Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет65/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   157
Қазақстан археологиясы

Жетісу көркем қоласы. Табылған олжалардың кӛпшілігі Алматы 
аумағымен және оның тӛңірегімен тікелей байланысты. Әдетте, бҧлар 
кездейсоқ табылған кӛмбелер. Кӛмбелер тау алды аймағынан, әдетте шӛбі 
шҥйгін әрі жері қҧнарлы қоныстардан табылады. Осында тіршілік еткен ерте 
кӛшпенділер – сақтар мен усуньдердің кӛмбелері, б.з.б.VІІІ ғасырдан б.з. ІV 
ғасырына дейінгі аралықта мерзімделінеді. Алайда бҧйымдардың кӛпшілігі 
б.з.б. І-мыңжылдық екінші жартысынан б.з. ІІІ-ғасырына дейінгі кезеңде 
жасалынған. Кӛбіне қызығушылық тудыратын кӛмбелер қҧрамында шырақ, 
ҥстел, қазандық болады, сонымен қатар қанатты барыстар мен жолбарыстар, 
қодастар мен зебу-ӛгізі, тҥйелер мен жылқылар, тау текелер, қасқыр мен 
қҧстар, сондай-ақ адамдардың мҥсіндері де кездеседі. Соңғы аталғандар 
қарулы жауынгерлерді – салт атты садақшыларды бейнеледі. Кейбір 
мҥсіндер, сірә әйел адамдардың (киіміне қарағанда) мҥсіні ғҧрыптық ҥстелді 
қолымен кӛтеріп тҧрған «атлант рӛлін атқарды». Мҥсіндермен әдетте 
ғҧрыптық бҧйымның шеттері мен бҧрыштары, шырақтардың шеттері мен 
жалпақшалары әшекейленді, кейде олар «шырағдан» (шырақ) ретінде, 
ішінара болса да ҧстағыш-сап, қазан аяғы секілді де пішінде пайдаланылды. 
Кӛне шеберлердің қолымен жасалынған кӛпшілік бҧйымдар қолӛнердің 
аса кӛркем туындылары қатарына жатады. Саналы адамдар табылған 
жәдігерлерді кӛне заман куәсі ретінде музейлерге ӛткізіп отырған. Айталық, 
ХХ ғасыр басында Алматы ауданынан табылған, шартты тҥрде «Жетісулық 
алтарь» деп аталған олжа Санкт-Петербургтағы Эрмитажға жеткізіліп
зерттеу нысанына айналған. Нәтижесінде бҧл қола ҥстел-алтарь ғҧрыптық 


192 
мәнде жасалған, оны ежелгі сақ және усуньдер жосын-жоралғыларды жҥргізу 
ҥшін пайдаланылған деп топшыланған. 
1979 жылы М.Қ.Қадырбаев Алматының оңтҥстік бӛлігіндегі Ҥлкен 
Алматы ӛзенінің сол жағалауынан алаңқайды қазған. Бҧл жерден жоспары 
дӛңгелек келген, аумағы 130 шаршы метр алаңқай аршылған, ол 0,4 м 
тереңдікке дейін қазылған. Зерттеушілердің пікірінше, «ғибадатхананың» 
(мінәжат орнының) ҧзақ уақыт жҧмыс істеп тҧрғандығын сазды платформа-
алтарь, жағылған от қалдықтары, қҧрбандыққа шалынған мал сҥйектері (қой 
мен сиыр), қҧю қалпы, керамикалық ҧршықбастар, жапсырып жасалынған 
қыш ыдыстары (тостаған, кӛзе, банка, хумшы) нақты кӛрсетеді. Дегенмен 
табылған заттар сақ-усунь молаларынан алынған бҧйымдардан аздап 
ӛзгешелеу. Алаңқайдан шырақ (шырағдан), бҥтін қазандық және тағы екі 
қазандықтың бӛліктері шыққан. Кӛлденең ҧстағышты қазандықтардың бірі 
темірден дайындалған, бӛліктері сақталған қалған екеуінің тағандары бар. 
Ғибадатхана алаңқайы жоба бойынша бҧрын топырақ жалмен немесе 
қабырғамен кӛтерілген. 
Сақ және усунь ғибадатханалары (мінәжат орындары) оларды тҧрғызған 
адамдардың кҥрделі тҥсінігінен хабардар етеді. Ғибадатхана мен одан 
табылған заттар арасынан шырақ-қазандық-қҧрбандық ҥстелі секілді 
триадаға ден қою тегіннен тегін емес еді. Әрбір заттың ӛзіндік қадір-қасиеті 
болды. Оларға сан алуан жыртқыш аңдар мҥсінінің жасалынуы белгілі бір 
таным-тҥсініктен келіп туындады. Айталық, шырақта бейнеленген жолбарыс 
образы космогониялық сипатта да болды, ол Ғарыш шекарасын қорғап 
тҧрды. Кӛпшілік сюжет отқа табынуды білдіреді. Сонымен қатар шырақта 
мҥсінделген бейнелер жарықты, жыл мезгілдерінің ауысуын, қоршаған орта 
мен тылсым-дҥниенің байланысын, зҧлымдық пен қайырымдылық 
арасындағы кҥресті, т.б. білдіреді. 
Келесі бір қҧрбандық ҥстел Алматы қаласының оңтҥстігіндегі «ашық 
аспан астындағы ғибадатханадан» табылған. Ол – конус тәрізді жасалған 
нәзік тҧғырға орнатылған табақша. Бҧл заттың табақшасында негізгі 
танымдық ой-ӛріс қамтылған. Оның шетіне зебудің скульптуралық мҥсіндері 
осы жануарға тән ӛркештерімен қоса берілген. Сиыр (ӛгіз) тҧмсығы аздап 
тҥсіңкі және солға, сыртқа қарай қаратылған. Салт аттылардың екі мҥсіні 
табақтың жалпақ бӛлігіне орнатылған, бҧлардың тек біреусі ғана 
сақталынған. Салт аттылар қарама-қарсы беттерге қаратылған. Қолдарында 
М-тәрізді пішіндегі тартылып тҧрған садақ бейнеленген. Сайып келгенде 
барлық композиция экспрессияға толы және де мҧнымен бірге шиеленісіп 
тҧрған жағдайды кҥтіп тҧрған сәт – жайылып жҥрген хайуанаттар қатып 
қалған, жылқы тӛрт тағандап тҧра қалған, садақ адырнасы тартылған, тағы 
бір сәт... одан жылдам тҥрде ысқыра жебе ҧшады. Бҧл кӛрініс нені білдіреді? 
Сірә, әлемнің тӛрт тарапын қорғап тҧрған салт атты Әлем тауының 
шыңдарын мекен ететін кҥн қҧдайы Митраны бейнелейтін шығар. Кӛне 
замандардағы тҥсініктерге қарағанда, Митра – мол мҥмкіншіліктері бар 
қҧдай, бҧл ретте ол жайылым әміршісі, жердің сақшысы, ғарыш әлемінің 
қорғаушысы ретінде бейнеленген.


193 
Алайда кӛріністі тағы басқалай тҥсіндіруге де болады. Шырақта жын-
перімен кҥресіп жатқан Митра қҧдай бейнеленген, және де ол найзағай – 
жебе – кӛмегімен қара тҥнекті сейілтіп, жын-пері тҧмшалаған ӛмір нҧрын 
қайта шашып тҧр. Ол жауын-шашын, жерге ӛмір нәрін беретін бҧлтты 
сипаттайтын сиырларды аспанға жайып тҧр. Сӛйтіп, қыс пен қараңғылық 
кері шегініп, сиырмен бірге сайылатын кӛктем мен жарық келеді. 
Ҥшінші шырақ – Алматыдағы Ремизовка маңынан табылған, бҧл да 
нәзік таған-тҧғыр мен шетті (ӛңірлі, қаусырлы) табақшадан тҧрады. 
Табақшаның ортасына бес жан-жануардың мҥсінінен тҧратын композиция 
жасалынған: ӛлген тау теке, екі қасқыр мен екі қарға. Тау теке бір бҥйірімен 
жатыр, алдыңғы және артқы аяқтары созыла жайғасқан, пышақ пішіндес 
мҥйізі қайырылған. Тҥрегеп тҧрған бір қасқыр мҥсіні теке тҧмсығының 
ҥстіне тӛне тҥскен, екіншісі қарама-қарсы жақта оның сауырының ҥстінде. 
Мҥсіндер қҧйылған, іші қуыс, арқа тҧсында білте орнатылған дӛңгелек тесігі 
бар. Қасқырлар тҧмсығымен қҧрбан болған хайуанға тӛніп тҧр, тістері мен 
азу тістерін айқара ашқан. Қҧлақтары басына жабысқан. Кӛздері тамшы 
пішіндес, ҧзынша келген. Денелері ҧзын, іші тартылған, табандары мығым, 
тырнақтары ірі, қҧйрықтары ҧзын. 
Басқа екі жағында кішкентай шаршы тҧғырға бӛтеннің олжа 
қалдықтарын кҥтіп отырған екі қарға мҥсіні жабыстырылған. Қарғалардың 
бастары бір жаққа қарай аздап қисайған, тҧмсықтары қатты қайырылған, 
кӛздері дӛңгелек келген. Қҧстардың қанаттары жиналған, денелері аздап алға 
қарай созылған. 
Ыдыстың шетіне (қаусырына) 16 мысық тҧқымдас хайуанның (барыс 
немесе жолбарыс) іші қуыс қола мҥсіндері жабыстырылған, олар бірінен 
кейін бірі сағат тілінің жҥрісі бойынша, аса сақ кейіпте орналасқан. Олардың 
ауыздары ақсиған, кӛздері тамшы тәрізді пішінде, дӛңгеленген қҧлақтары, 
мҧрындары айқын бедерленген; табанында бес тырнағы бар, қҧйрықтары 
ҧзын әрі ҧштары сақина секілді оратылған. 
Жоғарыда сипатталған шырақтар секілді табақшадағы кӛріністің мифтік 
мағынасы бар екендігі анық. Табақшада бейнеленген кейіпкерлер 
усуньдердің генеалогиялық аңызында кездеседі. Қытай дереккӛздерінде 
усунь билеушісі кҥнби (гуньмо) деп аталынды. Оның әкесі усуньдерді 
басқарған, бірақ оларға юечжилер шабуылдап, әкесін ӛлтірген. Алайда кҥнби 
тәрбиешісі қашып шығып, нәрестемен бірге Сюнну еліне келеді. Тәрбиеші 
баланы шӛптің ҥстіне қойып тамақ іздеп кетеді, қайта оралған кезінде ол 
баланың жалғыз ӛзі емес екендігін, оны қасқыр қаншығы тамақтандырып 
жатқандығын, ал тӛбеде тҧмсығында еті бар қарға ҧшып жҥргендігін кӛреді. 
Сӛйтіп, кҥнби қҧтқарылады, ал қасқыр мен қарға усуньдер ҥшін қасиетті тҥз 
тағылары болып саналады. 
Дегенмен кӛрініс семантикасының басқа да нҧсқалары болуы да 
ықтимал. 
Табақшадағы композиция ортасында ҧсталынған таутеке орналасқан, 
оның бейнесі сақтар мен усуньдердің жартас суреттерінде кеңінен таралған. 


194 
Таутеке бейнесі таудың культымен, қҧнарлылықпен тығыз байланысты. 
Таутекемен От қҧдайы – Агни байланыстырылды. 
Қасқыр, әдетте, шӛп қоректі жануарларға, бҧл ретте таутекеге қарсы 
қойылды. Қасқыр бейнесі тҥн мен қыс тҥнегімен байланыстырылды. Шӛп 
қоректі жануарлардың жер бауырлап келе жатқан қасқыр секілді жауы 
болған сияқты, Митра немесе Кҥн мен Жарық қҧдайлары жаюға алып 
шығатын және қорғайтын аспан ҥйірінде де мифтік қасқыр сынды ӛзінің 
жауы болды. 
Қарашадан ақпанға дейін созылған қыстың ҧзақтығы «кӛкжал уақыты» 
атауын иемденгендігі белгілі. Және де кӛріністегі қарға жӛнінде де бірер сӛз 
айта кеткен абзал. Әдетте жалпыадамдық тҥсініктерде бҧл қҧс аспан мен 
кҥннің бейнесі болып табылады. Ә.К.Ақышевтың пікірінше, Есік обасынан 
табылған қанжар ҧштығындағы қос самҧрық Әлем ағашы ҥстінде отырған 
қҧстар туралы мифті білдіреді, бҧл жерден олар барлық әлемді бақылап, 
уақыт ағымын «қадағалап» отырады. Бәлкім, ӛлтірілген таутеке қасындағы 
жарық пен отты білдіретін қарғалар аспанмен, ғаламмен байланыстырылған 
шығар, сӛйтіп олардың қасқырлардан жеңілуі жыл мезгілдеріндегі 
ӛзгерістерді, яғни бҧл жерде жарықты жеңген тҥнек пен жазды ығыстырған 
қысты бейнелеуі де ықтимал. 
Жетісуда қоладан жасалған қасиетті заттар арасында қазандықтар 
(қазандар) да ерекше орын алады. Қазіргі таңда Алматы музейлеріне мҧндай 
қазандықтардың ондаған данасы қойылған. Кӛмбелерден табылған 
қазандықтар саны 1-ден 10-ға дейін жетеді, бірақ ғибадатханалар (мінәжат 
орындары) мен культтық қола кешендеріне қатысы жоқ жекелеген даналары 
да ҧшырасады. Қазандықтар денесі жартылай сфера тәрізді немесе тҧрқы 
конус секілді тағанға орнатылған, тағандары кейде жыртқыш аң табаны 
немесе аша тҧяқты мал аяғы секілді болып та сәнделген, ҥш тағанды 
қазандар сирек ҧшырасады. Тағаны қайырылған жерінде арқар, айдаһар 
тәрізді хайуандар мен қҧлақты жануарлар (бәлкім қҧлан) бедерленген 
қазандар да кездеседі. 
Қазандық денесі (тҧрқы) әдетте жылтыратылады, кейде білікпен, 
жартылай сопақша, ҥш бҧрыштармен сәнделінеді. Оларды тасымалдау ҥшін 
шетіне ҧстағыштар не болмаса қҧлақтар жасалынады. Қҧлақтары бір-біріне 
қарама-қарсы қойылған екі немесе айқыш секілді орнатылған тӛрт дана 
болады, соңғысында екі қҧлағы тігінен, екеуі кӛлденеңінен орнатылады. 
Шетінен шығып тҧрған қҧлақтары тігінен орналасқан жҧмыртқа пішінді 
қазандықтар да ҧшырасады. Мҧндай қҧлақтар әдетте бҥркеншікті шеге 
(кнопка) тҥрінде әшекейленеді. 
Кейбір қазандықтардың су ағары (шҥмегі), кӛлденеңінен ҧзын келген 
қҧлақтары да болады. 
Қазандықтар сыйымдылығы әркелкі: 5-7 литрден жҥз шақты литрге 
дейін жетеді.
Талғар қаласынан шығысқа қарай 7 км жердегі Орман қонысынан кейінгі 
уақытта табылған қазандар кӛмбесі алты данадан тҧрған, олар бір-бірінен 
кӛлемі, қҧлақтар саны мен әшекейлері бойынша ерекшелінеді. 


195 
Әлбетте, қазандықтар саны кездейсоқтықты білдірмесе керек, олар 
ғибадатхана тиесілі болған жекелеген ҧжымдардың (отбасы, ру, тайпа) санын 
да білдірген секілді. Қазандықтардың сыйымдылығы олардың ғҧрыптық 
қолданыстағы мәніне тікелей байланысты болды. 
Қазандардың 
символикалық мәні Геродоттың скифтер туралы 
әңгімесінде де келтіріледі: «... Скифтердің Ариант атты патшасы скифтер 
санын білгісі келді. Бҧл ҥшін ол әрбір скифке бір-бірден жебе ҧшын алып 
келуге бҧйрық берді, оны тыңдамағандарды ӛлтірем деп қорқытты. Сонда 
скифтер орасан кӛп жебе ҧштарын алып келді, нәтижесінде патша олардан 
ӛзіне ескерткіш соқпақ болды: ол жебе ҧштарынан... мыс ыдыс жасаттырып, 
оны Эксампайға қоюды бҧйырды». Жасалған ыдыс ӛте ҥлкен еді: 
қабырғасының қалыңдығы алты саусақ, ал сыйымдылығы 600 амфораға тең 
болды. Сӛйтіп, бҧл «патша-қазаны» әскердің ӛте мол екендігін, скиф 
патшасының қҧдыреттілігін білдірді және де Ариант патшалығының 
символы болды. 
Қоладан жасалынған ғҧрыптық кӛмбелердің ҥшіншісі қҧрбандық 
ҥстелдері болған еді. Олардың бірнеше даналары ғана белгілі. Арасынан 
«жетісулық алтарь» деп аталынған кӛмбе ғылыми әдебиеттерде кеңінен 
танымал болып отыр. 
Ҥстел – тікбҧрышты (113х126 см), шеттерінің (қаусыры) биіктігі 6,5 см-
ге дейін жетеді, әрбір жағына кӛлденеңінен тасымалдау ҥшін ҧстағыш 
(қҧлақ) жасалынған. Сондай-ақ биіктігі 22 см-ге жететін дӛңгеленген тӛрт 
аяғы (тағаны) бар. Шетін бойлай ритмикалық қайталаумен қанатты барыс 
(жолбарыс?) бірінен кейін бірі орналасқан. Олардың саны 30 болған, бірақ 25 
ғана сақталынған. Бейнелер жоғарыда сипатталған Алматы маңынан 
табылған шырақтағы қанатты барыстар мҥсінін дәлме-дәл қайталайды. 
Ҥстел шетіндегі қанатты барыс мҥсіндері шырақтағы хайуанаттар секілді 
кеңістікті қорғап тҧрғандығы сӛзсіз, бәлкім бҧл кеңістік сақтар мен 
усуньдердің жері де шығар. 
Басқа қҧрбандық ҥстелдеріндегі бейнелер де кӛз тартады. Мәселен, 
бҧрыштарына қодас бейнеленген қҧрбандық ҥстелі де ерекше. 
Аяқтары тҥйе табандарына (аяқтарына) ҧқсас етіліп жасалынған тағы бір 
ҥстел табылған. 
Ҥстелдердің қолданыстағы орны тҥсінікті, оларға қазанда пісірілген 
қҧрбандық еттері қойылған, оны культтық салт пен салтанатты жиынға 
қатысушылар жеген, бҧл ең алдымен жаңадан оянған табиғатқа, кӛктемгі кҥн 
мен тҥннің теңелуіне арналған Жаңа жыл – Наурызды тойлау болуы да 
мҥмкін. Бҧл Еуразия халықтарындағы маңызды да, ең кӛне мейрам болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет