.
Жасуша өсінділерімен жұмыс істеуге қажетті Хенкс және Эрл ерітінділері 
бидистилденген суда дайындалады.
Хенкс ерітіндісі: 1 литр бидистилденген суға 8,0 г – NaCl; 0,4 г – KCl; 0,1 г 
– MgSO
4
·7H
2
O; 0,14 г – CaCl
2
; 0,06 г – KH
2
PO
4
; 0,06 г – Na
2
HPO
4
; 1,0 г – 
глюкоза; 0,02 г – фенол; 0,07 г – NaHCO
3
қосылады. 
Эрл ерітіндісі: 1 литр бидистилденген суға 6,8 г – NaCl; 0,4 г – KCl; 0,1 г – 
MgSO
4
·7H
2
O; 0,2 г – CaCl
2
; 0,125 г – NaH
2
PO
4
; 2,2 г – NaHCO
3
1 г – глюкоза 
қосылады. 
Ферментативті (дисперсті) ерітінділер алғашқы жасуша өсінділерін алу 
процесінде (ұлпалардың жеке жасушаларға ыдырауы) және оларды 
пассаждауда пайдаланылады. Осы мақсатта фосфатты буфердегі трипсиннің 
0,25%-ды ерітіндісі мен версеннің 0,02% ерітіндісі (этилендиаминтетрасірке 
қышқылының натрий тұзы) қолданылады. 
Қазіргі уақытта жасуша өсінділерін өсіруде арнайы бекітілген рецепт 
бойынша дайындалған синтетикалық қоректік орталар пайдаланылады. Жасуша 
өсінділерімен жұмыс істеуде жиі қолданылатын әмбебап қоректік орталарға 
Игл, 199 орталары және олардың модификацияланған түрлері жатады. Олардың 
құрамына 60-тан астам компоненттер: алмаспайтын аминқышқылдары, 
дәрумендер, тұздар (қарапайым қоректік орталар), сонымен қатар алмасатын 
аминқышқылдары, нуклеозидтер, липидтер, гормондар мен басқа да 
биологиялық белсенді компоненттер (күрделі қоректі орталар) кіреді.
Барлық қоректік орталар мен кейбір тұзды ерітінділердің сутегі 
иондарының концентрацияларын (рН) анықтау үшін фенолды қызыл индикатор 
(0,002%) қосылады.
Аз мөлшерде қосылған индикаторлар жасуша өсінділері мен вирустарға 
зиянды әсер етпейді. рН-ы төмендеген ортаның түсі сарғайса, рН-ы жоғарлаған 
жағдайда орта қызыл-малина түске боялады. рН-ы қалыпты (7,2-7,4) ортаның 
түсі қызғылт сары болады. Осы белгілерді ескере отыра, ортаны дер кезінде 
ауыстырып отырады. Жасушаларды өсіруде ірі қара мал, жылқы (жүректен 
алынған) қан сарысулары, және адамның кейбір жасуша линиясы үшін адамның 
қан сарысуы кеңінен қолданылады. Қан сарысуының құрамында жасушалардың 
бөлінуін (митогендер) және олардың адгезиясын ынталандыратын факторлар 
бар, антитрипсиндік белсенділікті иеленген, сонымен қатар қан сарысулары 
липидтердің, гормондардың, микроэлементтердің көзі болып табылады.
Жасуша өсінділерінің микробтармен ластануын болдырмау үшін қоректік 


орталарға бактерияларға қарсы препараттарды – антибиотиктерді: пенициллин 
мен стрептомицин (100 ӘБ/мл), ал зең саңырауқұлақтармен ластануын тежеу 
үшін нистатин (0,1 мг/мл) қосуға болады.
Барлық қоректік орталар екі топқа бөлінеді: а) жасушалардың тіршілігі мен 
өсуін қамтамасыз етуші, олардың құрамында 2-10% қан сарысуы болады, бұл 
ортаны жасушаларды өсіруде қолданады; ә) жасушалардың тіршілігін 
сақтайтын орта, мұндай орталарда жасушалар көбеймейді, бұл ортаның 
құрамында қан сарысуы болмайды.
Ірі қара мал қан сарысуы жасушалардың in vitro жағдайында өсіруге 
арналған қоректік ортаның ең негізгі компоненті болып саналады. Қан 
сарысуының құрамында фетуин мен альбуминдердің фракциялары болады, 
олар жасушалардың шыны бетіне бекітілуіне мүмкіндік береді. Тәжірибеде 
ересек малдардың және жануарлар эмбриондарының қан сарысулары кеңінен 
қолданылады.
Жасушаларды тығыз материалдан дайындалған арнайы шыны ыдыстарда 
(көп рет пайдалануға болатын) немесе полистиролды ыдыстарда (бір рет 
пайдаланылатын) өсіреді. Мұндай ыдыстарға көлемі әртүрлі матрастар, көп 
шұңқыршалы планшеттер мен Петри табақшалары, суспензиялы өсіруге 
арналған магниттік өзегі (стержень) бар айналмалы бөтелкелер және т б 
жатады.
Жасуша өсінділерінің басқа тірі жүйелерден артықшылығы – оны әртүрлі 
вирустардың нысанасы болып табылатын әртүрлі жасушалардан алуға болады. 
Сонымен қатар, жасуша өсінділеріне вирустарды жұқтыру оңай, содан кейін 
оларды жарық микроскопия арқылы анықтау, жасушаларды өсіру процесін 
үздіксіз бақылап отыру (жасырын, персистентті вирустарды қоса) және қажет 
болған жағдайда оларды өсіру процесіне «араласуға» да болады. Жасуша 
өсінділерінде балластты ақуыздардың ең аз мөлшері бар инфекциялық титрі 
жоғары вирустарды көп мөлшерде жинап алуға болады. Жасуша өсінділерін 
зертхана жағдайында үздіксіз ұстауға болады, себебі зертханалық жануарлар 
немесе тауық эмбриондарына қарағанда оларға шығын аз жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет