Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Ерекше сандар қатарларының негізгі параметрлері



бет13/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
Акишев

Ерекше сандар қатарларының негізгі параметрлері
(МЕМСТ 8032)



Қатар

Қатардың шартты белгісі

Прогрессия көрсеткіші

Ондық аралықта (1-10) қатарға кіретін мөлшерлер саны

Негізгі

R 5

5√10 = 1,6

5




R 10

10√10 = 1,25

10




R 20

20√10 = 1,12

20




R 40

40√10 = 1,06

40

Көмекші

R 80

80√10 = 1,03

80

Дәреже көрсеткіші х қатарлардың шартты белгілерінде көрсетіледі. Ерекше сандар қатарларының мүшелері ретінде тұтас есепке келтірілген қатар сандарын геометриялық прогрессия көрсеткішіне көбейту арқылы тағайындалған сандар алынады.


Негізгі қатарларға 1-ден 10 мм-ге дейінгі аралыққа кіретін мөлшерлер 2-кестеде келтірілген.


2-кесте


1-ден 10 мм-ге дейінгі аралықтағы ерекше сандардың
негізгі қатарлары



R 5

R 10

R 20

R 40

R 5

R 10

R 20

R 40

1,00

1,00

1,00

1,00




3,15

3,15

3,15










1,06










3,35







1,12

1,12







3,55

3,55










1,18










3,75




1,25

1,25

1,25

4,00

4,00

4,00

4,00










1,32










4,25







1,40

1,40







4,50

4,50










1,50










4,75

1,60

1,60

1,60

1,60




5,00

5,00

5,00










1,70










5,30







1,80

1,80







5,60

5,60






















6,000










1,90

6,30

6,30

6,30

6,30




2,00

2,00

2,00










6,70










2,12







7,10

7,10







2,24

2,24










7,50










2,36




8,00

8,00

8,00

2,50

2,50

2,50

2,50










8,50










2,65







9,00

9,00







2,80

2,80










9,5










3,00

10,00

10,00

10,00

10,00

Ерекше сандар қатары шексіз созыла береді. 10 жоғары сандар (10-нан 100-ге дейін, 100-ден 1000-ға дейін ж.б.) 1-ден 10-ға дейінгі ерекше сандарды 10, 100 ж.б. көбейту арқылы, ал 1-ге дейінгі мөлшерлерді 0,1; 0,01, т.б. көбейту арқылы алынады.
Қажет жағдайларда негізгі қатарлардан олардың екінші, үшінші, т.б. мүшелері іріктеліп алынған туынды қатарлар да қолданылуы мүмкін. (R 20/3(1...) – 1, 1,4; 2,0; 2,80; ж.б.). Сонымен қатар стандарттарда құрама қатарлар қолданылады, яғни, бір қатар әр түрлі көрсеткіштер негізінде құрылған бірнеше бөлімнен құрылады.
Параметрлік қатарларды таңдағанда тек қана тұтынушылардың мүддесі емес, сонымен қатар өнімді өндірушінің, тасымалдаушылардың, т.б, мүдделері ескеріледі. Мысалы, консерв қалбырын, оларды тасымалдайтын құралдарды тиімді пайдалану мақсатында теміржол вагондарының және жүк машиналарының жүк көтерімділігінің қатарларын контейнерлер, жәшіктер және жекелеген консерв банкасының мөлшер қатарларын R 5 қатары түрінде алу ұсынылған.
3) Өнімді сәйкестендіру – функционалды қолдану жағдайлары бірдей бөлшектер мен агрегаттар түрлерін ұтымды қысқарту. Сәйкестендірудің негізгі бағыттары:
- бұйымдардың, машиналардың, приборлардың, түзілімдер мен бөлшектердің параметрлік және мөлшерлік қатарларын дайындау;
- біртекті өнімдердің сәйкестендірілген топтарын құру үшін қажетті типтік бұйымдарды іріктеу;
- сәйкестендірілген технологиялық үдерістерді дайындау;
- қолдануға рұқсат етілген бұйымдар мен материалдардың атауларын ұтымды деңгейде шектеу.
Сәйкестендіру деңгейін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштердің бірі – қолданылу коэффициенті (Кn). Бұл коэффициент былай анықталады:


Кn = n – no/n*100

мұндағы n – бұйымдағы бөлшектердің жалпы саны, ал no – солардың ішіндегі жаңадан жасалған бөлшектер саны.


Қолданылу коэффициенті жекелеген бұйымдарға мөлшерлер (параметрлер) қатарын түзейтін бұйымдар тобына, конструкциялық сәйкестендірілген қатарларға есептеліп шығарылады.
4) Агрегаттау – машиналарды, приборларды, құрал-жабдықтарды әр түрлі бұйымдарды геометриялық және функционалдық өзара алмастыру үшін қолданылатын жекелеген стандартталған және сәйкестендірілген түзілімдерден құрастыру әдісі.
Мысалы, жиһаз өндірісінде 15 түрлі мөлшерде жасалатын тақталарды және үш түрлі мөлшерде жасалатын стандартталған жәшіктерді қолданып осы элементтерден жиһаз құрастыру үшін әр түрлі шешімдер қолдана отырып 52 түрлі жиһаз жинастыруға болады.
Агрегаттау әдісін қолданудың алғашқы қадамы әр түрлі бұйымдарды біркелкі жұмыс атқаратын түзілімдерді анықтаудан басталған. Осындай біркелкі жұмыс атқаратын түзілімдерден сәйкестендірілген. Агрегаттар, түзілімдер және бөлшектер жасау негізінде агрегаттау әдісін машина жасау және радиоэлектроника салаларында кең қолдану мүмкін болды.
5) Кешенді стандарттау. Белгіленген мәселені оңтайлы шешу үшін кешенді стандарттауда өзара үйлестірілген талаптар тек қана оның объектісіне ғана емес, сондай-ақ осы объектінің әрбір элементтеріне мақсатты және жоспарлы түрде тағайындалады және қолданылады. Өнімге қатысты ол дайын бұйымның сапасына және осы сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті шикізаттарға, материалдарға, жинақталған бөліктерге қойылатын өзара үйлестірілген талаптар. Мысалы, жеңіл машинаның сапасына қойылған талаптар металл өндірісіне, химия, электроника, ж.б. көптеген салаларға әсер етеді.
6) Стандарттаудың болжауға негізделген әдісі. Ғылым мен техниканың даму қарқыны жоғарылаған сайын жаңа ғылыми жаңалықтардың ашылу және оларды өндіріске енгізу аралықтары қысқарады. Осыған байланысты стандарттарда келтірілген бұйымдардың негізгі параметрлер деңгейі тез ескіріп отырады. Бұл жағдайда мәселенің шешімі – ол стандарттарда болжау негізінде анықталған ілгері уақыттарда болатын параметрлер деңгейін белгілеу болып табылады. Параметр деңгейін тағайындаудың бір түрі, ол – параметрдің әр түрлі деңгейлерін қамтитын сатылы стандарттар (1-сурет) жасау.
А – параметрдің қол жеткізген деңгейі.
В1С – параметрдің болашақ уақыттарда қол жеткізілетін деңгейлері
А В С
Параметр лер деңгейі
О N1 N2 N3
1-сурет. Сатылы стандарттау


4 тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
СТАНДАРТТАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ


4.1. Жүйенің жалпы сипаттамасы және оны
реформалау бағыттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзіреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.
1-кезең – алғашқы (2005 ж.) – мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап аталған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.
2-кезең - өтпелі (2005 -2012 жж.) – жүйе жұмысының құқықтық статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгерту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін ұлттық стандарттау жүйесі етіп қайта құру.
3-кезең – қорытынды, яғни стандарттаудың ұлттық жүйесін қалыптастыруды аяқтау. Бұл жүйені мемлекеттік емес ұйымдар басқаруға тиісті және жүйе ерікті қолданылатын ұлттық стандарттарға негізделеді.
Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды.
Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс.
Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттық жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан ұлттық стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады.
Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазақстанның стандарттау саласындағы ұлттық органның жұмысын, ұлттық стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады.
Стандарттардың екі категориясының болуы – «ұлттық стандарттың» және «ұйым стандарттарының» - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе.
Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:
- ұлттық стандарттар;
- стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;
- техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.
Стандарттаудың жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында келтірілген мекеме қоғамдардың және қоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет