Стамбекова асель серкебаевна



бет3/4
Дата07.07.2016
өлшемі386 Kb.
#183493
түріДиссертация
1   2   3   4

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға қойылатын талаптарды анықтап алғаннан кейін, қазіргі уақытта бастауыш сыныптарда қолданыстағы жаңа буын математика оқулықтарына (1-4 сынып) және оларға арналған әдістемелік құралдарға талдау жүргіздік. Талдау барысында педагогикалық әдебиеттердегі оқулықтарға қойылатын талаптарды басшылыққа алдық.

Қорыта келгенде, әр сыныпта оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулардың саны: 1-сыныпта барлық жаттығулардың 9,6 пайызы, 2-сыныпта - 40,9; 3-сыныпта – 5, 4-сыныпта - 17,1 пайызы. Ал жалпы бастауыш сыныптарда оқулықта берілген барлық практикалық мазмұнды есептердің 16,9 пайызын ғана құрайды.

Бастауыш сыныптарының математика оқулықтарына жасалған талдау барысында олардағы тапсырмалар жүйесін оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал ететін есептермен, жаңа жаттығулармен толықтыру қажет екендігіне көз жеткіздік.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мәселесінің математика оқу-әдістемелік құралдарында қаншалықты көрініс тапқандығын анықтау үшін арнайы талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде математика оқулықтарында көрініс тапқан практикалық мазмұнды есептердің оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мүмкіндігі бола тұрса да оқу-әдістемелік құралдарда 2-кестеде көрсетілген талаптарды қанағаттандыратындай етіп, бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістесін жетілдіру қажет екендігіне көз жеткіздік.

Зерттелетін мәселенің мектеп тәжірибесінде нақтылы жайын анықтау мақсатымен анықтаушы эксперимент жүргіздік. Анықтаушы эксперимент 2003-2004 оқу жылы Талдықорған қаласының мектептерінде өткізілді.

Анықтаушы эксперимент барысында зерттелетін проблеманың нақтылы жағдайы анықталды. Диссертацияның 1 тарауында көрсетілген сипаттамаға сәйкес көрсетілген танымдық қызығушылықтың даму деңгейіне берілген сипаттама бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейі айқындалды. Экспериментке қатысқан оқушылардың 5 пайызы практикалық мазмұнды есептерге мүлде қызықпайды, 54 пайызы танымдық қызығушылығы қарапайым деңгейде, 35 пайызының танымдық қызығушылығының қалыптастырылуы орта деңгейде, оқушылардың 6 пайызының ғана танымдық қызығушылығы жоғары деңгейде.

Талдау нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығының даму талаптарын толық қанағаттандыратындай әдістемені жетілдіру қажет екендігін анықтадық. Бұл зерттеу проблемасының дұрыс қойылғандығын көрсетті.

Бастауыш мектеп оқушыларының білім деңгейіне сандық және сапалық талдау жасап, қорыту арқылы бастауыш сатыдағы математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді шығару әдістемесінің олқы тұстарын анықтап, оларды жетілдіруге назар аудардық.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда қалыптасқан тәжірибені талдау практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі бағыттарын анықтап, осыған сәйкес әдістемелік ұсыныстар енгізу қажеттілігін көрсетті.

1-4 сыныптарға арналған барлық оқу әдістемелік құралдарды талдай келе біз практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі бағыттарын анықтадық. Сонымен практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі бағыттары:


  1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға негіз болатын оқу стандарттары анықтаған теориялық біліміне және олардың практикалық дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес танымдық қызығушылығын дамыту үшін қажетті білім, іскерлік және дағдыларын (2-кесте) қалыптастыру.

  2. Оқушыларды практикалық мазмұнды есепті қысқаша жазу (моделін құру), оған сызба сызу, кесте толтыру, сурет салуға үйрету.

  3. Қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқуға және сызуға дағдыландыру.

  4. Оқушыларды өздерін қоршаған ортадан, күнделікті өмірден алынған практикалық мазмұнды есептерді құрастыруға үйрету.

  5. Практикалық мазмұнды есептердің мәтінімен және сөздікпен жұмыс істеу.

  6. Практикалық мазмұнды есептерді шығару іскерлігін қалыптастыру.

Әрбір бағытты жүзеге асыру үшін арнайы есептер жүйесі сұрыпталып алынып, оларды шығарудың әдістемелік жолдары ұсынылды.

Біздің зерттеуімізде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту математиканы оқыту мазмұнын практикалық мазмұнды есептермен толықтыру арқылы жүзеге асты, яғни жалпы есептер жүйесін жаңа, қосымша практикалық мазмұнды есептермен толықтыру қажет болса, олардың көпшілігі оқушылардың зейінін, қабылдауын, еске сақтауын, қиялын, ойлауын дамытуға бағытталған.

Есептерді сұрыптауда біз бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған білім, іскерлік және дағдыға қойылатын талаптарды, осы сыныптарға арналған математика оқулықтарына жасаған талдау мәліметтерін және оқыту тәжірибесін басшылыққа алдық.

Осы мағлұматтарды ескере отырып біз практикалық мазмұнды есептерге қойылатын талаптарды айқындадық. Олар:



  • практикалық мазмұнды есептер және математикалық жаттығулар математика бағдарламасының талаптарына, оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларына сай болуы тиіс;

  • олар оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған (қысқаша жазу, оған сызба сызу, кесте толтыру, сурет салу, қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқу және сызу, практикалық жағдайларды модельдеу және т.б.) білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, дамуына ықпал етуі қажет;

  • практикалық мазмұнды есептердің мазмұны оқушылар үшін таныс математикалық аппараттың практикада қолданылуын, сандық мәліметтерді пайдаланудың ерекшеліктерін (сандық мәліметтерінің шынайлығы, сұрақтардың қойылу дәрежесі, алынған жауаптың шындыққа сәйкес келуі) ашуы керек;

  • есептің мазмұнында оқушылар қабылдап, түсіне алатындай шынайы
    мәліметтер болуы керек, оқушылардың өмірлік тәжірибелеріне, жас
    ерекшелігіне, білім дәрежесіне және танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы қажет;

  • есептің сюжеті және сандық мәліметтері айналадағы шындықтың озық жақтарын, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріндегі мәліметтерді бейнелеуі қажет; тәрбиелеушілік, танымдық сипатқа ие болып, математикаға қызығушылық тудыру керек;

  • сұрақтардың қойылу мәнері шынайы жағдайда туындауы мүмкін болатын сұраққа сай болуы керек (жете ме, жеткілікті ме, бола ма және т.б. );

  • практикалық мазмұнды есептер және оларға арналған тапсырмалар
    оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін (сезіну, зейін, қабылдау, еске сақтау,
    қиял, ойлау, сөйлеу) дамыта алатындай болуы тиіс;

- есепті шығару әдістері оқушылардың өздері күнделікті тәжірибеде
пайдаланып жүрген әдістерге сәйкес немесе жақын болуы керек, оларды оқушыларға үйретуде көп уақытты алмауы қажет.

Осы талаптарды орындау бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының нәтижелі дамуына әсер етеді.

Құрастырылған практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемелік шарттары іздестіру эксперименті кезінде тексерілді.

Іздестіру эксперименті 2003-2004 оқу жылында анықтаушы эксперимент жүргізілген мектептердің бастауыш сыныптарында жүргіздік.

Бұл эксперимент кезеңінің мақсаты оқулықтардағы жалпы есептер жүйесін толықтыратын және оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға қажетті құрастырылған практикалық мазмұнды есептердің тиімділігін тексеру, оқушылардың бұл есептерді шығару барысындағы әрекетін бақылау, сабақты ұйымдастыру және жүргізу кезінде мұғалім мен окушылардың өзара іс-әрекетін бақылау, эксперименттің нәтижесі бойынша қажет болған жағдайда құрастырылған есептерге түзетулер енгізу, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстарды нақтылау.

Ізденіс экспериментін дайындау және жүргізу кезінде мұғалімдермен экспериментте қолданылатын практикалық мазмұнды есептер жүйесін талқылау бойынша кездесулер өткізілді, онда құрастырылған есептерді қолданудың нақты әдістемелік ұсыныстары қарастырылды. Бұл кезеңде мынадай мәселелерге ерекше көңіл аударылды:

- есептің соңғы нәтижесін алуға ынталандыру арқылы практикалық мазмұнды есептерді шығаруға оқушылардың қызығушылығын оятып, математика пәніне сүйіспеншілігін тудыру;

- есептің мазмұнын, мағынасын түсіндіру, шартын талдау, белгілі және белгісіз компоненттерін бөлу, есепті шешуге ұсынылған тәсілдерді қарастыру;

- ұжыммен бірлесе отырып есепті шешу жоспарын құрастыру, есепті шешу және оны дәптер бетіне түсіру;

- есептің шешімін тексеру, алынған нәтиженің есеп шартымен үйлесуін анықтау, қажетті жағдайда есепті шығарудың қосымша тәсілдерін табу, оқушылар есепті шығару барысында өздеріне жаңа және практикалық маңызды қандай мәліметтерді пайдаланғандығын бөліп көрсету;

- практикалық мазмұнды есептерде қарастырылған мәселе бойынша келтірілетін түсіндірменің және соның барысында орындалатын ой жүйесінің үлгілерін жетекші сұрақтар арқылы бағыттау, сұрақ-жауаптар арқылы әңгімелесу;

- практикалық мазмұнды есептің мәтіні оқылысымен оқушылардың зейінін, ойын бір арнаға бағыттап, оны шешудің жоспарын кезінде талдау жасату;

- қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастыру және оны шығару, өмірмен байланыстырып талдау;

- есептің шартына байланысты оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру (сурет салу, сызба сызу, кесте толтыру т.б.);

- берілген практикалық мазмұнды есептерді түрлендіре білу, жанама есептерді кері есепке айналдыру, салыстыру;

- практикалық мазмұнды есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару.



Оқыту эксперименті 2004–2005, 2005-2006 оқу жылдары Талдықорған қаласының анықтау эксперимент өткен мектептерінде өткізілді. Бұл белгілі жағдайда анықтаушы, іздестіру және оқыту эксперименті өткен жалпы шарттардың бірлігін сақтауға мүмкіндік берді (оқушылардың құрамы, үлгерім деңгейі, оқуға көз-қарасы, ынтасы, мектепте оқу-тәрбиелік жұмысты орындау және т.с.). Эксперименттік және бақылау сыныптарының және ондағы оқушылардың саны 3, 4-кестелерде келтірілген. Эксперименттік және бақылау сыныптарының санына қалалық мектептерінің сыныптары кірген, сонымен бірге эксперименттік сыныптарға бақылау сыныптарының үлгерім деңгейі шамалас оқушылар алынды.
3 кесте – Эксперименттік және бақылау сыныптарының жалпы саны (2004-2005 оқу жылы)


Мектептердің аты

Сыныптардың саны

Оқушылардың саны

Экспери

Менттік

бақылау

Эксперименттік сыныптарында

Бақылау сыныптарында

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

№3 Дәнеш Рақышев атындағы мектеп-интернаты

1

1

1

1

1

1

1

1

30

25

27

22

31

25

27

23

№5 Ломоносов атындағы мектеп-лицейі

1

1

1

1

1

1

1

1

25

23

28

25

25

24

28

26

№8 Островский атындағы орта мектебі

1

1

1

1

1

1

1

1

25

25

25

27

25

25

26

27

Барлығы:

3

3

3

3

3

3

3

3

80

73

80

74

81

74

81

76

Кесте 4 - Экспериментте қамтылған оқушылар саны




Топ түрі

Оқушылар саны

Эксперимент тобы

307

Бақылау тобы

312

Эксперимент және бақылау топтарының іріктелу дәрежесін анықтау үшін тексеру жұмысы жүргізілді. Тексеру жұмысы бақылау жұмысы түрінде бастауыш мектеп математикасы бағдарламасы аясында өткізілді (5-кесте).


5 кесте - Тексеру - бақылау жұмысының нәтижелері


Топ түрі

Оқушылар саны

Бағалары

5

4

3

2

Эксперимент

307

91

79

96

41

Бақылау

312

93

80

97

42

Топтардың статистикалық және білім деңгейі тұрғысынан айырмашылығын тексеру үшін χ2 критериі пайдаланылды.



, мұндағы мен эксперимент және бақылау топтарындағы оқушылар саны. , - бақылау және эксперимент топтарының 1 – белгісінің жиілігі, i – белгілер саны.

q = 0,05 мәнділік деңгейі мен еркіндік дәреже саны v = 4-1= 3 үшін . .

Көрсетілген мәнділік деңгейінде топтардың айтарлықтай статистикалық айырмашылығы жоқ, яғни топтар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жарамды деп есептеледі.

Оқыту эксперименті барысында зерттеудің мынадай әдістері қолданылды: сабақта мұғалімдердің және оқушылардың іс-әрекетін бақылау; сабақтарды талдау; математикадан арнайы бақылау жұмыстарының, мұғалімдермен және оқушылармен өткізілген әңгімелесу және сауалнама материалдарының негізінде бақылау және эксперименттік сынып оқушыларының білімі және іскерлігінің өзгеруін талдау.

Оқу жылының соңында эксперименттік және бақылау бастауыш сыныптардың оқушыларынан білімі мен іскерлігінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатымен бақылау жұмыстары өткізілді, оның нәтижесі бақылау топтарының оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды меңгеру деңгейі эксперименттік топтағы оқушылардың білім деңгейімен салыстырғанда пайыздық қатынасы төмендігін көрсетті. Яғни, қолданылған арнайы әдістемелік жүйенің тиімді екендігі тұралы тұжырым жасауға болады.

Сонымен бірге эксперименттік топ оқушыларының бастапқы білім деңгейі мен соңғы нәтижелері салыстырылды (6 - кесте).


6 кесте - Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудағы эксперименттік топтың бастапқы білім деңгейі мен соңғы көрсеткіштері


Реті

Оқыту (тапсырмалар)

Барлық сыныптар (1-4) оқушыларының орташа көрсеткіштері (пайызбен)

бастапқы

соңғы

1

Практикалық мазмұнды есептердің мәтінімен және сөздікпен жұмыс істеп, есептердің мазмұнын қабылдау.

63

89

2

Танымдық маңызы бар есептерді шығару барысында алынған мағлұматтарды еске сақтау.

79

83

3

Оқушыларды практикалық мазмұнды есепті қысқаша жазу, сурет салу, сызба сызу, кесте толтыру.

66,2

83

4

Практикалық мазмұнды есептерді құрастыру.

65

82

5

Практикалық мазмұнды есептерді шығару.

30

43,7

6

Қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқу және құру.

69

83

Мұнда 1–6 тапсырмаларды оқушылардың орындауының соңғы нәтижелерін (пайыз) бойынша жинақтадық.

Осы кестеге сәйкес практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту динамикасы төменгі диаграммада көрсетілген.

1 сурет – Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудағы эксперименттік топтың бастапқы білім деңгейі мен соңғы көрсеткіштері

Эксперименттік топ оқушыларының ұсынылған әдістемелік жүйені қолданғаннан кейінгі пайыздық көрсеткішінің жоғарылауы және әдістемелік тиімділігі жөніндегі тұжырымымыздың дұрыстығын тексеру үшін және алынған нәтижелердің статистикалық тұрғыдан мәнділігін анықтау үшін Пирсонның χ2 (хи - квадрат) критериін пайдаландық.

Ол үшін оқушылардың практикалық мазмұнды есептер арқылы танымдық қызығушылығы дамиды деген болжамды тексереміз.

Бастапқы болжам - оқушылар практикалық мазмұнды есептер арқылы танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған білім мен іскерлікті, дағдыны меңгермейді. Ал балама болжам - оқушылар практикалық мазмұнды есептер арқылы танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған білім мен іскерлікті, дағдыны меңгереді.

- критериімен формуласы бойынша есептейміз.

Мұндағы және - салыстырылып отырған таңдамалардың жиіліктері.

Берілген q = 0,05 мәнділік деңгейі мен еркіндік дәреже саны

v=k-1=6-1=5 арқылы арнайы кестеден критикалық мәнін анықтаймыз.

болғандықтан (12>10,07) болжамы қабылданбайды. Яғни, оқушылар практикалық мазмұнды есептер арқылы танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған білім мен іскерлікті, дағдыны меңгереді, олардың танымдық қызығушылығы дамиды.

Эксперименттік және бақылау сыныптарында оқыту нәтижелерін салыстыру негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың ұсынылған жолдары және тәсілдері, экспериментті тексеру нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының практикалық іскерлігінің қалыптасуына қойылатын нақты талаптар, қажетті іскерлікті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысқа көңіл аудару, практикалық мазмұнды есептердің, тапсырмалардың әр түрлі нұсқада берілуі оқушыларда практикалық мазмұнды есептерді шығаруға қажетті іскерлікті қалыптастырып, танымдық қызуғышылығын дамытады деген қорытынды жасауға негіз болды.

2006 жылы бітірген бастауыш сынып оқушыларының алған білімінің беріктігін тексеру мақсатымен 2006-2007 оқу жылының басында эксперименттік және бақылау сыныптарынан 2006 жылда алынған бақылау жұмыстары қайталанып алынды. Алынған мәліметтерді салыстыру эксперименттік сынып оқушыларының білім мен іскерлік деңгейі бақылау сыныптарының оқушыларынан әлде қайда жоғары екендігін көрсетті. Бірақ эксперименттік сыныптарда 2006 жылдың қыркүйегінде алынған тапсырмалардың кейбір түрлерінен нәтижелері 2005-2006 оқу жылымен салыстырғанда аздап төмендеу болды. Бұл ұмыту факторымен түсіндіріледі, бір жағынан оқушылар жазғы демалыс кезінде кейбір іскерлікті жоғалтуларына, екіншіден, есептеулер жүргізуде зейін қоймай орындауларына да байланысты.

2-5 сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыс оқушылардың ұмыту, қайта жаңғырту арқылы оқушылардың ұмытқанын еске түсіруге болатынын көрсетті.

Ал бақылау сыныптарында ұмыту факторы жоғарырақ болды. Тіпті 2005-2006 оқу жылында жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылардың өздері де қателер жібергендігі байқалды.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер біз ұсынған әдістеменің оқушылардың білімі мен іскерлігінің беріктігін қамтамасыз ету үшін де тиімді екендігін растайды.

Сайып келгенде, эксперименттік сыныптардан алынған нәтижелер бақылау сыныптармен салыстырғанда жоғары болды.

1. Барлық тапсырмалар бойынша эксперименттік сынып оқушыларының тексерілген іскерлігінің (практикалық мазмұнды есептердің мәтінін қабылдау, график, диаграмма құру, оқу, кесте және схема құрастыру немесе сол бойынша есеп құрастыру, есепке сурет салу немес суретке есеп құрастыру және т.б.) әрқайсының қалыптасуы бақылау сынып оқушыларына қарағанда жоғарырақ болды.

2. Экспериментік сынып оқушыларының математикадан білім деңгейі көтеріліп, кез келген практикалық мазмұнды есептерді түсіну қабілеті артып, материал естерінде жақсы сақталды. Сонымен қатар ойлаудың түрлі операцияларымен қаруланды, соның нәтижесінде оқушылар қиялдай отырып есептің тиімді шешімін қиналмай тез және дұрыс табатын болды.

Эксперименттен алынған нәтижелер зерттеу жұмысының болжамын дәлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет