Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет91/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157
Қазақстан археологиясы

Мәдениет пен өнер. Ерте кӛшпенділер кезеңіндегі Қазақстан тайпаларының 
мәдениеті мен ӛнері дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір 
металлургиясы, кӛшпелі және жартылай кӛшпелі мал шаруашылығы материалдық 
және рухани мәдениет тҥрлерін тҥбірімен ӛзгертті. Еуразияның мал ӛсіретін 
тайпаларының ӛз негізінде біртҧтас экономикалык базисі, экономикалық және 
мәдени байланыстары Оңтҥстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын
Солтҥстік Қара теңіз ӛңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың – сақ, сармат, 
скиф, усунь, кангюй, хуннудың кӛптеген ҧқсастығы бар мәдениетін ӛмірге әкелді.
Ғылымда кӛшпенділердің тҧрмыс салты мен тҧрғын жайы туралы деректер 
кӛп емес. Кейінгі қола дәуірінде кӛшіп-қону тҧрмыс салтына лайықты, тігіліп-
жығылатын киіз ҥй келіп шықты. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп
Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында ӛмір сҥреді. 
Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз 
қалдырылады». Кӛшпелі тҧрғын жайдың бҧдан кейінгі эволюциясы барысында 


257 
киіз ҥйдің қҧрылымы кемелдене тҥсті, бірақ оны жасаудың принципі қола 
дәуірінде-ақ белгілі болған еді. 
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал ӛсіретін тайпалардың 
кӛш-қоңды тҧрғын ҥйлерімен бірге, кӛшпелілер мен жартылай кӛшпелілерде 
барынша кеңінен тараған тӛрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз 
ҥйлер де болды. Қазақстан аумағының оңтҥстік, шығыс және солтҥстік 
аудандарында тҧрақты тҧрғын ҥйлер: оңтҥстікте - шикі кірпіштен, солтҥстікте 
және шығыста – бӛренелерден салынған ҥйлер болғаны мәлім. Сырдария мен Арал 
маңындағы, Жетісудағы сақтарда фортификациясы, баспаналары дамыған 
қоныстар мен қалалар пайда бола бастайды. Усуньдер мен кангюйлер дәуірінде 
қала мәдениеті толығымен қалыптасады. 
Сақтардың киім, бас киім және аяқ киім ҥлгісі туралы мәліметтер бар. 
Мәселен, Геродот сақтар топтарының бірі жайында олардың тығыз киізден тігілген 
шошақ бӛрік, кафтан киетінін, тҥземдік садақ асынғандығын, қысқа 
семсерлер мен айбалта ҧстағандығын хабарлайды. Персепольдегі Ксеркс 
сарайының бедеріндегі және Пасаргадтағы Дарий мазарындағы бейнелер 
сақтардың киімі туралы айқын тҥсінік береді. Оларда бейнеленген сақтар биік 
шошақ бӛрік, денемен дене, тізесіне дейін жететін бешпент киген, белбеу 
буынған, тар шалбар және ӛкшесіз аяқ киім киген; белбеудің оң жағына канжар, 
ал сол жағына садақ ілінген. 
Археологиялык олжалар осы тҥсініктерді қуаттап, толықтыра тҥседі. Б.з.б. VI-
V ғасырлардағы Орта Азия тҧрғындарының Әмудария кӛмбесінен табылған алтын 
және пластина табақшаларында бейнеленген киім-кешек пен аяқ киім иран 
бедерлеріне жақын, бірақ бас киімінің шошақ тӛбесі мҧнда тӛмен қайырылған. 
Тараздан табылған сақтың қола мҥсінінде тік жағалы қысқа бешпент, қырлы 
дулыға киген адам бейнеленген; Жетісудан табылған алтын тоғалардан 
жалбағайлы шекпен киген салт атты бедерленген. 
Есік обасынан табылған олжа ақсҥйек сақтың сән-салтанат киімін, бас киімін, 
аяқ киімін, ҥстіне тағатын сәндік заттарының қалай орналасатынын қалпына 
келтірудің ілуде бір кездесетін мҥмкіндігін береді.
Тоң болып қатып жататындықтан Таулы Алтайдағы сақ обаларында неше тҥрлі 
киімдер: тігіс-тігісіне қызыл жҥн бау жҥргізіліп әшекейленген ак мата кӛйлектер, 
ақ талдырма киізден және бҧлғын терісінен тігілген бешпент, жалбағайлы киіз 
кҥртешелер, ерлер мен әйелдердің киіз ҧйықтары, әйелдердің тар жеңі 
кестеленген бешпенттері мен қысқа қонышының ойығы бар шегірен етігі, бҧлғын 
терісінен тігілген балалар мен әйелдердің кеудешелері және т. б. сақталған. 
Жетіасардағы қазба жҧмыстары сақталған мата қалдықтары, белдік, 
әшекейлер мен тоғалар негізінде кангюй ер адамы мен әйел адамының 
киімдерін қалпына келтіруге мол мҥмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет