Бақылау сұрақтары
1. Партияларды қалыптастыру, бірқалыптылық белгілері.
2. Бөлінген партиялардың құжаттар түрі.
3. Тасымалдау ережелері.
5 Дайындамаларды аудандастыру және орман дәндерін басқа жерлерге ауыстыру
Мәдени орман құруға арналған дәндердің географиялық тегі негізгі жағдайлардың біреуі, өйткені орман дамытуға көп әсер етеді. Тұқым қуалаушылық қасиеттерінің әр түрлі болатынын ескермей дәндерді бір жерден екінші жерге ауыстыру өткен замандарда көп елдердің орман шаруашылығын нашарлатқан: дақылдар өлген, төмен отырғылар немесе аз бағалы қисық діңді, бұтақты отырғылар пайда болған.
Орман тұқымдық аудандастыру (ОТА) –табиғи жағдайларды ескере отырып, елдің көлемін бөлу, өйткені эволюция үрдісінде сол жерлерге сәйкес генетиптік құрамдар қалыптасқан, ОТА-ның негізгі мәселесі - жоғары өнімді және төзімді орман отырғыларын өсіру үшін түрлердің географиялық өзгергіштігін ұтымды қолдану.
Ауданның, көлемінде дәндер жылжытылғанда құрастырылған отырғылардың өсуі нашарламаса, өміршеңдігі төмендемесе, ол орман тұқымдық деп аталады. Климаттық қалыптасқан жағдайларымен популяциялардың генотиптік құрамы бір ормандық тұқымдық аудан ОТА-ның негізгі бөлігі. Әр ауданда белгілі экологиялық - географиялық тегі бір популяциялардың дәндері қолданылады, бірақ та ауданның климаттық жағдайларына бейімделген, яғни жергілікті және қатар популяцияларға тән болып.
Жергілікті дәндер – ол бір орман тұқымдық ауданда жиналған дәндер, басқалары шет аудандық деп аталады.
Табиғи аймақтарға байланысты табиғи сұрыптаудың әсерімен түрлер эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Ағаш өсімдіктері сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты физикалық және физиологиялық өзгерістерге ұшырады, сондықтан түршелер, климаттық және эзафиттік экотиптер деп аталуды қалыптастырды.
Ағаш түрлерінің түр ішілік өзгергіштігін зерттеуінің орынды әдісі географиялық дақылдар құрастыру және олардың өсіп-дамуын байқау. Географиялық дақылдар - шет аудандық егістік және отырғылық материалмен құрастырылған дақылдар, олар бір қалыпты экологиялық жағдайларда салыну керек. Ғылыми - нақтыланып ұсынылған шешімдерді іске асыру ауыстырылатын түрлердің дәндерінің сапасы мен қолдан жасалған отырғылардың өнімін көтереді. Шет аудандардың дәндерінің негізінде құралған географиялық дақылдардың өсуін, төзімділігі мен әрі қарай дамуын зерттеу, олардың болашақ шекараларын анықтайды. Географиялық дақылдарда түрішілік өзгергіштікті зерттеу керек, олардың өсу және дамуын салыстыра отырып, керек аймаққа орынды түрлерді қалыптастыруға болады.
Бақылау сұрақтары
1. Тұқым дайындауды аудандастыру.
2. Орман дәндерін басқа жерге ауыстыру.
3. Географиялық дақылдар.
6 Сұрыптаудың түрлері
Табиғи сұрыптау ол климаттың, топырақ жағдайының, яғни тегістігінің және тірі ағзалардың әсерінен болатын сұрыптау.
Табиғи сұрыптауды, басқаша айтқанда ағзалардың өмір үшін күрескенде жеңіп шығуын атайды. Ол үш түрге бөлінеді, яғни орталыққа тебетін, орталықтан тебетін, линиялық болып.
Орталыққа тебетін сұрыптау – бұл сұрыптауда дарақтарды көбейткенде көбею орталығының орташа көрсеткіші сақталса, жалпы белгілері популяцияның орташа көрсеткішіне жақындайды.
Орталықтан тебетін сұрыптау – бұл табиғи сұрыптауда негізгі популяция сыртқы ортаның жағдайларына біраз төзімсіз болады, сондықтан дарақтарда орташа көрсеткіштерден өзгерістер болады, олар селекциялық жағынан пайдалы болса сұрыпталып ұрпақтарда сақталады.
Табиғи сұрыптауда түрлер бір бағытта өзгерістер көрсетсе олар сұрыпталып көбейтіледі және линиялық сұрыптау деп аталады.
Жасанды сұрыптау - адамның әсерімен болатын сұрыптау. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік негізінде жаңа бағалы түрлер мен сорттар қарастырылады, ол сорттар тұқым шаруашылығы үрдісімен сақталып отырады.
Мақсатсыз сұрыптау – селекцияның ерте туындысы, бұл жағдайда адам жақсы түрлерді сақтайды, ал нашарларын жояды.
Әдістемелік сұрыптау – адаммен негізделіп қолданылатын селекция әдісі, өйткені жануарлар мен өсімдіктерді жаңарту немесе олардың жаңа тұқымдарын өсіріп шығару үшін жүргізіледі. Оны тік және жанамаға бөледі.
Тік сұрыптауды бір селекциялық белгімен жүргізеді. Ал жанама сұрыптауды жанама көрсеткіштерімен жүргізеді.
Әдістемелік сұрыптау жалпы және жеке де болады.
Жалпы сұрыптау теориясы
Жалпы сұрыптауда селекция мәселелеріне сәйкес көптеген дарақтарды бөледі , сосын бірге көбейтеді. Оның негізінде фенотиппен бағалау жатыр. Сондықтан бұл сұрыптаудың кемістіктері бар, өйткені фенотиппен сұрыпталған дарақтардың генотипі туралы айту қиын, ал онымен сұрыптаудың тиімділігі байланысты. Ормандық өсімдіктердің гетерогендігін ескере отырып және сұрыптаудың жаңа түрлерін қолдану қиындайтындықтан селекцияда жалпы сұрыптауды кеңінен қолданады. Селекцияға керек тиімді түрлерді алу жағымды жалпы сұрыптау деп , ал нашар түрлерді жою – жағымсыз деп атайды.
Ормандық қорымда жағымсыз жалпы сұрыптауға жатады: күту жұмыстары, яғни құнсыз, ауру және нашар өсімдіктер жойылады; тозаңмен нашар тұқым қуалаушылық қасиеттер беретін өсімдіктерді жою; көшеттерде тырбық және төзімсіз өсімдіктермен екпе көшеттерді сұрыптау.
Жағымды жалпы сұрыптау жүргізгенде орман шаруашылығында әр түрлі әдістер қолданады:
1) жақсы географиялық түрлерді, немесе климатиптерді сұрыптау;
2) бір географиялық ауданда жақсы эдофотиптерді сұрыптау;
3) жақсы екпе ағаштарды сұрыптау;
4) жақсы ағаштарды сұрыптау;
5) ірілігі мен сапасына қарап дәндерді және жақсы екпе көшеттіктерді сұрыптау.
Табиғи дәндерден алынған екпе ағаштарды зерттегенде жергілікті дәндерден алынған өсімдіктер жақсы өсіп сапалылық көрсетті.
Дәндерді бір климаттық ауданнан екінші ауданға әкелгенде климаттық экотиптерді зерттеулерден өткізу керек. Өйткені климаттық өнімділік әр түрлі. Мысалы; солтүстік пен онтүстіктің қарағай бүрлері әр түрлі өнім береді. Сонымен қатар, солтүстіктің қарағайындағы қылқан жапырақтары шютте ауруымен аз зақымдалады.
Осы себепте М.М.Вересиннің (1946) негізгі тоқтамаларына көңіл бөлген дұрыс, олар мыналар:
1) екпеліктердің өсуі мен өнімділігін арттыру үшін дәндерді орманның тәнділігін және өсетін жерін ескеріп, жинаған дұрыс;
2) әр топтың ішінде дәндерді өнімді ағаштардан, жақсы топырақта өскенін ескеріп жинау керек;
3) бір топта дәндер жетпегенде екінші топта қолдануға болады, бірақта алған жердің ағаштары өнімді және топырағы құнарлы болу керек және экологиялық жағдайды ескеру керек.
Өте жақсы екпелерді сұрыптау
Ортадан жоғары сапасы бар екпелерді жағымды сұрыптаумен іріктейді. Ол жұмыстар былай жасалады. Бір географиялық немесе тұқымдық ауданда өнімділігімен, діңінің сырт пішінімен және басқа сапалық көрсеткіштерімен екпеліктер талданады, сосын олар тұқым алуға және өсімдіктер өсіруге қолданылады.
Өте жақсы ағаштар сұрыптау
Негізінде селекция мәселелеріне сәйкес ескі ағаштарды талдайды, оларды сұрыпталған, аналық немесе элиталық деп атайды. Тұқым қуалаушылық қасиеттерін алдын – ала бағаламай – ақ бұл ағаштардың қалемшелерінен ұластыру алқаптарын салады.
Жеке сұрыптау
Жеке сұрыптау дегеніміз әр сұрыпталған өсімдіктердің ұрпақтарын көбейтіп, бөлек өсіру.
Жеке сұрыптаудың негізгі принциптері бірінші рет 1856 ж. Л.Вильморенмен айқындалған. Оның негізгі әдістері педигри әдісі, клондық сұрыптау және айқас тозаңданатын өсімдіктерді сұрыптау.
Педигри әдісі
Педигри (ағылшынша pedigree) – ата – тек шежіресі (генеалогия). Бұл әдісті мал шаруашылығында және өздігімен тозаңданатын өсімдіктерде қолданады. Өсімдіктердің будандық популяцияларында көп қатарлы жеке сұрыптау жүргізе отырып сұрыпталған дарақтарды ұрпағымен бағалайды, сонымен ата – тегі бірнеше жылда белгілі болады.
Клондық сұрыптау
Вегетативті көбейетін өсімдіктердің селекциясында қолданылатын жеке сұрыптау клондық деп аталады: Клон бір вегетативті көбейетін өсімдіктің генетикалық біркелкі ұрпағы. Бұл сұрыптауды жаңа сорттар шығарғанда және тұқым шаруашылығында қолданады. Теректерде, қарағаштар тұқымдастарында ж.т.б. кеңінен қолданылады.
Айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптау
Әрқашан айқас тозанданатындықтан және сорттың белгілері ыдырауымен айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптауды бірақ рет жүргізуге болмайды.
Сондықтан бұл өсімдіктердің селекциясында көп қайталана жеке сұрыптау қолданылады. Бұл сұрыптау жақсарту ретінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады және жеке өсімдіктерде қолданбайды, ол семьяларда. Семья – ол бір өсімдіктің ұрпағы. Әр өсімдіктің дәндер өнімі бөлек егіледі. Семьялар бір – бірімен салыстырылады, нашарлары жойылады, ол жақсылардан ұрпақ алынып тағы бағаланылады. Сонымен, бұл әдістің мағынасы жақсы семьялардан жақсы өсімдіктер алу.
Жеке - семьялық сұрыптау
Бұл әдісте, бастапқы материалдан алынған өсімдіктер ұрпағы, семья деп аталып, басқа ұрпақтардан бөлек егіледі. Жеке семьялық сұрыптауда екі әдістің жағымды көрсеткіштері бар (жеке, жағымды).
Екі қайтара жеке сұрыптаумен бағалы генотиптерді табуға болады, өйткені жалпы сұрыптама жүргізіледі.
Семьялық топтық сұрыптау
Бір топ семьяның ең жақсы өсімдіктер ұрпағы бөлек егіледі. Топтың ішінде жақсы ұрпақтар алынады, ал қалғандары жойылады. Алынған ұрпақтар бір – бірімен будандастырылады.
Сонымен жақын туыстастық көбею азаяды, ал будандастыру семьялардың арасында болады. Әр топтың ең жақсы ұрпақтары жалпы сұрыптаудағыдай қосылады. Әр топтың жақсы ұрпақтарының қосындысы көбейтіледі.
Бұл сұрыптау ормандық дақылдарда қолданылуы мүмкін. Бірақ, бұл әдіс өте ұзақ жүргізіледі, сондықтан негізгі ормандық дақылдарда қолданғанда 70-100 жыл керек.
7 Будандастыру
Бастапқыда будандар деп екі түрді будандастырғаннан алынған ағзаларды атаған. Қазіргі түсінікте будан – гетерозиготтық дарақ, генетикалық әр түрлі аталық – аналықтар немесе генотиптер будандасуымен болатын.
Синтетикалық селекцияның кеңінен тараған әдісі жыныстық будандастыру. Ол табиғи және жасанды болады. Жыныстық будандастырудың мақсаты:
- ағаш өсімдіктерінің әр түрлі ауруларға төзімділігін молайту ж.т.б.
- өсуінің қуаттылығы мен жылдамдығын көбейту.
- ағаштың тығыздық құрамының сапасын жақсарту.
- ағаштар мен бұталардың әсемдік сапасын жоғарылату.
- өнімділігін, жемістерінің сапасын, шайырлығын, бағалы заттардың болуын жоғарылату.
Арнайы тұқымдық алқаптар құрастырылған соң оларда да бақылаулы будандастыру қолданады. Генетикалық көзқарастан ол будандастыру бірнеше проблемаларды шешеді:
-
генетикалық жақсартуға тұқым қуалаушылықты қолдану өте күрделі;
-
жеке ағаштың ұрпақтарын сынауға жалпы комбинациялық мүмкіншілікті бағалау;
-
арнайы комбинациялық мүмкіншілікті бағалау. Ол биклондық тұқымдық участоктерді құрастырғанда керек;
-
тұқымдық алқаптарға келесі ұрпақтар құрастыру үшін дарақтар селекциясына алғашқы материал алу;
-
бірінші және келешек генерациялардың генетикалық ұтысын бағалауда.
Будандастырудың үш түрі бар: комбинациялық, трансгресивтік, гетерозистік
Комбинациялық будандастыруда бір немесе бірнеше түрлердегі екі әлде бірнеше белгілерді қосады.
Трансгресивтік будандастыруда полимерлік гендердің қосынды әсерінің тиімділігі байқалады, ол орынды көбейеді(тиімді трансгрессия) әлде азаяды (тиімсіз) F2 будандық дарақтардың тұқым қуалайтын полимерлік белгісінің әсерімен.
Гетерозистік будандастырудың мақсаты, күшті, өміршең, жоғары өнімді әлде жақсартылған сапалары бар бірінші ұрпақта будандар алу.
Будандастырудың әдістері түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, алғашқы материалдың негізіне, болашақ сортқа қойылатын талаптарға байланысты.
Будандастыру жәй және күрделі болады.
Жәй: ♀Ах♂В=FAB, жәй реципроктік: ♀Вх♂А=FBА
Күрделі: сатылы, қайтармалы, қанықтырғыш болып бөлінеді.
8 Мутанттарды алудың химиялық әдістері
Химиялық мутагендерді әсер етуімен бес классқа бөледі:
-
Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін азот негізді ингибиторлар; олардың әсері гуанин мен тиминнің синтезделуін әлсіретуде.
-
Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін азоттың негізгі аналогтары; олар ДНҚ құрамында тиминнің орнына кіреді.
-
ДНҚ молекуласында А – Т негіздері Г – Ц негіздеріне ауысуды тудыратын, тотықтырғыштар, тотықсыздандырғыштар, бос радикалдар:
-
ДНҚ молекулаларының авторепрдукциясы дұрыс жүруін бұзатын алкилдік қосылыстар;
-
ДНҚ мен реакцияға кіргенде, дұрыс редупликацияға кедергі болатын құрамдық жасайтын, аккридин бояғыштары.
Кейінгі жылдары Ресейде кеңінен тараған және қолданылатын алкилдік қосылыстар, негізінде супермутагендер. Оларға этиленимин (ЭИ), диэтилсульфат (ДЭС), диметилсульфат(ДМС), нитрозоэтилмочевина (НЭМ),нитрозометилмочевина (НММ) т.б. жатады. Алынатын пайдалы мутациялардың санын көбейту үшін концентрацияларды аумалыға жақын алуды ұсынылады. Мутагендердің әсер ету тәсілі, мутаген түрі, оның концентрациясы мен экспозициясы ерітіндінің қышқылдығымен температурасы, әсер етілетін органның физиологиялық жағдайы ж.т.б. Пайдалы мутациялар өте сирек болады, мың мутацияларға бір-екі. Ормандық ағаш тұқымдықтарында химиялық мутанттарды құрастыру ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан басталды. Ф.Л.Щепотьев Донецк ботаникалық бағында еменнің әсемдік және тез өсетін формаларын (жайылып өсетін, жыламсырап тұратын, калонка тәріздес) шығыстық биотттарын (пирамида, жұмыртқа, шар, сопақ тәріздес, бөрікбасты) және басқа тұқымдарын алған.
Воронеждегі орман генетикасының ҒЗИ–да Е.М.Гуляев, О.С.Машкина басқа қызметкерлермен қауымдасуы нәтижесінде кәдімгі қарағай мен бальзамдық теректің хемомутанттары алынды.
Қарағайдың тез өсетін, ерте тұқым беретін, үш қылқанды,сирек қылқанды т.б.
9 Ормандық ағаштық тұқымдардың тәжірибелік полиплоидиясы
Митоздық полиплоидтар соматикалық жасушалардан пайда болады. Егер полиплоидигендік заттармен (колхицин т.б.) өсімідіктердің вегетативтік бөліктеріне әсер етсе (өскін, өсу орны т.б.), яғни оларды ерітіндіге малып, мутагеннің мақта тампонындағы ертіндісімен ылғалдандырып, инелеп ж.т.б. Бұл тәсілдің кемшілігі – көбінесе миклоплоидтық өсімдіктердің болуы, (яғни жасуша мен ұлпаның әр түрлі плоидтық болуы, негізінде диплодтық немесе тетраплоидтық).
Мейоздық полиплоидтар, будандастырылған редукцияланбаған диплоидтық, тетраплоидтық тіпте тетраплоидтық гаметаларынан, пайда болады. Ондай гаметалар болуға әсер ететін полиплоидтар әлде мутанттық диплоидтық өсімдіктер:
- табиғи әлде жасанды мутанттық диплоидтық формаларды тауып, сұрыптап, будандастырып генетикалық мүмкіншіліктерін қолданып диплоидтық гаметалар алуға болады.
- әр түрлі хромосомдық деңгейде будандастырып және полиплоидтарды еркін тозаңдандырып (2хх4х,4хх2х,2хх3х3хх2х,3хх3х) алуға болады.
Зиготалық полиплоидтарды зигота бірінші бөліну кезеңінде алады. Ондай полиплоидтар колхицин қолданып Populus туыстастарының түрлерінде алынған.
Бастапқы даму кезеңінде полиплоидтық өсімдіктер диплоидтықтардан мына белгілермен өзгеше болады: нашар әлде күшті өсетін жапырақтарымен, алақаны жуандаған қысқа сабақта отыруымен, жапырақтары қоңыр – жасыл болуымен.
Полиплоидтарды сұрыптауды соматикалық жасушалардағы хромосомалар санын есептеу негізінде жүргізеді. Ормандық ағаштардың тәжірибелік полиплоидтарының қасиетттері даму кезеңінде біртіндеп пайда болады. Сондықтан өзгертілген өсімдіктерді зерттеу және сұрыптау бірнеше жылдың ішінде жүргізіледі.
1934ж. Швецияда колхицинмен еменді қолмен полиплоидтаған. Нәтижесінде миклополиплоидты ұлпалар мен тетраплоидты (4п=48) жасушалар алынған. Жақын көрсеткіштерді Ф.Л.Щепотьевта алған. Оның полиплоидтары диплоидтық қандыағаштардан өнімділігімен 55% асып түскен.
Полиплоидтық түрлер келесі тұқымдастарда ашылған: үйеңкілер, атколитандар, жөке ағаштар, жиделер, олардың тәжіррибелік мағнасы зор (Г.Ф.Привалов,1974; Ф.Л.Щепотьев,1982; Н,С.Щапов, В.К.Креймер,1988)
10 Орман ағаштары интродукциясының теориялық негіздері
Ботаниктердің түсінігі бойынша өсімдіктер интродукциясы дегеніміз адамның іскерлігінің арқасында бір табиғи – тарихи ауданда, бұрын бұл жерде өспеген өсімдіктерді (туыстарды, түрлерді, түршелерді, сорттарды) мәдениеттендіру , сонымен қатар жергілікті тұқымдардан әкелу. Бірақта ормандық интродукцияға орынды болатыны В. И. Некрасовтың түсініктемесі, оның айтуынша: «Интродукция дегеніміз өсімдіктерді жаңа табиғи – климаттық жағдайларға, өскен ареалының сыртына, көшіру немесе өсімдіктерді өсіру алқабы кеңейтілгенде сынаған жерінен көшіру»
Интродукциямен өсімдіктерді жерсіндіру (акклиматизация) және табиғаттандыру (натурализация) түсініктері тығыз байланысты.
Жерсіндіру - өсімдіктер интродукциясының бір түрі,бұл жағдайда популяциялардың жаңа даму жағдайына бейімделуі, индивидуумдердің табиғи жергілікті сұрыптаудың негізінде болатын генетикалық өзгерістеріне байланысты. Бұл өсімдіктерді ауыстыру жағдайлары, негізгі ареалынан басқа жерге аударумен байланысты.
Табиғаттандырғанда интродукция былай өтеді, яғни өсімдіктердің жаңа түрлері жаңа жағдайларда жеңіл өсіп орынды көбейеді, генетикалық құрамы өзгермейді, өйткені климаттық және басқа жағдайлары интродуценттің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес.
Интродукцияға алғашқы материал талдағанда оның өскен жеріндегі климаттық жағдайларын ескеру керек, өйткені ол көп әсер етеді. Сондықтан ағаш тұқымдарының интродукциясында біраз уақыт Р. Майрдың климаттық аналогтар теориясы басым болған, ол интродукцияның жетістігін табиғи және қолдан жасалған ареалдардың климаттық жағдайларының ұқсастығымен байланыстырады. Бірақ та интродукцияның мүмкіншіліктері туралы нақты көрсеткіштер беретін бұл – тәжірибе. Интродукцияның алдағы тәжірибесін талдау – түрдің жаңа жағдайларға бейімділігінің деңгейін анықтаудың жалғыз тәсілі. Интродуценттердің бейімділік процесін анықтауда ең маңыздысы вегетативтік және генеративтік құрылымдардың дамуындағы маусымдық өзгерістерді зерттеудің нәтижелері.
Ормандық дақылдарға экзоттарды еңгізу болашақта интродукциялық популяцияларды құрастырумен байланысты болады. Экзоттарды интродукциялау жергілікті дендрофлора мен селекцияға алғашқы материал жинаудың бір жолы. Интродукцияда интродукцияланған өсімдіктердің белгілерімен жасанды сұрыптау, сонымен қатар жаңа жағдайдағы төзімділікке сынау, жүргізіледі. Сондықтан интродуценттерді сынау селекциялық- гентикалық негізге қойылу керек. Интродуцияланған түрлерді селекциялық – генетикалық бағалау, популяциялар аралық және популяциялық экзоттардың өзгергенін сынайды және өте жақсы популяциялар мен формаларды сұрыптап жаңа аудандарда көбейткенде қолдану мүмкіншілігін анықтайды.
Ормандық ағаштар тұқымдарының интродукция ерекшеліктері
Ботаникалық орталықтар бағалы көрсеткіштер және жергілікті ағаш өсімдіктерінің коллекцияларын интродукциялық сынауда мол тәжірибе жинады. Ормандық интродукциялық зерттеулердің обьектісі биогеоценоз әлде экосистема негізгі компоненті болып есептелетін екпе ағаштар, ормандық интродукцияның негізгі мақсаты ормандық ценоздарды құрастыру, онымен басты тұқымды ағаш бітімінің жоғары өнімділігін жасау.
Ормандық интродукция міндетті түрде, ормандық дақылдарды отырғызу және өсірумен, байланысты. Орман дақылдары ісінің экологиялық негізі ормандық типология.
Ормандық дақылдардың типін іздегенде бағалы индикатор болатын орманның негізгі типі. Бірақта есте сақтау керек, ормандық дақылдарды құрастырғанда табиғи орман типін көшірмелеу керек. Орынды болады егер басқа түрлерді қолданса, оның ішінде интродукцияланған, егер экологиялық және шаруашылық жағынан тиімді болса. Бұл жағдайда қолдан жасалған отырғылар орманның өркендеген типологиясының жаңа қосындылары болады.
Интродукцияланған түрлерден қолдан жасалған ормандық ценоздарды жоспарлау қиын түседі, өйткені табиғи жағдайларда олардан қандай ормандар болатыны белгісіз , сондықтан егжейлі зерттеулер жүргізу керек.
Ормандық түрлерді орман шаруашылығы мақсатымен интродукциялағанда, экологиялық- фитоценоздық аналогтарды қолдану, табиғи ағаш бітімдерін жәй көшірмелеп ауыстыру емес екендігін ескеру керек.
Табиғат мүмкіншілігінен асып түсетін қолдан жасалған отырғылар ценоздарының өте жоғары өнімділігі, мына жағдайлармен қамтамасыз етілу керек, яғни тез өсетін, төзімді экотиптер мен ормандық ағаш түрлерінің экзоттарымен қамтамасыз етіліп және қолдан құрылған ценоздың барлық қосындылары орынды қарым-қатынаста болу керек.
Өте маңызды жағдай ботаникалық бақтарда, ғылыми – зерттеу орындарында, дендропарктерде, орман шаруашылығы және басқа орындарда жиналған ағаштар мен бұталардың интродукциясы тәжірибесін зерттеу және талдау,. Бұл жағдайда орман дақылдарының ағаш экзоттарына ең бірінші көңіл бөлу керек.
Өте маңызды болады, егер зерттелетін биогеоценозда экзоттардың төзімділігін, тек климаттық жағынан емес, ал аурулардың болуы мен зақымдауы, зиянкестермен зақымдануы, қоршаған өсімдіктер және жануарлармен қарым-қатынасын, экзоттардың өсу мүмкіншілігін зерттегенде ең бірінші маңыздысы ағаштардың маусымдық даму динамикасы мен өсу қимылын зерттеу. Фенологиялық байқауларда фенофазалардың басталуы мен ұзақтығын анықтайды.
Интродукцияланатын түрдің жеке өсу ерекшеліктерін зерттегенде мақсат қою керек, обьективтік көз қарас жағынан, бұл ағаштардың онтогенезде қандай мүмкіншіліктері бар деп.
Зерттеулердің қарастырылған әдістері қолдан жасалған интродуценттердің екпе ағаштарының әр түрлі ормандық өсу жағдайларындағы сапалық және сандық көрсеткіштері туралы мәлімет беріп, сонымен қатар жергілікті орманның өсінділерімен қарым- қатынасын көрсетеді.
Интродуценттерді көбейтудің кейбір аспектілері және игеру
Интродукциялық жұмыстың нәтижесі көбінесе көбейту тәсілі мен өсімдіктерді өсірумен байланысты. Сондықтан орман өсіруші- интродуктор интродуценттің биологиясын мұқият зерттеу керек, өйткені оның негізінде жаңа жерде дұрыс агротехникалық шаралар ұйымдастыру керек болады. Осы уақытта орман өсірушінің алдында мына сұрақтар тұрады, тұқымды егуге дайындау, егудің мерзімдері мен тәсілдері, зиянкестер мен аурулардан егістіктерді қорғау, отырғызатын материалдың түрлерімен, агротехника және өсіру мерзімдері, және оларды мына мәселелермен келістіру, орман дақылдарының типтері және оларды өсіру агротехникасы, екпе ағаштарды орман өсіру тәсілдерімен қалыптастыру ж. т. б. Экзот көбейткенде тұқымдық және вегетативтік көбейтудің орны мен мағнасын анықтау керек.
Сонымен орман дақылдарына интродукциялық тұқымдарды жалпылап енгізгенде бірнеше мәселелерді шешу керек, олар мыналар: селекциялық – генетикалық, өсімдік шаруашылықтық, экологиялық – орман шаруашылықтық және экономикалық. Н. И. Вавиловтың айтуынша интродукцияны ұйымдастырғанда карантинға көп көңіл бөлу керек, өйткені карантиндік қызмет болмаса барлық өте жақсы жүргізілген экспедициялық жұмыстар жоққа кетеді.
11 Ормандық тұқым тану ғылым ретінде. Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым беру, дән беру биологиясы
Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым шаруашылығының теориялық негізі ормандық тұқым тану.
Ормандық тұқым танудың қарастыратын сұрақтары мыналар, тұқымның байлануын, дамуын және аналық өсімдікте болуын зерттеу және үдірістерге экологиялық факторлардың әсері. Тұқым тану сонымен қатар тұқымның тыныштық сақтауын, қартайуын және өлуін зерттейді. Осындай зерттеулердің көрсеткіштері сақтау және тұқымды алдын-ала дайындау әдістерін белгілеу негізі болады. Ормандық тұқым тану өсімдіктер анатомиясы және физиологиясымен, эмбриологиямен, генетикамен тығыз байланысты және олардың зерттеулеу әдістерін қолданады. Жаңа табыстар ормандық гентикада, биохимия мен биофизикада негізделіп жатыр. Ормандық тұқым тану қазіргі уақытта ғылымның негізгі келесі бағдарларымен тығыз байланыс деп есептеледі, яғни орман тұқым ісі, селекциялық – гентикалық негізіндегі орман тұқым шаруашылығы, интродуценттердің тұқым тануы.
Орман тұқым ісі келесі негізгі сұрақтарды шешеді, орман тұқымдарын аудандастыру, тұқым өнімін болжамдау және есептеу, тұқымды егуге дайындау және сапасын тексеру. Селекциялық – генетикалық негізіндегі орман тұқым шаруашылығы келесі проблемаларды қамтиды, яғни селекциялық негізінде орнықты ормандық тұқым базаларын ұйымдастыру, тұқым беруді жақсартатын шараларды, ормандық тұқым участоктері мен алқаптарын күту және қорғау. Интродуценттердің тұқым тануы бірнеше арнайы мәселелерді шешеді, ол ағаш өсімдіктерінің жаңа түрлерінің толық қабілетті тұқымдарын алумен байланысты.
Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым және дән беру биологиясы мыналардан құрастырылады: репродуктивтік кезең, тұқым өміршеңдігі, тұқымның тыныштық сақтауынан.
Достарыңызбен бөлісу: |