Сұрақтар жауабы 1-6 Эпидемиология



бет4/5
Дата04.05.2024
өлшемі27.92 Kb.
#500561
1   2   3   4   5
Сұрақтар жауабы 1-6

БОТУЛИЗМ Ботулизм - ең ауыр улануға ұшырау, ауруда ботулизм бактериясы жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әкеліп соғады. Этиология - қоздырғышы Ботулизм бактериясы – Clostridium botulinum, ірі спора түзетін таяқша, жылжығыш, анаэроб - оттексіз, жағдайда өте күшті «У» экзотоксин - бөледі, оның 7 түрі бар: А, В, С, Д, Е, Ғ, У. Осылардың ішінде А, В, Е түрлері жиі кездеседі. Спора түрі 5 сағат қайнатқанда ғана өледі және автоклавтың көмегімен жойылады. Эпидемиология - аурудың көзі Ботулизм қоздырғышы табиғатта көп тараған. Ол топырақта, малдың қиында, адамның нәжісінде, су қоймаларында жиі кездеседі. Аурудың көзі-жан жануарлар және адам. Таралу жолдары: қақталған ет, балық тағамдары, үй жағдайында дайындалған тағамдар. Сонымен қатар топырақ, қимен ластанған көкөніс консервілерін (саңырауқұлақ) және жеміс консервлеріні пайдаланғанда ауру туады. Ботулизммен ауырған сырқат қауіпті емес. Зарарланған шыны құтылардың қақпағы көтеріледі (бомбаж). Патогенезі - аурудың дамуы Ботулизм ауруының өрбуінде бактерияның вегатативі түрі және экзотоксин асқазан арқылы еніп, (асқазан қышқылы ферменттер әсеріне төзімді) қан арқылы жүйке жүйесіне жетіп, оны зақымдайды. Науқас тыныс алу орталығының салдануынан және жүрегінің тоқтауынан өліп кетеді. Клиникалық белгілері Жасырын кезеңі 6-24 сағаттан 1 аптаға дейін созылады. Жасырын кезеңінің ұзақтығы аурудың жеңіл, ауырлығына байланысты. Алғашқы кезде науқастың басы ауырып, басы айналып, жүрегі айнып, 31 құсуы мүмкін. Ұйқысы бұзылып, әлсіздік пайда болады, дене қызуы бірқалыпты, кейде сәл көтерілуі мүмкін, осы белгілер 1 тәулікке дейін созылады. Ауруда жүйке жүйелердің зақымдануына байланысты көз белгілері пайда болады. Аурудың көз көру қабілеті нашарлап, көзінің алдында тор пайда болады. Бір зат екеу болып көрінеді (диплопия), көзі қылиланады (страбизм), көзінің қарашығы екі түрлі болып өзгеріп (анизакория) қабағы түсіп кетеді (птоз). Тамақты дұрыс жұта алмайды. Басында қою тамақты, кейіннен сұйық тағамды да жұта алмай, аузымұрнынан қайта құйылады. Дауысы қарлығып, дұрыс сөйлей алмайды, тіпті сырқаттың даусы да шықпай қалады. Науқастың сана-сезімі толық сақталынады. Қызу көтерілу бұл ауруға тән емес. Іші кеуіп, іші жүрмей қалады. Ауыр түрімен ауырғанда науқастың тынысы тарылып немесе тоқтап, нәтижесінде жүрегі тоқтап өліп кетуі де мүмкін. Асқынуы Өкпе қабынуы, токсикалық миокардит, миозит және неврит. Диагноз қою 1. Эпидемиологиялық анамнезді жинау. 2. Клиникалық белгілеріне қарау. 3. Зертханалық нақтама зерттеу жүргізу. а) Биологиялық зерттеуге: қан, құсық, асқазан жуған суды, зәрді, нәжісті, тағам қалдығын аламыз, қанды ақ тышқандарға егу арқылы зерттеу жүргізіледі. б) Қоздырғыштың түрін анықтау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізіледі, оған нәжіс алынады. Емдеу Науқасқа жедел көмек көрсету керек. Тез арада асқазанды жуып, сифонды клизмамен ішекті тазалау қажет. Ауруды міндетті түрде жан сақтау бөліміне жатқызу қажет және жедел түрде арнайы ботулизмге қарсы қан сары суын егу қажет (сыворотка) - поливалентті немесе моновалентті. Егер де қоздырғыштың түрі белгілі болатын болса моновалентті түрін егеміз. А және Е түрінде -15.000 Х.Ө.(МЕ), В түрінде- 5000-7500 Х.Ө. 37°С дейін жылытып, бөліп Безредко тәсілі бойынша, көк тамырға немесе бұлшық етке егіледі. Ауыр түрінде қан сары суын қайталап 6-8 сағаттан кейін бұлшық етке егеді. Сонымен бірге улану белгісіне қарсы сұйықтар егіледі, антибиотиктер(тетрациклин тобы) беріледі. Симптомдық ем және дәрумендер тағайындалады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет