11 – нұсқа
1. Массасы 20 кг газ көлемі 10 м3 шарды толтырған. Газдың тығыздығы.
А) 200 кг/м3
В) 10 кг/м3
С) 20 кг/м3
D) 0,5 кг/м3
Е) * 2 кг/м3
2. 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырған массасы 500 г доптың ең жоғары нүктесіндегі потенциалдық энергиясы.
А) * 56,25 Дж
В) 57 Дж
С) 54,75 Дж
D) 58 Дж
Е) 55 Дж
3. Герметикалық жабық ыдыста су буы бар. Суды қыздырғанда су буы молекуларының концентрациясы.
А) Өзгермейді.
В) Бастапқыда артады, кейін кемиді.
С) * Артады.
D) Бастапқыда кемиді, кейін артады.
Е) Кемиді.
4. Куаты 24 Вт, кернеуі 4В шамның тоқ күші.
А) 3 А
В) 15 А
С) * 6 А
D) 13 А
Е) 10 А
5. Транзистордағы электродтың саны.
А) 1
В) 2
С) * 3
D) 4
Е) 5
6. Магнит индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан, ұзындығы 1 см түзу өткізгіш арқылы 1А ток өткенде, оған әсер ететін күш.
А) 2 мН
В) 10 мН
С) 0,2 мН
D) 1 мН
Е) * 0,1 мН
7. Жиілігі 24 Гц маятниктің 5 с ішінде жасаған тербеліс саны.
А) 132
В) 118
С) 155
D) 105
Е) * 120
8. Сары сәуленің судағы таралу жылдамдығы 225000 км/с, ал шыныда 198200 км/с. Шынының сумен салыстырғандағы сыну көрсеткіші.
А) * 1,135
В) 1,67
С) 1,00
D) 1,73
Е) 1,852
9. Альфа сәулесі дегеніміз.
А) электрондар ағыны.
В) нейтрондар ағыны
С) протондар ағыны
D) фотондар ағыны
Е) * гелий атомы ядроларының ағыны
10. Суретте уақыттың бір мезетінде жылдамдығын өзгерткен дененің қозғалыс графигі көрсетілген. Жолдың бірінші, екінші бөліктерінде дененің υ 1 және υ 2 жылдамдықтары.
А) υ 1≈ 10 м/с; υ 2 ≈ 20 м/с.
В) * υ 1≈ 3,3 м/с; υ 2 ≈ 20 м/с.
С) υ 1≈ 3 м/с; υ 2 ≈ 10 м/с.
D) υ 1≈ 3,6 м/с; υ 2 ≈ 10 м/с.
Е) υ 1≈ 10,3 м/с; υ 2 ≈ 20 м/с.
11. Горизонтал ағаш тақта бойымен массасы 2 кг ағаш кеспекті қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен бірқалыпты тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3 болса, серіппенің ұзаруы (g=10 м/с2).
А) 0,06 см
В) 6 м
С) 0,6 см
D) * 0,06 м
Е) 0,06 мм
12. Массасы 4 кг, жылдамдығы 1 м/с арбашаның жылдамдығын 2 есе артуы үшін атқарылатын жұмыс.
А) 4 Дж
В) 8 Дж
С) * 6 Дж
D) 3 Дж
Е) 2 Дж
13. Массалары m бірдей екі шар модульдері тең жылдамдықпен бір-біріне қарай қозғалып, соқтығысқаннан кейін екі шар да модульдері бірдей жылдамдықпен қарама – қарсы қозғалған. Соқтығысу нәтижесінде екі шардың импульстері қосындысының өзгерісі.
А)
В)
С)
D)
Е) * 0
14. Бу турбиналарындағы будың бастапқы және ақырғы температуралары шамамен мынадый Т1= 800 К, Т2= 300 К. Осы температурадағы бу турбинасының ПӘК- інің ең жоғарғы мәні.
А) 52 %
В) 42 %
С) 72 %
D) 82 %
Е) * 62 %
15. Екі нүктелік заряд 1 Н күшпен әсерлеседі. Егер олардың арақашықтығы екі есе артса, олардың әсерлесу күші.
А) 4 Н
В) 1 Н
С) 0,5 Н
D) 2 Н
Е) * 0,25 Н
16. Индукциясы 0,1 Тл магнит, өрісінің бойынан 20 мА ток өтіп жатқан, ұзындығы 30 см, магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан өткізгішке әсер ету күші.
А) 0,4 мН
В) 0,2 мН
С) 0,8 мН
D) * 0,6 мН
Е) 1,0 мН
17. Толқын ұзындығын екі есе арттырса, дыбыс толқынының ауадағы таралу жылдамдығы.
А) Өзгермейді
В) 4 есе артады
С) * 2 есе артады
D) 2 есе кемиді
Е) 4 есе кемиді
18. Тербелмелі контурдағы еркін тербелетін зарядтың ең үлкен мәні 1 мкКл, ал ең үлкен ток күші 10 А. Контурдағы тербеліс жиілігі.
А) 0,8 МГц
В) 5 МГц
С) * 1,6 МГц
D) 3,2 МГц
Е) 10 МГц
19. Рентген түтігінің кернеуі 10 В болса, электрондардың кинетикалық энергиясы (е=1,6 ∙10-19Кл).
А) 16∙10-19 Дж.
В) * 1,6∙10-14 Дж.
С) 1,6∙10-19 Дж.
D) 0,6∙10-19 Дж.
Е) 16∙10-14 Дж.
20. 2 м/с2 тұрақты үдеумен қозғалған автомобильдің сол мезеттегі жылдамдығы 10 м/с. Осыған дейінгі 4 с- та жүрген жолы мен жылдамдықтың өзгерісі.
А) * 24 м, 8 м/с – қа.
В) 20 м, 8 м/с – қа.
С) 15 м, 6 м/с – қа.
D) 24 м, 6 м/с – қа.
Е) 15 м, 8 м/с – қа.
21. Ғарышкердің (косманавт) Жердегі салмағы 800 Н. Оның тік жоғары 3 g үдеумен қозғалатын ғарыш кемесіндегі салмағы.
А) 830 Н
В) 800 Н
С) * 3200 Н
D) 1600 Н
Е) 4000 Н
22. Жоғарыдан сырғанап түскен шананың кинетикалық энергиясы 240 Дж. Егер горизонталь бөліктегі тежелу жолы 12 м болса, тежелу кезіндегі үйкеліс күші.
А) 10 Н
В) 1 Н
С) 200 Н
D) 100 Н
Е) * 20 Н
23. Балонда тұрақты температурада р = 10 МПа қысымда т=12 кг газ бар. Егер қысым 2,5 МПа болып қалса, онда сыртқа шыққан газдың массасы.
А) 4 кг
В) 5 кг
С) * 9 кг
D) 2,5 кг
Е) 8 кг
24. 100 0С температураға дейін қыздырылған мыс дене массасы сондай суға салынғанда 300С температурада жылу тепе – теңдік орнады. Судың бастапқы температурасы (смыс= 380 Дж/кг0С, ссу= 4200 Дж/кг0С)
А) ≈ 300С
В) * ≈ 23,70С
С) ≈ 400С
D) ≈ 350С
Е) ≈ 47,20С
25. Арақашықтығы 2 мм жазық конденсатор астарлары арасына парафин енгізгенде конденсатор кернеуі 200 В болса, электр өрісі энергиясының тығыздығы (ε0 = 8,85∙10-12 Кл2/Нм2, ε парафин = 2)
А) 88,5 кДж/м3
В) 3,54 Дж/м3
С) * 88,5 мДж/м3
D) 3,54 мДж/м3
Е) 44 мДж/м3
Достарыңызбен бөлісу: |