Стан Республикасыны



Дата12.07.2016
өлшемі19.61 Kb.
#193551
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына 
Курчатов қаласы мектептері мұғалімдерінің пікірі

Курчатов қаласы мектептептерінің мұғалімдер ұжымы Елбасының «Қазақстан-2050: Бір-ел, Бір-мақсат, Бір-болашақ» атты халыққа арналған Жолдауын зор ынта-ықыласпен ерекше назар қойып тыңдады.

Елбасының биылғы Жолдауында «Қазақстан-2050: Бір-ел, Бір-мақсат, Бір-болашақ» ерекшелігі – стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Біздің басты мақсатымыз делінген Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті. Бүгіннің биігінен қарап, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді сараласақ, Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Ең бастысы егеменді ел болдық. Әлем елдері мойындаған, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық.

Елбасы халқымыз бір болып еліміздің жан-жақты дамуына ауқымды серпіліс жасап, жолдаудағы көрсетілген мақсаттарға жететінімізге сенім артады. Қазіргі таңда қазақ елін әлем мемлекеттері танып отыр. Соның бірі Ұлыбритания еліндегі болған олимпиядадағы еліміздің спортшыларының көрсеткен жетістіктері мен Халықаралық «ЕХРО -2017» көрмесінің Астанада өткізілуінің жоспарлануы. Бұл үлкен көрме жобасының өтілуі мемлекет экономикасының бір үлкен серпіліс жасауына себеп болады. Бұл ғылым мен жаңа технологияның дамуына жаңа серпін беретін Қазақстан үшін ірі жоба болып табылады.

Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып,  ұдайы білім беру саласын қолдап отырады.  Ендігі мақсат – Мемлекет басшысы Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған  міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосып, алдыңғы орында болатынымызға сенемін.



Ставская Елена Юрьевна, директор школы-гимназии города Курчатова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет