Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет12/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
Акишев

3 тарау. СТАНДАРТТАУ ӘДІСТЕРІ


3.1. Стандарттау әдістерінің түрлері
Стандарттау әдістері – стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын жекелеген тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы. Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдістерге негізделеді.
Стандарттардың кең тараған әдістері: 1) стандарттау объектілерін ретке
келтіру; 2) параметрлік стандарттау; 3) өнімді сәйкестендіру; 4) агрегаттау;
5) кешенді стандарттау; 6) стандарттаудың болжауға негізделген әдісі.
1) Стандарттау объектілерін ретке келтіру. Стандарттау жұмыстары әр алуан болып келеді. Ретке келтіру – әр түрлі әдістерді қолданып, осы әр алуан жұмыстарды мүмкіндігінше қысқарту. Бұл әдістер: жүйелеу, түрлендіру, оңтайлау, т.б.
Стандарттау объектілерін жүйелеу – стандарттау объектілерінің жиынтығын ғылыми тұрғыдан негіздеп сыныптау және ретке келтіру. Мысал ретінде Жалпыресейлік өнімдер сыныптауышын (ОКП) келтіруге болады. ОКП сыныптаушылық пен ассортименттік (әр алуан тауарлар жиынтығы) бөлімдерден тұрады. Сыныптаушылық бөлімі сыныптауыш топтардың кодтары мен атауларының жүйелік жиынтықтары ( класс – класс бөлімдері – топтар – топтар бөлімдері – түрлер), ал ассортименттік нақтылы түрлерді, таңбалауларды, т. б. ұқсастандыратын кодтар мен анықтаулар жиынтықтары.
Мысалы, тамақ өнімдеріне қатысты нормативтік құжаттарда және сертификаттауда мынадай кодтар қолданылады:
911304...911358 - әр түрлі қара бидай ұнынан жасалатын нан.
911400... 911498 - әр түрлі бидай ұнынан жасалатын нан.
911500...911683 - әр түрлі бөлке нан азықтары.
911700...911896 - әр түрлі кептірілген нан азықтары.
911900...911985 - әр түрлі ұндардан жасалатын пирогтар.
912000...912499 – тәтті тағам бұйымдары.
912500...912599 – шоколад және шоколад бұйымдары.
912600...912971 – ұннан жасалатын тәтті тағам бұйымдары (печенье ж.б.).
914000...914972 - өсімдік майлары, әр түрлі макарон бұйымдары.
Стандарттау объектілерін түрлендіру – үлгі болып саналатын объектілерді, конструкцияларды, құрылымдарды, технологиялық ережелерді, құжаттарды жасауға бағытталған жұмыс. Мысалы: 60-шы жылдары телевизролардың 100-ге тарта констукциялық шешімдері пайдаланылған. Кейіннен осындай алуан шешімдерді қысқарту мәселесі туындаған. Жүйелеу жұмысының негізінде экран диагоналіне байланысты олардың үш нұсқасы іріктеліп алынған – 35,47 және 59 см. әрбір нұсқалардан ең жақсы кестелер іріктелініп алынып әрі қарай жетілдірілген. Осы жұмыстар нәтижесінде үлгілі конструкциялар УНТ-35, УНТ-47, УНТ-59 жасалды.
Стандарттау объектілерін оңтайландыру кезінде оңтайлау басты параметр және басқа сапа мен экономикалық тиімдік көрсеткіштері анықталады. Оңтайландыру арнайы экономикалық-математикалық әдістерді және оңтайландыру модельдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Оңтайландырудың мақсаты оңтайлы деңгейдегі реттеуге және мүмкіндігінше ең жоғары мөлшердегі экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
2) Параметрлік стандарттау – параметрлік қатарларды анықтау процесі.
Стандарттаудың басты мақсаттарының бірі, ол – халық шаруашылығында қолданылатын бұйымдардың атауларын мүмкіндігінше қысқарту. Ол үшін стандарттарды жасауға қатысты мына мәселелерді шешу қажет: бұйымдарға қатысты параметрлерді анықтау, стандартталатын параметрлердің өзгеруі, дипазонның өзгерісін анықтау, диапазон аралығын лайықты параметрлік қатарға бөлу. Параметрлер басты, негізгі және көмекші болып бөлінеді. Басты параметр деп негізгілер ішінен іріктеліп алынған, бұйымды жан-жақты толық сипаттайтын, ұзақ уақыт өзгермейтін, ал өзгерсе де тек қана өте құнды бұйымдар пайда болғанда ғана өзгеретін параметрді айтады. Стандартталатын параметрлер саны мүмкіндігінше аз, бірақ та бұйымды толық сипаттайтындай болу керек. Көмекші көрсеткіштер әр түрлі жиі болып тұратын өзгерістерге байланысты болғандықтан олар да жиі өзгеріп тұрады. Осы себепті олар стандарттарда келтірілмейді.
Стандартталатын басты параметрдің өзгеру диапазоны, параметрдің ең кіші және ең үлкен мөлшерлерімен шектеледі. Бұл мөлшерлер бұйымның қолдану аймақтарын және стандартты қолдану мерзімін ескере отырып анықталады. Диапазонды жіктеу немесе параметрлік қатарды тұрғызу деп екі қатар сандар арасындағы интервалдың өзгеру заңдылығын анықтауды айтады. Бұл заңдылықтар көп жағдайда ерекшелік принципі негізінде ерекше сандарды қолдану арқылы қалыптастырылады.
Ерекше сандар бөлігі заңдылыққа бағынатын сандардың қатарын түзейді. Мұндай қатарлар көп жағдайда арифметикалық және геометриялық прогрессиялар түрінде құрылады. Арифметикалық прогрессия түрінде құрылған қатарларда екі қатар орналасқан «аi» және «аi-1» сандарының айырымы тұрақты сан болады, яғни d = аi – аi-1 тұрақты. Мысалы, бұйымның мөлшері 20-дан 110 мм дейін өзгеретін болса, онда: 20, 25, 30, 35, ...., 100, 105, 110 мм түрінде құрылған қатар d= 5 мм арифметикалық прогрессия түзейді. Арифметикалық прогрессия түріндегі қатарлардың негізгі кемістігі, ол қатардағы мөлшерлердің қарастырылып отырған мөлшерлер шегінде біркелкі таралмауы. Мысалы, кетірілген қатарда екі қатар бастама сандардың қатынасы 25/20=1,25 болса, соңғы сандарының қатынасы 110/105 = 1,047. Осыған байланысты арифметикалық прогрессия түріндегі қатарларға бастама сандарда қатар сиректігі, ал соңғы қатарда керісінше, қатар жиілігі тән.
Геометриялық прогрессия түрінде құрылған қатарларды екі қатар орналасқан «аi» және «аi-1» сандарының қатынасы тұрақты сан. Бұл қатынас d = аi /(аi-1) прогрессия көрсеткіші деп аталады. Мысалы сандар қатары 1; 1,6; 2,5; 4; 6,3; 10; 16;... геометриялық прогрессия түріндегі қатар, ал оның көрсеткіші d = 1,6 .
Прогрессияның бұл түріне тән жағдайлар: 1) қатарда мөлшерлердің біркелкі таралуы; 2) қатардағы кез келген екі санның көбейтіндісі немесе қатынасы осы қатар мөлшерлерінің біріне тең (1,6 х 2,5=4,0 ж.б.); 3) қатар сандарының қай-қайсысы болса да толық оң немесе кері санға дәрежеленсе оның нәтижесі осы қатардағы санның біріне тең болады. (1,6³ = 4,0, √16 = 4 ж.б.). екінші және үшінші жағдайлардың практикалық маңызы зор. Өйткені квадрат, куб, тік төртбұрыш, ж.б. түріндегі денелердің қабырғалары геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін қатар түзесе, осы денелердің ауданы мен көлемдерінің мәндері осы қатарлардағы сандардың біріне тең.
Стандарттарда қажетті қатарлар түзеу үшін прогрессиялардың екі түрі де қолданылады, бірақ та геометриялық прогрессия түріндегі қатарлар жиірек қолданылады.
Көптеген жылдар жинақталған тәжірибе геометриялық прогрессия көрсеткіші ретінде q= х√10 санын қолдану тиімді екенін көрсетті. Мұнда – Х – 5, 0, 20, 40, немесе 80 тең дәреже көрсеткіші.
Қазіргі кезде төрт негізгі және бір қосымша ерекше сандар қатарлары колданылады (1-кесте).


1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет