Срсп-11. Өнер философиясы



бет1/2
Дата26.04.2023
өлшемі22.78 Kb.
#472813
  1   2
СРСП11


СРСП-11. Өнер философиясы.

  1. Классикалық эстетитка негіздері (И. Кант, Г. Гегель, Ф. Шеллинг).

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушысы – Иммануил Кант. Оның атақты еңбектері «Таза зердеге сын», «Практикалық зердеге сын», «Талқылау қабілетіне сын». Бұл еңбектерінде Кант трансцендентальды философия идеясын және жүйесін қарастырады. Трансцендентальды деп тәжіребиеге сүйенбейтін және тәжіребиеден тыс танымды айтамыз. Бұл сұрақтың төңірегінде И.Кант философияда «Коперникалық төңкеріс» жасайды.
Кант философияның негізгі сұрақтары туралы жазғаны: «Көптен бері ойлап жүрген жоспардың бірі – философияның маңызды мәселелерін қалыптастыру еді. Олар келесі сұрақтарға негізделеді: 1. Мен нені біле аламын? (метафизика) 2. Не істеуім керек? (мораль) 3. Не нәрсеге үміттенуім керек? (дін), және осыдан туындайтын 4-ші сұрақ: адам дегеніміз кім? «Кемелденген Канттың бірінші және соңғы сөзі–адам туралы. Кант критикасы тұлға өміріне қызығушылықтан туған. Коперниктік төңкеріс адам тағдыры туралы ойлаудан басталды». Кеңістік пен уақыт мәселесін зерттей отыра, Кант олардың субъективті екенін көрсетеді және априорлығын дәлелдейді. Канттың ойынша біз феномен мен ноуменді айыра білуіміз керек: біздің танымымыз феномендермен (құбылыстармен), яғни «біз үшін зат»-пен шектелген, ал ноумендер - «өзіндік зат»-тар - әлемін тану мүмкін емес. Канттан кейінгі неміс ойшылдары ноумен мен феноменнің арасындағы дуализмді анықтауға тырысты.
Канттың этикасы категориялық императив түсінігіне негізделген. Бұл – адамның қоғамдағы өзөзін ұстау ережелері деп есептеуге болады. Адамның әр іс-әрекеті бүкіл қоғамға үлгі болу керек – осы максимаға сүйенсе адам к атегориялық императивті ұстанады.
Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингтің философиясы әр түрлі көзқарастарды талқылай отырып, өзінің жүйесіне келген жоқ. Фихтенің философиясынан кейін Шеллинг диалектикалық натурфилософияға кез болды да, көзқарасын иррационализмге келтірді. Шеллинг бойынша танымның ең жоғары деңгейі – бұл өнер. Шеллингтің философиясын трансценденталды идеализм деп атауға болады.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель Шеллингтің философиясына анализ жасай отырып, ойлау мен болмыс және субъект пен объект категориясының абсолютті екенін айқындады. Гегельдің философиясы панлогизм формасындағы пантеизм болып келеді. Шын мәнінде Гегель абсолюттік идеализмнің нақты және жүйелі түрін жасады. Гегель идеализмінің диалектикалық мінездемесі бар, сондықтан Гегельді объективті дииалектиканың негізін қалаушы деп атайды. Оның атақты триадасы (үштігі) келесі элементтерден тұрады: тезис – антитезис – синтез. Гегельдің абсолюті - рух немесе тірі субстанция болып келеді.
Гегельдің идеализмі мен рационализмін Людвиг Фейербах сынға алды. Фейербахтың ойынша, табиғатты логикадан шығаруға болмайды. Табиғат рухтың бейнесі емес, керісінше, рух табиғаттан шығады деп есептейді. Сезім арқылы қабылданатын материалды дүние логикаданда, теорияданда әлде қайда толығырақ болып келеді. Фейербах философия тарихына антропологиялық материализмнің негізін салушы ретінде кірді. Анропологиялық материализм негізінде адам мен табиғат жатыр, сондықтан, Құдай емес, адам философияның басты мәселесі болу керек.
2.ХІХ – ХХ ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф.Ницше, Дж.Дьюи, Ж.Сартр, М.Хайдеггер).
Өмір философиясы – Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.
Шопенгауэр өмірді қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк берді. Ницшенің «Заратустра осылай деген» еңбегінде ең мықты сезіледі. Оның кейіпкері «ең жоғарғы адам» өмір ақиқат болмыс қана емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнап сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып, тамырының бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады.
Фридрих Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша мазалануының себебі – олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Еуропа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін ше өмірді сүйген «ең жоғарғы адамнан» үлгі алуды ұсынады. «Ең жоғарғы адам» – еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі. Еркіндік – адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігін мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған «ең жоғаргы адам» ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.
Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамды құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889- 1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы – болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана – онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі – адам ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет