266
Сулықтың қазасынан кейін «сары» тҥргештер мен «қара» тҥргештер
арасында ҥкімет билігін алу жолындағы ҧзақ кҥрес-тартыс
басталып кетеді,
ол екі жаққа да ауыр тиді.
748 жылы қытай әскерлері Суяб қаласын уақытша басып алады, келесі
жылы Шаш жаулап алып, билеушісін дарға асады. Оның баласы кӛмек сҧрап,
арабтарға барады. 751 жылы Тараз жанындағы Атлах қаласы тҥбінде
аббасидтердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Кытай қолбасшысы Гао
Сяньжи арасында орасан зор арпалыс басталады. Айқас бес кҥнге созылады.
Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлҧқтар кӛтеріліс жасап,
арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық кҥйретіледі, ал арабтар Таразды
бағындырады.
766 жылы Жетісудағы билікті алғаннан кейін қарлҧқ жабғысы арабтарға
қарсы кҥресті бастайды.
806 жылы Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған кӛтеріліс бҧрқ
ете қалады,
оған «ӛз тҥріктерімен бірге Шаш билеушісі», қарлҧқтар, тоғыз-оғыздар мен
тибеттіктер де қатысқан еді. Бҥлікті басып-жаныштағаннан кейін, 810 жылы
арабтар қарлҧқтардың Қҧлан қаласына шабуыл жасайды.
812 жылы араб қолбасшысы Фадл ибн Сахл Отырар ӛңіріне кіріп,
ондағы шекара қамалының бастығын ӛлтіреді, қарлҧқ жабғысының балалары
мен әйелдерін тҧтқынға алады, ал қарлҧқ жабғысы қимақтар (кимектер) еліне
барып бас сауғалайды. Араб тарихшылары Фараб, Испиджаб пен Шаш
арабтар ҥшін ең тынышсыз иеліктер болғандығын жазады.
ІХ ғасыр бас кезінде араб халифатының саяси тҧтастығы бҧзыла
бастады. Мауераннахр халқының арабтарға
қарсы толассыз әрі тынымсыз
кҥресі жергілікті феодалдық аристократияға билікке келуге қолайлы жағдай
жасады. Солай болды да. ІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хорасан мен
Мауераннахрда жергілікті Тахиридтер мен Саманидтер, ал
Жетісу мен
Сырдарияның орта ағысында қарлҧқтар билік ете бастады.
Достарыңызбен бөлісу: