Бұлақ-қуал қаласы бар, ол Манкет қаласы болуы мҥмкін.
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Таразға
барған. Жолда керуендер Шараб, Будухкет, Тамтадж, Абардадж
қалаларына соққан.
Шараб қаласының атауы – тҥрік тілінде Қарасу (Черноводск) деген
мағынаны білдіретін Шаваб атуының қолжазбаларды жазу кезінде
бҧрмаланған есімі болуы керек. Испиджаб пен Шавабтың аралығы 4 фарсах,
немесе 24-28 шақырымды қҧраған. Шаваб қала-жҧрты қазіргі Қарабҧлақ
ауылының маңында орналасқан. Оның бірі VІІІ-ХІІІ ғасырларды, екіншісі -
ХІІІ-ХҤІ ғасырлар аралығын қамтиды.
Будухкет қаласы Испиджабтан шығысқа қарай 9 фарсах жерде, Ҧлы
Жібек жолының бойында орналасты. ІХ ғасырда қалада теңге сарайы жҧмыс
317
істеген. Оңтҥстік Қазақстандағы ірі қалалардың бірі болған Будухкет,
Тӛрткҥл Балықшы жҧртымен салғастырылады.
Тамтадж бен Абарджадж (Барджадж) қалалары Будухкеттен 5 және 9
фарсах жерде орналасқан. Х ғасырда Кудама былай деп жазып қалдырған:
«Абарджадж маңындағы жотада мың бҧлақтың суы жиналып, шығысқа әрі
ӛрге қарай ағып, Баркуаб ӛзені деп аталады. Аудармасы – «теріс аққан»
дегенді білдіреді». Тамтаджд қазіргі Т.Рсқҧлов (Ванновка) ауылы маңындағы
VІІІ-ХІІ ғасырларға жататын қала-жҧртта болған. Абарджадж – Высокое
ауылының маңында, ал, Баркуаб қазіргі Бауыржан Момышҧлы (Бурный)
маңындаңы Терісаққан ӛзені болса керек.
Испиджабқа жақын жерде Хурлуг пен Джумишлагу қалалары ораласты.
Зерттеушілер Хурлугты қазіргі Шымкент қаласының орталығында
орналасқан, ал, Джумишлагу Қҧмыш (Кҥміс) ӛзенінің Арысқа қҧяр
сағасындағы Тӛрткӛл қала-жҧрты деген пікірді ҧстанады.
Ҧлы Жібек жолымен келе жатқан керуендерге Талас аңғарында алғашқы
кездесетін Шауғар мен Жамухат қалалары болды. Олардан соң Тараз
қаласына аяқ басатын. Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI
ғасырдағы жазба деректерде белгілі болған. 568 жылы Тҥрік қағаны Дизабҧл
Византия императоры ІІ-Юстиниан жіберген стратег Земарх бастап келген
елшілігін тап осы қалада қабылдаған. ІХ-ХІ ғасырларда бастаухаттар оны
«кӛпестер қаласы» деп атаған. Мҧның ҥстіне ол тҥргештердің, содан кейін
қарлықтар мен қарахандардың астаналық орталығы болған. VІІІ-ХІV
ғасырларда қалада теңге соғылған.
Тараз жайында 629 жылы Сюань Цзянь былай деп жазады:
«Цяньцюаньнан батысқа қарай 140-150 ли жҥргеннен кейін, Доласы
қаласына келіп жеттік. Қала аумағы 8-9 лиді қҧрайды. Мҧнда әртҥрлі
елдердің саудагерлері ӛмір сҥреді...».
VІІ ғасырда Тараз Ҧлы Жібек жолындағы маңызды қалалардың біріне
айналады. Осыдан бастап оның аты барлық жиһанкездер мен
саяхатшылардың еңбектерінде жиі кездеседі.
Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы орналасқан, 751 жылы оның
тҥбінде осы араны ықпалында ҧстау ҥшін арабтар қытай әскерімен
шайқасқан болатын. 766 жылы қала қарлҧқтардың қоластына қарайды.
Дереккӛздеріне қарағанда 893 жылы Саманилер билеушісі Исмайл ибн
Ахмад Таразға жорық жасап, ҥлкен қиыншылыққа тап болады. Ақырында
қала әмірі беріліп, исламды қабылдайды. Осыған қарамастан Исмайл ибн
Ахмад «әмір мен оның ханшайымын және 10000 мыңдай адамды тҧтқындап,
кӛпшілігін ӛлтіреді. Қисапсыз жылқыларды тартып алады. Бӛліс кезінде
әрбір мҧсылманға 1000 дирхамнан олжа бҧйырады».
Х-ХІІ ғасырларды Тараз одан әрі гҥлдене тҥседі. Оның орналасқан жері,
сауда жолының бойы мен бай егіншілік аймақтың орталығы және кҥміс
кенінің болуы, қаланың дамуына ҥлкен ықпал етті.
Х ғасыр географы әл-Мақдиси: «Тараз – халық тығыз қоныстанған, берік
қорғалған қала. Онда, рабадқа кірер тӛрт қақпа алдына ор қазылған және
318
кӛптеген бақтары бар. Қаланы ӛзен қақ бӛліп жатыр. Мешіт базар ортасында
орналасқан» - деп жазады.
Х-ХІ ғасырларда қарахандар әулетінің Орта Азия, Оңтҥстік Қазақстан
мен Жетісуды жаулаушылығынан кейін, Тараз қаласы жаңа мемлекеттің бір
бӛлігінің астанасына айналады.
ХІІІ ғасырдың басында, Тараз қарақытайлардың, наймандардың,
хорезмшахтың қол астына алма-кезек ӛтіп отырды. Моңғолдардың қолына
ӛтпеуі ҥшін 1212 жылы хорезмшах Мҧхаммедтің бҧйрығымен, Тараз
қиратылады.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІV ғасырдың басында қаладағы
жағдай саяси жағынан тҧрақсыз болды. Жетісу, соның ішінде Талас
аңғарындағы билік ҥшін Шыңғыс хан ҧрпақтарының арасында ҥнемі кҥрес
жҥріп отыруы қалалар мен қыстақтардың қҧлдырауына алып келді. ХІV
ғасырдың ортасына қарай, мҧндағы кӛптеген қала ошақтары кҥйреуге
ҧшырайды.
Талас аңғарындағы – Талас, Жаңа Талас, Жаңа Балық, Кенжек қалалары
туралы ақпараттар ХІҤ ғасырдағы жазушысы, әл-Омаридің еңбегінде
ҧшырасады.
Қазіргі таңда ежелгі Тараздың ҥстінде қҧрылыс салынып кеткен. Тек
қана, ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы ақпараттарға сҥйеніп қана қала-
жҧрттың қандай болғандығын елестетуге болады.
Археологтар тарапынан шахристанның солтҥстік қабырғасының 370 м,
батыс қабырғасының 160 м барланды. Оңтҥстіктегі қала қалдығы 200 метрге
созылып жатқан. Шахристанның солтҥстік қабырғасына цитадель жапсарлас
салынған. Бҧл тӛрт бҧрышты тӛмпешікті қҧрайды. Рабад қалдықтары
шахристтанның батыс пен шығыс бӛлігінде сақталған. Алайда, оның кӛлемін
анықтау қиындық туғызып отыр. Бҧл жерде, кӛптеген тӛбешіктер болған.
ХІХ ғасырда қҧрастырылған бір сызбада 48 тӛбешік кӛрсетілген.
Тараз қаласын қазуды алғаш рет А.Н.Бернштам жетекшілік еткен Жетісу
археологиялық экспедициясы 1938 жылы қолға алған болатын. 60-шы
жылдары бҧл жерде Е.И.Агеева, Т.Н.Сенигова, М.С.Мерщиев сынды
археологтар қазба жҥргізеді.
Шахристан мен цитадельде салынған стратиграфиялық шурфтардың
арқасында, қаланың негізгі кезеңдерін анықтауға мҥмкіндік туды.
Біздің заманымыздың алғашқы жылдарының қабаты, цитадель мен
шахристанның оңтҥстік-батыс жағында жҥргізілген қазба кезінде анықталды.
Оның қалыңдығы 0,5 м. Ол кҥл мен кірпіш қалдықтарынан тҧрған. Қабаттан
қҧмыралар сынығы алынған.
ІV-VІ ғасырларға жататын қабаттың қалыңдығы 15 см. Мҧнда 50х29х9,5
см болатын шикі кірпіштен соғылған ғимарат аршылған. Оның сақталған
қабырғасының биіктіктігі 1 м, қалыңдығы 1-1,5 м. Қабаттан ӛзіндік керамика
топтамасы алынды. Бҧл сырты ақ не қызғылтым кӛмкерілген жҧқа ыдыстар,
шҥмекті қҧмыралар, хумдар және т.б.
VІ-VІІІ ғасырларға жататын қабат барлық стратиграфиялық қазбалардан
анықталған. Мҧндағы ғимараттар шикі кірпіштен соғылған. Алынған
319
керамика тҥрлердің әркелкілігімен мен безендірудің алуандығымен
ерекешеленеді. Олардың арасында алмҧрт тәрізді қҧмыралар мен
қызылжылтырақ ожаулар және т.б. кездеседі. Сонымен қатар, саз
мҥсіншелердің бастарын қҧюға арналған пішіндер, сириялық жазуы бар
ыдыс табылған.
VІІІ-Х ғасырларға жататын қабат, осы кезеңдегі қаланың қарқынды ӛмір
кешкендігін кӛрсетеді. Қабатта VІІ-VІІІ ғасырларға жататын тҥргеш
теңгелері кӛптеп табылған. Едені 22х22х5 см келетін кҥйдірілген кірпіштен
соғылған ҥй қирандылары, қҧрылыс техникасының ӛзгергендігінен хабардар
етеді.
Керамикасы сырсыз және сырлы болып екі топқа жіктелінеді.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы мәдени қабат қараханидтік монеталармен
мерзімделінеді. Одан металдан, шыны мен асыл тастан жасалған бҧйымдар
(моншақтар, ыдыстар, т.б.), керамика мен шырағдандар шыққан.
Шахристаннан, оның шығыс бҧрышынан 200 шаршы м телім қазылған
кезде монша орны аршылған.
Тараздың тҥрлі тарихи-мәдени кезеңдеріне жататын қабаттарды қазған
кезде қҧрылыс техникасы, ғимараттар жоспары, жылыту жҥйелері,
керамикалық ыдыстар, су қҧбырлары мҧнда ХІ-ХІІ ғасырларда монша
болғандығын нақты кӛрсетіп берді.
Тараздан батысқа қарай Керуен-сарай қазылған. Одан екі бӛлме
аршылған. Керамикалық материалдарына қарағанда, Керуен-сарай ХІ-ХІІІ
ғасырларда жҧмыс істеп тҧрған.
Керуендер Талас алқабына Фергана аймағынан Шатқал қыратындағы
Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура асуы арқылы да ӛтіп
келетін. Жолдың осы бӛлегі Жібек жолының Ферғаналық және Жетісулық
бағыттарын біріктіретін.
Талас аңғарындағы ежелгі қалалардың бірі Жамұқат (Хамукат) қаласы
болды. Оны дереккӛздеріне қарағанда ҤІ ғасырда бҧхаралықтар салған.
Жамҧқат Талас ӛзенінің оң жағалауындағы Қаракемір ауылына қарама-
қарсы тҧрған Қостӛбе қаласымен салғастырылады. Ол Тараздан солтҥстікке
қарай 15 км жерде орналасқан. Қала жоспары бойынша тікбҧрышты тӛбешік,
кӛлемі 420х450 м, оны бойлай араларында оры бар мҧнаралы екі қатар
қабырға қоршап тҧр. Сыртқы дуалының кейбір бӛліктері 3 м-ге дейін,
мҧнаралары 3,5 м-ге шейін сақталған.
Қала топографиясын зерттеу, біртекті мәдени қабатын зерделеу және
теріліп алынған материалдарды талдау қаланың шахристан шеңберінде
қалыптасқандығын және де бірден дуалмен қоршалғандығын кӛрсетіп берді.
Дуалдары пахса блоктарымен тҧрғызылған.
Қала цитаделінде жҥргізілген қазба жҧмыстары салтанатты бӛлмелері,
мінәжат орындары, шаруашылық кешендері бар сарай қалдығын анықтап
берді. Сарай VІ-ІХ ғасырлармен мерзімделінеді.
Культтық бӛлмелерден от қалдықтары сақталған сопақ сыпалар
анықталған. Бҧл бӛлмелердің қабырғалары оймышталған. Тҥскен ою-
ӛрнектері - ӛсімдік, геометриялық, эпиграфиялық сипатта.
320
Қала бейітін қазған кезде наустарға жерленген, арнайы шикі кірпіштен
тҧрғызылған бӛлмелерден ҧжымдық қабірлер аршылған, олар отбасы
молалары болса керек. Одан мола шҧңқырына жерленген мҥрделер, кӛмілген
сҥйектер шоғыры, керамикалық ыдыс-хумға жерленген мҥрделер
анықталған.
Қабірлерден біршама әшекейлер алынған. Олар – қола және кҥміс
жҥзіктер, сырғалар, «ӛмір ағашы» жанында қораздар суреттелген
қапсырмалар, қола айна, керамика (қҧмыра, саптыаяқ), т.б.
Әсіресе культтық олжалар – денеге тағатын кҥміс айқыш пен бодисатва
фигурасы тҥріндегі заттар қызықты. Қостӛбе бейіті VІІ-ІХ ғасырлармен
мерзімделінеді. Ондағы кейінгі қабірлер ислам ғҧрпында жасалған, олар х
ғасырға жатады.
Аңғардағы ірі қалалардың бірі Атлах болды. Х ғасыр географы әл-
Мақдиси оны былай сипаттады: «Атлах – ҥлкен қала, алаңы бойынша бас
қалаға келіңкірейді, оны айналдыра дуал қоршаған... Орталық мешіті
Мединада, базарлары рабадта орналасқан». Махмҧд Қашқари «Атлах – Тараз
маңындағы қала» деп кӛрсеткен. Қаланың Атлах шайқасына байланысты аты
шыққан. Оның қасында 751 жылы арабтар мен қытайлар соғысқан болатын.
Шешуші сәтте қарлҧқтар арабтарды қолдап, қытайлар жеңіліске ҧшырайды.
Тҧтқынға тҥскен қытайлардың бір бӛлігі Самарқандқа жӛнелтілді, онда олар
қағаз, тҥрлі қару-жарақтар мен аспаптар жасады, бір бӛлігі осында қалып,
ӛмір сҥрді.
Достарыңызбен бөлісу: |