2.Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің нормативтікқұқықтық базасы.
Еңбекті қорғау бойынша негізгі нормативтік құжаттар
* Мемлекеттік еңбек стандарттар (МЕСТ)
* Еңбек кауіпсіздігнің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ)
* Кұрылыстык нормалар мен ержелер (КНМЕ)
* Кұрылыс және жобалау бойынша ережелер жиыны;
* Кауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік бойынша нкскаулама
* Мемлекеттік санитарлы-эпидемологиялык ережелер мен нормалар.
Казакстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу
2) енбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) кауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кұкықты қамтамасыз ету,
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын камтамасыз ету:
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің тендігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін коргау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету:
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы:
11) еңбек кауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
КР АУМАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕҢК КАУШСІЗДІГІ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ СҰРАҒЫН РЕТТЕЙТІН ҚҰЖАТТЫҢ АТАУЫ, НӨМІРІ, БЕКІТІЛГЕН КҮНІ БАР.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР (КОДЕКС, КР ЗАҢЫ, ҮКІМЕТТІҢ ҚАУЛЫСЫ) 22 бірлік
КР РАТИФИКАЦИЯЛАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК ҰЙЫМЫНЫҢ КОНВЕНЦИЯСЫ-20 бірлік
НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТ 131 бірлік
КР МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫН 13бірлік
КУРЫЛЫС НОРМАСЫ, ЕРЕЖЕСІ 4 бірлік
САНИТАРЛЫҚ ЕРЕЖЕ, НОРМА 14 бірлік
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ, БАСШЫЛЫҚ-3 бірлік.
3.Санитарлық-гигиеналық және экологиялық нормативтер арасындағы айырмашылықтар.
Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтері үш түрге бөлінеді: санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік-шаруашылық) және қосалқы.
Санитарлық-гигиеналық нормаларға – адамды қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайларының және сапасының көрсеткіштері. Санитарлық-гигиеналық нормативтерге зиянды заттардың (химиялық, биологиялық) шекті рауалы концентациясы немесе шекті рауалы мөлшері, физикалық әсерлер, санитарлық қорғау аймағы, радияциялық әсерлердің шекті рауалы деңгейі жатады.
Екінші нормативтер тобына экологиялық норматив –экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары жатады.
Қосалқы нормалар мен ережелердің негізгі мақсаты қолданылатын терминдерді, ұйымдастыру құрылымдарының және экологиялық қатынасты заң тәртібімен реттеу бірлігінде беріледі.
Қоршаған табиғи ортаның сапалық нормативтері
|
Санитарлық-гигиеналық
|
Экологиялық
|
Қосалқы
|
Зиянды химиялық заттардың ШРК
Физикалық әсердің ШМК
Биологиялық заттардың ШМК
Радиацияның ШРД
Тағам өнімдеріндегі химиялық заттардың ШРК
Санитарлық сақтау белдемінің нормативтері
|
Шығарынды мен төгіндінің нормативтері
Шу мен вибрацияның нормативтері
Биологиялық ластанудың нормативтері
Радиация нормативтері
Шаруашылықта химиялық заттарды қолдану нормативтері
Құрылыстық, қала құрылысының ережелері
|
Терминология нормативтері
Ұйымдастырушы
лық нормативтер
Заңдылық нормативтер
|
Достарыңызбен бөлісу: |