Стан археологиясы


Қала мәдениетінің трансформациясы: дәстҥр мен инновация



Pdf көрінісі
бет138/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қала мәдениетінің трансформациясы: дәстҥр мен инновация.
Муканна кӛтерілісі талқандалғаннан кейін Мауераннахрда ислам діні 
біржола орнықты. Мамун уәкіл болған кезде ол Орта Азия ҥшін мемлекеттің 
тірегіне айналды. Орта Азиялық қызмет атқарушы шонжарлар халифтер 
сарайында барған сайын зор рӛл атқарды. Орта Азия мен Таяу Шығыс жедел 
жақындаса бастайды. Осының бәрі халифатқа қараған тҥрлі халықтар
мәдениетінің елеулі бірлігінің орнауына себепші болып тҧра алмайды.


366 
Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу бҧл ҥрдістен шет қалмады. Сырдарияның 
орталығы да, Жетісу халифаттының қҧрамына кірмегенімен, араб 
халифатының, ал содан соң Саманилер мен Қарахандар мемлекетінің саяси
экономикалық және мәдени қатынастары аясына тартылуы сияқты, Орта 
Азиядан біршама кейіндеп қалса да, олардың мҧсылмандануы едәуір жедел 
жҥріп жатты.
Сол кезде қала жағдайы ӛзгереді. Бірінші кезекте ҤІ-ҤІІІ ғасырларда
болғандай, қала феодалдың ордасынан әкімшілік орталыққа, мемлекет ӛкілі
болып табылатын билік ордасына айналды. ІХ ғасырдың басына қарай
қаланың елеулі ӛзгерістерсіз бҥкіл ортағасырлар бойы тіршілік еткен ҥлгісі 
қалыптасты.
Қала мәдениетінің дамуында жаңа дін – ислам маңызды рӛл атқара 
бастады. ҤІІІ ғасырдың соңы мен ІХ ғасырдың орта кезін сипаттайтын дерек 
кӛздері Оңтҥстік Қазақстан халқы исламдана бастағанын баяндайды. 840 
жылы Нҧқ ибн Асад Испиджабты бағындырады. Оның бауыры Ахмет ибн 
Асад Шауғарға жорық жасап, бірнеше мыңдаған адамдарды ҧрып-соғады. 
Жаулап алу соғыстары ислам дінін таратуға бағытталған еді. 
766 жылы Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстанда саяси билікті басып алған 
қарлҧқтар ислам мәдениетінің ықпалына тҥскен болатын. Олар ислам дінін 
Махди халиф тҧсында қабылдаған деген пікір де бар. Бірақ бҧл олардың 
шағын бӛлігіне қатысты болса керек, себебі 893 жылы Исмайл ибн Ахмет 
Таразды басып алып, «бҧл қаланың бас шіркеуін мешітке айналдырды». 
Х ғасырдың басында қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатҧқ ислам 
дінін қабылдады, ал оның ҧлы Боғра-хан Харун б. Мҧса 960 жылы исламды
мемлекеттік дін деп жариялады. Мҧсылман діні бірінші кезекте қалаларда 
таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кедердегі мҧсылман топтары 
туралы айтады. Ибн-Хаукаль Фараб, Кенже мен Шаш аралығында кӛшіп 
жҥрген мҧсылман тҥріктер туралы хабарлайды. Әл-Макдиси Оңтҥстік 
Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдың аяғындағы қалаларын атай келіп, 
мешіттерді қалалардағы міндетті қҧрылыстардың бірі ретінде атайды.
Исламның таралуымен қатар қала халқы арасында пҧтқа табынушылық
әлі де сақталады. Зерттеушілер Орта Азия халықтары ҥшін ислам олардың 
рухани-діни тҥсініктерін толық ығыстырып шықпағанын атап ӛтеді. Мҧны 
археологиялық материалдар да нақты дәлелдеп отыр. 
Сырдария аймағында ертедегі уақыттан бері қойға табыну аңғарылатыны 
туралы бҧрын да жазылған. Бҧл бейне зороастрлық фарнға (қҧтқа) 
байланысты. Тҥрлі халықтарда фарн таяу кезге дейін асқан береке-байлық,
бақыт, денсаулық, қаскӛй кҥштерден қорғаныс және ҥй-ішінің гҥлденуі
рӛлін атқарып келгені мәлім. Отырықшы ортада да бҧрынғысынша ертедегі 
орта ғасырларда атап ӛтілген отқа табыну таралды. Ертедегі діни наным 
дәстҥрлері Жетісуда ерекше кҥшті болды. Онда исламның таралуына 
қарамастан, бҧрынғысынша зороастризм, несториандық тҥсініктегі христиан 
діні, буддизм сақталып қалады. Халық арасында шаманизмнің және басқа 
ертедегі тҥріктер діндерінің дәстҥрлері кҥшті болды. Несториандықтың
таралғанын несториандық жазулары бар қайрақтардың табылуы да 


367 
дәлелдейді, бҧл моңғолдар келгенге дейінгі уақытқа жатқызылады. Х 
ғасырда Жетісуда манихей дінінің кӛзқарасы кҥшейді.
Мҧсылман қаласы мәдениетінің қалыптасуында із қалдырған ертедегі 
дәстҥрлердің сақталуын айта келіп, зерттеліп отырған аймақтың ІХ-Х 
ғасырлардағы қалық және кӛшпелі мәдениетті Шығыс мәдениетінің біртҧтас 
тізбегіндегі буындардың бірі болғанын тағы бір атап кӛрсеткен жӛн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет