СТ: Әуежайда см: Оқушыларды әуежай қызметімен таныстырып, оның қазіргі замандағы маңыздылығын көрсету. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау. Заманға сәйкес әуежай – еліміздің жетістіктерінің дәлелі, оған өз үлесін қос деп, тәрбиелеу



Дата13.06.2016
өлшемі34.89 Kb.
#131313
СТ: Әуежайда

СМ: Оқушыларды әуежай қызметімен таныстырып, оның қазіргі замандағы маңыздылығын көрсету. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау. Заманға сәйкес әуежай – еліміздің жетістіктерінің дәлелі, оған өз үлесін қос деп, тәрбиелеу.

СБ: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Өткенді қайталау

Сұрақтарға жауап беру



  1. Сен саяхатқа бардың ба?

  2. Саяхатқа немен бардың?

  3. Алыс сапарға немен бару керек?

  4. Әуежайда нелер бар?

  5. Ұшақтың қандай түрлерін білесің?

ІІІ Жаңа тақырып Мұғалімнің баяндамасын тыңдау.

Аэропорт, әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын. Бұл ұғым гректің aerауа, француздың port және латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Құрамына аэродром, аэровокзал, т.б. ғимараттар, техникалық қызметтер, құрал-жабдықтар енеді. Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті аэропорттар болып ажыратылады. Аэропорт радиолокатормен, автоматты радиотехникалық құралдармен, жарық сигналы жүйесімен, навигациялық құрылғылармен, т.б. жабдықталады. Аэропорттың орнын таңдағанда оның қалаға қатынауға ыңғайлы болуы, қалада шуды көбейтпеу мақсатында едәуір қашықтыққа орналастыру, грунттық және гидрогеологиялық шарттардың орындалуы, аэропорт жанында биік кедергілердің болмауы, т.б. ескеріледі. Аэропорттың негізгі бөлігі – аэродром. Онда ұшақ ұшатын және қонатын жолақты жолдар, бағдарлану жолы, ұшақ тұратын орындар, т.б. болады. Ал аэропорттың қызмет көрсету-техникалық аймағына жолаушылар кешені (аэровокзал, аэровокзал алаңы, перрондар, қонақ үй, т.б.), радионавигациялық және ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін т.б. ғимараттар, сондай-ақ жүк тиеу және түсіру кешені жатады. Ірі аэропорттардың аумағы мыңдаған гектарға жетеді (мысалы, Нью-Йорктегі Кеннеди аэропорты) және оларда бір мезетте бірнеше ұшақ қонып және ұшып жатады. Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында аэропорт бар. Алматы аэропортында тәулігіне, орташа есеппен 4 мың (жаз айларында 6,5 мыңға дейін) жолаушыға қызмет көрсетіледі.

ІV Жаңа сабақты пысықтау:



  1. Әуежайдың қызметін анықта

  2. Оның ерекшеліктері

  3. Оның болашағы

V Сабақ қорытындысы: Аэропорт, әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын.

VІ Үй жұмысы: әуежай туралы мазмұндау.

VІІ Бағалау .

СТ: Жолаушы

СМ: Оқушыларды жолаушы сөзінің мағынасымен таныстырып, оның қазіргі замандағы мүмкіндіктерін көрсету. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау. Заманға сәйкес еліміздің жетістіктерін пайдалан, өз Отаныңның жаңа жерлерін аралап, тамашала деп, тәрбиелеу.

СБ: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Өткенді қайталау

Сұрақтарға жауап беру



  1. Әуежайдың қызметін анықта

  2. Оның ерекшеліктері

  3. Оның болашағы

  4. Әуежайда нені пайдаланады?

ІІІ Жаңа тақырып Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында “жолаушы өз үйінен 40 қадам ұзап шыққан соң мүсәпір” делінеді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. “Жолаушы азығы жолда”деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алысырақтан дауыстап “Кім бар, ау” деп рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп аттануы тиіс болған. “Қырықтың бірі қыдыр” деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді, жолаушыны сыйламаса несіп, ырыздығына кесір тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы өз кезегінде кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде де қолданылады; [2]

ІV Жаңа сабақты пысықтау:



  1. Жолаушы деген кім?

  2. Жолаушы кім болады?

  3. Жолаушы нені пайдаланады?

  4. Қандай көліктермен жол жүреді?

V Сабақ қорытындысы: Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында “жолаушы өз үйінен 40 қадам ұзап шыққан соң мүсәпір” делінеді.

VІ Үй жұмысы: әуежай туралы мазмұндау.



VІІ Бағалау .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет