98
типологиялық-трассологиялық талдау оның тҧрғындары кӛп салалы кешенді
шаруашылық жҥргізгендігін, қоныс тҧрғындары негізінен жылқы ӛсірумен
айналысқандығын дәлелдейді. Гарпун секілді қҧралдардың табылуы мҧнда
балықшылық та дамығандығын кӛрсетеді. Баспана тҧрғызу ҥшін
пайдаланылған қҧрал-саймандар (балта, қашау, жонғы, кескіш, т.б.),
қосымша қҧрал-саймандар (балға, кескіш, ҧршық, болас, т.б.) да жеткілікті
дәрежеде табылған. Қоныстан алынған сҥйек сулықтар, айылбастар,
ветеринарлық мақсатта пайдаланылған тескіштер, сонымен қатар ӛзге де сан
мыңдаған еңбек қҧралдары ежелгі ботайлықтардың ӛнім ӛндіруге толық
кӛшкендігін аңғартады. Ботай қонысының ӛзінен ғана қыш ыдыстарының 10
мыңнан астам сынықтары жиысырылған. Сақталу дәрежесі жақсырақ
сынықтар негізінде 60 шақты қыш ыдыстар қалпына келтірілген. Бҧлар,
негізінен, мойын тҧсы ашық немесе қабырғалары тік қыш ыдыстар еді. Ою-
ӛрнек ыдыстың барлық жеріне тҥсірілді, ернеуіне дейін және мойын тҧсының
ішкі жағына да тҥсірілген. Ӛрнектері тарақ, жіп және цилиндр тәрізді
бірнеше штамптармен тҥсірілгендігі байқалады. Ежелгі ботайлықтардың ҥй
кәсібінде сҥйектен заттар жасау кеңінен қолданылды.
Сонымен қатар тері
илеу, тоқыма бҧйымдарын дайындау, ағаш ӛңдеу де дамыды. Сҥйектен және
мҥйізден жасалған бҧйымдарға аралау, бҧрғылау, жону және жалтырата
тегістеу, т.б. әдістер кеңінен қолданылды, тіпті оларды ӛңдеуге мыс қҧралдар
да қолданылғандығы аңғарылады.
Әдетте ӛзен жағалауында орналасқан қоныстардың ауданы бірнеше
гектар жерді алып жатады. Аталған мәдениеттің жарқын ескерткіші
саналатын жоғарыдағы 15 га-лық Ботай қонысынан 158 баспананың іздері
анықталған. Қазба барысында бір-біріне белгілі жҥйе бойынша
жапсарластырыла орналасқан, сӛйтіп ӛзіндік махалла (квартал) қҧраған
бірнеше баспаналар тобы анықталған. Баспана салу ҥшін алдымен тереңдігі 1
м, ауданы 20-70 м-ге дейін баратын 4-8 бҧрыш тҧрпатындағы (пішіндегі)
қазаншҧңқыр қазылған. Шҧңқырдан қазып алынған топырақ оның шетіне
ҥйіліп, биіктігі 1 м-дей жал қҧраған. Осылайша тҧрғызылған
қабырғаға
бӛренелер қойылып, олар тӛбеге қарай кҥмбезделе жабылған. Кҥмбез пішінді
тӛбесі ағаш бҧтақтарымен және шым қабаттарымен жабылып, оның
ортасынан тҥтін шығатын тесік қалдырылған. Кірер есігі қабырғасынан
тҥсірілді және оған шағын дәліз жалғасты. Ішінде, орта тҧсындағы шҧңқырда
ошақ жағылды. Ошақ пен кірер есік арасын шаруашылық аймақ алып жатты.
Баспана бҥйірінен, әдетте, азық-тҥлік сақтайтын шҧңқыр қазылды.
Ал Тобыл ӛзені бойындағы қҧмдақ қабаттарда ӛзгеше архитектуралық
ерекшелік сақталған. Сірә, мҧндағы баспана қабырғалары ағаштан
тҧрғызылған болуы ықтимал.
Ежелгі ботайлықтардың дҥниетанымы біршама кҥрделене тҥскендігін
жерлеу салты мен бірқатар символдық заттар да аңғартады. Кӛпшілік заттар
(бойтҧмар, т.б.) тотемизм, ата-баба аруағына табыну секілді ғҧрыптардың
қоғамда орын алғандығын нақты кӛрсетеді. Ботайлықтар туыстастарын
қоныс аумағындағы кӛне баспаналарда жерледі, мҥрде жанындағы қабырғаға
жылқының бас сҥйектері де қойылды. Баспаналардың біріндегі қабырға
99
астынан сазбен мумияланған ер адамның бас сҥйегі шыққан. Табалдырыққа
итті жерлеу де жиі ҧшырасады.
Қазақстан солтҥстік аймақтарындағы энеолит
жайын қозғаған кезде
Торғай ӛңіріндегі
терсек мәдениеті жайлы да айтып ӛтуге болады. 1946-
1951 жылдары азды-кемді
жинастырылған материалдар негізінде
А.А.Формозов энеолиттік терсек-қарағай мәдениетін бӛліп кӛрсету қажет
екендігін
айтқанымен,
мҧнда
далалық
жҧмыстар
ҧзақ
уақыт
жҥргізілмегендіктен, бҧл мәдениеттің ғылымдағы орны нақтылана қоймады.
Осында 1970 жылдардан бастап зерттеулер жҥргізген В.Н.Логвин кейіннен
терсек мәдениетін бӛліп кӛрсеткенімен, оның да тарихнамадағы орны нақты
кӛрсетілген жоқ. В.Н.Логвин, С.С.Қалиева сынды археологтар ойынша
«терсек мәдениеті» ӛз алдына жеке мәдениет болып табылады. Ал белгілі
ғалым В.Ф.Зайберт оны ботай мәдениетінің батыс нҧсқасы деп есептейді.
Келесі бір ғалымдар (В.С.Мосин, С.В.Захаров) екеуінің ӛзара ҧқсастығын
айта келіп, оларды «ботай-терсек» мәдениеті деп атауды ҧсынады.
Қалай болғанда да, «терсек мәдениетіне» жататын Қожай-1, Қҧмкешу-1,
Бестамақ сынды ескерткіштер материалдары ӛзіндік бірегейлігімен кӛзге
тҥседі. Әсіресе толымды тҥрде зерттелінген Қожай-1
қонысының
материалдары назар аударуға тҧрарлық. Бҧл қоныс 1983-1985 жылдары
зерттелінген. 1983 жылы 360 шаршы м жер аршылып, одан алты баспана
орны мен тоғыз шҧңқыр анықталған. 1984 жылы тӛрт баспана орны мен 17
шҧңқыр 492 шаршы м телімнен аршылған. 1985 жылы жалпы ауданы 372
шаршы м телімнен тӛрт баспана мен 40 шақты шҧңқыр аршылған болатын.
Қазба барысында ондаған мың шақпақ тас пен басқа жыныстардың
сынықтары, ӛзектастар мен ӛзектас тәрізді сынықтар, тҥзетілмеген тас
жаңқалары, тҥзетілмеген тас тіліктері, тас тіліктерінен, жаңқаларынан
жасалған қҧралдар (пышақтар, қырғыштар, жонғыштар, ҥшкіртастар, т.б.)
шапқылар, ҥтікшелер, әшекей бҧйымдар (моншақ, алқа, т.б.) дәнҥккіштер,
дискілер, т.б. аршып алынған. Олардан басқа сҥйектен жасалған сан алуан
бҧйымдар мен қыш ыдыстар сынықтары да кӛптеп табылған. Сондай-ақ
қоныстан қола дәуірінің де мол материалдары кездескен. Мамандардың
есептеуінше, Қожай-1 қонысы маусымдық жазғы кент болған. Мҧны
қоныстағы жартылай жертӛле секілді баспаналар орны анықтап берген.
Қоныс баспаналарының сырты жеңіл ағаштармен немесе мал терісімен
жабылған және де ішіндегі ошақтардан аса қалың емес кҥл орны анықталған.
Остеологиялық материалдардың басым бӛлігі қолға ҥйретілген мал
сҥйектерінен тҧрады және де мҧнда қысты кҥні тіршілік етпейтін тҥз
тағыларының сҥйектері де ҧшырасады. Мәдени қабаттан алынған еңбек
қҧралдарына қарағанда Қожай-1 тҧрғындары мал шаруашылығымен және
ішінара аңшылықпен айналысқан. Қоныс тҧрғындары қыста Сырдария ӛңірін
мекендеуі
мҥмкін
екендігін
орта-азиялық
қосӛзен
аңғарындағы
мәдениеттерге ҧқсас қыш ыдыстары мен мыс бҧйымдарға жасалған
спектральды талдау да нақты кӛрсетеді. Терсектік бҧл «мәдениет»
зерттеушілер пікірінше б.з.б. ІІІ мыңжылдықпен белгіленеді.